"Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 230 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 маусымда № 34655 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, ииновациялар жән

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  2024 жылғы 28 маусымдағы
№ 230 Бұйрығына
қосымша

"Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялау тәртібін айқындайды.

      2. "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру" мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.12.2024 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиар болып табылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.12.2024 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге беріледі.

      5. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметпен айналасу құқығына лицензия жалпыға ортақ, иеліктен шығарылмайтын, тегін болып табылады және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды. Лицензия қазақ және орыс тілдерінде беріледі.

      6. Лицензия Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.

2 тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      7. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қағидаларға 1 – қосымшаға сәйкес Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі-Портал) арқылы өтінішті және қосымшаға сәйкес "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9 -тармағында көрсетілген құжаттарды (бұдан әрі-осы негізгі талаптардың тізбесі) жібереді.

      8. Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің (сұрау салудың) қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы әлеуметтік қызметтер порталы, портал арқылы жүгінген кезде өтініштен алынған деректер автоматты түрде "Е-Собес" ААЖ-ға беріледі.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтер автоматтандырылған режимде "Е-Собес" ААЖ-дан Мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      11. Өтініш берген кезде құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті беруші өтінішті көрсетілетін қызметті алушының өтініш берген орны бойынша аумақтық бөлімшеге (департаментке) (бұдан әрі – Департамент) қарауға жібереді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.12.2024 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, медициналық қызметке лицензия туралы мәліметтерді, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және өрт қауіпсіздігі саласындағы рұқсат беру құжаттарын Департаменттер тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.12.2024 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Департамент құжаттар тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес өтінішті одан әрі қараудан, өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.12.2024 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Көрсетілетін қызметті беруші келіп түскен өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты 1 (бір) жұмыс күні ішінде қарайды, ол көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.12.2024 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны беру үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде Департамент 7 (жеті) жұмыс күні ішінде құжаттарды "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптар мен құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 222 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34624 болып тіркелген) бекітілген халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптар мен құжаттар тізбесіне (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) сәйкес және олардың Негізгі талаптар тізбесіне сәйкестігін көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша тексереді.

      Қызмет алушының құжаттарын тексеру және бару нәтижелері бойынша Департамент Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес қорытынды қалыптастырады және оны көрсетілетін қызметті берушінің қарауына ұсынады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.12.2024 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      16. Алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.12.2024 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Көрсетілетін қызметті беруші қорытындыны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Департаменттің қорытындысын келіседі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына тексеруге жібереді.

      Лицензия беру туралы оң қорытынды болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес лицензияның электрондық нысанын қалыптастырады.

      Лицензия беру туралы теріс қорытынды жағдайда Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес лицензия беру бойынша дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.12.2024 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) ішінде қорытындыны тексереді және ЭЦҚ пайдалана отырып электрондық лицензияға не лицензия беруден дәлелді бас тартуға қол қояды.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.12.2024 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      19. Алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.12.2024 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша оның ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру мақсатында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      21. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап үш (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      22. Хабарлама (хабарнама) оны хабарламамен тапсырылғаны туралы тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе жеделхатпен, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабарламамен не хабарламаның немесе шақырудың фиксациясын қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жіберіледі.

      23. Көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешімді алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсылық білдіреді немесе білдіреді.

      24. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші лицензияны беру, заңды тұлға-лицензиатты бөлу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны қайта ресімдеу туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      25. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында порталдағы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

3-тарау. Лицензияны қайта ресімдеу, оны беруден бас тарту және тоқтату тәртібі

      26. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру жөніндегі лицензияны қайта ресімдеу "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңның 33 және 34-баптарында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жүргізіледі.

      27. Лицензияны қайта ресімдеу үшін өтініш беруші көрсетілетін қызметті берушіге "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңның 33-бабының 3-тармағына сәйкес құжаттарды қоса отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өтінішті Әлеуметтік қызметтер порталы немесе портал арқылы жібереді.

      28. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтініш пен құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      29. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушыларға қолданылу мерзімі өткен құжаттардың және (немесе) құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

      30. Көрсетілетін қызметті алушыларға құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды құжаттарды тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.

      31. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңның 33 және 34-баптарында көрсетілген құжаттарды тексеру қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде лицензияны қайта ресімдей ме, не лицензияны қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      32. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны тоқтата тұру, қолданысын қалпына келтіру, одан айыру "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Заңның 45-бабында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

      33. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру жөніндегі лицензияны тоқтату "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңның 35-бабында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жүргізіледі.

      34. Қағаз нысанда берілген лицензияның рұқсаты жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңның 43-бабына сәйкес лицензияның телнұсқасын алуға құқығы бар.

      35. Егер лицензия белгіленген мерзімде берілмесе немесе лицензия беруден бас тарту өтініш берушіге негізсіз берілсе, ол бұл әрекеттерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға құқылы.

4-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      36. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету сауалдары бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне және Заңға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      37. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      38. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      39. Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      40. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      41. Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдану нәтижелері бойынша қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

      42. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

  "Арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсетуге лицензиялар беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

"Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметіне қойылатын негізгі талаптар тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.12.2024 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1

Мемлекеттік қызметтің атауы

"Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру"

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті

3

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Лицензия беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні; лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 2 (екі) жұмыс күні.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған)

6

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия, лицензияны қайта ресімдеу не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

7

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және демалыс күндерінен басқа; 2) Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы және портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) лицензия алу үшін: осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптар мен құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 222 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34624 болып тіркелген) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер.
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде: осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақпараты қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік бойынша мәлеметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

10

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптар мен құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 222 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34624 болып тіркелген) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмейді;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
3) сот орындаушысының ұсынуы негізінде көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салынады;
4) көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталды;
5) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
6) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы.

11

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар

1. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
2. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Интернет-ресурсында көрсетілген kense@enbek.gov.kz.
4. Көрсетілетін қызметті алушы порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде ашық пайдаланудағы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері – 1414, 8-800-080-7777.

  "Арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсетуге лицензиялар беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия алу үшін өтініш

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.12.2024 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      __________________________________________________________ атына

                  (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ____________________________________________________нан/нен/дан/ден/тан/тен (дара кәсіпкердің тегі аты әкесінің аты (бар болса) /заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша лицензия беруіңізді сұраймын.

      Дара кәсіпкердің мекенжайы/заңды мекенжайы:

      _________________________________________________________________

      (облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық поштасы __________________

      Телефон ________________________

      Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның орналасқан мекенжайы

      _________________________________________________________________

      (облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің немесе ғимараттың нөмірі (стационарлық үй-жай)

      Қосымша_____ парақ.

      Осымен расталады:

      көрсетілген барлық деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға лицензия беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін;

      барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және сенімді болып табылады;

      көрсетілетін қызметті алушы лицензия беру кезінде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелердегі қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға, сондай-ақ орналасқан жері бойынша тексеруді жүргізуге келіседі.

      Басшы _________________________ _____________________________

      (электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Толтыру күні: 20 ___ жылғы "__" ______

  "Арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсетуге лицензиялар беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
2-1-қосымша
  Нысан

      ____________________________

      көрсетілетін қызметті

      алушының тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болса)

Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. Қағидалар 2-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.12.2024 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитет Сіздің ________ жылғы № __________ өтінішіңізді қарап, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету туралы өтінішті одан әрі қараудан бас тартқаны туралы хабарлайды.

Біліктілік талаптарын растайтын құжаттар Бар/жоқ Ескертпе
























      _______________________________________________________________

      (Бас тартудың негізі)

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің _______________________ облысының/қаласының аумақтық бөлімшесінің (департаментінің)

      Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің маманы

      _______________________

      (электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______

      Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы

      _______________________

      (электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______

      Аумақтық бөлімшесінің (департаментінің) басшысы

      _______________________

      (электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______

      Келісілді:

      Әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі басқарманың бас сарапшысы

      _______________________

      (электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______

      Әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі басқарма басшысы

      _______________________

      (электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______

      Төраға орынбасары

      _______________________

      (электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______

      Қол қойылды:

      Төраға

      _______________________

      (электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______

  "Арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсетуге лицензиялар беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
2-2-қосымша
  Нысан

Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру кезінде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды

      Ескерту. Қағидалар 2-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.12.2024 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетiнің мекенжайында орналасқан____________________________________

      қызмет алушының______________________________________________________

      _____________ "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптар мен құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 222 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34624 болып тіркелген) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) сәйкестiгiн тексеруге сұрау салуына байланысты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетiнiң _____________ облысы/қаласы бойынша аумақтық бөлiмшесi (департаментiн) баруды жүзеге асырды және нәтижесінде мыналар анықталды:

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптар Шешім (сәйкес келеді/сәйкес келмейді) Ескертпе*
























      * Ескертпе – біліктілік талаптарына сәйкес келмеу себептерін, оның ішінде лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін еркін нысанда көрсетеді.

      Қортынды:

      - Көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келеді.

      - Көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмейді.

      Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің маманы

      _______________________

      (электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______

      Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы

      _______________________

      (электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______

      Аумақтық бөлімшесінің (департаментінің) басшысы

      _______________________

      (электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______

      Келісілді:

      Әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі басқарманың бас сарапшысы

      _______________________

      (электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______

      Әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі басқарма басшысы

      _______________________

      (электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______

      Төраға орынбасары

      _______________________

      (электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______

  "Арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсетуге лицензиялар беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.12.2024 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



 

АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУГЕ АРНАЛҒАН ЛИЦЕНЗИЯ

Берілген күні: жылы

Лицензия нөмірі:

Берілді

(заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/дара кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі)

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орны

(ұсынылған объектінің мекенжайы)

Ескерту

(иеліктен шығару, рұқсат сыныбы)

Көрсетілетін қызметті беруші

(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

Басшы (уәкілетті тұлға)

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Бастапқы берілген күні

______ жылғы "____" __________

Лицензияның қолдану мерзімі

______ жылғы "____" __________

Беру орны


  "Арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсетуге лицензиялар беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
3-1-қосымша
  Нысан

      ____________________________

      көрсетілетін қызметті алушының

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Дәлелді бас тарту

      Ескерту. Қағидалар 3-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.12.2024 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Сіздің ________ жылғы № __________ өтінішіңізді қарап, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартқаны туралы хабарлайды.

      _______________________________________________________________

      (Бас тартудың негіздемесі).

      Басшы ____________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      ________________________________________ _________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)             (қолы)

      Мөр орны

  "Арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсетуге лицензиялар беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған лицензияны қайта ресімдеуге арналған өтініш

      ___________________________________________________________________ атына

      (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

      __________________________________________________ нан, нен, тан, тен, дан, ден

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) жеке кәсіпкер / заңды тұлғаның атауы,

      жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      Лицензияны қайта ресімдеуді сұраймын

      арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуға арналған 20___ жылғы "___"

      № ____________берілген ___________________________________________________

      (лицензияның нөмірі (А), берілген күні, лицензия берген көрсетілетін қызметті берушінің атауы)

      Жүзеге асыруға ____________________________________________________________

      (Қызмет түрінің және қызметтің кіші түрінің толық атауы)

      мынадай негіздер бойынша(рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңның 33 және

      34-баптарына сәйкес): _______________________________________________________

      Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның мекенжайы: ___________________________

      __________________________________________________________________________

                  (облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық пошта: _______________________________________

      Телефон: ________________________________________________

      Қоса беріледі ______п.

      Осымен расталады:

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және оларда

      болуы мүмкін

      лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілді;

      сот өтініш берушіге лицензияланатын қызмет түрімен айналысуға тыйым салмайды;

      барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және сенімді болып табылады;

      өтініш беруші лицензияны беру кезінде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын,

      ақпараттық жүйелердегі қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға

      келіседі.

      Басшы ________________________ ________________________________________

      (электрондық-цифрлық (тегі, аты, әкесінің аты (қолы қойылған кезде) бар болса)

      Толтыру күні: 20___ жылғы "___" _______