БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киімнің (погонсыз) үлгілерін және Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киімнің (погонсыз) киіп жүру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 30/98 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7528 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6–тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларының нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру туралы ережесінде:
"1. Осы Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларының нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларының нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру тәртібін анықтайды.";
қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
А. Султанов |
Қазақстан Республикасының облыстарына, республикалық маңызы бар қалаларына және астанасына бекітіліп берілген латын әліпбиінің әріптерімен белгіленген литерлік кодтар
Р/с | Атауы | Бекітіліп берілген әріптік символ |
1 | Астана қаласы | Z |
2 | Алматы қаласы | A |
3 | Шымкент қаласы | Y |
4 | Ақмола облысы | C |
5 | Алматы облысы | B |
6 | Жетісу облысы | J |
7 | Ақтөбе облысы | D |
8 | Атырау облысы | E |
9 | Шығыс Қазақстан облысы | F |
10 | Абай облысы | Q |
11 | Жамбыл облысы | H |
12 | Батыс Қазақстан облысы | L |
13 | Қарағанды облысы | M |
14 | Ұлытау облысы | U |
15 | Қызылорда облысы | N |
16 | Қостанай облысы | P |
17 | Маңғыстау облысы | R |
18 | Павлодар облысы | S |
19 | Солтүстік Қазақстан облысы | T |
20 | Түркістан облысы | X |