Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2024 жылғы 27 маусымдағы № 140 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 маусымда № 34627 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрінің міндетін атқарушы
Н. Шарбиев

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 27 маусымдағы
№ 140 бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Кепілдік, банктік салым кепілін, мүлік кепілін және сақтандыру беру туралы өтініштердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 шілдедегі № 237 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23701 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын кепілдіктің үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 10 тамыздағы № 323 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23966 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын кепілдіктің үлгілік нысаны осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде банктік салым кепілінің үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі № 362 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24303 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде банктік салым кепілінің үлгілік шарты осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4. "Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесін, нысанды киім (погонсыз) киіп жүру қағидаларын, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 775 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31287 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      1 және 2-қосымша осы тізбеге 4 және 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
міндетін атқарушының
2021 жылғы 3 шілдедегі
№237 бұйрығына
2-қосымша
  Нысан
  Кімнен:
____________________________
____________________________
(заңды тұлғаның толық атауы
/дара кәсіпкердің
тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
____________________________
(заңды мекенжайы)
____________________________
(нақты мекенжайы/
тұрғылықты жері)
____________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі/
жеке сәйкестендіру нөмірі)
____________________________
(электрондық мекенжайы,
телефоны)
Кімге: ______________________
____________________________
(қоршаған ортаны қорғау
саласындағы уәкілетті
органның атауы)

      Шығыс № _____________

      _______жылғы "___"________

I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде банктік салым кепілі шартын жасасу туралы ӨТІНІШ

      Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 149-бабының 6- тармағының екінші бөлігінің негізінде _________________________________

      __________________________________________________________________________

      (І санаттағы объектінің операторы болып табылатын дара кәсіпкердің толық тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), азаматтығы, туған күні, тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды мекенжайы)

      I санаттағы мына объектіні: _________________________________________________

      ________________________________________________________ (бұдан әрі – Объект)

      (I санаттағы объектінің толық атауын көрсету) пайдалану салдарларын жою жөніндегі

      міндеттемелерін қаржылық қамтамасыз ету ретінде

      __________________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің немесе Ұлттық пошта

      операторының толық атауы)

      __________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      (банктік салымды кепілге беретін жеке тұлғаның толық тегі, аты және әкесінің аты

      (болған кезде) немесе заңды тұлғаның толық атауы)

      орналастырған банктік салым кепілі шартын жасасуды сұраймын.

      1. Объектпайдалануға берілген күн: 20__ жылғы "____" _________.

      2. I санаттағы объектіні пайдалану аяқталатын болжамды мерзім: ____________. (жыл)

      3. Қаржылық қамтамасыз етудің жалпы сомасы: _______________________________

      (_________________________________________________________) теңгені құрайды.

                  (сомасы цифрлармен және жазумен)

      4. Қаржылық қамтамасыз ету сомасының (Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің "I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" 2021 жылғы "6" қыркүйектегі № 356 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24257 болып тіркелген) бекітілген I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету мөлшерін айқындау әдістемесіне сәйкес):

      ___________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

                  (қаржылық қамтамасыз ету сомасының толық есебі)

      5. Банктік салым сомасы: ___________________________________________________

      (_________________________________________________________________) теңге.

                  (сомасы цифрлармен және жазумен)

      6. Қоса беріліп отырған кепіл шартымен жабылатын сома: ________________________

      (_______________________________________________________________) теңге, бұл

                  (сомасы цифрлармен және жазумен)

      қаржылық қамтамасыз етудің жалпы сомасының___________ % құрайды.

      7. Кепіл шартының қолданылу мерзімі: 20__ жылғы "___" ____________.

      Қосымшалар:

      1) Банк немесе Ұлттық пошта операторы және Кепіл беруші қол қойған, I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде банктік салым кепілі шартының жобасы 3 (үш) данада;

      2) 20__ жылғы "____" ________________ банктік салымның бар-жоғын растайтын, салым орналастырылған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктің немесе Ұлттық пошта операторының анықтамасы.

      ________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

  Өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
міндетін атқарушының
2021 жылғы 10 тамыздағы
№323 Бұйрығымен
бекітілген

I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын кепілдіктің үлгілік нысаны

      №____________

      __________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________,

      (заңды тұлғаның толық атауы)

      заңнамаға сәйкес құрылған заңды тұлға _______________________________________

      _________________________________________________________________________,

      (мекеме елі)

      бизнес сәйкестендіру нөмірі ________________________________________________,

      (Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары және Қазақстан Республикасындағы

      шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары\ өкілдіктері үшін), банк қызметін жүзеге

      асыруға арналған лицензия негізінде банк ретінде қызметті жүзеге асыратын

      (Қазақстан Республикасы немесе шетелдік банктің екінші деңгейдегі банкпен берілген

      кепілдік үшін)

      №___________________________, ______________________________ жыл,

      берілген___________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________,

      (лицензияның нөмірі мен күні, лицензияны берген мемлекеттік органның атауы),

      жеке кредиттік рейтингі бар (акциялары ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында

      айналысқа түсетін шетелдік банк немесе ұйым беретін кепілдік үшін)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған рейтингтен

      төмен емес жеке кредиттік рейтинг)

      орналасқан орны, мекенжайы: _______________________________________________

      _________________________________________________________________________,

      (пошта индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

      (бұдан әрі – Кепілгер) негізінде қызмет істейтін _________________________________

      _________________________________________________________________________,

      (лауазымы және толық тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)

      негізінде әрекет ететін ______________________________________________________

      _________________________________________________________________________,

      (жарғы немесе басқа құрылтай құжаты, сенімхат, күні мен нөмірі)

      осы Кепілдік (бұдан әрі – Кепілдік) міндеттемелерді тиісінше орындауды қамтамасыз

      ету үшін Қазақстан Республикасының Экология кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес

      қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – Бенефициар) атынан

      әрекет ететін Қазақстан Республикасының пайдасына қайтарып алынбайтын және

      сөзсіз төлем міндеттемесін өзіне қабылдайды __________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (толық тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), азаматтығы, туған күні, тұрғылықты

      жері, заңды мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен

      деректемелері, дара кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе I санаттағы

      объектінің операторы болып табылатын заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы.) (бұдан әрі - I санаттағы объектінің операторы)

      пайдалану салдарын жою бойынша

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (қоршаған ортаға айтарлықтай теріс әсер ететін объектінің атауын көрсету керек)

      (бұдан әрі – I санаттағы объект) Бенефициардың бірінші жазбаша талабы (бұдан әрі –

      Талап) бойынша жиынтығында мыналардан аспайтын кез келген сома

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (сомасы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар

      министрінің 2021 жылғы "6" қыркүйектегі № 356 бұйрығымен бекітілген I санаттағы

      объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын

      қаржылық қамтамасыз ету мөлшерін айқындау әдістемесіне сәйкес есептелген

      қамтамасыз етудің жалпы сомасы шегінде жазумен жазылады) (Нормативтік құқықтық

      актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2021 жылғы 7 қыркүйекте № 24257 болып

      тіркелген) (бұдан әрі – Әдістеме))

      (бұдан әрі – Кепілдік сомасы) мына шарттарда:

      1. Осы Кепілдіктегі, егер тікелей өзгеше көзделмесе, сөздер мен анықтамалар Кодексте және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген мағынаға ие.

      2. Осы Кепілдік тек Бенефициардың талабы негізінде орындалуға жатады:

      1) пайдалануды тоқтату I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттеменің туындауына әкеп соққан I санаттағы объектіні көрсету;

      2) I санаттағы объект операторы Кодекстің 145-бабының 1-тармағында көзделген I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемені орындамағанын немесе тиісінше орындамағанын көрсету;

      3) кепілдік сомасы шегінде төленуге жататын сома жазумен көрсетіледі;

      4) талап етілетін сома төленетін Қазақстан Республикасының қазынашылық органындағы Бенефициардың есебі;

      5) талаптағы бланкте белгіленген үлгіде Бенефициар хатының күні мен нөмірі;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті тұлғаның лауазымы, толық аты, тегі және әкесінің аты (бар болса), Бенефициарды ұсыну, оның қолы және Бенефициар мөрінің бедері.

      3. Бенефициар Кепілдік сомасы шегінде осы Кепілдік бойынша бір немесе бірнеше Талаптарды жіберуге құқылы.

      4. Кепілгер Бенефициардың талаптарына қарсылық білдіруге құқығы жоқ.

      5. Бенефициардың осы кепілдік бойынша талабы электрондық поштамен жіберілуі немесе кепілгердің орналасқан жері бойынша жеке тапсыруы қажет.

      6. Кепілгердің осы Кепілдік бойынша міндеттемелерді уақтылы орындамауы мерзімі өткен әрбір күн үшін талап шеңберінде төленбеген соманың 0,1 пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбымен қамтамасыз етіледі.

      7. Кепілгер осымен Кепілгер мен I санаттағы объектінің операторы немесе үшінші тұлға арасындағы кез келген келісім Кепілгерді осы Кепілдік бойынша міндеттемелерден босатпайтындығына келіседі.

      8. Осы Кепілдік бойынша Кепілгердің міндеттемесі Бенефициар алдында Кепіл сомасымен шектеледі.

      9. Осы Кепілдік Қазақстан Республикасының заңнамасына және талап бойынша Кепілдер үшін біріздендірілген қағидаларына бағынады ("Uniform Rules for Demand Guarantees") МТП №758 жарияланым, 2010 жылғы редакциясы.

      10. Осы Кепілдік Кепілгер берген күннен бастап қолданылады және мынадай оқиғалардан бұрын келіп түскен кезінен қолданысы тоқтатылады:

      1) I санаттағы объект операторының Кепілгерге орындалуы осы Кепілдікпен қамтамасыз етілген I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі I санаттағы объект операторының міндеттемесінің толық орындалғаны туралы куәландыратын құжаттың түпнұсқасын ұсынуы;

      2) "____"__________20____ күннен бастап, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес I санат объектісін пайдалану салдарын жою жөніндегі I санат объектісі операторының осы Кепілдікпен қамтамасыз етілген міндеттемесі тиісті орындалмаған жағдайда, егер көрсетілген мерзімде Бенефициар Кепілгерге талап қоймаса, бір жыл өткен соң;

      3) оператор I санат объектісін үшінші тұлғаның меншігіне немесе өзге де заңды пайдалануына берген жағдайда, егер мұндай тұлға Кодекске сәйкес Бенефициарға I санат объектісін пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынған болса, Бенефициардың Кепілдік бойынша міндеттемелерден босату туралы қол қойылған өтінішін Кепілгерге табыс ету.

      11. Осы Кепілдік бойынша жүргізілген барлық төлемдер тиісті талапта көрсетілген шотқа жүзеге асырылады. Осы Кепілдікте көзделген Кепілгердің міндеттемелері бенефициардың талаптарында көрсетілген ақшаны Қазақстан Республикасының қазынашылық органдарындағы Бенефициардың тиісті шотына толық көлемде аударған кезден бастап орындалған болып есептеледі.

      12. Кепілдік сомасы Бенефициардың келісімімен ғана азаяды.

      Кепілгер Бенефициардың келісімінсіз кепілдік сомасын ұлғайтады. Бұл жағдайда Кепілгер бұл туралы дереу жазбаша, электрондық поштамен хабардар етеді немесе Бенефициардың орналасқан жері бойынша жеке тапсырады.

      I санаттағы объектінің операторы туралы мәліметтер өзгерген жағдайда Кепілгер Бенефициардың келісімімен Кепілдікті өзгертеді.

      13. Осы Кепілдік ________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      ("толық" немесе "ішінара" деп көрсету қажет. Егер Кепілдік Әдістемеге сәйкес

      қалыптастырылған қамтамасыз етудің барлық сомасын өтейтін қамтамасыз етудің

      жарғы тәсілі болып табылса, "толық" деп көрсету қажет. Өзге жағдайларда "ішінара"

      көрсету қажет) I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою

      міндеттемелерді қамтамасыз ету, орындау сомасын жабады.

      14. Осы Кепілдікке байланысты, Кепілгер мен Бенефициар арасындағы барлық даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес реттеуге жатады.

      15. Осымен Кепілгер, төменде қол қоюшылар Кепілгер атынан осы Кепілдікке қол қоюға толық құқығы бар екендігін растайды.

      16. Осы Кепілдік қазақ және орыс тілдерінде (шетелдік заңды тұлға Кепілдік берген жағдайда өзге тілді көрсету керек) үш түпнұсқа данада – Бенефициар, I санаттағы объектінің операторы үшін бір данадан беріледі және осы Кепілдіктің бір данасы Кепілгерде сақталады.

      __________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      __________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      (Кепілдікке қол қойған адамның өкілеттігін растайтын құжаттың атауы, нөмірі

      (бар болса) және күні)

      ________________________________ (қолы)

      Кепілдік берілген күні: 20___ жылғы "_____" ____________

      Берілетін орны: ___________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

                  (қала, Қазақстан Республикасы /ел (шетелдік заңды тұлғалар үшін))

      Ескертпе: Шет тілінде жасалған Кепілдік дұрыстығын нотариалды куәландыруға тиіс, қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен ұсынылады.

  Өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
міндетін атқарушының
2021 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 362 Бұйрығымен
бекітілген

I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде банктік салым кепілінің үлгілік шарты

________жылғы "___" ___________

№__________

      (1) ______________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің

      орындалуын қамтамасыз ету мақсаттары үшін толық тегі, аты және әкесінің аты (бар

      болса), азаматтығы, туған күні, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен

      деректемелері, дара кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе I санаттағы

      объектінің операторы және (немесе) банк салымын ұсынатын тұлға болып табылатын

      заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы)

      (бұдан әрі – Кепіл беруші) атынан _____________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (лауазымы және аты, тегі және әкесінің аты (бар болса) толығымен),

      негізінде әрекет ететін _____________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (құжаттың түрі, күні және нөмірі) (заңды тұлғалар үшін),

      (2) _______________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________,

      (кепіл шартын жасасатын мемлекеттік органның толық атауы)

      Қазақстан Республикасының атынан әрекет ететін (бұдан әрі – Кепіл ұстаушы)

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________,

      (шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның лауазымы және аты, тегі және

      әкесінің аты (бар болса)

      негізінде әрекет ететін _____________________________________________________

                                    (құжаттың түрі, күні және нөмірі), және

      (3) _______________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________,

      (Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің немесе Ұлттық пошта операторының толық атауы)

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға, бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі _______________________, ___________жылғы "___" ________,

      берілген лицензия негізінде банк ретінде қызметті жүзеге асыратын _______________

      __________________________________________________________________________

                        (лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      (бұдан әрі – Банк немесе Ұлттық пошта операторы) атынан _______________________

      _________________________________________________________________________,

      (лауазымы және аты, тегі және әкесінің аты (бар болса) толығымен)

      негізінде әрекет ететін _____________________________________________________.

                                    (құжаттың түрі, күні және нөмірі)

      Мыналарды назарға ала отырып:

      1) Кепіл беруші Банкпен немесе Ұлттық пошта операторымен шартты банк салымы шартын жасаса №_______ "____" ___________ жыл, Кепіл берушіге Банкте немесе Ұлттық пошта операторында ашылған шотқа қатысты ___________________________________ Халықаралық Банк шотының нөмірі (IBAN)(нөмірі) (теңгемен) / (шетел валютасымен) (бұдан әрі – салым);

      Кепіл беруші Қазақстан Республикасының Экология кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі өз міндеттемелерін орындауды қаржылық қамтамасыз ету ретінде осы Шарттың талаптарында салым бойынша барлық құқықтарды кепіл ұстаушыға Кепілге беруге ниетті) _____________________________________________________

      ____________________________________________________________________________ (I санаттағы объектіні көрсету) (бұдан әрі – I санаттағы объект).

      Бірлесіп "Тараптар" деп аталатын немесе жоғарыда көрсетілгендей, Кепіл ұстаушы, Кепіл беруші және Банк немесе Ұлттық пошта операторы төмендегілер туралы осы банктік салым Кепіл шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты:

1-тарау. Терминдер мен анықтамалар

      1. Осы Шартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) I санаттағы объект – қоршаған ортаға елеулі теріс әсер ететін объект, (пайдалану салдарларын жою осы Шарт бойынша қамтамасыз етілетін I санаттағы объектінің атауы);

      2) I санаттағы объектінің операторы – меншігінде немесе өзге де заңды пайдалануында объект бар, қоршаған ортаға елеулі теріс әсер ететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға:

      3) салым сомасы – осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде кез келген уақытта салым бойынша жиынтық ақшалай сома.

      Осы Шартта пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Кепіл нысанасы

      2. Кепіл берушінің I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелерін тиісінше орындауын қамтамасыз ету

      _____________________________________________________________________ теңге

      (I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою бойынша міндеттемелердің

      орындалуын қаржылық қамтамасыз ету мөлшерін айқындау әдістемесіне сәйкес

      есептелген қамтамасыз етудің жалпы сомасын цифрмен және жазбаша көрсету).

      3. Кепіл беруші болашақта салым бойынша енгізілетін сыйақы мен ақшаға қатысты талап ету құқықтарын (бұдан әрі – кепіл нысанасы) қоса алғанда, Кепіл ұстаушыға банктік салым шарты бойынша Кепіл берушінің барлық талап ету құқықтарын кепілге береді.

      Банк немесе Ұлттық пошта операторымен Кепіл беруші өздері осы Шартқа қол қойған күні Банк немесе Ұлттық пошта операторы қабылдаған салым сомасын құрайтынын растайды

      _________________________________

      ____________________________________________________________________теңге,

      (салымның жалпы сомасын цифрмен және жазбаша көрсету керек)

      бұл банктің немесе Ұлттық пошта операторының банктік шот бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзіндісімен расталады №________бастап_______________ салымы бойынша ашылған жыл.

      4. Осы Шарт бойынша кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттемені толық көлемде орындау мерзімі _____________________________________________ (Кодекстің 147 бабы 3 тармағына сәйкес көзделген мерзімі көрсетіледі) басталады.

      5. Кепіл беруші Кепіл ұстаушыны және Банк немесе Ұлттық пошта операторы осы Шартты жасасу күніне кепіл нысанасының үшінші тұлғалардың құқықтарымен заңды және іс жүзінде ауыртпалық салынбағанына сендіреді.

      6. Банк немесе Ұлттық пошта операторы Кепіл ұстаушыны осы Шартқа қол қойылған күні Кепіл берушіге басқа тұлғаның немесе басқа тұлғалардың пайдасына салым бойынша құқықтар кепілі туралы жазбаша хабардар етпейтініне сендіреді.

      7. Банк немесе Ұлттық пошта операторы кепіл ұстаушы шартқа қол қойған күннен бастап салым кепілі туралы хабардар етілген болып есептеледі.

      8. Осы Шарт бойынша кепіл тоқтатылғанға дейін салым сомасын Кепіл ұстаушы Кепіл ұстаушының немесе Банктің немесе Ұлттық пошта операторының жазбаша келісімінсіз, осындай ұлғайтудан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Кепіл ұстаушыға кейіннен жазбаша хабарлай отырып, кез келген уақытта ұлғайта алады. Хабарламаға салымды толықтыру (ақша жарнасы) туралы түбіртектің немесе банк немесе Ұлттық пошта операторы беретін басқа құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі қоса беріледі. Түбіртектің түпнұсқасы кепіл ұстаушымен салыстырылғаннан кейін кепіл берушіге қайтарылуы тиіс.

      9. Тараптар осы Шарт бойынша кепіл тоқтатылғанға дейін:

      1) Кодекстің 147-бабының 9-тармағына сәйкес қаржылық қамтамасыз ету мөлшерін қайта есептеу кезінде I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің жалпы сомасын азайған;

      2) егер ол өтейтін сома салымның нақты сомасымен жиынтықта Кодекске сәйкес талап етілетін және есептелген қамтамасыз етудің жалпы сомасынан кем емес соманы құрайтын болса Кепіл берушінің осы Шарттың 1-тармағында көрсетілген міндеттемені орындауды өзге қамтамасыз етуді берген жағдайларды, Кепіл берушінің, Кодекске сәйкес берілуі мүмкін Кепіл ұстаушының жазбаша келісімімен салым сомасын ішінара қайтарудан басқа, салымды толық немесе ішінара қайтаруды талап етуге құқығы жоқ деп келісті.

3-тарау. Кепіл берушінің құқықтары мен міндеттері

      10. Кепіл беруші:

      1) егер осы Шартта өзгеше көзделмесе, кепіл ұстаушының келісімінсіз банктегі немесе Ұлттық пошта операторындағы Салым және тиісті шот бойынша құқықтарды бермеуге немесе өзгеше түрде билік етуге міндетті;

      2) кепіл ұстаушыдан басқа қандай да бір тұлғаның пайдасына кепіл нысанасына қатысты және (немесе) мүдделілік жөнінде қандай да бір құқық бермеуге;

      3) кепіл ұстаушыға кепіл нысанасына қатысты немесе оған қатысты болуы мүмкін кез келген билік ету, нұсқау, рұқсат беру, хабарлау немесе кез келген басқа құжат туралы және кепіл беруші қандай да бір үшінші тараптан алған (оның ішінде кепіл берушінің кепіл нысанасына құқықтарын жоғалтуға және (немесе) кепіл нысанасының болуы мен сақталуына қатер төндіретін мән-жайлардың туындағаны туралы) дереу жазбаша хабарлауға міндетті);

      4) кепілдік құнының мөлшерін азайту, кепіл нысанасын жоғалту қаупі туындаған және (немесе) фактісі басталған жағдайда, сондай-ақ соттардың, төреліктердің заңды күшіне енген шешімдері бойынша, мүліктік сипаттағы үшінші тұлғалардың талап-арыздары бойынша атқарушылық іс жүргізу шеңберінде кепіл нысанасына тыйым салынған немесе өзге де ауыртпалық салынған жағдайда, кепіл ұстаушының талап етуі бойынша Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген мерзімде өзге де банктік салымды;

      5) жаза қолданылған жағдайда адал ынтымақтасуға және кепіл ұстаушының осы Шартқа сәйкес жүзеге асырылатын кез келген іс-әрекетіне жәрдем көрсетуге құқылы;

      6) барлық шығыстарды, оның ішінде осы Шартты жасасу және ресімдеу бойынша шығыстарды көтеруге;

      7) кепіл берушіге (заңды тұлғаға) бұл жөнінде белгілі болған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өзінің алдағы таратылуы, қайта ұйымдастырылуы туралы, сондай-ақ оған қатысты оңалту рәсімінің қабылданғаны туралы кепіл ұстаушыға хабарлауға міндеттенеді.

      11. Кепіл беруші:

      1) осы Шарттың 9-тармағында көзделген жағдайларда салым сомасын ішінара қайтаруды талап етуге;

      2) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындау арқылы кез келген уақытта кепіл нысанасынан өндіріп алуды тоқтатуға;

      3) осы Шартқа сәйкес кепіл ұстаушының кепіл нысанасынан өндіріп алынғаннан кейін қалған салым бойынша ақша алу;

      4) салым бойынша қосымша соманы енгізуге (толықтыру);

      5) кепіл беруші жүргізетін I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелер толық тоқтатылғаннан кейін кепіл ұстаушыдан кепілді тоқтату үшін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (бұдан әрі – Азаматтық кодекс) сәйкес кепіл ұстаушыдан қажетті шаралар қабылдауды талап етуге құқылы.

      12. Кепіл берушінің Кепіл ұстаушының алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өз құқықтарын немесе міндеттемелерін беруге, новацияны жүзеге асыруға немесе иеліктен шығаруға құқықғы жоқ.

      13. Кепіл затына меншік құқығы кепіл берушіден әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен басқа тұлғаға ауысқан жағдайда, кепіл құқығы күшін сақтайды және кепіл берушінің құқықтық мирасқоры осы Шарт бойынша Кепіл берушінің барлық құқықтарына ие болады және барлық міндеттерін мойнына алады.

4-тарау. Кепіл ұстаушының құқықтары мен міндеттері

      14. Кепіл ұстаушы:

      1) кепіл берушіден, банктен немесе Ұлттық пошта операторынан тиісті жазбаша талап алынғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушыға берілуге тиіс салым бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді-көшірмені сұратуға;

      2) кепіл берушіден кепіл нысанасын қолдау, қорғау немесе ауыстыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде қажетті барлық және кез келген іс-әрекеттерді дереу жасауды талап етуге және өз қалауы бойынша кепіл берушіден мұндай шараларды өз бетінше қабылдаған кезде кепіл ұстаушы шеккен кез келген негізделген шығындар мен шығыстардың толық өтелуін талап етуге;

      3) кез келген тұлғадан (оның ішінде кепіл берушіден) оның жоғалуына қауіп төндіретін кепіл нысанасына кез келген қол сұғушылықты тоқтатуды талап етуге;

      4) осы Шартта және Кодексте көзделген жағдайда, кейіннен қалған бөлігі есебінен қанағаттандыру мүмкіндігін сақтай отырып, өз қалауы бойынша кепіл нысанасының барлығы есебінен не оның бір бөлігі есебінен қанағаттандырылуға;

      5) Азаматтық кодекске сәйкес басқа Тараптардың келісімінсіз осы Шарт бойынша өз құқықтарын немесе міндеттемелерін беруге;

      6) кепіл ұстаушы кепіл беруші кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда кепіл нысанасына өндіріп алуды қолдану арқылы қанағаттандырылуға құқығы бар.

      15. Кепіл ұстаушы:

      1) қажет болған жағдайда кепіл берушіге кепіл берушінің құқықтарын жүзеге асыру үшін кез келген қажетті анықтамалар мен мәліметтер беруге;

      2) кепіл беруші кепіл нысанасымен қамтамасыз етілген өз міндеттемелерін толық орындағаннан кейін кепілді тоқтату үшін Кодекске және Азаматтық кодекске сәйкес кепіл ұстаушыдан талап етілетін шараларды қабылдауға міндетті.

      16. Кепіл ұстаушы қайта ұйымдастырылған, таратылған немесе оның I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі, оның ішінде осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді қабылдау жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілген жағдайда, осы Шарт бойынша кепіл ұстаушының құқықтары мен міндеттері басқа Тараптардың келісімінсіз Азаматтық кодекске сәйкес тиісті мемлекеттік заңды тұлғаға ауысады.

5-тарау. Кепіл нысанасынан өндіріп алу

      17. Осы Шартқа сәйкес тараптар кепіл затына өндіріп алуды қолдану (кепіл затын өткізу) банк немесе Ұлттық пошта операторы кепіл ұстаушыға кепіл ұстаушының бірінші жазбаша талабы бойынша салым бойынша тиесілі барлық ақшаны беру жолымен, ал кепіл затына өндіріп алуды қолдану кезінде ақша беру мүмкін болмаған кезде – кепіл ұстаушыға оның жазбаша хабарламасы бойынша салым бойынша құқықтарға көшу жолымен соттан тыс тәртіппен жүргізілетіндігімен келіседі. Бұл ретте Банк немесе Ұлттық пошта операторымен кепіл беруші салым бойынша құқықтардың кепіл ұстаушыға осындай ауысуына өзінің келісімін растайды.

      Кепіл ұстаушының жазбаша талабының және/немесе жазбаша хабарламасының негізділігі салыстырып тексеру актілері, міндеттеменің бұзылғанын мойындайтын кепіл берушімен хат алмасу және/немесе кепіл берушінің осы Шарт өзге тәсілімен міндеттемелерді тиісінше орындамағанын куәландыратын өзге де құжаттар болуы мүмкін тиісті құжаттармен расталуға тиіс.

      18. Осы Шартқа сәйкес кепіл нысанасынан өндіріп алу үшін кепіл беруші, банк немесе Ұлттық пошта операторының келісімінсіз кепіл ұстаушы немесе Қазақстан Республикасының мүддесі үшін әрекет ететін өзге де мемлекеттік орган кез келген тұлғаны тағайындауы және уәкілеттік беруі мүмкін.

      19. Кепіл беруші мен Банк немесе Ұлттық пошта операторы кепіл нысанасынан өндіріп алу жөніндегі шараларды қабылдау кезінде кепіл ұстаушыға кез келген нысанда қарсы әрекет жасамауға міндеттенеді.

      20. Осы Шарт бойынша кепілмен өндіріп алу өтініші бойынша шығыстарды өтеуді және өзге де шығындарды қоса алғанда, I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою құны бойынша кепіл ұстаушының нақты қанағаттандыру кезіне қандай мөлшерде ие екендігі жөніндегі талабы қамтамасыз етіледі.

6-тарау. Кепілді тоқтату

      21. Осы Шарт бойынша кепіл ұстаушыға берілген кепіл:

      1) Кодекске және Азаматтық кодекске сәйкес I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттеме тиісінше орындалған кезде;

      2) Осы Шартқа сәйкес кепіл нысанасынан өндіріп алу қолданылған жағдайда;

      3) I санаттағы объектіні оператордың жаңа оператордың меншігіне немесе басқа да заңды иеленуіне берген және жаңа I санаттағы объектінің операторы Азаматтық кодекске сәйкес I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын басқа да тиісінше қамтамасыз етуді берген кезде кепіл ұстаушының жазбаша келісімімен жүзеге асырылады;

      4) кепіл ұстаушының жазбаша келісімімен кепіл берушінің Азаматтық кодекске сәйкес I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз етудің басқа тәсілімен кепілге салынған салымды ауыстырған кезде тоқтатылады.

      22. Кепіл берушінің, Банктің немесе Ұлттық пошта операторының жазбаша сұрау салуы бойынша кепіл ұстаушы осы жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Шарт бойынша кепілді тоқтату туралы жазбаны қамтамасыз ету тізіліміне енгізу туралы жазбаша растауды беруге міндетті.

7-тарау. Дауларды шешу тәртібі

      23. Осы Шарт, сондай-ақ осы Шартты орындауға байланысты туындайтын барлық құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндіруге жатады.

      24. Осы шартты өзгертуге, бұзуға және орындауға байланысты барлық даулар мен келіспеушіліктер Азаматтық кодексте көзделген сот тәртібімен шешілуге тиіс.

8-тарау. Хабарламалар

      25. Шарт бойынша Тараптар бір-біріне жіберетін кез келген хабарлама немесе хабарлама жазбаша нысанда және уәкілетті тұлғаның қолы қойылып жасалады. Мұндай хабарлама немесе хабарлама, егер ол тараптардың орналасқан жерінің тиісті мекенжайлары бойынша қолма-қол не тапсырысты пошта арқылы жеткізілсе, тиісті түрде жіберілген болып есептеледі. Кепіл ұстаушы қайта ұйымдастырылған, таратылған немесе Азаматтық кодекске сәйкес I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді, оның ішінде осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді қабылдау жөніндегі оның функциялары мен өкілеттіктері басқа мемлекеттік заңды тұлғаға берілген жағдайда, кепіл ұстаушының хабарламасы құқық мирасқорының немесе осындай мемлекеттік заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша жіберілуге тиіс.

9-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдайлары

      26. Тараптар осы Шартқа және Азаматтық кодекске сәйкес Шарт талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болады.

      27. Егер тиісінше орындау еңсерілмес күш мән-жайларының салдарынан мүмкін болмаса, Шарттың Тараптары осы Шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      28. Өрттер, су тасқыны, жер сілкінісі, дүлей зілзала, террористік актілер, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құқықтық актілерінде көзделген тыйым салу шаралары және Тараптар болжай алмаған және осы Шарттың орындалуына тікелей әсер еткен осындай өзге де мән-жайлар еңсерілмейтін күштің мән-жайлары болып табылады.

      29. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары тоқтатылғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде оған тартылған Тарап екінші Тарапты еңсерілмейтін күш мән-жайлары тоқтатылғаны туралы жазбаша хабардар етуге және өз міндеттемелерін орындауды қайта бастауға тиіс.

      30. Тиісінше хабардар етпеу Тарапты осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген кез келген мән-жайға сілтеме жасау құқығынан айырады.

      31. Еңсерілмес күш мән-жайларының әрекеті Қазақстан Республикасының тиісті құзыретті мемлекеттік органдары мен ұйымдарының құжаттарымен расталуға тиіс.

10-тарау. Басқа шарттар

      32. Осы Шартқа өзгерістер немесе толықтырулар, егер осы Шартта өзгеше көзделмесе, олар жазбаша нысанда жасалса және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойса ғана күшіне енеді.

      33. Осы Шарт 20_____жылғы "____" __________ жасалды.

      34. Осы Шарт орыс және қазақ тілдерінде бірдей заңды күші бар 3 (үш) данада, Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан жасалды.

11-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері

Кепіл беруші:_____________________________
_________________________________________
_________________________________________
_________________________________________
(І санат объектісін пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсаттары үшін банк салымын ұсынатын І санат объектісі операторының (немесе) тұлғаның толық атауы)

Кепіл ұстаушы:__________________
________________________________
________________________________
________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)



Бизнес-сәйкестендіру нөмірі:
______________________________

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі:
________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

 
Банк немесе Ұлттық пошта операторының:
__________________________________________
__________________________________________


(Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің немесе Ұлттық пошта операторының толық атауы)




Бизнес-сәйкестендіру нөмірі:
__________________________________________
__________________________________________




_________________________________________
_________________________________________


(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)


  Өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№775 бұйрығына
1-қосымша

Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесі

      Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды тұлғаларға мыналар жатады:

      1. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) төрағасының орынбасары болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы.

      2. Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының басшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының орынбасары.

      3. Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары:

      Комитеттің мемлекеттік метрологиялық-талдамалық бақылау басқармасының басшысы;

      Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының бас сарапшылары;

      Комитеттің мемлекеттік метрологиялық-талдамалық бақылау басқармасының бас сарапшылары.

      4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары:

      Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының сарапшылары;

      Комитеттің мемлекеттік метрологиялық-талдамалық бақылау басқармасының сарапшылары.

      5. Комитеттің аумақтық органдары басшыларының орынбасарлары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) Бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары.

      6. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары:

      Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің басшылары;

      Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің басшылары болып табылады.

      7. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары:

      Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің бас мамандары;

      Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің бас мамандары;

      Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің жетекші мамандары;

      Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің жетекші мамандары.

  Өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№775 бұйрығына
2-қосымша

Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру қағидалары Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 177-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық инспекторлары нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды тұлғалар болып табылады.

      3. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар қызметтік міндеттерін орындау кезінде нысанды киім (погонсыз) киеді.

      4. Атқаратын лауазымынан босатылған кезде мемлекеттік экологиялық инспектор үш жұмыс күнінен кешіктірмей нысанды киімді тапсырады.

2-тарау. Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру қағидалары

      6. Нысанды киім кию:

      1) күнделікті қызметтік міндеттерін орындау кезінде;

      2) тексерілетін субъектілердің объектілеріндегі жұмыстарға байланысты қызметтік міндеттерді орындау кезінде (далалық) көзделеді.

      7. Нысанды киім (погонсыз) осындай құқық берілген адамдардың киіп жүруіне жатады.

      8. Нысанды киім және азаматтық киім заттарын араластырып киюге жол берілмейді;

      9. Күнделікті күрте, жакет барлық түймелерге түймеленеді.

      10. Жылы күрте, далалық күрте толық түймеге түймеленген күйде киіледі.

      11. Жакет немесе күртемен киілген жейдеге галстук тағылады.

      12. Аяқ киім таза және байланған.