ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11119 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау және "Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау тәртібін және жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау мемлекеттік қызмет көрсетуді айқындайды.
2. Бірыңғай мемлекеттік деректер банкін қалыптастыру және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 334 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11602 болып тіркелген) Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында көзделген қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын сақтау мақсатында жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді), сондай-ақ Қазақстан Республикасында теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдауға арналған жылжымалы құрамды Мемлекеттік тізілімнен шығаруды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – тіркеуші орган) жүзеге асырады.";
16-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жеке (оның ішінде жеке кәсіпкер) және заңды тұлғаның тіркелген орнын бір қаладан басқа қалаға ауыстыру;";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
Көлік саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін үш жұмыс күн ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
Көлік саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін үш жұмыс күн ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.";
2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
8-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
С. Аблалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
____________________________________________
облысы (қаласы) бойынша
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (көрсетілетін қызметті алушы туралы
мәліметтер автоматты түрде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерек қоры немесе
"Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерек қоры арқылы автоматты түрде көрсетіледі)
Нысан
Өтініш
Тіркеуді (қайта тіркеуді), Мемлекеттік тізілімнен құқыққа тиесілі жылжымалы
құрамды алып тастауды (керек емесін сызып тастауды) сұраймын
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
________ (меншік, мүліктік жалға беру, жалға алу немесе лизинг)
шарттың мерзімі __________ (шарт мерзімі өткеннен кейін жылжымалы құрам
тізілімнен шығарылады)
Бірлік ___ санында
Мекенжайы:
______________ қаласы, ____________________ көшесі, жеке сәйкестендіру
нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі: _________________________
Байланыс телефондары (факс), _______________
Тізбе _____ парақта қоса беріледі.
Ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш беруші ______________________/_____________________
(басшының қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
"Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
"Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "электрондық үкіметтің" веб-порталы: |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 2 (екі) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік; жылжымалы жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімінен алып тастау туралы хабарлама; мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы және тегін негізде көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі | порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда портал арқылы көрсетіледі. |
"Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "электрондық үкіметтің" веб-порталы |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 1 (бір) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік; жылжымалы құрамның тіркелген кепілін тіркеуден шығару туралы хабарлама; мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу, жылжымалы құрамның тіркелген кепілін өзгерту, толықтыру және тоқтату үшін алым "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген алым мөлшерлемесі бойынша тіркеуді жүзеге асыру орны бойынша жергілікті бюджетке төленеді және: жеке тұлғалар үшін 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК); заңды тұлғалар үшін - 5 (бес) АЕК. Алым сомасын төлеу "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолмақол емес нысанда жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің - www.gov.kz интернет-ресурсында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті бөлімінің "Мемлекеттік органның қызметтері" бөлігінде орналастырылған. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі | порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу үшін порталға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар | Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда портал арқылы көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы да алуға болады. |