"АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № ҚР ДСМ-137/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 11 шiлдедегi № 55 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 12 шiлдеде № 34727 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № ҚР ДСМ-137/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21467 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Халық пен халықтың негізгі топтары үшін профилактикалық іс-шаралар еріктілік, құпиялылық қағидаттарын сақтай отырып жүзеге асырылады. Халықтың негізгі топтарына инъекциялық есірткіні тұтынатындар, ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ерлер, секс жұмыскерлері, трансгендер адамдар (жасы 18 және одан жоғары) және бостандығы шектелген, сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған адамдар жатады.";

      9 және 10-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Халықтың негізгі топтарына медициналық және үкіметтік емес ұйымдарда орналасқан сенім пункттерінде, стационарлық сенім пункттерінде, жылжымалы сенім пункттерінде, достық кабинеттерінде емдік-профилактикалық қызметтерін ұсыну аутрич қызметкерлер мен әлеуметтік қызметкерлерді тарта отырып, АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтиды:

      1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес анонимдік және құпия негізде бірегей сәйкестендіру кодын беру мүмкіндігімен;

      2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес халықтың негізгі топтарының бір өкіліне шығыс материалдарын тегін ұсынумен (өтеусіз негізде медициналық бұйымдарды тарату: көлемі шағын "өлі" бір реттік шприцтер, спирттік майлықтар, презервативтер, лубрикант, налоксон);

      3) ақпараттық-білім беру компонентімен: АИТВ инфекциясы, вирустық гепатиттер, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (бұдан әрі - ЖЖБИ) мәселелері бойынша жұқтыру қаупін төмендететін мінез-құлық нысандарына, АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарды АРВ-терапия, АРВ-терапияға бейілділік қажеттілігі туралы хабардар етуге қатысты шағын сессиялар, әңгімелесулер немесе ақпараттық-білім беру материалдарын тарату (бұдан әрі – ақпараттық-білім беру компоненті);

      4) АИТВ инфекциясы, ЖЖБИ, вирустық гепатиттер мәселелері бойынша тестіге дейін және одан кейінгі консультация берумен;

      5) АИТВ, ЖЖБИ, вирустық гепатиттерге тексеру; оның ішінде мультиплекстік экспресс тесттерді, жүктілікке арналған тестті пайдалана отырып, тексеру арқылы;

      6) апиын агонистерімен алмастырушы терапияны қолдайтын байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактиканы ұсыну туралы консультация беру арқылы жүзеге асырылады.

      Халықтың негізгі топтарын тестілеумен қамту профилактикалық бағдарламалармен қамтудың кемінде 95%-ы болуға тиіс.

      ИЕТ-ды ақпараттық-білім беру компонентін, презервативтер, шприцтер таратуды қамтитын профилактикалық көрсетілетін қызметтермен қамту бағалау санының кемінде 70%-ы немесе одан артық болуға тиіс.

      Секс жұмыскерлерді ақпараттық-білім беру компонентін және презервативтер таратуды қамтитын профилактикалық көрсетілетін қызметтермен қамту бағалау санының кемінде 80%-ы немесе одан артық болуға тиіс.

      ЕЖЕ-ді ақпараттық-білім беру компонентін, презервативтер, лубриканттар таратуды қамтитын профилактикалық көрсетілетін қызметтермен қамту бағалау санының кемінде 30%-ы немесе одан артық болуға тиіс.

      Халықтың негізгі топтары арасындағы жұмыс индикаторлары: 1 аутрич жұмыскерге жүктеме тұрақты түрде профилактикалық бағдарламаларға жаңа адамдарды тарта отырып, 70 адамды және одан артық адамды құрайды. АИТВ инфекциясының болуына тестілеуден өткен адамдар саны – профилактикалық бағдарламаларға тартылғандар санының кемінде 95%-ы.

      АИТВ-мен өмір сүретін адамдар арасындағы жұмыс индикаторлары: 1 аутрич жұмыскерге жүктеме кемінде 60 адамды құрайды және 1 әлеуметтік жұмыскерге жүктеме кемінде 30 адамды құрайды.

      10. Стационарлық және жылжымалы сенім пункттерінің жұмыс кестесін олар орналасқан ұйымдар айқындайды, стационарлық сенім пункті эпидемиологиялық жағдай ескеріле отырып, халықтың негізгі топтарының бағалау санынан 500 және одан көп адамға бір сенім пункті есебінен ашылады. АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және үкіметтік емес ұйымдардың жанындағы стационарлық және жылжымалы сенім пункттерін жарақтандыру Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қалыптастырылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Үкіметтік емес ұйымдар арқылы мемлекеттік әлеуметтік гранттар мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды орналастыру және іске асыру Қазақстан Республикасындағы (бұдан әрі – ҚР) үкіметтік емес ұйымдар қызметінің мәселелері жөніндегі заңнамаға және "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексіне сәйкес жүргізіледі, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

      Үкіметтік емес ұйымдар АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі қызметті АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарды тестілеуден бастап емдеуге бейілділікке дейін көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ете отырып, профилактикалық бағдарламаларға негізгі топтардың өкілдерін тарту арқылы жүзеге асырады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактиканы ұсыну денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның жанындағы медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссия мақұлдаған ересектер мен балаларда АИТВ инфекциясын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларының ұсынымдарына сәйкес жүргізіледі. АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын медициналық денсаулық сақтау ұйымдары ықтимал қажеттіліктерге сүйене отырып, экспресс тесттерді уақтылы жоспарлайды және сатып алады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. АИТВ-ға экспресс тестілеу сапасын бағалау мақсатында мониторингтік баруды АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары АИТВ-ға экспресс тесттерді пайдаланатын денсаулық сақтау ұйымдарында және үкіметтік емес ұйымдарда (жылына кемінде 50 көрсетілетін қызмет) жылына бір рет жүргізеді.";

      мынадай мазмұндағы 20 және 21-тармақтармен толықтырылсын:

      "20. ИЕТ, СЖ, ЕЖЕ арасында АИТВ инфекциясының таралуын анықтау үшін жыл сайын биомінез-құлықтық зерттеулер жүргізіледі. Халықтың негізгі топтары арасында биомінез-құлықтық зерттеу жүргізу үшін көрсетілетін қызметтер тізбесі Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес қалыптастырылады;

      21. Халық арасында ақпараттық жұмыс жүргізу үшін көрсетілетін қызметтер тізбесі Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес айқындалған.";

      Қағидаларға 3 және 4 қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2- қосымшағаларға сәйкес жаңа редакцияға жазылсын;

      осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес 5 және 6-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2024 жылғы 11 шілдедегі
№ 55 бұйрығына
1-қосымша
  АИТВ инфекциясының
профилактикасы жөніндегі
іс-шараларды жүргізу
қағидаларына
3-қосымша

АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және үкіметтік емес ұйымдардың жанындағы стационарлық және жылжымалы сенім пункттерінің жарақтандырылуы

Стационарлық сенім пункті

Саны

1

Бактерицидті экрандалған стационарлық сәулелендіргіш

1

2

Зертханалық таймер

1

3

Бір жаппалы медициналық шкаф

1

4

Компьютер

1

5

Принтер

1

6

Құжаттамаға арналған шкаф

1

7

Киімге арналған шкаф

1

8

Медициналық үстел

2

9

Үстел

1

10

Орындықтар

2

11

"Налоксон" препаратын қоса алғанда, алғашқы медициналық көмекке арналған дәрі-дәрмек қорабы

1

12

Тонометр

1

13

Телефон аппараты

1


Жылжымалы сенім пункті

Саны

1

Медициналық шкаф

1

2

Бактерицидті сәулелендіргіш

1

3

Зертханалық таймер

1

4

Медициналық үстел

1

5

"Налоксон" препаратын қоса алғанда, алғашқы медициналық көмекке арналған дәрі-дәрмек қорабы

1

6

Тонометр

1

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2024 жылғы "___"_________
№_____ бұйрығына
2-қосымша
  АИТВ инфекциясының
профилактикасы жөніндегі
іс-шараларды жүргізу
қағидаларына
4-қосымша

АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және үкіметтік емес ұйымдардың жанындағы достық кабинеттерінің жарақтандырылуы

Достық кабинеті (гинеколог+дерматовенеролог)

Саны

1.

Компьютер

1

2.

Принтер

1

3.

Грибок ауруларын диагностикалауға арналған люминесцентті шам (Вуд шамы)

1

4.

Иммерсиялы биологиялық бинокулярлық микроскоп

1

5.

Экрандалған бактерицидті сәулелендіргіш

2

6.

Жылжымалы бір рефлекторлық медициналық шам

1

7.

Стерильді құралды сақтауға арналған камера

1

8.

Дерматовенеролог құралдарының жиынтығы

2

9.

Акушер-гинеколог құралдарының жиынтығы

2

10.

Медициналық кушетка

1

11.

Дәрігердің медициналық үстелі

1

12.

Мейіргер үстелі

1

13.

Дәрігердің медициналық орындығы

1

14.

Мейіргер орындығы

1

15.

Пациент орындығы

2

16.

Медициналық қалқа

1

17.

Құжаттамаға арналған медициналық шкаф

1

18.

Киімге арналған медициналық шкаф

1

19.

Өлшеу таспасы

1

20.

Бүйрек тәрізді науа

1

21.

Секундомер

1

22.

Дезинфекциялық ерітіндіге арналған стақан

1

23.

Медициналық термометр

5

24.

Тонометр

1

25.

Фонендоскоп

1

26.

Медициналық қалақша

20

27.

Лупа-шам

1

28.

Бой өлшегіші бар медициналық таразы

1

29.

Жылжымалы аспаптар үстелі

1

30.

Гинекологиялық кресло

1

31.

Диатермокоагулятор

1

32.

Шағын хирургиялық жиынтық

1

33.

Кольпоскоп

1

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2024 жылғы "___"__________
№_____ бұйрығына
3-қосымша
  АИТВ инфекциясының
профилактикасы жөніндегі
іс-шараларды жүргізу
қағидаларына
5-қосымша

Халықтың негізгі топтары арасында биомінез-құлықтық зерттеулер жүргізуге арналған көрсетілетін қызметтер тізбесі

Медициналық көрсетілетін қызмет коды

Медициналық көрсетілетін қызмет атауы

Халықтың негізгі топтарының 1 адамына көрсетілетін қызмет жиілігі

Халықтың негізгі топтары, қатысушылар санынан көрсетілетін қызметтердің үлес салмағы

1


Консультация: эпидемиолог-дәрігер

1

45%

2


Консультация: эпидемиолог көмекшісі

1

55%

3

B06.856.005

Капиллярлық қанның құрғақ тамшысында АИТВ-1,2-ге антиденелерді ИФТ әдісімен анықтау

1

90%

4

B03.860.003

АИТВ-1,2-ге жиынтық антиденелерді және р24 антигенін экспресс әдіспен анықтау

1

10%

5

B06.854.005

Капиллярлық қанның құрғақ тамшысында С гепатитіне антиденелерді ИФТ әдісімен анықтау

1

100%

6

B06.853.005

Капиллярлық қанның құрғақ тамшысында Treponema pallidum-ге антиденелерді ИФТ әдісімен анықтау

1

100%

7

D99.296.013

Саусақтан қан алу

1

100%

8


Медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнерлер (бұдан әрі – ҚЖКЖҚ)

12

100%

9


ҚЖКЖҚ-ны кәдеге жарату

12

100%

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2024 жылғы "___"__________
№_____ бұйрығына
4-қосымша
  АИТВ инфекциясының
профилактикасы жөніндегі
іс-шараларды жүргізу
қағидаларына
6-қосымша

Халық арасында ақпараттық жұмыс жүргізу үшін көрсетілетін қызметтер тізбесі

Көрсетілетін
қызмет атауы

Саны

Көрсетілетін қызмет жиілігі

1

Баннерлер

1

100 000 тұрғынға шаққанда 1-еу

2

Бейнероликтер

1

жылына

3

Билбордтар

1

жылына

4

Плакаттар мен стендтер

1

1 медициналық ұйымға, оның ішінде тергеу изоляторлары және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне