Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" № 299 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 6 сәуірдегі "Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" № 186 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 1 шілдедегі № 254 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 2 шілдеде № 34693 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" № 299 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10188 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарда:

      3-тармақтың төртінші абзацы алып тасталсын;

      4-тармақ алып тасталсын;

      5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жоғары техникалық білімі бар және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы білімін даярлау мен тексеруден өткен кәсіби оқытушылар (мамандар).".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 6 сәуірдегі "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" № 186 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20340 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттау қағидаларында:

      7, 8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызметті алу үшін заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш жолдайды.

      Процестің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі нысанында жазылған.

      8. Портал өтінішті автоматты режимде қабылдауды жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның орнындағы адамға (көрсетілетін қызметті берушімен белгілеген қызметтік міндеттерді бөлуге сәйкес) жолдайды, онымен жауапты орындаушы тағайындалады.

      Көрсетілетін қызметті алушымен өтінішті портал арқылы берілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      9. Жауапты орындаушы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" № 299 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10188 болып тіркелген) (бұдан әрі – талаптар) қойылатын талаптарға көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындыны алу үшін көрсетілетін қызметті алушының қызметін жүзеге асыру орны бойынша көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесіне сұрау жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесі 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес қойылатын талаптарға сәйкестігіне рұқсат беру бақылауын жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес остігі туралы қорытынды жасайды.

      Көрсетілетін қызметті алушының қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды алған кезде жауапты орындаушы осы Қағидаларға 3 немесе 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді.

      10. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 2-қосымшада жазылған.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші тыңдау рәсімін жүзеге асырады.";

      11-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады (көрсетілетін қызметті беруші белгілеген қызметтік міндеттерді бөлуге сәйкес) және портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жолданады.";

      осы Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы Қағидаларға 2-қосымшада:

      "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

      ";

      реттік нөмірлері 8 және 9-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Өтініш.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" № 299 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10188 болып тіркелген) бекітілген талаптарға сәйкес келмейді;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты аттестаттаудан өту үшін талап етілетін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған;
4) Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

      ";

      осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2024 жылғы 1 шілдедегі
№ 254 Бұйрыққа
1-қосымша
  Өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласындағы жұмыстарды
жүргізу құқығына заңды
тұлғаларды аттестаттау
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

[Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]
[Мемлекеттік органның атауы]
Басшысына
Өтініштің нөмірі: [Нөмір]
Өтініш күні: [Күн]
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат алуға ӨТІНІШ
_____________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабын басшылыққа ала отырып, сізден "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат" беруді сұрайды
__________________
(жұмыс түрін көрсету)
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу үшін материалдық-техникалық базаның орналасқан жері ______________________
(облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес мәліметтер ұсынылған үшін жауапкершілік туралы хабардармын.


____________________________
[Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), электрондық цифрлық қолтаңба]

 


  Бұйрыққа
2-қосымша
  Өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласындағы жұмыстарды
жүргізу құқығына заңды
тұлғаларды аттестаттау
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

[Мемлекеттік органның атауы]



 

[Наименование государственного органа]




[Мемлекеттік органның деректемелері]


[Реквизиты государственного органа]




Нөмір: [Құжаттың нөмірі]


[Заңды тұлғаның атауы]




Өтініштің нөмірі: [Нөмір]


[Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]




Берілген күні: [Күн]



Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына
АТТЕСТАТ
[Мемлекеттік органның атауы], "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, өтініш берушінің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы ""Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" № 299 бұйрығымен бекітілген талаптарға өтініш берушінің сәйкестігі туралы қорытындыны есепке ала отырып, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығы берілді:
__________________________________________________________
(жұмыс түрі (-лері) көрсетіледі)
Аттестатты қолданудың ерекше шарттары: аттестаттың қолданылу мерзімі бес жылды құрайды.
[Қол қоюшы лауазымы] [Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), электрондық цифрлық қолтаңба]
 

  Бұйрыққа
3-қосымша
  Өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласындағы жұмыстарды
жүргізу құқығына заңды
тұлғаларды аттестаттау
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

[Мемлекеттік органның атауы]



 

[Наименование государственного органа]




[Мемлекеттік органның деректемелері]


[Реквизиты государственного органа]




Берілген күні: [күні]


[Заңды тұлғаның атауы]




Нөмірі: [құжат нөмірі]


[Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]

 
ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ
[Мемлекеттік органның атауы], сіздің _________ жылғы [өтініш күні] № [Өтініш нөмірі] өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды:
[Бас тартудың негіздемесі]

[Қол қоюшының лауазымы]

[Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), электрондық цифрлық қолтаңба]