АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № ҚР ДСМ-137/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 21 қазанда № 21467 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 99-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 19 қазаны
№ ҚР ДСМ-137/2020
Бұйрыққа қосымша

АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексі 99-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі профилактикалық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Қағидалар АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында жұмыс істейтін мемлекеттік және мемлекеттік емес, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдарға арналған.

      3. Халық пен халықтың негізгі топтары үшін профилактикалық іс-шаралар еріктілік, құпиялылық қағидаттарын сақтай отырып жүзеге асырылады. Халықтың негізгі топтарына инъекциялық есірткіні тұтынатындар, ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ерлер, секс жұмыскерлері, трансгендер адамдар (жасы 18 және одан жоғары) және бостандығы шектелген, сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған адамдар жатады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.07.2024 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) АИТВ - адамның иммун тапшылығы вирусы;

      2) АИТВ инфекциясы - адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған, иммундық жүйенің ерекше зақымдануымен сипатталатын және жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы қалыптасқанға дейін оның баяу бұзылуына әкеп соғатын созылмалы инфекциялық ауру;

      3) аутрич жұмыс – "тең-теңімен" қағидаты бойынша, профилактикалық іс-шараларды іске асыру үшін сенім пункттері мен достық кабинеттеріне бармайтын халықтың түйінді топтарымен оларды жинау орындарында өзара іс - қимыл жасау әдісі бойынша жұмыс; сондай-ақ антиретровирустық терапияға (бұдан әрі - АРВ терапия) бейімділік, жыныстық серіктестерде АИТВ инфекциясының профилактикасы және басқа да қызметтер мәселелері бойынша АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдармен жұмыс;

      4) аутрич жұмыскер – халықтың негізгі топтарына, АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарға немесе олардың жақын ортасына халықтың негізгі топтарына және АИТВ-мен өмір сүретін адамдар тобына кіруді жүзеге асыратын өкіл;

      5) әлеуметтік жұмыскер – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын, белгіленген талаптарға сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар қызметкер;

      6) достық кабинеті – еріктілік және құпиялылық қағидаты бойынша тегін негізде АИТВ инфекциясын жұқтырғандарға және халықтың негізгі топтарына жыныстық жолмен берілетін инфекциялық аурулар кезінде профилактикалық және емдеу-диагностикалық көмек көрсетудің арнайы ұйымдастырылған пункті;

      7) жанасуға дейінгі профилактика – АИТВ инфекциясын жұқтырудың алдын алу үшін жұқтырмаған адамдарға қолданылатын антиретровирустық терапия;

      8) жанасудан кейінгі профилактика – ықтимал жұқтырғаннан кейін АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупін азайту мақсатында қолданылатын антиретровирустық терапия;

      9) клиенттерді жеке есепке алудың мәліметтер базасы - халықтың негізгі топтарын және АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарды профилактикалық бағдарламалармен қамтуды мониторингілеуге және бағалауға арналған бағдарлама;

      10) секс жұмыскерлер – ақша немесе тауарларға алмастырып тұрақты немесе тұрақты емес негізде жыныстық қызмет көрсететін ересек әйелдер, ерлер және трансгендер адамдар (жасы 18 және одан жоғары);

      11) сенім пункті – халықтың негізгі топтарына анонимдік, еріктілік және құпиялылық қағидаты бойынша тегін негізде профилактикалық қызметтер көрсетілетін арнайы ұйымдастырылған пункт;

      12) халықтың негізгі топтары - өмір салтының ерекшеліктеріне байланысты АИТВ инфекциясын жұқтырудың жоғары қаупіне ұшыраған халық топтары;

      13) халықтың негізгі топтары арасында АИТВ инфекциясының таралуын эпидемиологиялық қадағалау - жұқтыру қаупі факторларын, АИТВ инфекциясының, вирустық гепатиттердің, мерездің таралуын зерделеуге арналған зерттеулер;

      14) шығыс материалдары – тегін таратуға арналған профилактикалық бағдарламаларда пайдаланылатын құралдар, оларға: бір рет қолданылатын шприцтер, спирттік майлықтар, презервативтер, лубрикант, налоксон, экспресс-тесттер, баспа ақпараттық-білім беру материалдары, АИТВ жұқтырудың жанасуға дейінгі және жанасудан кейінгі профилактикаға арналған антиретровирустық препараттар жатады.

2-тарау. АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шаралар

      5. АИТВ инфекциясы жөніндегі іс-шаралар:

      1) халық арасында, оның ішінде халықтың негізгі топтары арасында АИТВ инфекциясының таралуына эпидемиологиялық бақылау жүргізу;

      2) ақпараттық материалдар, әлеуметтік желілер және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықтың әртүрлі топтарына АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша ақпарат беру;

      3) АИТВ инфекциясының профилактикасы мәселелерін білім беру жүйесіне және жұмыс орындарына интеграциялау;

      4) халықтың негізгі топтарына сенім пункттерінде, достық кабинеттерінде емдік-профилактикалық қызметтерін ұсыну;

      5) мемлекеттік әлеуметтік гранттар мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды үкіметтік емес ұйымдар арқылы орналастыру және іске асыру;

      6) донорлық пен трансплантаттаудың инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ халыққа тері қабаттары мен сілемейлі қабаттардың бүтіндігінің бұзылуына байланысты қызметтер көрсету кезінде;

      7) АИТВ инфекциясының анадан ұрыққа және балаға берілуінің алдын алу;

      8) жанасуға дейінгі және жанасудан кейінгі профилактиканы ұсыну;

      9) диагноз қойылған сәттен бастап АИТВ инфекциясының берілу қаупін азайту үшін антиретровирустық терапияны ұсыну арқылы жүзеге асырылады.

      6. Халық арасында, оның ішінде инъекциялық есірткіні тұтынатындар (бұдан әрі - ИЕТ), ерлермен жыныстық қатынасқа түсетіндер (бұдан әрі – ЕЖЕ), секс жұмыскерлері (бұдан әрі – СЖ) арасында АИТВ инфекциясының таралуын эпидемиологиялық қадағалауды АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын медициналық ұйымдар мынадай түрде:

      1) халықаралық ұсынымдарды қолдана отырып, ішінара биомінез-құлықтық зерттеулер әдісімен;

      2) "е-ШЭБ" шолғыншы эпидемиологиялық қадағалаудың электрондық жүйесін пайдалана отырып;

      3) АИТВ инфекциясының таралуын эпидемиологиялық қадағалаудың серологиялық кезеңінің сапасын бақылау үшін іріктеменің мөлшері мен зерттеу көлеміне сәйкес АИТВ-ға, мерезге, "С" вирустық гепатитіне антиденелерді және шығыс материалдарын айқындауға арналған тест-жүйелердің жеткілікті көлемін қамтамасыз ете отырып;

      4) әрбір ИЕТ, ЕЖЕ, СЖ қатысушысына 0,5 айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде сыйақыны, ЕЖЕ және ИЕТ үшін - зерттеуге келтірілген әрбір адам үшін қосымша 0,5 айлық есептік көрсеткіш (3 адамнан артық емес) қамтамасыз ете отырып жүргізеді.

      7. АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша хабардар етуді ақпараттық материалдар, әлеуметтік желілер және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманың талаптарына сәйкес АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласында жұмыс істейтін мемлекеттік және мемлекеттік емес, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар:

      1) Жарнама туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес әлеуметтік жарнама ретінде; қазіргі заманғы ақпараттық интернет құралдары мен телекоммуникациялық БАҚ технологияларын пайдалана отырып. Сыртқы жарнаманы (баннерлер, билбордтар) және баспа ақпараттық материалдарды (плакаттар, үнпарақтар, буклеттер) қолдану арқылы;

      2) интеграцияланған коммуникациялар қағидатын қолдана отырып: PR (жұртшылықпен байланыс); теледидар, сыртқы, баспа жарнамасы - нысаналы аудиториямен тікелей байланысқа және тікелей жарнамаға бағытталған акцияларды ұштастыру арқылы;

      3) БАҚ-ты пайдалана отырып, ақпараттық науқандар өткізу жолымен, тұрақты негізде және жылына кемінде 1 рет;

      4) өткізудің негізгі бағыттары мен қағидаттарын ескере отырып жүзеге асырады.

      8. АИТВ инфекциясының профилактикасы мәселелерін білім беру жүйесіне және жұмыс орындарына интеграциялауды АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында жұмыс істейтін мемлекеттік және мемлекеттік емес, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асырады және:

      1) білім беру жүйесінде: оқушылар мен студенттер үшін және мұғалімдер, педагогтар үшін біліктілікті арттыру институттарында орта, арнаулы орта және жоғары білім беру жүйесінің бағдарламасына міндетті сағаттар;

      2) жұмыс орындарында: өндірістегі қауіпсіздік пен денсаулықты қорғау бағдарламаларында әмбебап сақтық шараларын қолдану дағдылары, оның ішінде тұрақты негізде қауіпсіздік техникасы бойынша кіріспе нұсқаулық қосуды қарастырады.

      9. Халықтың негізгі топтарына медициналық және үкіметтік емес ұйымдарда орналасқан сенім пункттерінде, стационарлық сенім пункттерінде, жылжымалы сенім пункттерінде, достық кабинеттерінде емдік-профилактикалық қызметтерін ұсыну аутрич қызметкерлер мен әлеуметтік қызметкерлерді тарта отырып, АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтиды:

      1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес анонимдік және құпия негізде бірегей сәйкестендіру кодын беру мүмкіндігімен;

      2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес халықтың негізгі топтарының бір өкіліне шығыс материалдарын тегін ұсынумен (өтеусіз негізде медициналық бұйымдарды тарату: көлемі шағын "өлі" бір реттік шприцтер, спирттік майлықтар, презервативтер, лубрикант, налоксон);

      3) ақпараттық-білім беру компонентімен: АИТВ инфекциясы, вирустық гепатиттер, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (бұдан әрі - ЖЖБИ) мәселелері бойынша жұқтыру қаупін төмендететін мінез-құлық нысандарына, АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарды АРВ-терапия, АРВ-терапияға бейілділік қажеттілігі туралы хабардар етуге қатысты шағын сессиялар, әңгімелесулер немесе ақпараттық-білім беру материалдарын тарату (бұдан әрі – ақпараттық-білім беру компоненті);

      4) АИТВ инфекциясы, ЖЖБИ, вирустық гепатиттер мәселелері бойынша тестіге дейін және одан кейінгі консультация берумен;

      5) АИТВ, ЖЖБИ, вирустық гепатиттерге тексеру; оның ішінде мультиплекстік экспресс тесттерді, жүктілікке арналған тестті пайдалана отырып, тексеру арқылы;

      6) апиын агонистерімен алмастырушы терапияны қолдайтын байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактиканы ұсыну туралы консультация беру арқылы жүзеге асырылады.

      Халықтың негізгі топтарын тестілеумен қамту профилактикалық бағдарламалармен қамтудың кемінде 95%-ы болуға тиіс.

      ИЕТ-ды ақпараттық-білім беру компонентін, презервативтер, шприцтер таратуды қамтитын профилактикалық көрсетілетін қызметтермен қамту бағалау санының кемінде 70%-ы немесе одан артық болуға тиіс.

      Секс жұмыскерлерді ақпараттық-білім беру компонентін және презервативтер таратуды қамтитын профилактикалық көрсетілетін қызметтермен қамту бағалау санының кемінде 80%-ы немесе одан артық болуға тиіс.

      ЕЖЕ-ді ақпараттық-білім беру компонентін, презервативтер, лубриканттар таратуды қамтитын профилактикалық көрсетілетін қызметтермен қамту бағалау санының кемінде 30%-ы немесе одан артық болуға тиіс.

      Халықтың негізгі топтары арасындағы жұмыс индикаторлары: 1 аутрич жұмыскерге жүктеме тұрақты түрде профилактикалық бағдарламаларға жаңа адамдарды тарта отырып, 70 адамды және одан артық адамды құрайды. АИТВ инфекциясының болуына тестілеуден өткен адамдар саны – профилактикалық бағдарламаларға тартылғандар санының кемінде 95%-ы.

      АИТВ-мен өмір сүретін адамдар арасындағы жұмыс индикаторлары: 1 аутрич жұмыскерге жүктеме кемінде 60 адамды құрайды және 1 әлеуметтік жұмыскерге жүктеме кемінде 30 адамды құрайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.07.2024 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Стационарлық және жылжымалы сенім пункттерінің жұмыс кестесін олар орналасқан ұйымдар айқындайды, стационарлық сенім пункті эпидемиологиялық жағдай ескеріле отырып, халықтың негізгі топтарының бағалау санынан 500 және одан көп адамға бір сенім пункті есебінен ашылады. АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және үкіметтік емес ұйымдардың жанындағы стационарлық және жылжымалы сенім пункттерін жарақтандыру Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қалыптастырылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.07.2024 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Жылжымалы сенім пункттері кестеге және әзірленген маршрутқа сәйкес профилактикалық іс-шараларды өткізу мақсатында халықтың негізгі топтары шоғырланған орындарға тұрақты шығу үшін жабдықталған көлікті ұйымға кемінде 1 жылжымалы сенім пункті есебінен пайдаланады.

      12. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның жанындағы медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия мақұлдаған ЖЖБИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес ЖЖБИ диагностикасы мен емі; "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 31) тармақшасына және жарақтандырылуына сәйкес, Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша бастапқы медициналық құжаттаманы ресімдеу және жүргізу достық кабинеттерде жүзеге асырылады.

      13. Халықтың және АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдардың негізгі топтарын қамту мониторингі мен бағалауды клиенттерді жеке есепке алудың мәліметтер базасын жүргізу жолы арқылы және АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және үкіметтік емес ұйымдардың мамандары есептік және есептік құжаттаманың тиісті нысандарын жүргізу арқылы жүргізеді.

      14. Үкіметтік емес ұйымдар арқылы мемлекеттік әлеуметтік гранттар мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды орналастыру және іске асыру Қазақстан Республикасындағы (бұдан әрі – ҚР) үкіметтік емес ұйымдар қызметінің мәселелері жөніндегі заңнамаға және "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексіне сәйкес жүргізіледі, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

      Үкіметтік емес ұйымдар АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі қызметті АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарды тестілеуден бастап емдеуге бейілділікке дейін көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ете отырып, профилактикалық бағдарламаларға негізгі топтардың өкілдерін тарту арқылы жүзеге асырады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.07.2024 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Донорлық пен трансплантаттаудың инфекциялық қауіпсіздігін, сондай-ақ халыққа қызметтер көрсету кезінде тері қабаттары мен шырышты қабаттардың тұтастығының бұзылуына байланысты инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді:

      1) уәкілетті орган бекіткен нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;

      2) уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.

      16. АИТВ инфекциясының анадан шаранаға және балаға берілуінің алдын алу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жанындағы медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия мақұлдаған ересектер мен балалардағы АИТВ инфекциясын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларының ұсынымдарына сәйкес жүргізіледі.

      17. Байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактиканы ұсыну денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның жанындағы медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссия мақұлдаған ересектер мен балаларда АИТВ инфекциясын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларының ұсынымдарына сәйкес жүргізіледі. АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын медициналық денсаулық сақтау ұйымдары ықтимал қажеттіліктерге сүйене отырып, экспресс тесттерді уақтылы жоспарлайды және сатып алады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.07.2024 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Диагноз қойылған сәттен бастап АИТВ инфекциясының берілу қаупін төмендету үшін антиретровирустық терапияны ұсыну аутрич қызметкерлері мен әлеуметтік қызметкерлердің қызметтерін тарта отырып, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жанындағы медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия мақұлдаған ересектер мен балалардағы АИТВ инфекциясын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларының ұсынымдарына сәйкес жүргізіледі.

      19. АИТВ-ға экспресс тестілеу сапасын бағалау мақсатында мониторингтік баруды АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары АИТВ-ға экспресс тесттерді пайдаланатын денсаулық сақтау ұйымдарында және үкіметтік емес ұйымдарда (жылына кемінде 50 көрсетілетін қызмет) жылына бір рет жүргізеді.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.07.2024 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. ИЕТ, СЖ, ЕЖЕ арасында АИТВ инфекциясының таралуын анықтау үшін жыл сайын биомінез-құлықтық зерттеулер жүргізіледі. Халықтың негізгі топтары арасында биомінез-құлықтық зерттеу жүргізу үшін көрсетілетін қызметтер тізбесі Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес қалыптастырылады.

      Ескерту. Қағидалар 20-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.07.2024 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Халық арасында ақпараттық жұмыс жүргізу үшін көрсетілетін қызметтер тізбесі Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес айқындалған.

      Ескерту. Қағидалар 21-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.07.2024 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  АИТВ инфекциясының
профилактикасы жөніндегі
іс-шараларды жүргізу
қағидаларына
1-қосымша

Бірегей сәйкестендіру коды

      Анонимділікті, құпиялылықты қамтамасыз ету, қайталану ықтималдығын және қалпына келтіру жеңілдігін барынша азайту мақсатында сенім пункті клиентінің бірегей сәйкестендіру коды (бұдан әрі - БСК) қолданылады.

      Бірегей сәйкестендіру коды ана атының алғашқы 2 әрпінен, әке атының алғашқы 2 әрпінен, жынысынан (1-еркек немесе 2-әйел) және туған жылының соңғы екі санынан жасалады. Ата-анасы немесе ата-анасының біреуі болмаған жағдайда клиенттің қалауы бойынша шартты есімдер қолданылады.

      Мысалы: анасы - Гүлнәр, әкесі - Ренат, ер адам, 1978 жылы туған, БСК-ГҮРЕ 178

Клиенттің анасының атының алғашқы 2 әрпі

Клиенттің әкесінің алғашқы 2 әрпі

Жынысы
Ер-1
Әйел-2

Клиенттің туған жылының соңғы екі саны

ГҮ

РЕ

1

78

  АИТВ инфекциясының
профилактикасы жөніндегі
іс-шараларды жүргізу
қағидаларына
2-қосымша

Халықтың негізгі топтарының және/немесе АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдардың бір өкіліне шығыс материалдарын тегін ұсыну нормалары

Іс-шара

Жыл ішіндегі саны, кем емес

1

инъекциялық есірткіні пайдаланатын 1 адамға: әртүрлі көлемдегі шприцтер

200

2

инъекциялық есірткі пайдаланатын 1 адамға: презервативтер

50

3

инъекциялық есірткі қолданатын 1 адамға: спирттік майлықтар

1 шприцке 1 майлық есебінен

4

налоксон

профилактикалық бағдарламалармен қамтылған ИЕТ санынан 1% есебінен

5

1 секс жұмыскері үшін: презервативтер

200

6

еркекпен жыныстық қатынасқа түскен 1 еркекке, трансгендерге: презервативтер

150

7

еркекпен жыныстық қатынасқа түскен 1 еркекке, трансгендерге: лубриканттар

150

8

АИТВ-мен өмір сүретін 1 адамға: презервативтер

100

9

экспресс тестілер

профилактикалық бағдарламалармен қамтылғандар санынан халықтың негізгі топтарының 80%-ы үшін

  АИТВ инфекциясының
профилактикасы жөніндегі
іс-шараларды жүргізу
қағидаларына
3-қосымша

АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және үкіметтік емес ұйымдардың жанындағы стационарлық және жылжымалы сенім пункттерінің жарақтандырылуы

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.07.2024 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Стационарлық сенім пункті

Саны

1

Бактерицидті экрандалған стационарлық сәулелендіргіш

1

2

Зертханалық таймер

1

3

Бір жаппалы медициналық шкаф

1

4

Компьютер

1

5

Принтер

1

6

Құжаттамаға арналған шкаф

1

7

Киімге арналған шкаф

1

8

Медициналық үстел

2

9

Үстел

1

10

Орындықтар

2

11

"Налоксон" препаратын қоса алғанда, алғашқы медициналық көмекке арналған дәрі-дәрмек қорабы

1

12

Тонометр

1

13

Телефон аппараты

1


Жылжымалы сенім пункті

Саны

1

Медициналық шкаф

1

2

Бактерицидті сәулелендіргіш

1

3

Зертханалық таймер

1

4

Медициналық үстел

1

5

"Налоксон" препаратын қоса алғанда, алғашқы медициналық көмекке арналған дәрі-дәрмек қорабы

1

6

Тонометр

1

  АИТВ инфекциясының
профилактикасы жөніндегі
іс-шараларды жүргізу
қағидаларына
4-қосымша

АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және үкіметтік емес ұйымдардың жанындағы достық кабинеттерінің жарақтандырылуы

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.07.2024 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Достық кабинеті (гинеколог+дерматовенеролог)

Саны

1.

Компьютер

1

2.

Принтер

1

3.

Грибок ауруларын диагностикалауға арналған люминесцентті шам (Вуд шамы)

1

4.

Иммерсиялы биологиялық бинокулярлық микроскоп

1

5.

Экрандалған бактерицидті сәулелендіргіш

2

6.

Жылжымалы бір рефлекторлық медициналық шам

1

7.

Стерильді құралды сақтауға арналған камера

1

8.

Дерматовенеролог құралдарының жиынтығы

2

9.

Акушер-гинеколог құралдарының жиынтығы

2

10.

Медициналық кушетка

1

11.

Дәрігердің медициналық үстелі

1

12.

Мейіргер үстелі

1

13.

Дәрігердің медициналық орындығы

1

14.

Мейіргер орындығы

1

15.

Пациент орындығы

2

16.

Медициналық қалқа

1

17.

Құжаттамаға арналған медициналық шкаф

1

18.

Киімге арналған медициналық шкаф

1

19.

Өлшеу таспасы

1

20.

Бүйрек тәрізді науа

1

21.

Секундомер

1

22.

Дезинфекциялық ерітіндіге арналған стақан

1

23.

Медициналық термометр

5

24.

Тонометр

1

25.

Фонендоскоп

1

26.

Медициналық қалақша

20

27.

Лупа-шам

1

28.

Бой өлшегіші бар медициналық таразы

1

29.

Жылжымалы аспаптар үстелі

1

30.

Гинекологиялық кресло

1

31.

Диатермокоагулятор

1

32.

Шағын хирургиялық жиынтық

1

33.

Кольпоскоп

1

  АИТВ инфекциясының
профилактикасы жөніндегі
іс-шараларды жүргізу
қағидаларына
5-қосымша

Халықтың негізгі топтары арасында биомінез-құлықтық зерттеулер жүргізуге арналған көрсетілетін қызметтер тізбесі

      Ескерту. Қағидалар 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.07.2024 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Медициналық көрсетілетін қызмет коды

Медициналық көрсетілетін қызмет атауы

Халықтың негізгі топтарының 1 адамына көрсетілетін қызмет жиілігі

Халықтың негізгі топтары, қатысушылар санынан көрсетілетін қызметтердің үлес салмағы

1


Консультация: эпидемиолог-дәрігер

1

45%

2


Консультация: эпидемиолог көмекшісі

1

55%

3

B06.856.005

Капиллярлық қанның құрғақ тамшысында АИТВ-1,2-ге антиденелерді ИФТ әдісімен анықтау

1

90%

4

B03.860.003

АИТВ-1,2-ге жиынтық антиденелерді және р24 антигенін экспресс әдіспен анықтау

1

10%

5

B06.854.005

Капиллярлық қанның құрғақ тамшысында С гепатитіне антиденелерді ИФТ әдісімен анықтау

1

100%

6

B06.853.005

Капиллярлық қанның құрғақ тамшысында Treponema pallidum-ге антиденелерді ИФТ әдісімен анықтау

1

100%

7

D99.296.013

Саусақтан қан алу

1

100%

8


Медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнерлер (бұдан әрі – ҚЖКЖҚ)

12

100%

9


ҚЖКЖҚ-ны кәдеге жарату

12

100%

  АИТВ инфекциясының
профилактикасы жөніндегі
іс-шараларды жүргізу
қағидаларына
6-қосымша

Халық арасында ақпараттық жұмыс жүргізу үшін көрсетілетін қызметтер тізбесі

      Ескерту. Қағидалар 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.07.2024 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Көрсетілетін
қызмет атауы

Саны

Көрсетілетін қызмет жиілігі

1

Баннерлер

1

100 000 тұрғынға шаққанда 1-еу

2

Бейнероликтер

1

жылына

3

Билбордтар

1

жылына

4

Плакаттар мен стендтер

1

1 медициналық ұйымға, оның ішінде тергеу изоляторлары және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне