БҰЙЫРАМЫН:
1. "Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12880 болып тіркелген) мынадай өзгерістер пен толықтырулар енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
""Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 10) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған визамен, инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның өтінішхаты бойынша берілген инвесторлық көпреттік визамен, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптер тізбесіне сәйкес берілген визамен Қазақстан Республикасында уақытша болатын не Қазақстан Республикасымен визасыз келу және болу тәртібі туралы келісімдер жасасқан мемлекеттерден келген не Қазақстан Республикасында босқын мәртебесіне ие шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ этностық қазақтар өздеріне берілген визаның санатына қарамастан, мемлекеттік қызметті алу үшін Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) беру туралы өтінішхатпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге негізгі талаптар (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар) тізбесіне сәйкес құжаттар пакетін қоса аумақтық полиция органдарына (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) не "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік копорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүгінеді.";
1-1 -қосымшада:
реттік нөмірі 8 жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8
|
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі
|
Көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация арқылы уақытша тұруға рұқсат беру туралы өтініш берген кезде:
1. Осы Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар)
1-қосымшаға сәйкес уақытша тұруға рұқсат беру туралы өтініш-сауалнама.
2. Визасыз болу туралы келісімдер ратификацияланған шетелдіктің не азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады);
3. Медициналық сақтандырудың көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады) (Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің азаматтарын қоспағанда (бұдан әрі-ЕАЭО).
4. Егер көрсетілетін қызметті алушы көшіп келушіге оның уақытша тұруы үшін берілетін тұрғын үйдің меншік иесі болып табылмаса, көшіп келушінің тұруына нотариалды куәландырылған келісім.
5. "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысына сәйкес шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның дактилоскопиялаудан өтуі туралы анықтама.
Мемлекеттік қызметтің кіші түріне байланысты мыналарды қосымша ұсынады:
1) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға отбасымен қайта қосылуына байланысты Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адаммен отбасылық қатынастарды растайтын құжат.
2) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
жергілікті атқарушы орган берген шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат;
жергілікті атқарушы орган берген шетелдіктің біліктілік сәйкестігі туралы анықтама немесе рұқсат; еңбекші көшіп келушіге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы орган берген рұқсат;
ЕАЭО азаматтары үшін - уәкілетті органда (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) – "ЕШЕБЖ" еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген еңбек шарты немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарт;
Ішкі корпоративті ауыстыру бойынша немесе қызмет көрсету туралы заңды тұлғалар арасындағы шартты іске асыру шеңберінде қызметтік іссапарға жіберу туралы бұйрық;
аккредиттеу мерзімі көрсетілген журналистің аккредиттелгенін растайтын құжат.
Қазақстан Республикасының халықтың көші - қоны саласындағы заңнамасына және/немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес осы тармақшаның екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарында көрсетілген рұқсаттарды алу талап етілмейтін көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді, бірақ еңбек шартының немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс;
"Астана" халықаралық қаржы орталығында (бұдан әрі -АХҚО) қызметін жүзеге асыру мақсатында келудің және болудың визасыз тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттары бар елдерден Қазақстан Республикасына келген көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді, бірақ ол еңбек шартының немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс;
Келудің және болудың визасыз тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттар бар мемлекеттерден келген АХҚО инвестициялық резиденттеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат АХҚО әкімшілігінің өтінішхаты бойынша жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге ресімделеді. Бұл ретте, инвестициялық резиденттің отбасы мүшелерінің уақытша тұруына арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі инвестициялық резиденттің уақытша тұруына арналған рұқсаттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.
3) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қазақстандық оқу орындарында білім алу үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
Қазақстан Республикасындағы оқу орнының қолдаухаты негізінде.
4) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қазақстандық медициналық мекемелерде стационарлық емделуден өту үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
Қазақстан Республикасында орналасқан медициналық ұйым берген, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында емдеу немесе Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында емделіп жатқан шетелдік пациентке, сондай-ақ жақын туыстарына - Қазақстан Республикасының азаматтарына не Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге тұрақты күтім жасау қажеттігін растайтын құжаттар.
5) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға миссионерлік қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
діни қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген куәлік.
6) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бизнес-көшіп келушілерге) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 тіркелген) еңбек қызметіне кедергі келтіретін ауруларының жоқ екенін растайтын медициналық анықтамасы (028/у медициналық анықтама);
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төмен талаптарды сақтай отырып, тараптардың келісімінде айқындалған шарттарда медициналық-санитариялық алғашқы көмекті және шұғыл нысанда стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмекті жабатын медициналық сақтандыру;
азаматтығы тиесілілігі немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығының болуы не болмауы және сот шешімі негізінде кәсіпкерлік қызметпен айналысуына тыйым салынбағаны жөніндегі растама туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген құжат.
7) Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат беру:
"Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына сәйкес жергілікті атқарушы органның өтінішхаты.
8) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарына жүгінген көшіп келушілерге Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты ресімдеу үшін бұрын берілген өтініш болған жағдайда.
Шет тілінде жасалған құжаттар мемлекеттік не орыс тіліне аударылуға жатады.
"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариус бір тілден екінші тілге аударманың дұрыстығын куәландырады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттер билігінің қатысуымен жасалған немесе осы биліктен шығатын құжаттар мен актілер "Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығының 60-тармағына сәйкес заңдастырылған жағдайда қарауға қабылданады.".
Шетелдіктің дактилоскопиялық тіркеуінің бар-жоғы туралы, "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттардың қабылданғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйеде тексереді.
|
";
3-қосымшада:
реттік нөмірі 9 жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9
|
Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасымен бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз
|
Мемлекеттік қызмет беруден бас тарту:
1. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабына сәйкес:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы.
2. "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылады, не болмаса бұрын берілген рұқсаттың күші мынадай көрсетілетін қызметті қабылдаушыларға жойылады:
1) заңсыз келгендерге, сонымен қатар жасалған қылмысы үшін тумасы болып табылатын елдің заңнамасымен қудаланатын азаматтарға;
2) сотталғанға дейін тұрақты тұрғылықты жері Қазақстан Республикасынан тыс болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған;
3) адамзатқа қарсы қылмыс жасаған;
4) кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаған;
5) этникалық қазақтарды, бұрынғы отандастарды, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар негізінде жеңілдетілген тәртіпте Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар адамдарды және олардың отбасы мүшелерін, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін сұранысқа ие кәсіптері бар шетелдіктерді қоспағанда Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайтын тәртіппен және мөлшерлерде өзінің төлем қабілеттілігін растауды ұсынбаған;
6) Қазақстан Республикасында шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бірнеше рет бұзған;
7) ұлтаралық, конфессияаралық және діни араздықты қоздыртқан;
8) іс-әрекеттері конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталғандар;
9) Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне қарсы шыққан, оның аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырғандар;
10) қылмысы үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы барлар;
11) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында олардың экстремистік немесе террористік әрекетке қатыстылығы немесе Қазақстан Республикасында экстремистік немесе террористік деп танылған ұйымға қатыстылығы туралы мәліметтер болған кезде;
12) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы қолдаухатпен өтініш жасаған кезде жалған құжаттарды ұсынған не өзі туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған немесе қажетті құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде дәлелcіз себептермен ұсынбаған;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өтпеген;
14) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты берген сәтке бес жылдың ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарып жіберілген;
15) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болса;
16) Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұрақты тұруға арналған рұқсатты алған және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға арналған рұқсаттың берілу күнінен бастап ретімен келетін кез келген он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күннен аз уақыт тұрып жатқан;
17) тұрақты тұруға арналған рұқсатты халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен сұранысқа ие кәсіптер тізбесінің негізінде алған және тұрақты тұруға арналған рұқсаттың берілу күнінен бастап ретімен келетін кез келген он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күн ішінде көрсетілген тізбеде көзделген кәсіп бойынша жұмыс істемеген;
18) Қазақстан Республикасының азаматтарымен некелескен, осы некесі тұруға ықтиярхат алу үшін негіз болған, егер бұл неке заңды күшіне енген сот шешімімен жарамсыз деп танылса;
19) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны, салық және еңбек заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін бір жыл ішінде әкімшілік жауаптылыққа тартылған;
20) ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қатер төндіретін;
21) Қазақстан Республикасына келуіне қарсы көрсетілім болып табылатын аурулары бар;
22) егер бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтса;
23) егер бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса.
Этникалық қазақтар және олардың отбасыларына, жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауына байланысты азаматтығы жоқ тұлғаларға немесе КСРО 1974 жылғы үлгідегі паспорты негізінде, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының аясына түсетін әйелдерге қатысты 16) және 19) тармақшалары қолданылмайды.
Әрекетке қабілетсіз адамдарға қатысты 21) тармақшаның ережесі қолданылмайды.
|
";
4-қосымшада:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Сіз ауыр және аса ауыр қылмыстық теріс қылық не рецидиві қауіпті деп танылған қылмыстық теріс қылық жасағаныңыз үшін заңды күшіне енген сот үкімімен сотталдыңыз ба, егер сотталсаңыз, қанша рет және қашан
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Өтінішпен бірге мынадай құжаттар ұсынамын:
____________________________________________________________________
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабымен көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттан бас тартылатыны не бұрын берілген рұқсаттың күші жойылатыны туралы маған ескертілді.
Ұсынылған құжаттардың тұпнұсқалығын және жазылған мәліметтердің шынайылығын растаймын.
20__ жылғы "___" _______________ ________________________
(өтініш берілген күні) (өтініш берушінің қолы)
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін
20____жылғы "____" ____ ______________________
(өтініш берушінің қолы)
20__жылғы "___" ___________ ______ өтініш қарауға қабылданды.
Өтініштің дұрыс толтырылғанын және қажетті құжаттардың бар-жоғын тексердім,
өтінішке менің қатысуыммен қол қойылды, өтініш берушінің қолының түпнұсқалығын
растаймын ____________________________________
арнаулы атағы (егер бар болса),
____________________________________________________________________
құжатты қабылдаған уәкілетті лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты-жөні)
____________________________________________________________________
(лауазымды адамның қолы)".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі
|
Е. Саденов
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті