"Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 158 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 12 тамыздағы № 274 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 13 тамызда № 34926 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10554 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптарында:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы сертификаттық талаптарда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) авиациялық оқу орталығы – авиация персоналын даярлауды, қайта даярлауды және олардың кәсіби деңгейін қолдауды жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – АОО);

      2) авиациялық оқу орталығының нұсқаушысы – өз біліктілігіне сәйкес тікелей азаматтық авиация саласының мамандарын кәсіптік даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлға;

      3) авиациялық персоналды кәсіптік даярлау – кәсіптік деңгейді бастапқы даярлау, қайта даярлау және қолдау;

      4) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;

      5) аралас оқыту – кәсіптік даярлықты әртүрлі оқыту нысандарын біріктіру арқылы өткізу;

      6) аудит немесе аудиторлық тексеру – бұл ұйымның, жүйенің, процестің, жобаның немесе өнімнің қызметін тәуелсіз бағалау рәсімі;

      7) бастапқы даярлау – құжаттарды бере отырып, авиациялық кәсібі немесе мамандығы жоқ адамды, сондай-ақ авиациялық жаңа кәсіпті және мамандықты игерту мақсатында авиация персоналын кәсіптік оқыту процесі;

      8) белгіленген үлгідегі құжат (куәлік, сертификат) – авиациялық оқу орталығы және/немесе азаматтық авиация ұйымы әзірлеген, уәкілетті ұйыммен келісілген авиациялық персоналды кәсіптік даярлау бағдарламалары бойынша оқуды аяқтағанын куәландыратын, азаматтық авиация жүйесінде жұмыс істеуге рұқсат беру рәсімдері шеңберінде қызметтің белгілі бір түрін орындауға құқық беретін құжат;

      9) біліктілік – ұйғарылған деңгейдегі міндеттер мен функцияларды тиімді орындау үшін талап етілетін білімнің, дағды мен іскерліктің үйлесімі;

      10) біліктілік белгісі – куәлікке жазылған және оның бір бөлігі болып табылатын жазба, онда осы куәлікке қатысты ерекше шарттар, құқықтар мен шектеулер көрсетіледі;

      11) біліктілік талаптары – арнайы даярлау деңгейі мен бейінін айқындайтын талаптар, сондай-ақ жұмыс өтіліне қойылатын талаптар;

      12) даярлау мен бағалаудың біліктілік жүйесі – оқытылатын персоналды даярлау мен бағалау жүйесі, оған нәтижелерге бағдарлану, операцияларды орындау тиімділігінің стандарттарын айқындау және сақтау, сондай-ақ белгіленген тиімділік стандарттары негізінде оқу курсын әзірлеу тән;

      13) даярлау мен бағалаудың құзыреттілік жүйесі – нәтижелерге бағдарланумен, операцияларды орындау тиімділігінің стандарттарына және осы стандарттарды өлшеуге ерекше назар аударумен сипатталатын авиациялық персоналды даярлау және бағалау жүйесі, сондай-ақ белгіленген тиімділік стандарттарының негізінде оқу курсын әзірлеу;

      14) емтихан алушы – уәкілетті ұйым белгілейтін біліктілік талаптарына сәйкес келетін авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлға;

      15) жаттығу құрылғысында даярлау – авиация персоналын кәсіптік даярлау процесінің кезеңі, одан өткен кезде білім алушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым бекіткен имитациялайтын құрылғылардың көмегімен практикалық дағды мен машықты игереді, ұстайды және жетілдіреді;

      16) ИКАО – Халықаралық азаматтық авиация ұйымы;

      17) кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламалары – авиациялық оқу орталығы үшін бағыттардың, мамандықтар мен қызметтің ерекшеліктерін көрсететін оқу бағдарламаларын өз бетімен жасау мүмкіндіктерін сақтау арқылы кәсіптік даярлаудың бірізді тәсілін қамтамасыз ететін бағдарламалар;

      18) кәсіптік деңгейді ұстау – авиация персоналын оқытудың ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық дамумен және азаматтардың жеке қажеттілігімен негізделген процесі, оның мақсаты кәсіптік білімді, машық пен дағдыны жаңарту, кеңейту және тереңдету болып табылады, белгіленген үлгідегі құжаттар беріледі;

      19) кешенді (үлгілік) оқыту – кәсіптік даярлықты белгіленген кезеңдегі оқытудың бүкіл бағдарламасын бір мезгілде іске асыру арқылы өткізу;

      20) куәлік, сертификат, диплом – бекітілген бағдарлама бойынша оқудың тәмамдалғанын куәландыратын және біліктілік белгісін алуға немесе тағылымдамадан сәтті өткеннен кейін қызметтің нақты түрін орындауға құқық беретін құжат;

      21) қайта даярлау – авиация персоналы мен авиация инспекторларын оқытудың жаңа (қосымша) кәсіптік білім, дағды, машық (оның ішінде біліктілік белгілерін) алуға және авиациялық техниканы зерделеуге бағытталған процесі, белгіленген үлгідегі құжаттар беріледі;

      22) құзыреттілік – белгілі бір жұмыстың сәтті орындалуын сенімді болжау үшін қолданылатын адамның мүмкіндіктерін өлшеу. Құзыреттілік белгілі бір жағдайларда қызметті жүзеге асыруға немесе міндеттерді орындауға тиісті білімді, дағдыларды және көзқарастарды жұмылдыратын әрекеттер арқылы көрінеді және байқалады.

      23) модульдік оқыту – кадрларды даярлаудың кезеңдік жүйесін пайдаланатын үздіксіз білім беру әдісі, мұнда әрбір саты (модуль) алынған білім мен дағдыны бақылаудың және бағалаудың рейтингтік жүйесі бар аяқталған цикл болып табылады;

      24) оқыту сапасы – белгілі бір стандарттар шеңберінде белгіленген немесе болжамды талаптарға сай келетін даярлық нәтижесі;

      25) оқыту техникасы – білім мен дағдыны барынша тиімді беру мен бақылау үшін оқыту процесінде пайдаланылатын тәсілдер мен әдістер;

      26) практикалық даярлық – авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау процесінің кезеңі, одан өткен кезде білім алушы әуе кемесінде, пайдалану объектілерінде, жаттығу құрылғыларында, интерактивтік оқыту құралдарында, зертханалық және стендтік жабықтарда, сондай-ақ жекелеген құрылғылармен, агрегаттармен және құрамдауыштармен жұмыс істеудің тәжірибелік дағдысы мен машығын игереді, ұстап тұрады және жетілдіреді;

      27) сапа – көрсетілген немесе болжанған қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілетін анықтайтын өнімнің немесе қызметтің ерекшеліктері мен сипаттамаларының жиынтығы;

      28) сапаны қамтамасыз ету – барлық оқу іс-шараларының белгіленген стандарттар мен талаптарға сай келетініне сенімділікті қалыптастыру үшін қажетті барлық жоспарланған және жүйелі іс-қимыл;

      29) сертификаттау талаптары – авиациялық персоналды даярлаудың ұйымға, мазмұнына, деңгейіне және сапасына сәйкестігін белгілеу мақсатында қойылатын авиациялық оқу орталықтарына қойылатын талаптар;

      30) сыртқы аудит – авиациялық оқу орталығының қызметіне объективті баға беру мақсатында шарттық негізде тәуелсіз аудиторлық ұйым (аудитор) өткізетін аудит;

      31) тағылымдама – мамандықты тәжірибеде игеру, қызмет көрсету мен басқару объектілеріне бейімделу, сондай-ақ жұмыс орнында жылдам бағдарлану және жұмыстың жаңа тәсілдерін игеру мақсатында оқытуды қамтамасыз ететін тұлғаның жетекшілік етуімен жұмыс орнында оқыту;

      32) теориялық даярлық – кәсіптік даярлау процесінің кезеңі, одан өткен кезде білім алушы өту кезінде арнайы теориялық білім алады, сондай-ақ оларды бекітілген оқу бағдарламаларына сәйкес қолдайды және жетілдіреді;

      33) ұшуға даярлық – ұшқыштар құрамын кәсіптік даярлау процесінің бір кезеңі, одан өткен кезде білім алушы ұшуды орындауға дағдыланады және машықтанады әрі оны жетілдіреді.

      34) ішкі аудит – менеджментке тәуекелдерді анықтау мен бағалауға және тәуекелдерді азайтуға және жүйелер мен процестердің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды орнатуға көмек беретін басқарушы бағытталған корпоративтік қызмет.

      4. Кәсіптік даярлау (сертификат алу) жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін АОО осы сертификаттық талаптарға сәйкес мынадай құжаттаманы әзірлейді және уәкілетті ұйымда (қағаз немесе электрондық түрде) келіседі:

      1) персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі басшылық;

      2) сапа жөніндегі басшылық (бұдан әрі – СЖБ);

      3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығымен бекітілген Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламаларына сәйкес әзірленген кәсіптік даярлау бағдарламалары;

      4) қызмет көрсету барысында әуе кемелерінің ұшуын орындаумен байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі басшылық.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Ұшуды имитациялаудың тек тренажерлік құрылғыларын пайдалана отырып, ұшу экипажы мүшелерін кәсіптік даярлауды АОО жүзеге асыру кезінде ТҚКБ әзірлеу және енгізу талап етілмейді.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Осы сертификаттау талаптарының 54-тармағында көрсетілген оқу тренажерларын осы құралдардың кәсіптік даярлау бағдарламаларын іске асыру, тестілеу немесе дағдыларды тексеру кезінде оларды пайдалану үшін жарамдылығы туралы қорытынды бере отырып, уәкілетті ұйым бекітеді.";

      52, 53 және 54-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Ұсынылған құжаттардың негізінде уәкілетті ұйым оң немесе теріс қорытынды беру үшін мәлімделген оқу тренажеріне бағалау жүргізу туралы шешім қабылдайды.

      53. Ұшақтың немесе тікұшақтың ұшуын имитациялайтын пилотаждық тренажерлердің біліктілік деңгейін және жарамдылығын айқындау "Азаматтық авиациядағы ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын бағалау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 436 бұйрығына және ИКАО Doc 9625 құжаты "Пилотаждық тренажерлерді біліктілік бағалау критерийлері бойынша басшылық" (I және II Том) сәйкес жүзеге асырылады.

      54. Тренажерлік дайындық мынадай тренажерларда жүзеге асырылады:

      1) ұшуды имитациялайтын тренажер құрылғылары;

      2) кабиналық рәсімдердің тренажерлері;

      3) кешенді пилотаждық тренажерлер;

      4) авариялық-құтқару рәсімдері бойынша тренажерлер;

      5) диспетчерлік тренажерлер.";

      58, 59-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. АОО тиісті дайындық қажеттілігін қамтамасыз ету үшін ұйымдық құрылымды дербес анықтайды және кадрларды іріктеуді жүзеге асырады.

      АОО нұсқаушылық құрамының орындалатын функцияларын айқындау мақсатында орындалатын функцияларға сәйкес біліктілік санаттарының мынадай белгілері қолданылады:

      1) теориялық дайындықты жүзеге асыратын нұсқаушы;

      2) практикалық дайындықты жүзеге асыратын нұсқаушы;

      3) оқу курстарын әзірлеуші.

      59. АОО-да оқитын авиациялық персоналдың санаттарына байланысты тікелей қызметті жүзеге асыратын персоналға қатысты жалпыға ортақ талаптардан басқа, әртүрлі біліктілік талаптары қалыптастырылады:

      1) авиациялық персонал куәлігін алу және иеленушілер үшін кандидаттарды кәсіптік даярлау және біліктілік бағалау бойынша;

      2) басқа мамандықтардың авиациялық персоналын кәсіптік даярлау бойынша жүзеге асырылады.";

      59-1-тармақ алып тасталсын:

      62-1-тармақ алып тасталсын:

      69-1, 69-2 және 69-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "69-1. АОО теориялық даярлық нұсқаушысы мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) жоғары білім;

      2) пән бағыты бойынша бастапқы даярлау және (немесе) қайта даярлау;

      3) азаматтық авиация саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде үш жыл.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптар жалпы техникалық, іргелі, экономикалық, гуманитарлық, Медициналық және (немесе) жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша АОО теориялық даярлау жөніндегі нұсқаушыларға қолданылмайды, тиісті салада жоғары немесе орта білімнің болуы және сатып алынған мамандық бойынша кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар қойылады.

      69-2 Практикалық дайындық нұсқаушылары АОО мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) жоғары білім;

      2) пән бағыты бойынша бастапқы даярлау және (немесе) қайта даярлау;

      3) игерілген авиациялық кәсіп немесе мамандық бойынша азаматтық авиация саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде үш жыл.

      69-3. АОО оқу курстарын әзірлеуші мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) АОО нұсқаушысы ретінде кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі;

      2) курстарды әзірлеушілерді даярлау бағдарламасы бойынша оқуды сәтті аяқтау.";

      3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
М. Карабаев

  Қазақстан Республикасының
Көлік министрінің
2024 жылғы 12 тамыздағы
№ 274 Бұйрыққа
қосымша
  Авиациялық оқу орталықтарына
қойылатын сертификаттау
талаптарына
3-қосымша

АТТЕСТАТТАУ ХАТТАМАСЫ ______________________________________ № ____ (теориялық оқытуды жүзеге асыратын нұсқаушының, практикалық дайындықты жүзеге асыратын нұсқаушының, курстарды әзірлеушінің)

      Өткізу орны _____________________________________________________________

      Хаттаманың бекітілген күні "___" _____ 20___ жыл

      Аттестаттау түрі (бастапқы, мерзімді, қайталама)

      __________________________________________________________________________

      (Аттестатталушының) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _________________________________________________________________________

      Туған күні "___"_______________жыл.

      Атқаратын лауазымы _______________________________________________________

      1. Білімі және кәсіптік даярлығы туралы мәліметтер (білімі туралы құжат бойынша

      мамандығы мен біліктілігі, курстың және оқу орнының атауы, оқу кезеңі)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      2. Регламенттеуші құжаттарды білу

Құжат

Игеру деңгейі

Жалпы идеясы бар

Негізгі элементтерді тізімдейді

Мазмұнын түсіндіреді

Практикалық қызметте қолданады

Ескертпелер

Қызметкерлерді даярлау және рәсімдер бойынша нұсқаулық






Сапа бойынша нұсқаулық






Ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі нұсқаулық (бар болған жағдайда)






АОО-ның өзге де нұсқаулықтары






ИКАО (өзге халықаралық ұйымдардың) құжаттары






ҚР нормативтік құқықтық актілері





 
Жүктеу

      3. Оқу-әдістемелік, таныстыру және бағалау (тест және емтихан) материалдарының мазмұнына (кәсіптік даярлау бағдарламаларына сәйкес), құрылымына, ресімделуіне қойылатын талаптарға сәйкестігі

Іске асырылатын курс (модуль, тақырып, пән)


Бағаланатын элемент

Бағалау критерийлері

Ескертпелер

Жоқ/ жаңартылмаған

Бағдарлама мазмұнының аспектілерін толық қамтымайды

Бағдарлама мазмұнының барлық аспектілерін көрсетеді

Әдістемелік безендіру (1-ден 5-ке дейін, мұнда 1-нашар, 5-өте жақсы


Оқу жоспары және бағдарламасы






Тыңдаушыларға арналған оқу материалы






Таныстыруматериалы






Жаттығу (қажет болса)






Бағалау материалдары






Бағдарламаны іске асыру үшін қажетті өзге де материалдар






      4. Тағылымдамадан өткен маманның ескертулері мен ерекше белгілері:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      5. Бақылау сабағын өткізуді бақылау нәтижесі:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      6. Өздігімен жұмысқа жіберу туралы қорытынды (оқу сабақтарын өткізуге рұқсат

      етіледі, қайта аттестаттауға жатады, өзге де шешім)

      __________________________________________________________________________

      (тегі,аты, әкесінің аты, лауазымы /қолы)

      Аттестаттау жөніндегі шешіммен таныстым

      __________________________________________________________________________

      (аттестатталатын маманның тегі, аты, әкесінің аты /қолы)

      "____" ___________ 20 __ жыл.