БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жануарлар дүниесінің мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 18-03/577 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11800 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: ""Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес" БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесінің мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi органның ведомствосы (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында электрондық нысанда жүргiзедi.
Есепке алу, оның кадастры мен мониторингін жүргiзу үшiн мәлiметтер жинауды уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар жануарлар дүниесi объектілерiнiң санын есепке алады және мәліметтерді уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшесіне бередi.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Қазақстан Республикасы жануарлар дүниесiнiң кадастры электрондық нысандажабайы жануарлар түрлерінің таралуы, биологиялық жай-күйi, саны, шаруашылық мақсатта пайдаланылу сипаты мен қарқындылығы туралы қажеттi мәлiметтер мен құжаттар жүйесiн қамтиды.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 7 қыркүйектегі № 359 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24277 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік кадастрлардың бірыңғай жүйесін жүргізу кадастрлық кітап нысанында және деректерді ақпараттық интеграция құралдары арқылы электрондық түрде беру жүргізіледі.";
осы бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 23 шілдедегі № 169 бұйрығына 1 қосымша |
Жануарлар дүниесінің кадастрын жүргізу үшін қажетті жыл сайынғы құжаттаманың тізбесі
Әкімшілік деректердің нысаны www.gov.kz интернет-ресурста орналастырылған
Индекс: АШ-1
Жиілігі: жылдық.
Есептік кезең: 20___жыл.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жануарлар дүниесін пайдаланушылар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері.
Ұсынылады: жануарлар дүниесін пайдаланушылар және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аумақтық бөлімшелердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі 20 қаңтарға дейін.
1-кесте
Жабайы жануарлар мен құстардың санын есепке алу деректері (дарақ)
Атауы (аңшылық пайдаланушылар, аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар) |
Есепке алу қамтылған алаң | Жануардың түрі | Есепке алу алаңындағы жабайы жануарлардың саны (дарағы) | Жануарлардың барлық саны (дарақтардың экстраполяциясынан кейін) | ||||||
Барлығы | Аталықтар(дарақ) | Аналықтар(дарақ) |
Төлі |
Барлығы |
Аталықтар |
Аналықтар |
Төлі | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
2-кесте
Су айдындарындағы суда жүзетін құстардың санын есепке алу деректері (дарақ)
Аңшылық пайдаланушылардың атауы | Барылдауық | Шүрегейлер | Сүңгуірлер | Басқа да өзен үйректері | Барлық үйрек | Қасқалдақтар | Қаздар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
3-кесте
Бос аңшылық алқаптарда аңшылық жануарлар түрлерінің санын есепке алу көрсеткіштері (дарақ)
Жануар түрі |
Жерлердің алаңы, барлығы |
Тралым түрі |
Таралым алаңынан есепке алынған алаң | Таралым алаңынан есепке алу %-ы | Есепке алудың көрсеткіштері | Экстраполяция көрсеткіштері |
1000 га тығыздығы | ||||||
Барлығы |
Аталықтар |
Аналықтар | Төлі (дарақ) |
Барлығы |
Аталықтар |
Аналықтар |
Төлі | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
4-кесте
Су айдындарындағы аңшылық құстар түрлерінің қоныс аудару ерекшеліктері (дарақ)
1) көктемгі ұшу
Құс түрі | Ұшу барысы байқалған күні | Жаппай ұшу күні | Ұшудың аяқталу күні | Стационарлық қадағалаудағы есепке алу саны | ||
таңертең | кешке | барлығы | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
2) күзгі ұшу
Р/с | Құс түрінің топтары | Күзгі ұшу басталған күн | Ұшу мерзімі | Ұшудың аяқталуы | Ұшып өткен құстардың саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
5-кесте
Жабайы жануарларды жерсіндіру, жұмсалған қаражат шығындар (дарақ)
Р/с | Аңшылық пайдаланушылардың атауы |
Атау | Жерсіндірілген | |||
аңдар | құстар | |||||
саны |
шығыстар |
саны |
шығыстар | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
6-кесте
Жабайы жануарларды олжалау туралы мәліметтер (дарақ)
Р/с | Аңшылық пайдаланушылардың атауы |
Жануарлар түрі | Бекітілген лимит (квота) | Олжанғаны | Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін түскен төлемдер |
Республикалық бюджетке жолданды | Қатысқан аңшылар | |||
түрлері бойынша барлығы | соның ішінде шетел тур аңшылығынан |
барлығы | соның ішінде шетел тур аңшылығынан (мың теңге) | азаматтар | шетел азаматтары | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Типтік мекенжай бөлігі Типовая адресная часть
Атауы |
Мекенжайы |
Телефоны
Телефон ______________________________________________________
Электрондық почта мекенжайы адрес электронной почты _________________________
Орындаушы
Исполнитель ___________________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
Руководитель или лицо, исполняющее его обязанности
_____________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын
тұлғалардан қоспағанда)
Место для печати (за исключением лиц, являющихся субъектами
частного предпринимательства)
_______________________
Әкімшілік деректерді| жинақтауға арналған нысанға қосымша |
Әкімшілік деректерді жинақтауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
Жануарлар дүниесінің кадастрын жүргізу үшін қажетті жыл сайынғы құжаттаманың тізбесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Нысанды жүргізудің негізгі міндеті жануарлар дүниесінің кадастрын жүргізу үшін қажетті жыл сайынғы құжаттаманы ұсыну болып табылады.
Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесі кадастрында жабайы жануарлар түрлерінің таралуы, биологиялық жай-күйі, саны, сипаты және шаруашылық пайдаланудың қарқындылығы туралы қажетті мәліметтер мен құжаттар жүйесі қамтылады.
Жануарлар дүниесінің кадастры аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша жүргізіледі.
Жануарлар дүниесі кадастрының құжаттамасы аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша кадастрлық кітап нысанында жүргізіледі.
Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі барлық мекемелер және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жыл сайын есепті жылдан кейінгі 1 қаңтардағы жағдай бойынша кадастрлық құжаттамаға ағымдағы өзгерістер туралы мәліметтерді енгізеді.
Есепті жылдан кейінгі 20 қаңтарға дейін жануарлар дүниесін пайдаланушылар уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне кадастрлық құжаттаманы ұсынады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
2. Нысанның 1-кестесінің 1-бағанында аңшылық пайдаланушылардың, аңшылық шаруашылықтарының, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың атауы көрсетіледі.
3. Нысанның 1-кестесінің 2-бағанында есепке алумен қамтылған алаңның атауы (мың гектар) көрсетіледі.
4. Нысанның 1-кестесінің 3-бағанында жануардың түрі көрсетіледі.
5. Нысанның 1-кестесінің 4, 5, 6, 7-бағандарында есепке алу алаңындағы дарақтардағы жынысы мен жасы бойынша жабайы тұяқты жануарлардың жалпы саны көрсетіледі.
6. Нысанның 1-кестесінің 8, 9, 10, 11-бағандарында жабайы тұяқты жануарлардың жынысы мен жасы бойынша дарақтардағы (жануарларды экстраполяциялағаннан кейін) жалпы саны көрсетіледі.
7. Нысанның 2-кестесінің 1-бағанында аңшылық пайдаланушылардың атауы көрсетіледі.
8. Нысанның 2-кестесінің 2-бағанында есепке алынған сұр барылдауық саны көрсетіледі.
9. Нысанның 2-кестесінің 3-бағанында есепке алынған шүрегей саны көрсетіледі.
10. Нысанның 2-кестесінің 4-бағанында ескерілген сүңгуірлердің саны көрсетіледі.
11. Нысанның 2-кестесінің 5-бағанында ескерілген өзге де өзен үйректерінің саны көрсетіледі.
12. Нысанның 2-кестесінің 6-бағанында 2, 3, 4, 5-бағандардың қосындысына тең есепке алынған үйректердің жалпы саны көрсетіледі.
13. Нысанның 2-кестесінің 7-бағанында есепке алынған қасқалдақ саны көрсетіледі.
14. Нысанның 2-кестесінің 8-бағанында ескерілген қаздардың саны көрсетіледі.
15. Нысанның 3-кестесінің 1-бағанында жануар түрінің атауы көрсетіледі.
16. Нысанның 3-кестесінің 2-бағанында есепке алумен қамтылған алаңның атауы (мың гектар) көрсетіледі.
17. Нысанның 3-кестесінің 3-бағанында мыңдаған гектар аумақтың ауданы көрсетіледі.
18. Нысанның 3-кестесінің 4-бағанында ареал ауданынан (мың гектар) есепке алу алаңы көрсетіледі
19. Нысанның 3-кестесінің 5-бағанында диапазонның жалпы ауданынан есепке алу жүргізілген пайызбен аудан көрсетіледі.
20. Нысанның 3-кестесінің 6, 7 және 8-бағандарында жабайы тұяқты жануарларды жынысы мен жасы бойынша есепке алу көрсеткіштері көрсетіледі.
21. Нысанның 3-кестесінің 10, 11, 12 және 13-бағандарында жабайы тұяқты жануарлардың жынысы мен жасы бойынша есепке алу көрсеткіштері көрсетіледі.
22. Нысанның 3-кестесінің 14-бағанында популяция тығыздығы 1000 гектарға көрсетіледі.
23. Нысанның 4 1) кестесінің 1-бағанында көктемгі аралықта көші-қон кезеңінде ескерілген су айдындарындағы аңшылық құстардың түрі көрсетіледі.
24. Нысанның 4-кестесінің 2-бағанында 1) көктемгі аралықта көші-қон кезеңінде есепке алынатын құстардың алғашқы пайда болған күні көрсетіледі.
25. Нысанның 4-кестесінің 3-бағанында 1) көктемгі аралықта көші-қон кезеңінде есепке алынатын құстардың жаппай ұшып өту күні көрсетіледі.
26. Нысанның 4-кестесінің 4-бағанында 1) көктемгі аралықта көші-қон кезеңінде есепке алынатын құстардың ұшып өтуінің аяқталу күні көрсетіледі.
27. Нысанның 4-кестесінің 5-бағанында 1) тұрақты бақылау пункттерінен таңертеңгі уақытта көктемгі ұшудағы құстардың есепке алынған саны көрсетіледі.
28. Нысанның 4 1) кестесінің 6-бағанында тұрақты бақылау пункттерінен кешкі уақытта көктемгі ұшудағы құстардың есепке алынған саны көрсетіледі.
29. Нысанның 4-кестесінің 7-бағанында 5 және 6-бағандарда көрсетілген құстар санының сомасына тең көктемгі аралықтағы құстардың жалпы саны көрсетіледі.
30. Нысанның 4 2) кестесінің 2-бағанында күзгі аралықта көші-қон кезеңінде ескерілген құстардың түрі көрсетіледі.
31. Нысанның 4 2) кестесінің 3-бағанында күзгі аралықта қоныс аудару кезеңінде есепке алынатын құстардың алғашқы пайда болған күні көрсетіледі.
32. Нысанның 4-кестесінің 4-бағанында 2) күзгі аралықта көші-қон кезеңінде есепке алынатын құстардың жаппай ұшып өту күні көрсетіледі.
33. Нысанның 4-кестесінің 5-бағанында 2) күзгі аралықта көші-қон кезеңінде есепке алынатын құстардың ұшып өтуінің аяқталу күні көрсетіледі.
34. Нысанның 4 2) - кестесінің 6-бағанында тұрақты бақылау пункттерінен ұшып өтетін құстардың есепке алынған саны көрсетіледі.
35. Нысанның 5-кестесінің 2-бағанында аңшылық пайдаланушылардың атауы көрсетіледі.
36. Нысанның 5-кестесінің 3-бағанында аңшылық пайдаланушылардың, аңшылық шаруашылықтарының, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың атауы көрсетіледі.
37. Нысанның 5-кестесінің 4, 5, 6, 7-бағандарында жабайы жануарлар мен құстарды қоныстандыру, жұмсалған қаражаттың көрсеткіштері көрсетіледі.
38. Нысанның 6-кестесінің 2-бағанында аңшылық пайдаланушылардың атауы көрсетіледі.
39. Нысанның 6-кестесінің 3-бағанында жануарлардың жынысы мен жасына қарай түрлері көрсетіледі.
40. Нысанның 6-кестесінің 4-бағанында бекітілген лимит (квота) көрсетіледі.
41. Нысанның 6-кестесінің 5-бағанында түрлер бойынша өндірілген жабайы жануарлардың саны көрсетіледі.
42. Нысанның 6-кестесінің 6-бағанында шетелдік аңшылықтан алынған жабайы жануарлардың саны көрсетіледі.
43. Нысанның 6-кестесінің 8-бағанында жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін түскен төлемдер (мың теңге) көрсетіледі.
44. Нысанның 6-кестесінің 9-бағанында жануарлар дүниесін шетелдік аңшылықтан пайдаланғаны үшін түскен төлемдер (мың теңге) көрсетіледі.
45. Нысанның 6-кестесінің 10-бағанында республикалық бюджетке жіберілген саны көрсетіледі (мың теңге).
46. Нысанның 6-кестесінің 11-бағанында қатысушы аңшылардың (азаматтардың) саны көрсетіледі.
47. Нысанның 6-кестесінің 12-бағанында қатысушы аңшылардың (шетел азаматтарының) саны көрсетіледі.
Есептің соңында оның толтырылған күні, аты, тегі және әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі және орындаушының және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар немесе уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының қолдары қойылады.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы "___" __________ № _____ бұйрығына 2-қосымша |
Аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің кадастрлық кітабы
Әкімшілік деректердің нысаны www.gov.kz интернет-ресурста орналастырылған
Индекс: АШ-2
Жиілігі: жылдық.
Есептік кезең: 20___жыл.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жануарлар дүниесін пайдаланушылар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері.
Ұсынылады: жануарлар дүниесін пайдаланушылар және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аумақтық бөлімшелердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын есепті жылдан кейінгі 1 қаңтардағы жағдай бойынша.
Министрлік, ведомство __________________________________________
Облыстық аумақтық инспекция____________________________________
Аңшылық шаруашылығы_________________________________________
Пайдаланушы___________________________________________________
Пошта мекенжайы ________________________________________________
БСН (ЖСН) ______________________________________________________
Аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің кадастрлық кітабы
Басталды: 20 _ _ жылғы "" жағдай бойынша
Аяқталды: 20 _ _ жылғы "" жағдай бойынша
_ _ _ Парақта
Үнемі сақтаңыз
1-бөлім
Аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін негіз
1-бөлімде аңшылық шаруашылығының атауы, пайдаланушының атауы, аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт, аңшылық шаруашылығының паспорты көрсетіледі.
2-бөлім
Аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің саны және оларды бағалау (дарақ)
Жануардың түрі _________________________________________________
Өзгерістер енгізілген күн | Барлығы | Соның ішінде: | ||||||
Аталықтар |
Аналықтар |
Төлдері | ||||||
саны | бағалау құны | саны | бағалау күні | саны | бағалау күні | саны | бағалау күні | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
20___ ж. | ||||||||
20___ ж. |
1) Саны – деректер жануарлар түрлері есебінен алынады;
2) Бағалау құны – деректер жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларынан алынады.
Жануардың әрбір түріне жеке-жеке кесте толтырылады.
3-бөлім
Аң аулау объектiлерi болып табылатын құстар түрлерiнiң саны және оларды бағалау (дарақ)
Суда жүзетін құс
Өзгерістер енгізілген күн | Жануарлар дүниесін пайдаланушының атауы | барлығы | Соның ішінде | |||||||||
барылдауық | қаздар | үйректер |
сарыала | басқалары | ||||||||
саны | бағалау құны | саны | бағалау құны | саны | бағалау құны | саны | бағалау құны | саны | бағалау құны | |||
20___ ж. | ||||||||||||
20___ ж. | ||||||||||||
20___ ж. |
1) Саны – деректер жануарлар түрлері есебінен алынады;
2) Бағалау құны – деректер жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларынан алынады.
Орман жабайы құсы және орман құсы
Өзгерістер енгізілген күн | Жануарлар дүниесін пайдаланушының атауы | барлығы | соның ішінде | |||||||||
саңырау құр | құр | сұр құр | жылқышы | басқалары | ||||||||
саны | бағалау құны | саны | бағалау құны | саны | бағалау құны | саны | бағалау құны | саны | бағалау құны | |||
20___ ж. | ||||||||||||
20___ ж. | ||||||||||||
20___ ж. |
1) Саны – деректер жануарлар түрлері есебінен алынады;
2) Бағалау құны – деректер жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларынан алынады.
Егістік және дала құсы
Өзгерістер енгізілген күн | Жануарлар дүниесін пайдаланушының атауы | барлығы | соның ішінде | |||||||||
қырғауыл | сұр кекілік | бөдене | түркептер-лер | басқалары | ||||||||
саны | бағалау құны | саны | бағалау құны | саны | бағалау құны | саны | бағалау құны | саны | бағалау құны | |||
20___ г. | ||||||||||||
20___ г. | ||||||||||||
20___ г. |
1) Саны – деректер жануарлар түрлері есебінен алынады;
2) Бағалау құны – деректер жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларынан алынады.
Батпақ және шабындық құсы
Өзгерістер енгізілген күн | Жануарлар дүниесін пайдаланушының атауы | барлығы | соның ішінде | |||||||||
шалшықшылар | тартар | бозқаншыр | сутартар | басқалары | ||||||||
саны | бағалау құны | саны | бағалау құны | саны | бағалау құны | саны | бағалау құны | саны | бағалау құны | |||
20___ ж. | ||||||||||||
20___ ж. | ||||||||||||
20___ ж. |
1) Саны – деректер жануарлар түрлері есебінен алынады;
2) Бағалау құны – деректер жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларынан алынады.
Басқа құстар
Өзгерістер енгізілген күн | Жануарлар дүниесін пайдаланушының атауы | барлығы | соның ішінде | |||||||||
сұқсыр | үлкен суқұзғын | Аққұтандар | үлкен көлбұқа | басқалары | ||||||||
саны | бағалау құны | саны | бағалау құны | саны | бағалау құны | саны | бағалау құны | саны | бағалау құны | |||
20___ ж. | ||||||||||||
20___ ж. | ||||||||||||
20___ ж. |
1) Саны – деректер жануарлар түрлері есебінен алынады;
2) Бағалау құны – деректер жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларынан алынады.
Типтік мекенжай бөлігі Типовая адресная часть
Атауы |
Мекенжайы |
Телефоны
Телефон ______________________________________________________
Электрондық почта мекенжайыАдрес электронной почты
____________________________________________________
Орындаушы
Исполнитель ___________________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
Руководитель или лицо, исполняющее его обязанности
____________________________________________________________ ____________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)
Место для печати (за исключением лиц, являющихся субъектами
частного предпринимательства)
_______________________
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
Аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің кадастрлық кітабы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің кадастрлық кітабы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
2. Нысанның 2-бөлімінің 1-бағанында өзгерістер енгізілген күн көрсетіледі.
3. Нысанның 2-бөлімінің 2, 3-бағандарында аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің саны, бағалау құны және жалпы саны көрсетіледі.
4. Нысанның 2-бөлімінің 4, 5-бағандарында аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің саны, бағалау құны және жалпы саны көрсетіледі.
5. Нысанның 2-бөлімінің 4, 5, 6, 7,8, 9-бағандарында дарақтардағы жынысы мен жасы бойынша аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің саны, бағалау құны және жалпы саны көрсетіледі.
6. Нысанның 1-кестесінің 8, 9, 10, 11-бағандарында жабайы тұяқты жануарлардың жынысы мен жасы бойынша дарақтардағы (жануарларды экстраполяциялағаннан кейін) жалпы саны көрсетіледі.
7. Нысанның 3-бөлімінің 1-бағанында өзгерістер енгізілген күн көрсетіледі.
8. Нысанның 3-бөлімінің 2-бағанында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың атауы көрсетіледі.
9. Нысанның 3-бөлімінің 3, 4-бағандарында бағандарда көрсетілген аңшылық объектілері болып табылатын құс түрлерінің саны, бағалау құны және жалпы саны көрсетіледі 5, 6, 7, 8, 9,10, 11, 12,13.
10. Нысанның 3-бөлімінің 5, 6-бағандарында ескерілген барылдауық саны мен бағалау құны көрсетіледі.
11. Нысанның 3-бөлімінің 7, 8-бағандарында есепке алынған қаздардың саны мен бағалау құны көрсетіледі.
12. Нысанның 3-бөлімінің 9, 10-бағандарында есепке алынған үйрек саны мен бағалау құны көрсетіледі.
13. Нысанның 3-бөлімінің 11, 12-бағандарында есепке алынған италақаз саны мен бағалау құны көрсетіледі.
14. Нысанның 3-бөлімінің 13-бағанында құстардың басқа түрлерінің бағалау құны және жалпы саны көрсетіледі.
15. Нысанның 3-бөлімінің 5, 6-бағандарында есепке алынған көк сүңгуір саны мен бағалау құны көрсетіледі.
16. Нысанның 3-бөлімінің 7, 8-бағандарында есепке алынған қызғыш саны мен бағалау құны көрсетіледі.
17. Нысанның 3-бөлімінің 9, 10-бағандарында есепке алынған қызылбас сүңгуір саны мен бағалау құны көрсетіледі.
18. Нысанның 3-бөлімінің 11, 12-бағандарында есепке алынған жылқышы саны мен бағалау құны көрсетіледі.
19. Нысанның 3-бөлімінің 5, 6-бағандарында есепке алынған қырғауылдардың саны мен бағалау құны көрсетіледі.
20. Нысанның 3-бөлімінің 7, 8-бағандарында есепке алынған сусылдақ саны мен бағалау құны көрсетіледі.
21. Нысанның 3-бөлімінің 9, 10-бағандарында есепке алынған бөдене саны мен бағалау құны көрсетіледі.
22. Нысанның 3-бөлімінің 11, 12-бағандарында есепке алынған тұр кептер саны мен бағалау құны көрсетіледі.
23. Нысанның 3-бөлімінің 5, 6-бағандарында есепке алынған балшықшы саны мен бағалау құны көрсетіледі.
24. Нысанның 3-бөлімінің 7, 8-бағандарында есепке алынған су тартар саны мен бағалау құны көрсетіледі.
25. Нысанның 3-бөлімінің 9, 10-бағандарында есепке алынған коростель саны мен бағалау құны көрсетіледі.
26. Нысанның 3-бөлімінің 11, 12-бағандарында есепке алынған қызыл қасқа су тартар саны мен бағалау құны көрсетіледі.
27. Нысанның 3-бөлімінің 5, 6-бағандарында есепке алынған сарыалақаз саны мен бағалау құны көрсетіледі.
28. Нысанның 3-бөлімінің 7, 8-бағандарында есепке алынған су құзғын саны мен бағалау құны көрсетіледі.
29. Нысанның 3-бөлімінің 9, 10-бағандарында есепке алынған тырна саны мен бағалау құны көрсетіледі.
30. Нысанның 3-бөлімінің 11, 12-бағандарында еске алынған үлпілдек саны мен бағалау құны көрсетіледі.
Есептің соңында оның толтырылған күні, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі және орындаушының және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар немесе уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының қолдары қойылады.