"Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және білімін тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № 332 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 17 маусымдағы № 229 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 24 маусымда № 34552 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және білімін тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № 332 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23461 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және білімін тексеру қағидаларында:

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Тестілеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету мынадай параметрлерге сәйкес келеді:

      1) емтихан тапсыруға тестке қолжетімділік емтихан тапсырушының жеке деректері мен жеке нөмірі енгізгеннен кейін ашылады;

      2) тест сұрақтарын көп нұсқалы етіп ұсыну функциясы орнатылған (мерзімді араластыру);

      3) тест сұрақтарының бір тест аясында қайталануына жол берілмейді;

      4) осы Қағидалардың 2-тарауының 19-тармағына сәйкес уақыт шектеуі бар таймер орнатылады;

      5) тестілеу уақыты аяқталғаннан кейін "тапсырды"/"тапсырған жоқ" деген тестілеу нәтижесін көрсете отырып бағдарламамен жасалған хаттама шығару функциясы.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Емтихан тапсыруы үшін оқу ұйымының бұйрығымен осы Қағидалардың 7-тармағының 2) тармақшасында көзделген мамандардан тұратын құрамында кемінде 3 (үш) адамнан тұратын тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады.

      ТЖЕК жұмысы туралы ережені оқу ұйымы әзірлейді және басшысы бекітеді.";

      24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Емтихан нәтижесі осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіште немесе "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес келетін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында екі данада хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға емтихан комиссиясының төрағасы немесе оны ауыстырушы тұлға және барлық ТЖЕК мүшелері емтихан тапсырған күні қол қояды. Хаттаманың бір данасы білім алушының жұмыс орны бойынша ұйымға жіберіледі және кезекті емтихан тапсырғанға дейін сақталады, екінші данасы мен емтихан нәтижелерінің көшірмесі оқу ұйымында сақталады. Хаттаманың сақтау мерзімі он сағаттық бағдарлама бойынша білім алушыға кемінде 1 (бір) жылды құрайды, қырық сағаттық бағдарлама бойынша білім алушыға сақтау мерзімі кемінде 3 (үш) жылды құрайды.

      25. Емтихан тапсыру нәтижесі оң болған жағдайда оқу ұйымы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіште немесе "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес келетін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктермей куәлік ресімдейді.

      Куәлікке ТЖЕК төрағасы немесе оны ауыстырушы тұлға қол қояды. Қағаз тасығышта ресімделген куәлік, оқу ұйымының мөрімен куәландырылады. Куәлік Қазақстан Республикасының аумағында онда көрсетілген мерзім ішінде қолданылады.

      Электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанындағы куәлікті пайдаланатын ұйымдар оқытудан және білімді тексеруден өткені туралы ақпаратты қамтитын автоматтандырылған ақпараттық жүйені (деректер базасын) жүргізеді.

      Ескертпе: Емтихан тапсыру жөніндегі хаттама мен куәліктің нысандары, сондай-ақ, басшылар мен ТЖЕК мүшелерін қоспағанда, өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың мамандары, жұмыскерлері үшін де ресімделеді.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Емтихан тапсырмаған адамдар оны қайта тапсырғанға дейін жұмысқа жіберілмейді.";

      көрсетілген Қағидаға 1 және 5-қосымшалар осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурстарында жариялауды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар
министрі
2024 жылғы 17 маусымдағы
№ 229 Бұйрыққа
1-қосымша
  Өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласындағы мамандарды,
жұмыскерлерді даярлау, қайта
даярлау және білімін тексеру
қағидаларына
1-қосымша

Үлгілік бағдарлама

  Бекітілді Даярлау, қайта даярлау
жөніндегі ұйымның басшысы
20__ жылғы "__" ________
№ _____

Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлау, қайта даярлау оқу жоспары

      Мақсаты: Қауіпсіздік ережелерін бұзу авариялық немесе жарақаттануға әкелгеніне немесе әкелмегеніне қарамастан, қауіпті өндірістік объектілердің техникалық басшыларына, мамандары мен инженерлік-техникалық жұмыскерлеріне қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін жауапты екенін жеткізу Қауіпті өндірістік нысандардағы авариялардың, жарақаттанудың және жұмыс жүргізу технологиясының бұзылуының, төтенше жағдайлардың алдын алу.

      Тыңдаушылар санаты: Қауіпті өндірістік объектілердің, аттестатталған; ғылыми-зерттеу; жобалау-конструкторлық және қауіпті өндірістік объектілерінде жұмыс істеуге тартылатын өзге де ұйымдардың техникалық басшылары, мамандары және жұмыскерлері, сондай-ақ оқу ұйымдарының тұрақты жұмыс істейтін комиссия мүшелері.

      Дайындау мерзімі: кемінде қырық/он сағат.

      Оқыту түрі: күндізгі/қашықтықтан.

      Сабақ режимі: _______ бастап _______ дейін.

№ р.с.

Модульдердің, тақырыптардың атауы1)

1-Модуль.

Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы мәселелері

1-тақырып

"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

2-модуль

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік-техникалық реттеу

3-модуль

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарды орындамауға жауапкершілік

4-модуль

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету

1-тақырып

Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша қауіпті өндірістік объектілер және өзге ұйымдардың техникалық басшыларын,
мамандарын, жұмыскерлерін даярлау және қайта даярлау тәртібі

2-тақырып

Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар және жазатайым оқиғалар себебін тексеру тәртібі

3-тақырып

Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алу және есептен шығару

4-тақырып

Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздігін міндетті декларациялау

5-тақырып

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын орындауды өндірістік бақылау

6-тақырып

Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің сараптамасы

7-тақырып

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ұйымның міндеттері

5-модуль

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы арнайы Қағидалар және талаптар2)

1-тақырып

Компрессорлық станцияларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

2-тақырып

Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

3-тақырып

Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

4-тақырып

Газдарды дайындау және қайта өңдеу жөніндегі қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

5-тақырып

Теңізде мұнай операцияларын жүргізуді жүзеге асыратын қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

6-тақырып

Өнеркәсіптің мұнай және газ салаларының қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

7-тақырып

Магистральдық құбырларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

8-тақырып

Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

9-тақырып

Көмір шахталарының қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

10-тақырып

Қауіпті өндірістік объектілердің қалдық және қоқыр шаруашылықтары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

11-тақырып

Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

12-тақырып

Қара, түсті, бағалы металдардың балқымаларын және осы металдардың негізіндегі қорытпаларды өндіру жөніндегі қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

13-тақырып

Өнеркәсіптің химия саласындағы қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

14-тақырып

Өсімдік шикізатын сақтауға және өңдеуге арналған қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары

15-тақырып

Жарылыс жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

16-тақырып

Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы, мұнай базалары және жанармай бекеттеріндегі қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

17-тақырып

Бериллийді, оның қосындыларын және олардан жасалған бұйымдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

18-тақырып

Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

19-тақырып

Фторсутекті қышқылды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

20-тақырып

Уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

21-тақырып

Газбен жабдықтау жүйесінің объектілеріне қойылатын қауіпсіздік талаптары

22-тақырып

Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

23-тақырып

Технологиялық құбыржолдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулығы

1) Тақырыптар персоналы өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлануға, қайта даярлануға және емтихандар тапсыруға жататын заңды тұлғалар және (немесе) жеке кәсіпкеолер қызметінің бағыттары ескеріле отырып, бөлінуі, қайта топтастырылуы және толықтырылуы мүмкін.
2) Қағидалар мен талаптардың тізбесін өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлау және қайта даярлау кезінде білім беру ұйымы жаңартады және жеке құрамы өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлауға, қайта даярлауға және емтихан тапсыруға жататын заңды тұлғалар және (немесе) жеке кәсіпкерлердің қызмет бағыттарына байланысты оқу жоспарына енгізіледі.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлау, қайта даярлау бойынша бағдарламасы

      1-модуль. Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы мәселелері

      1-тақырып. "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында қолданылатын негізгі терминдер және ұғымдар. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу. Авариялық-құтқару қызметтері және құралымдары. Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі азаматтық қорғау іс-шаралары. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау.

      2-модуль. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік-техникалық реттеу

      1-тақырып. Техникалық реттеу туралы заңнама. Техникалық реттеу объектілері. Техникалық регламент түсінігі. Жалпы және арнайы техникалық регламенттер. Ұлттық стандарттар және стандарттау жөніндегі өзге құжаттар. Сәйкестікті бағалаудың формалары және әдістері. Техникалық регламенттерді әзірлеу, сәйкестендіру және қабылдау тәртібі

      3-модуль. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарды орындамауға жауапкершілік

      1-тақырып. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінде белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау тәртібі

      4-модуль. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету

      1-тақырып. Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша қауіпті өндірістік объектілер мен өзге ұйымдардың техникалық басшыларын, мамандарын, жұмыскерлерін даярлау және қайта даярлау және емтихан тапсыру тәртібі

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлау, қайта даярлау және емтихан тапсыру мәселелерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер.

      Өзге ұйымдардың техникалық басшыларын, мамандарын, жұмыскерлерін оқыту және білімін тексеру. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы даярлау, қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын талаптар.

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлауды, қайта даярлауды жүргізу құқығына ие аттестатталған ұйымдарда емтихан тапсыруды ұйымдастыру және жүргізу.

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша емтихан тапсыру нәтижелерін ресімдеу.

      2-тақырып. Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен жазатайым оқиғалардың себептерін тексеру тәртібі

      Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен жазатайым оқиғалардың себептерін тексеру тәртібі.

      Авариялар, жазатайым оқиғалар, оқыс оқиғалар және жарылғыш материалдардың жоғалуы туралы ақпаратты ұсыну, тіркеу және талдау тәртібі.

      Авариялар мен жазатайым оқиғалардың себептерін анықтау.

      Авариялардың себептерін техникалық тексерудің құқықтық негіздері.

      Авариялар мен жазатайым оқиғалардың себептерін тексеру тәртібін регламенттейтін нормативтік құжаттар. Авариялар себептерін тексеру жүргізу тәртібі және авариялар себептерін тексеру актісін ресімдеу.

      3-тақырып. Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алу және есептен шығару

      Қауіпті өндірістік объектілер. Қауіпті техникалық құрылғылар. Қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалануды қадағалау функциясын жүзеге асыратын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде немесе жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінде қауіпті техникалық құрылғыны есепке алу және есептен шығару рәсімі.

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің қауіпті техникалық құрылғыларын тасымалдау туралы хабарлама.

      Қауіпті өндірістік объектілердің белгілері.

      Қауіпті өндірістік объектілерді Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сай сәйкестендіру. Ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне өндірістік объектінің қауіптілігін сәйкестендіру нәтижелері бойынша ақпарат беруі.

      4-тақырып. Қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздікті міндетті декларациялауы

      Қауіпсіздікті декларациялаудың нормативтік-құқықтық негізі.

      Қауіп және тәуекелдерді талдау бойынша негізгі нормативтік және әдістемелік құжаттар.

      Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялаудың принциптері және мақсаттары. Өнеркәсіптік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу тәртібі. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялаудың құрылымы.

      Қауіп және тәуекелдерді бағалауды жүргізу.

      Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің декларациясын әзірлеу және сараптама жүргізу тәртібі.

      Тіркеу рәсімінен өту үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға өнеркәсіптік қауіпсіздіктің декларациясын ұсынуға қойылатын талаптар.

      Қауіпті өндірістік объектілердің қаупінің жалпы деңгейі.

      5-тақырып. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын өндірістік бақылау

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын өндірістік бақылаудың құқықтық негіздері.

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі. Өндірістік бақылауды жүзеге асыратын жауапты жұмыскердің міндеттері және құқығы. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын орындауды тексеру. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру. Өндірістік бақылау қызметтерінің азаматтық қорғау органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.

      6-тақырып. Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің сараптамасы

      Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің сараптамасын жүргізу тәртібі. Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің сараптамасының объектілері.

      Сараптамалық ұйымдарды аттестаттау. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүзеге асыруға аттестатталған заңды тұлғаларға қойылатын талаптар.

      7-тақырып. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ұйымның міндеттері

      Қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер.

      Қауіпті өндірістік объектілерді жобалауға және пайдалануға қабылдауға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары.

      Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның міндеттері. Қауіпті өндірістік объектінің жұмыскерлерінің міндеттері.

      Қауіпті өндірістік объектідегі аварияның зардаптарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-қимылдарға әзірлік жөніндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары.

      5-модуль. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қағидалар және талаптар

      1-тақырып. Компрессорлық станцияларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      2-тақырып. Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары жүк көтергіш механизмдерді жөндеуді, қайта құруды, жаңғыртуды және пайдалануды, жүктер мен адамдардың орын ауыстыруын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      3-тақырып. Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      4-тақырып. Газдарды дайындау және қайта өңдеу жөніндегі қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары газдарды дайындау және қайта өңдеу жөніндегі қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      5-тақырып. Теңізде мұнай операцияларын жүргізуді жүзеге асыратын қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары теңізде мұнай операцияларын жүргізуді жүзеге асыратын қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      6-тақырып. Өнеркәсіптің мұнай және газ салаларының қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары өнеркәсіптің мұнай және газ салаларының қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      7-тақырып. Магистральдық құбырларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары магистральдық құбырларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      8-тақырып. Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілерді жобалау, салу, пайдалану, кеңейту, қайта құру, жаңғырту, консервациялау және жою кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      9-тақырып. Көмір шахталарының қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары көмір шахталарының қауіпті өндірістік объектілерін жобалау, салу, пайдалану, кеңейту, қайта құру, жаңғырту, консервациялау және жою кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      10-тақырып. Қауіпті өндірістік объектілердің қалдық және қоқыр шаруашылықтары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары Қазақстан Республикасының аумағындағы қалдық және қоқыр шаруашылықтарының қауіпті өндірістік объектілерін жобалау, салу, пайдалану, кеңейту, қайта құру, жаңғырту, консервациялау және жою кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      11-тақырып. Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары кесектеу (агломерациялау, брикеттеу, түйіршіктеу), байыту, ұсақтау және жылжымалы ұнтақтау-сұрыптау және құрастырмалы-ағытпалы ұнтақтау-сұрыптау және байыту қондырғыларын пайдалану жөніндегі қауіпті өндірістік объектілерді жобалау, салу, пайдалану, кеңейту, қайта құру, жаңғырту, консервациялау және жою кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      12-тақырып. Қара, түсті, бағалы металдардың балқымаларын және осы металдардың негізіндегі қорытпаларды өндіру жөніндегі қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары қара, түсті, бағалы металдардың балқымаларын және осы металдардың негізіндегі қорытпаларды өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      13-тақырып. Өнеркәсіптің химия саласындағы қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары өнеркәсіптің химия саласындағы қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      14-тақырып. Өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеуге арналған қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары тамақ өнеркәсібі саласындағы өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеуге арналған қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      15-тақырып. Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары жарылыс жұмыстарын және жарылғыш материалдармен жұмыс жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      16-тақырып. Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және жанармай бекеттері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және жанармай бекеттері үшін жобалау, салу, пайдалану, кеңейту, қайта құру, техникалық қайта жарақтандыру, консервациялау және жою кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      17-тақырып. Бериллийді, оның қосындыларын және олардан жасалған бұйымдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары бериллийді, оның қосындыларын және олардан жасалған бұйымдарды өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      18-тақырып. Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету тәртібін айқындайды, олар иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде жеке жылдық тиімді дозаны 10 микроЗиверттен артық; терідегі жеке жылдық баламалы дозаны 50 миллиЗиверттен артық және көз бұршағында 15 мЗв артық; ұжымдық тиімді жылдық дозаны 1 адам-Зиверттен артық құрауы мүмкін*

      19-тақырып. Фторсутекті қышқылды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары фторсутекті қышқылды өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      20-тақырып. Уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      21-тақырып. Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптар газбен жабдықтау жүйелерін пайдалану, ерекше табиғи және климаттық жағдайларда газбен жабдықтау жүйелерін пайдалану кезіндегі газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды, жылу электр станциялары және қазандықтардың газ тарату жүйесі мен газ тұтыну объектілерін пайдалану кезіндегі жарылыс қауіпсіздігіне қойлатын талаптарды айқындайды, олар газ-қауіпті жұмыстар мен аварияларды оқшаулау және жою кезінде бу өнімділігі 35 т/сағ және одан жоғары қазандық қондырғыларына және жылу өнімділігі 50 Гкал/сағ және одан жоғары су жылыту қазандық қондырғыларына қолданылады*

      22-тақырып. Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары әзірленген және мұнай мен мұнай өнімдерін сақтауға арналған резервуарларды пайдалану және жөндеуге қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік тәртібін айқындайды*

      23-тақырып. Технологиялық құбыржолдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық 0,001 Мегапаскаль (шаршы сантиметрге 0,01 килограмм күш) қалдық қысымнан (вакуумнан) 20 Мегапаскаль (шаршы сантиметрге 3200 килограмм күш) шартты қысымға дейін және минус 196 градус Цельсийден 700 градус Цельсийге дейінгі диапазонда жұмыс температурасынан газ тәрізді, бу тәрізді және сұйық ортаны тасымалдауға арналған технологиялық құбыржолдарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету тәртібін нақтылайды*

      * тақырыптар даярлықтан, қайта даярлықтан өтетін техникалық басшылар, мамандар дәне жұмыскерлердің нақты санаттарының қызмет бағытын ескере отырып ашылады.

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар
министрі
2024 жылғы 17 маусымдағы
№ 229 Бұйрыққа
2-қосымша
  Өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласындағы мамандарды,
жұмыскерлерді даярлау, қайта
даярлау және білімін тексеру
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша білімін тексеру туралы куәлік

1. КУӘЛІК/УДОСТОВЕРЕНИЕ №____
Берілді / Выдано _________________________________
(Т.А.Ә (ол болған жағдайда) / Ф.И.О. (при его наличии))
_________________________________________
(жұмыс орны / место работы)
_________________________________________
(лауазымы / должность)



м.ф.

Ол / он (она) 20_____ж (г). "___" ________
Курсын тыңдады/прослушал (ла) курс
________________________________
________________________________
________________________________

 
_________________________________________
(оқыту ұйымы/орталығының атауы / наименование учебной организации/центра)

2. Тұрақты жұмыс істейтін емтихандық комиссияның хаттамасы /
Протокол постоянно действующей экзаменационной комиссии
№_________
"_____" ________20____ж (г).
Действительно до
20_____ж (г) "___"_____________ дейін жарамды
Комиссия төрағасы /
Председатель комиссии ________ (м.о. / м.п. (қолы/подпись)

3. КУӘЛІК / УДОСТОВЕРЕНИЕ №_____
_________________________________________
(жұмыс орны / место работы)
________________________________________
(лауазымы / должность)
Біліміне қайта тексеру жүргізілді /
Повторная проверка знаний проведена
№___ Хаттама/Протокол (от) 20__ж (г) "___" ____
Действительно до
20_____ж (г) "___"________ дейін жарамды
_______________________________________
(оқыту ұйымы/орталығының атауы / наименование учебной организации/центра)
Комиссия төрағасы /
Председатель комиссии _______________
(м.о./м.п.) (қолы/подпись)

4. КУӘЛІК / УДОСТОВЕРЕНИЕ №____
_____________________________________
( жұмыс орны / место работы)
_____________________________________
(лауазымы / должность)
Біліміне қайта тексеру жүргізілді /
Повторная проверка знаний проведена
№___ Хаттама / Протокол (от) 20__ж (г) "___" ____
Действительно до
20____ж (г) "___"______ дейін жарамды
______________________________________
(оқыту ұйымы/орталығының атауы / наименование учебной организации/центра)
Комиссия төрағасы /
Председатель комиссии _____________
(м.о./м.п.) қолы/подпись)

      Қағаз жеткізгіштегі куәліктерге қойылатын талаптар:

      1. Куәліктің мұқабасы көк түсті, қатты;

      2. Куәлік көлемі - 204 х 65 мм;

      3. Фото - 3 х 4;

      4. Білімді қайта тексеру туралы қосымша беттер 4 бет.

      Электрондық куәліктерге қойылатын талаптар:

      Куәлік статикалық QR коды арқылы лезде қол жеткізуге арналған жүйесі бар цифрлық ID карта түрінде ресімделеді;

      ID картаның алдыңғы бөлігінде картаның нөмірі, емтихан тапсырған маманның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) және фотосуреті көрсетіледі;

      Электрондық куәлікте мынадай ақпараттар болады: ID картаның нөмірі, емтихан тапсырған маманның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) және фотосуреті, тұрақты жұмыс істейтін емтихандық комиссияның хаттамасы мен куәлігінің нөмірі, жұмыс орны, лауазымы, куәліктің қолдану мерзімі, оқудан өткен оқу ұйымының немесе орталықтың атауы, өткен курстың атауы, курстан өту кезеңі және комиссия төрағасының цифрлық қолы.