Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киімнің (погонсыз) үлгілерін және Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киімнің (погонсыз

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 30/98 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 9 сәуірде № 7528 тіркелді.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 20-бабы 6–тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес, Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киім (погонсыз) үлгілері;

      2) осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес, Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру үлгілерінің Ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық және Астана, Алматы қалаларының аумақтық инспекция басшылары ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киімдерін (погонсыз) сатып алу республикалық бюджетпен қарастырылып бөлінген қаржының шегінде қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (Жақыпбаев Н.Х.) осы бұйрықтың заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Министр А. Мамытбеков

  ҚР Ауыл шаруашылығы
министрінің
2012 жылғы 13 наурыздағы
№ 30/98 бұйрығына
1-қосымша

Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киім
(погонсыз) үлгілері

      1. Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды (погонсыз) киімдері (бұдан әрі – нысанды киім) салтанатты, күнделікті, сезондық-қысқы және арнайы болып бөлінеді.

      2. Үлгілік киімдер өлшемге сәйкес дайын түрде беріледі.

      3. Барлық бөлшектердің өлшемдері миллиметрмен (бұдан әрі – мм) көрсетіледі.

      1 – сурет

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының жазғы
ерлерге арналған нысанды киімі (погонсыз) үлгілері


      Ескерту: а – салтанатты нысанды киім; б – салтанатты жазғы нысанды киім; в – күнделікті нысанды киім; г – күнделікті нысанды киім; д – күнделікті жазғы нысанды киім

Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың ерлерге арналған
нысанды киімдерінің (погонсыз) сипаты

      4. Салтанатты және күнделікті киімнің жатады (1 сурет):

      1) болат және қара-көк түсті фуражка;

      2) қара-көк түсті берет;

      3) болат және қара-көк түсті ашық бір өңірлі китель;

      4) күнделiктi күрте қара-көк түстi;

      5) қысқа немесе ұзын жеңді ақ және көгілдір түсті жейде;

      6) болат және қара-көк түсті балағы түсіңкі шалбар;

      7) қара түсті галстук;

      8) галстукке арналған қысқыш;

      9) былғары белбеу;

      10) қара түсті былғары туфли.

      5. Фуражка жартылай жүн матадан жасалады. Салтанатты фуражка – болат түсті матадан, күнделікті - қара-көк түсті матадан жасалады. Сопақша түбi және дөңгелек қабырғасы, қара-көк түстi шұға немесе барқытты шеңберi мен күнқағардан тұрады. Қалқаншаның ортасының үстiне қалқанға кокарда бекiтiледi. Күнқағар үстiңгi жағынан лакталған қара терiмен, ал төменгi жағынан қара түстi жұмсақ терiмен немесе жүннен тоқылған матамен қапталған. Күнқағардың үстiңгi жағында, киетiн шеңберiне екi нысанды түймелер, алтын түстi тоқылған филигран бауы тағылады.

      6. Берет астарымен қара-көк түстi жүннен тоқылған матадан тiгiледi. Береттiң асты енi 50 мм қара-көк түстi трикотаж матасынан тiгiледi. Береттiң алдындағы ортасына кокарда тағылады.

      7. Китель жартылай жүн матадан жасалады, салтанатты китель – болат түсті матадан, күнделікті - қара-көк түсті матадан жасалады. Жартылай қынамалы силуэттi, бір өңiрлi, астында, төрт нысанды түймеге түймеленген. Жағасы мен лацканы қайырылған. Шлицасында үш нысанды түймесi бар жеңi екі тігіспен қайын тігілген, сол жақ жеңінде жеңді белгісі және ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың айырым белгісі бар. Арқа тұсының ортаңғы тiгiсi шлицамен бiтеді, таяқшалары бүйiрiнің жырығымен және белi бойынша алдыңғы қырнаумен, бүйiрiнде клапанды тiлiк қалталары және кеуденің сол жағында тілінген омырау жапырақ қалталары бар.

      8. Күнделiктi күрте қара-көк түстi жартылай жүндi матадан тiгiледi. Күрте тiк пiшiндi өңiрi сыдырмалы iлгекпен түймеленедi. Бүйiрлерi жалғап тiгiлген иiнiштi, жалғап тiгiлген жерiнде жапсырылып салынған клапанды төс қалталар мен ойылып салынған рамкалы екi жан қалтасы бар, олар сыдырмалы iлгекпен түймеленедi. Арқасында жалғап тiгiлген иiнiшi және иiнiш жапсырылған тiгiс бойымен екi жерден қаусырылған. Жағасы қайырылған. Жеңi қос тiгiстi, жапсыра тiгiлген манжеталары және шынтақ тiгiсiнде тiлiгi бар. Сол жақ жеңiнде жеңдiк белгi (шеврон) тiгiлген. Күртенiң төменгi жағында екi бүйiрi жалғап тiгiлген, төрт қатар резинкамен тартылған болады. Манжеталары нысанды екi шағын түймемен, ал клапандары бiр түймемен түймеленедi.

      9. Ұзын жеңдi жейде көгiлдiр түстi полиэстердiң үйлесуiмен мақтадан тоқылған матадан тiгiледi. Жейде тiк пiшiндi, орталық өңiрден түймелермен түймеленедi және клапанды екi жапсырма төс қалтасы бар. Жейденiң төменгi жағында бүйiр тiгiстерi төрт қатар резинкамен тартылып, сырып тiгiледi. Қондырмалы қайырма жағалы, тiктеп жалғанған. Жеңi жапсыра тiгiлген, қос тiгiстi, шынтақ тiгiстерi шлицамен өңделген, жеңiнiң төменгi жағына түймелермен түймеленетiн манжеталар жалғана тiгiлген. Арқасында жалғана тiгiлген қос қабатты иiнiшi бар, тiгiлген тiгiс бойымен екi жерден қаусырылған.

      10. Қысқа жеңдi жейде көгiлдiр түстi полиэстердiң үйлесуiмен мақтадан тоқылған матадан тiгiледi. Жейде тiк пiшiндi, орталық өңiрден түймелермен түймеленедi және клапанды екi жапсырма төс қалтасы бар. Жейденiң төменгi жағында бүйiр тiгiстерi төрт қатар резинкамен тартылып, сырып тiгiледi. Қондырмалы қайырма жағалы, лацканы бар, тiктеп жалғанған. Жеңi қысқа, сырылған қос тiгiстi, жеңiнiң төменгi жағына имитациялы манжеталар салынған. Арқасында жалғана тiгiлген қос қабатты иiнiшi бар, тiгiлген тiгiс бойымен екi жерден қаусырылған.

      11. Шалбар жүн аралас матадан астарымен тiгiледi. Салтанатты шалбар болат түсті матадан, күнделікті қара-көк түсті матадан жасалады. Шалбар тiк пiшiндi. Екi жақ сыртқы тiгiсiнiң бойымен енi 2,5 мм алтын түстi жиек салынған. Шалбардың артқы жақ бөлiктерiнде бүрме тiгiстер салынған, ал оң жақ бөлiгiне ойылып салынған рамкалы қалта тiгiледi, ол күрмек iлгекпен бiр түймемен түймеленедi. Шалбардың алдыңғы жақ бөлiктерiне екi жан қалта тiгiледi. Шалбардың алды сыдырма iлгекпен түймеленедi. Белi сырылып тiгiлген, түймемен түймеленедi. Қайылған тiгiстерiнiң енi 10 мм. Әрленген тiгiстерiнiң енi 2 мм.

      12. Галстук қара түстi матадан тiгiлген және созылған трапеция түрінде негізгі бөлігі тік бұрыш болып аяқталады.

      13. Белбеу қара түстi былғары.

      14. Туфлиi қара түстi былғары.

      2 – сурет

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың жазғы
әйелдерге арналған нысанды киімі (погонсыз) үлгілері


      Ескерту: а – салтанатты нысанды киім; б – салтанатты жазғы нысанды киім; в – күнделікті нысанды киім; г – күнделікті нысанды киім; д – күнделікті жазғы нысанды киім

Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың әйелдерге арналған
нысанды киімдерінің (погонсыз) сипаты

      15. Салтанатты және күнделікті киімнің жатады (2 сурет):

      1) болат және қара-көк түсті қалпақ-таблетка;

      2) қара-көк түсті берет;

      3) болат және қара-көк түсті ашық бір өңірлі китель;

      4) күнделiктi күрте қара-көк түстi;

      5) қысқа немесе ұзын жеңді ақ және көгілдір түсті жейде;

      6) болат және қара-көк түсті юбка;

      7) қара түсті галстук;

      8) қара түсті былғары туфли.

      16. Қалпақ-таблетка фетровалық матадан жасалады, салтанатты, болат түсті, күнделіктісі қара-көк түсті, тегіс-бүтін формаланған, ортасында және өңірлерінде дөңгелек ұзартылған қалпақты басынан тұрады. Өңірінің алдында кокардасы бар.

      17. Берет астарымен қара-көк түстi жүннен тоқылған матадан тiгiледi. Береттiң асты енi 50 мм қара-көк түстi трикотаж матасынан тiгiледi. Береттiң алдындағы ортасына кокарда тағылады.

      18. Китель жартылай жүн матадан жасалады. Салтанатты китель – болат түсті матадан, күнделікті - қара-көк түсті матадан. Китель жартылай қынамалы пiшiндi, бiр жаққа iлме өңiрлi, астары бар, ұзартылған, лацканның бүгiлетiн жерiне дейiн төрт нысанды түймелермен түймеленедi. Жағасы мен лацкандары қайырмалы. Жағасының шетiне енi 2,5 мм ашық сүр түстi жиек салынған. Жеңi жапсыра тiгiлген, қос тiгiстi, шлицтiң шынтақтағы тiгiсiнде үш нысанды түймелер бар. Жеңнiң төменгi жағында қайырмасы бар, оның жоғарғы жағына енi 2,5 мм ашық сұр түстi жиек салынған. Сол жақ жеңiнде жеңдiк белгiсi (шеврон) бар. Арқа тұсының ортаңғы тiгiсi бар, клапандары бар жанындағы көлденең ойылған қалталарымен бүйiрлерiнде қапталдық өңiрлiк тiгiстер салынған.

      19. Күнделiктi күрте қара-көк түстi жартылай жүндi матадан тiгiледi. Күрте тiк пiшiндi өңiрi сыдырмалы iлгекпен түймеленедi. Бүйiрлерi жалғап тiгiлген иiнiштi, жалғап тiгiлген жерiнде жапсырылып салынған клапанды төс қалталар мен ойылып салынған рамкалы екi жан қалтасы бар, олар сыдырмалы iлгекпен түймеленедi. Арқасында жалғап тiгiлген иiнiшi және иiнiш жапсырылған тiгiс бойымен екi жерден қаусырылған. Жағасы қайырылған. Жеңi қос тiгiстi, жапсыра тiгiлген манжеталары және шынтақ тiгiсiнде тiлiгi бар. Сол жақ жеңiнде жеңдiк белгi (шеврон) тiгiлген. Күртенiң төменгi жағында екi бүйiрi жалғап тiгiлген, төрт қатар резинкамен тартылған болады. Манжеталары нысанды екi шағын түймемен, ал клапандары бiр түймемен түймеленедi.

      20. Ұзын жеңдi жейде көгiлдiр түстi полиэстердiң үйлесуiмен мақтадан тоқылған матадан тiгiледi. Жейде тiк пiшiндi, орталық өңiрден түймелермен түймеленедi және клапанды екi жапсырма төс қалтасы бар. Жейденiң төменгi жағында бүйiр тiгiстерi төрт қатар резинкамен тартылып, сырып тiгiледi. Қондырмалы қайырма жағалы, тiктеп жалғанған. Жеңi жапсыра тiгiлген, қос тiгiстi, шынтақ тiгiстерi шлицамен өңделген, жеңiнiң төменгi жағына түймелермен түймеленетiн манжеталар жалғана тiгiлген. Арқасында жалғана тiгiлген қос қабатты иiнiшi бар, тiгiлген тiгiс бойымен екi жерден қаусырылған.

      21. Қысқа жеңдi жейде көгiлдiр түстi полиэстердiң үйлесуiмен мақтадан тоқылған матадан тiгiледi. Жейде тiк пiшiндi, орталық өңiрден түймелермен түймеленедi және клапанды екi жапсырма төс қалтасы бар. Жейденiң төменгi жағында бүйiр тiгiстерi төрт қатар резинкамен тартылып, сырып тiгiледi. Қондырмалы қайырма жағалы, лацканы бар, тiктеп жалғанған. Жеңi қысқа, сырылған қос тiгiстi, жеңiнiң төменгi жағына имитациялы манжеталар салынған. Арқасында жалғана тiгiлген қос қабатты иiнiшi бар, тiгiлген тiгiс бойымен екi жерден қаусырылған.

      22. Юбка астарымен қара-көк түстi, салтанатты – болат түсті жүн аралас матадан тiгiледi. Юбка тiк пiшiндi, ұзындығы тiзенiң ортасына дейiн келедi. Юбканың артқы және алдыңғы жақтарындағы тiгiстер сырмаланып өңделген. Юбканың ортаңғы және сол жақ тiгiсiнiң арасындағы алдыңғы сол жақ тiгiсiне төменнен жоғары қарай енi 2,5 мм алтын түстi жиек салынған. Юбканың артқы жағының ортаңғы тiгiсi шлицаға ұласады. Артқы жағының орталық тiгiсiне сыдырма iлгек салынған. Белi сырылып тiгiлген, түймемен түймеленедi. Қайрылған тiгiстерiнiң енi 10 мм. Әрленген тiгiстерiнiң енi 2 мм.

      23. Галстук қара түстi матадан тiгiлген және созылған трапеция тәрiздi, негiзгi бөлiгi тiк бұрыш болып аяқталады.

      24. Туфлиi өкшесi биiк емес, қара түстi былғары.

      3 – сурет

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының сезондық-қысқы
ерлерге арналған нысанды киім (погонсыз)үлгілері


      Ескерту: а – сезондық нысанды киім; б – қысқы нысанды киім

      4 – сурет

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының сезондық-қысқы
әйелдерге арналған нысанды киім (погонсыз) үлгілері


      Ескерту: а – сезондық нысанды киім; б – қысқы нысанды киім

Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың сезондық-қысқы
нысанды киімдерінің (погонсыз) сипаты

      25. Сезондық-қысқы киімнің жатады (3-4 сурет):

      1) қой терісінен жасалған ашық сұр түсті құлақшын;

      2) қара-көк түсті плащ;

      3) ашық сұр түсті жағасы цигейкадан қою-көк түсті пальто;

      4) ашық сұр түсті жүннен жасалған мойын орауыш;

      5) қара түсті былғары жылы етік (қысқа етік).

      26. Құлақшын ашық-сұр түсті елтiріден жасалады. Құлақшынның ортасында кокарда орналасады.

      27. Ерлердің плащы, қою-көк түстi суға төзімді плащтық матадан жасалынады, тік силуэтті, тоғалы алмалы белдiгі бар. Бүйiр бөлiктерінде жапсырылған жапырақшалы қиық қалталары бар, ұшпалы иініштер түймемен түймеленеді. Арқасының ортаңғы тігісі және бүрмесі, ұшпалы иініші бар. Жеңі тігілген. Сол жақ жеңінде – жең белгісі бар. Ілгешегі көрінбейтін. Бүйір бөліктерінде, иініштерінде, жапырақшаларында, жағасында шетiнен әрленген тiгiс жүргiзiлген.

      28. Әйелдер киетін плащы, қою-көк түстi суға төзімді плащтық матадан жасалады, тік силуэтті, тоғалы алмалы белдiгі бар. Бүйiр бөлiктерінде жапсырылған жапырақшалы қиық қалталары бар, ұшпалы иініштер түймемен түймеленеді. Арқасының ортаңғы тігісі және бүрмесі, ұшпалы иініші бар. Жеңі тігілген. Сол жақ жеңінде - жең белгісі бар. Ілгешегі көрінбейтін. Бүйір бөліктерінде, иініштерінде, жапырақшаларында, жағасында шетiнен әрленген тiгiс жүргiзiлген.

      29. Ерлер киетін пальто – қос өңiрлi, ашық, қою-көк түсті, теріден жасалады қайырылған жағасы және лацканы, әр бүйiр бөлiгінде үш нысанды түйме бар. Бүйір бөліктерінде көлденең қиылған бүйір қалталары бар. Арқасының ортасында шлицамен аяқталатын тігіс бар, беліне үш бөліктен тұратын белдікше қондырылған, белдікшенің ортаңғы бөлігі бүйір бөліктеріне кішкентай төрт нысанды түймемен (әр шетінен екеуден) бекітіледі. Жеңі екі реттен тігілген, хлястик қайырмасы бар. Сол жақ жеңінде жең белгісі шеврон бар.

      30. Әйелдер киетін пальто – қос өңiрлi, ашық, қою-көк түсті, теріден жасалады қайырылған жағасы және лацканы, әр бүйiр бөлiгінде үш нысанды түйме бар. Бүйір бөліктерінде көлденең қиылған бүйір қалталары бар. Арқасының ортасында шлицамен аяқталатын тігіс бар, беліне үш бөліктен тұратын белдікше қондырылған, белдікшенің ортаңғы бөлігі бүйір бөліктеріне кішкентай төрт нысанды түймемен (әр шетінен екеуден) бекітіледі. Жеңі тігілген, қайырмасы бар. Сол жақ жеңінде жең белгісі бар.

      31. Мойын орағыш – ашық сұр түсті жүннен матадан жасалады.

      32. Аяқ-киiм сезондық-қысқы былғары етiк (терi салынған) қара түстi, ерлер үшiн қысқа қонышты, әйелдер үшiн ұзын қонышты болады;

      5 – сурет

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының арнайы
нысанды киім (погонсыз) үлгілері




      Ескерту: а – қой терісінен дайындалған қысқа тон; б – унта аяқ киімі; в – резенке етік; г – хромнан жасалған әйелдердің қысқа етігі; д – бәтенке; е – халат.

Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық инспекторларының арнайы нысанды
киімдерінің (погонсыз) сипаты

      33. Арнайы киімнің жатады:

      1) қой терісінен жасалған қысқа тон (5, а сурет);

      2) унты (5, б сурет);

      3) резинке етік (5, в сурет);

      4) хромнан жасалған әйелдердің қысқа етігі (5, г сурет);

      5) статикалық салмақтан және шаршағыштықтан қорғайтын бәтеңке (5, д сурет);

      6) халаттар (5, е сурет).

      34. Қысқа тон тік силуэтті, жылы қой терісінен жасалынады, қара түстi жібек матамен қапталып жасалған. Бүйiр бөлiктерінде жапсырылған жапырақшалы қиық қалталары бар. Жеңі екі реттен тігілген, жеңіне қайрыла әрленген тiгiс жүргiзiлген. Сол жақ жеңінде – жең белгісі (шеврон) бар. Жағасы әрленген тiгiс жүргiзiлген, қара түсті қой терісінен дайындалған.

      35. Қысқы унта, опушкасы қой терісі, ботинкасы қой терісінен дайындалған, астары таза теріден жасалған, түсі қара.

      36. Резина етік арнайы жұмысшыға арналған универсальды етік. Судан қорғану үшін қолданылады. Үлгілік әдіспен жасалынады.

      37. Хромнан жасалған әйелдердің қысқа етігі, түсі қара, таза былғарыдан жасалған, өкшесі қатты.

      38. Бәтеңке статикалық салмақтан және шаршағыштықтан жоғары күштен қорғайтын бәтеңке, жоғарғы беті-тегіс таза хромделген былғарыдан, астары жұқа былғарыдан, табандығы ТЭП (термоэластопласттан +/- 40 С0) клейленіп тігістелген әдіс арқылы бекітілген.

      39. Халат қағаз мақта матасынан дайындалады. V – образды дайындалған қайырылған жағасы бар, 2 бүйiр қалталары бар. Халат түймемен түймеленген. Түсі ақ.

      6 – сурет

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының арнайы үлгідегі шеврон


      7 – сурет

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының жеңге
тігілген айырма белгісінің үлгісі


      Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының жеңге тігілген айырма белгісі 3 алтын түсті жолақ (аға бекетші)



      Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының жеңге тігілген айырма белгісі 2 алтын түсті жолақ (бас маман)



      Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының жеңге тігілген айырма белгісі 1 алтын түсті жолақ (жетекші маман)

      8 – сурет

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының арнайы үлгідегі түймесі
Диаметр:


      9 – сурет

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының арнайы
үлгідегі бас киімінің кокардасы


      10 – сурет

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының арнайы
нөмірленген кеуде белгісі үлгісі


Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың белгілеу жүйесінің сипаты

      40. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың белгілік жүйесіне жатады:

      1) шеврон (6 сурет);

      2) жеңге тігілетін белгі (7 сурет);

      3) түйме (8 сурет);

      4) кокарда (9 сурет);

      5) нөмірленген кеуде белгісі (10 сурет).

      41. Шеврон, фигуралық формасы сопақша, көлемі 100х80 мм, көк түсті, ткацтік әдісімен жасалынады. Көк түсті щиттік формада және ішкі жағында алтын түсті бидайдың масақтарымен зерделенген. Бейненің ортасында алтын түсті, контурлы жасыл түсті сегiзбұрышты жұлдыз, ортасында күн мен бүркіттің символикалық бейнесі бар, алтын түспен орындалған және бүркіттің бейнесінің астында орналасқан "Қазақстан" деген алтын түсті жазуы бар. Күннің ортасында ыдысқа оранған қара түсті жылан бейнеленген. Шевронның жоғары жағында "МЕМЛЕКЕТТІК", төменгі жағында – "ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ ИНСПЕКТОРЫ" деген жазуы бар. Жең белгісінің жиектері ашық-сұр түсті тігіспен жиектелген. Жең белгісі (шеврон) сол қолдың жеңінің сырт жағына, сыртқы киімнің жеңінің жоғарыдан 120 мм аралығына тігіледі.

      42. Айырма жең белгісі, ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларының атқаратын қызметтік міндеттері жеңге тігілген айырма белгісі (алтын түсті жолақ) арқылы анықталады. Жеңге тігілген алтын түсті жолақ сол қолдың сырт жағына орналастырылады. Жеңнің төменгі шеті мен белгінің төменгі шетінің арасы 90 мм, ұзындығы 70 мм, биіктігі 9 мм.

      Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларының құрамы мына жеңге тігілген айырма белгілері белгіленген:

      3 алтын түсті жолақ – аға бекетшіге арналған;

      2 алтын түсті жолақ – бас маманға арналған;

      1 алтын түсті жолақ – жетекші маманға арналған.

      43. Түймелер домалақ формалы, ілмешегі бар, көлемі 24 мм және 14 мм, алтын түсті металл ерітіндісінен жасалған, Қазақстан Республикасының Елтаңбасы рельефтік бейнесі бейнеленген.

      44. Кокарда сары алтын түсті бүтін металл қорытындысынан жасалған, гербтың бейнесі бар. Фигуралық формасы сопақша көгілдір фонда бүркіт және күн бейнесі бар. Күннің ортасында ыдысқа оранған қара түсті жылан бейнеленген. Кокарда екі жағына бірдей симметриялы үш бұтақтармен көмкерілген. Көмкерілген жиектердің көлемі биіктігі 40 мм, жалпақтығы 70 мм. жиектелген. Сыртқы жағында екі металдан жасалған аяқтар дәнекерленген. Кокарда бас киімнің алдыңғы жағында ортасына бекітіледі.

      45. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық испекторлардың ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі нөмірленген кеуде белгісі фигуралық сопақша формада, сары алтын түсті бүтін металл қорытындысынан жасалған. Белгінің ортасында, көгілдір түсті аумақта 30 мм диаметрде эмблема бейнеленген. Эмблеманың үстінде "МЕМЛЕКЕТТІК ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ ИНСПЕКТОРЫ" деген жазуы бар темір лента жапсырылған. Жетонның бейнесінде эмблемадан жарып шыққан сәуленің жарығымен нақышталған. Эмблеманың астында жетонның төменгі жағында төртбұрышты жеке нөмірі бар. Жетонның сырт жағына рет нөмірі енгізілген. Кеуде белгісінің ілмешегі әр түрлі вариантта жасалынады.

  ҚР Ауыл шаруашылығы
министрінің
2012 жылғы 13 наурыздағы
№ 30/98 бұйрығына
2-қосымша

Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
инспекторларының нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру туралы ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы, ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларының нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру Ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 20-бабының 6 – тармағына сәйкес әзірленді және ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларының нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру тәртібін реттейді.

      2. Осы, Ережеде пайдаланылатын негізгі түсініктер мен анықтамалар:

      1) нысанды киім – ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларының қызметтік арнайы киімі;

      2) лауазымды адам – ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар.

      3. Нысанды киiм ерлерге және әйелдерге арналған болып бөлiнедi.

      4. Қызметтік міндеттерді орындау кезінде нысанды киімді киіп жүру міндетті.

      5. Нысанды киімді және оның заттарын киіп жүру мерзімдері оның берілген күнінен бастап саналады.

      6. Нысанды киіммен қамтамасыз ету мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын ветеринария саласындағы уәкілетті органның мекемесінің есебінен жасалады.

      7. Лауазымды адам беретін нысанды киім мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын ветеринария саласындағы уәкілетті органның мекемесінің меншігі болып табылады және босату кезінде қайтарып беруге жатады.

      8. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың нөмірлі кеуде белгісі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың жеке нөмірі бар кеуде белгісі ретінде тиісті нысанды киімге тағып жүруге арналады.

      Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың жеке нөмірі төрт символдан тұрады:

      1) бірінші символ – латын әліпбиімен белгіленген, Қазақстан Республикасының облыстарына және республикалық маңызы бар қалаларына, астанаға бекітілген литерлік код;

      2) соңғы үш символ – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы бекіткен және берген ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың жеке нөмірі.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың шегінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың жеке нөмірлерін беру осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес рет-ретімен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Киім нысаны мынадай жағдайларда киіледі:

      1) салтанатты нысан – мемлекеттік наградаларды беру кезінде, салтанатты отырыстарда, ресми қабылдауларда, сондай-ақ мерекелік күндерде. Киімнің салтанатты нысанын қызметтен бос уақытта киіп жүруге рұқсат етіледі;

      2) күнделікті нысан – қызметтік міндеттерді орындау кезінде, оқуда және қызметтен бос уақытта;

      3) арнайы нысан – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың бақылауындағы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) жүктерді қарау жөніндегі қызметтік міндеттерді орындау кезінде.

      10. Нысанды киімнің барлық заттары тазаланған және өтектелген болуы тиіс. Кительдің, сыртқы жейде қалталарының қақпалары сыртқа түсірілген болуы тиіс.

      11. Теріден жасалған құлақшын бөрік, фуражка, таблетка-қалпақ, берет төменгi жиегi қастың үстiнен бiр-екi елi биiктiкте, күн қағар қастың деңгейiнде киiлуi керек. Кокарданың ортасы қастың ортасына келуi керек. Теріден жасалған құлақшын, фуражка, таблетка-телпек қисайтылмай тiк киiледi. Берет оң жаққа сәл қисайтыла киіледі.

      12. Плащ белдігі салынып киіледі. Еденнен плащтың етегіне дейінгі қашықтық 42 – 45 сантиметр (бұдан әрі – см.).

      13. Китель барлық түймелеріне салынады.

      14. Күртенің сыдырма ілмегін кеуде қалталарының деңгейіне дейін ағытып киеді.

      15. Китель киілген кезде ғана жейдені галстукпен киеді.

      16. Галстук үстіңгі үшінші және төртінші түйменің арасында жарғылық үлгідегі қысқышпен жейденің үстінен бекітіледі.

      17. Аяқ киім тазаланған болуы тиіс. Бәтеңке жинақы бауланған.

      18. Шарф пальтоның (плащтың) жағасының астына жинақы түрде салынады. Шарфтың жоғарғы шеті жағаның астынан біркелкі 1 – 2 см. шығып тұруы тиіс.

      19. Пальто, плащ барлық түймелеріне салынады.

      20. Киюге рұқсат беріледі:

      1) жазғы салтанатты және жазғы қызметтік киімді киюде жейделерді кительсіз галстукпен;

      2) галстуксыз, кительсіз үсіңгі түймесін ағытып, кысқа жеңмен киюге рұқсат етіледі.

      21. Нөмірлі кеуде белгісі (жетон), кителдің алдыңғы өңірлі жақтауының сол жағына орналасады (немесе күнделікті куртканың қалтасында болады). Жазғы үлгілік киім көйлегінде, қысқы үлгілік киімдерде плащта, пальтода нөмірлі кеуде белгісін (жетонды) тағып жүруге болады.

  Ветеринариялық бақылау
бекеттеріндегі мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық
инспекторлардың нысанды
киімді (погонсыз) киіп жүру
қағидаларына қосымша

Қазақстан Республикасының облыстарына және республикалық маңызы бар қалаларына, астанасына бекітіліп берілген латын әліпбиінің әріптерімен белгіленген литерлік кодтар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с

Атауы

Бекітіліп берілген әріп символы

1

Астана қаласы

Z

2

Алматы қаласы

A

3

Шымкент қаласы

Y

4

Ақмола облысы

C

5

Алматы облысы

B

6

Ақтөбе облысы

D

7

Атырау облысы

E

8

Шығыс Қазақстан облысы

F

9

Жамбыл облысы

H

10

Батыс Қазақстан облысы

L

11

Қарағанды облысы

M

12

Қызылорда облысы

N

13

Қостанай облысы

P

14

Маңғыстау облысы

R

15

Павлодар облысы

S

16

Солтүстік Қазақстан облысы

T

17

Түркістан облысы

X