"Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 11 ақпандағы № 47 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 11 ақпанда № 35724 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11704 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      мынадай мазмұндағы 56-1-тармақпен толықтырылсын:

      "56-1. Осы Қағидалардың 51-тармағының екінші бөлігінің және 54-тармағының талаптары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген тасымалдаушыларға, егер Қазақстан Республикасының аумағынан/аумағына жүктерді тасымалдауды алдыңғы тасымалдаушының отандық рұқсаттары болған кезде тасымалдаушыны қайта тиеу (тиеу/түсіру) және (немесе) ауыстыру арқылы бірнеше тасымалдаушы дәйекті түрде орындаған жағдайда қолданылмайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және Қағидалардың 56-1-тармағы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады деп белгіленсін.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі