"Көмірсутектерді барлауды және өндіруді жүргізу, мұнай және (немесе) шикі газ, уран, көмір өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыру, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді және уран өндіруді жүргізу кезінде есептердің нысандарын және оларды ұсыну Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 203 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 20 мамырдағы № 204 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 24 мамырда № 34400 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көмірсутектерді барлауды және өндіруді жүргізу, мұнай және (немесе) шикі газ, уран, көмір өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыру, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді және уран өндіруді жүргізу кезінде есептердің нысандарын және оларды ұсыну Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 203 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17036 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Көмірсутектерді барлауды және өндіруді жүргізу, мұнай және (немесе) шикі газ, уран өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыру, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді және уран өндіруді жүргізу кезінде есептердің нысандарын және оларды ұсыну Қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ олардағы елішілік құндылық көлемі туралы есеп нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кадрлардағы елішілік құндылық туралы есеп нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру бойынша шығыстар туралы есеп нысаны;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалған шығыстар туралы есеп нысаны;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес лицензиялық-келісімшарттық талаптарды орындау туралы есеп нысаны;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) бойынша лицензиялық-келісімшарттық талаптарды орындау туралы есеп нысаны;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес уран бойынша келісімшарттық талаптарды орындау туралы есеп нысаны;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама бақылайтын тұлғалардың және (немесе) ұйымдардың құрамы туралы есеп нысаны;

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру бойынша жүргізілген операциялар, оларға жұмсалған шығыстар туралы есеп нысаны;

      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес уран өндіру бойынша жүргізілген операциялар, оларға жұмсалған шығыстар туралы есеп нысаны;

      11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес уран өндіру бойынша есеп нысаны;

      12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес мұнай мен газ конденсатын өндіру және тапсыру бойынша тәулік сайынғы ақпарат туралы есеп нысаны;

      13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес мұнайды, газ конденсатын өндіру және кен орындары (ұңғымалар) бойынша игеру кезеңдері жөніндегі ай сайынғы ақпарат туралы есеп нысаны;

      14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес мұнайды, газ конденсатын нақты ай сайынғы өндіру және тапсыру туралы есеп нысаны;

      15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес мұнай теңгерімі бойынша ай сайынғы ақпарат туралы есеп нысаны;

      16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес компанияның мұнайға бағалары бойынша ай сайынғы ақпарат туралы есеп нысаны;

      17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес алушылар бойынша мұнай мен газ конденсатын өндіру, тапсыру және оның қалдықтары жөніндегі ай сайынғы ақпарат туралы есеп нысаны;

      18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес мұнай мен газ конденсатын өндіру және тапсыру жоспары бойынша жыл сайынғы ақпарат туралы есеп нысаны;

      19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес мұнай мен газ конденсатын экспортқа тасымалдау бойынша тәулік сайынғы ақпарат туралы есеп нысаны;

      20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес мұнайды және газ конденсатын экспортқа ("Омбы – Павлодар" құбырын қоспағанда) тасымалдау бойынша ай сайынғы ақпарат туралы есеп нысаны;

      21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес мұнай мен газ конденсатын экспортқа ("Омбы – Павлодар" құбырын қоспағанда) тасымалдау жөніндегі жедел жоспарлар туралы есеп нысаны;

      22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес мұнай мен газ конденсатын қабылдау бойынша ай сайынғы ақпарат туралы есеп нысаны;

      23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес терминалда мұнай қозғалысы бойынша ай сайынғы ақпарат туралы есеп нысаны;

      24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес ілеспе және табиғи газды өндіру бойынша тәулік сайынғы ақпарат туралы есеп нысаны;

      25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес ілеспе және табиғи газды нақты ай сайынғы өндіру туралы есеп нысаны;

      26) осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес ілеспе және табиғи газдың қозғалысы бойынша ай сайынғы ақпарат туралы есеп нысаны;

      27) осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес ілеспе және табиғи газды өндіру жоспары бойынша жыл сайынғы ақпарат туралы есеп нысаны;

      28) осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес Көмірсутектерді барлауды және өндіруді жүргізу, мұнай және (немесе) шикі газ, уран өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыру, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді және уран өндіруді жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидалары;

      29) осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес жобалау (инжиниринг) бойынша тоқсан сайынғы есептілік нысаны бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ олардағы елішілік құндылық көлемі туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру жөніндегі шығыстар туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмірсутектерді барлауды және өндіруді жүргізу, мұнай және (немесе) шикі газ, уран, өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыру, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді және уран өндіруді жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларында:

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органға осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша есептер ұсынады.

      Жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25 (жиырма бесінші) күнінен кешіктірмей көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органға осы бұйрыққа 5, 6, 7, 9, 10 және 11-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша есептер ұсынады.

      Жер қойнауын пайдаланушы жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25 (жиырма бесінші) күнінен кешіктірмей көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органға осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есеп ұсынады.

      Өнімді бөлу туралы келісім немесе Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы, сондай-ақ 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде елу миллион тонна алынатын мұнайдың қалдық қорлары бар көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органға осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті ұсынады.";

      осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 29-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 20 мамырдағы
№ 204 Бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 23 мамырдағы
№ 203 бұйрығына
1-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: көмірсутектер және уран өндіру жөніндегі уәкілетті органға

      Әкімшілік деректер нысаны http://spon.energo.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: Сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ олардағы елішілік құндылық көлемі туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: ТЖКҚ-1

      Жиілігі: тоқсан сайын

      Есепті кезең: 20__ жылғы __ тоқсан бойынша

      Ақпарат ұсынатын тұлғалар аясы: көмірсутектер және уран өндіру жөніндегі жер қойнауын пайдаланушылар

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесінен) кешіктірмей

Сатып алу коды

Шарт №

Сатып алу тәсілі

Сатып алу нысанасының коды

Шарт жасалған күн (күн, ай, жыл)

Шарттың қолданыс мерзімінің аяқталу күні (күн, ай, жыл)

Қосылған құн салығын есепке алмағанда, шарттың жалпы сомасы, мың теңге

Тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер жеткізушісінің ұйымдық-құқықтық нысаны

Тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер жеткізушісінің елі

Тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер жеткізушісінің атауы

Жеткізушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      кестенің жалғасы

Жеткізушінің нақты орналасқан жерінің мекенжайы

Бірыңғай номенклатуралық анықтамалық бойынша тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің коды

Сатып алынған тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы

Қосылған құн салығын есепке алмағанда, құндық мәнінде сатып алудың нақты көлемі, мың теңге

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт нөмірі

Жұмыстағы (қызметтегі) елішілік құндылық, %

12

13

14

15

16

17







      кестенің жалғасы

Жұмысты орындауға, қызметтер көрсетуге арналған шарттағы тауарлардың атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы

Бірыңғай номенклатуралық анықтамалық бойынша жұмысты орындауға, қызметтер көрсетуге арналған шарттағы тауарлардың коды

Жұмысты орындауға, қызметтер көрсетуге арналған шартта тауарларды сатып алудың нақты көлемі, қосылған құн салығын есепке алмағанда, құндық мәнде, мың теңге

Өлшем бірлігі

Заттай түрінде сатып алу көлемі

"СТ-КZ" сертификаты берілген тауарды өндірушінің толық атауы

18

19

20

21

22

23







      кестенің жалғасы

"СТ-КZ" сертификаты берілген тауарды өндірушінің Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі

"СТ-КZ" сертификатының №

"СТ-КZ" сертификатын беру күні, (күні, айы, жылы)

"СТ-КZ" сертификатында көрсетілген тауардағы елішілік құндылық, %

24

25

26

27





      Атауы _______________ Мекенжайы ______________________________

      Телефон ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _________________________________

      Орындаушы _________________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)       қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын тұлға

      _____________________________________________________ ___________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)                   қолы

      Мөр орны _______________________

      (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғалардан басқа)

      Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға 1-қосымшада келтірілген.

  Сатып алынған тауарлар,
жұмыстар және көрсетілетін
қызметтер, сондай-ақ олардағы
елішілік құндылық көлемі
туралы есеп нысанына
1-қосымша

"Сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ олардағы елішілік құндылық көлемі туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме (ТЖКҚ-1, тоқсан сайын)

      1. 1-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізілімімен берілген сатып алу коды көрсетіледі.

      Осы бағанды жер қойнауын пайдалану құқығына ие, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлесі) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама ұлттық басқарушы холдингке (бұдан әрі – Қор) тиесілі заңды тұлғалар толтырмайды;

      2. 2-бағанда тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет сатып алынған шарттың нөмірі көрсетіледі;

      3. 3-бағанда тауарды, жұмысты немесе көрсетілетін қызметті сатып алу тәсілін көрсетеді:

      1) сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ олардағы елішілік құндылық көлемі туралы есептің нысанына 2-косымшаның 1-кестесіне сәйкес, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес, сондай-ақ кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімге сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алатын жер қойнауын пайдаланушылар;

      2) сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ олардағы елішілік құндылық көлемі туралы есептің нысанына 2-косымшаның 2-кестесіне сәйкес, жер қойнауын пайдалану құқығына ие, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлесі) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама Қорға тиесілі заңды тұлғалар;

      4. 4-бағанда сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ олардағы елішілік құндылық көлемі туралы есептің нысанына 2-қосымшаның 3-кестесіне сәйкес сатып алу нысанасының коды көрсетіледі;

      5. 5-бағанда шарттың жасалған күні (күні, айы, жылы) көрсетіледі;

      6. 6-бағанда шарт қолданысының аяқталу күні (күні, айы, жылы) көрсетіледі;

      7. 7-бағанда қосылған құн салығын есепке алмағанда шарттың жалпы сомасы мың теңгемен (жүздік үлесімен бөлшек сан) көрсетіледі;

      8. 8-бағанда Ұйымдық-құқықтық шаруашылық жүргізу нысандарының жіктеуішіне сәйкес тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет жеткізушісінің ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетіледі. Егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда, баған толтырылмайды;

      9. 9-бағанда елдердің Мемлекетаралық жіктеуішіне сәйкес әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің кодын көрсете отырып, тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет жеткізушісінің елі көрсетіледі;

      10. 10-бағанда жеткізушінің атауы көрсетіледі. Егер тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет жеткізушісі Қазақстан Республикасының резиденті болып табылған жағдайда, заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтамаға сәйкес (заңды тұлғалар үшін) және жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәлікке сәйкес (жеке тұлғалар үшін) атауы көрсетіледі;

      11. 11-бағанда тауар, жұмыс немесе қызмет жеткізушісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Егер тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет жеткізушісі Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда, баған толтырылмайды;

      12. 12-бағанда тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет жеткізушісінің нақты орналасқан жерінің мекенжайы көрсетіледі: елді мекен, көше, үй, кеңсе;

      13. 13-бағанда осы шарттың шеңберінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес тауардың, жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің 15 символ деңгейіндегі коды көрсетіледі;

      14. 14-бағанда сатып алынған тауардың, жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (техникалық шарттары, қасиеттері және сипаттамалары) көрсетіледі;

      15. 15-бағанда қосылған құн салығын есепке алмағанда құндық мәндегі сатып алудың нақты көлемі мың теңгемен (жүздік үлесімен бөлшек сан) көрсетіледі;

      16. 16-бағанда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірі көрсетіледі;

      1) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарты Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың мемлекеттік тіркеу актісінің тіркеу нөмірін көрсетеді;

      2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарты Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап жасалған жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірін көрсетеді;

      17. 17-бағанда қосалқы мердігерліктің барлық деңгейлерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 260 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16942 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты есептеудің бірыңғай әдістемесіне сәйкес жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі), пайызбен (жүзден бір үлеске дейін) елішілік құндылық, сондай-ақ Кодекстің 28-бабының 2-тармағына сәйкес осы жұмысты (қызметті) орындау үшін сатып алынған барлық тауарлар;

      18. 18-бағанда тапсырыс беруші мен өнім беруші арасындағы шартты, өнім беруші мен қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) арасындағы шарттарды қоса алғанда, жұмысты орындауға арналған шарт шеңберінде сатып алынған тауардың атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (техникалық шарттар, қасиеттері мен сипаттамалары) көрсетіледі;

      19. 19-бағанда тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес 18-бағанда көрсетілген тауарлардың 15 символ деңгейіндегі коды көрсетіледі;

      20. 20-бағанда қосылған құн салығын есепке алмағанда құндық мәндегі 18-бағанда көрсетілген тауарлардың сатып алудың нақты көлемі мың теңгемен (жүздік үлесімен бөлшек сан) көрсетіледі;

      21. 21-бағанда Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 145 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одағының Өлшем бірліктерінің сыныптауышы және өлшем бірліктері мен шоттар сыныптауышының шоттарына сәйкес тауардың өлшем бірлігі көрсетіледі. Баған 14 және 18-бағандарда көрсетілген тауарлар үшін толтырылуға тиіс;

      22. 22-бағанда тауардың көрсетілген өлшем бірлігіне сәйкес тауардың заттай түрдегі сатып алу көлемі көрсетіледі. Баған 14 және 18-бағандардағы тауарлар үшін толтырылуға тиіс;

      23. 23-бағанда "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат берілген тауарды өндірушінің толық атауы көрсетіледі. Баған жергілікті жерден шығарылған тауарлар үшін толтырылуға тиіс;

      24. 24-бағанда "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат берілген тауарды өндірушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Баған жергілікті жерден шығарылған тауарлар үшін толтырылуға тиіс;

      25. 25-бағанда "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың нөмірі көрсетіледі. Баған жергілікті жерден шығарылған тауарлар үшін толтырылуға тиіс;

      26. 26-бағанда "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың берілген күні көрсетіледі. Баған жергілікті жерден шығарылған тауарлар үшін толтырылуға тиіс;

      27. 27-бағанда "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатта көрсетілген тауардағы елішілік құндылық пайызбен көрсетіледі. Баған жергілікті жерден шығарылған тауарлар үшін толтырылуға тиіс.

  Сатып алынған тауарлар,
жұмыстар және көрсетілетін
қызметтер, сондай-ақ олардағы
елішілік құндылық көлемі
туралы есеп нысанына
2-қосымша


1-кесте

Сатып алу тәсілінің коды

Атауы

101

Ашық конкурс

102

Бір көзден алу

103

Төмендету әдісімен ашық конкурс (электрондық сауда-саттық)

104

Тауар биржаларында

105

Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді тәсілдерді қолданбай сатып алу*


2-кесте

Сатып алу тәсілінің коды

Атауы

201

Тендер

202

Аукцион

203

Баға ұсыныстарын сұрату

204

Бір көзден алу

205

Тауар биржалары арқылы

206

Электрондық дүкен арқылы

207

Холдингішілік кооперация шеңберінде


3-кесте

Сатып алу нысанасының коды

Атауы

0

Тауар

1

Жұмыс

2

Көрсетілетін қызмет

      Ескертпе:

      * Кодекстің 131-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4 тармақшаларында және 179-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 5) тармақшаларында көрсетілген тәсілдерді қолданбай.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 20 мамырдағы
№ 204 Бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 23 мамырдағы
№ 203 бұйрығына
3-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті орган

      Әкімшілік деректер нысаны орналастырылған интернет-ресурс: http://spon.energo.gov.kz

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: Қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру бойынша шығыстар туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: ҚКОҚ-3

      Жиілігі: тоқсан сайын

      Есептік кезең: 20__ жылғы __ тоқсан бойынша

      Ақпарат ұсынатын тұлғалар аясы: көмірсутектер және уран өндіру жөніндегі жер қойнауын пайдаланушылар

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есептік кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесінен) кешіктірмей

      1-кесте

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт нөмірі

Ұйым атауы

Ел коды

Ұйымның бизнес сәйкестендіру нөмірі

Тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің нөмірі

Жұмыскер санаты

Оқыту бағытының атауы

Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға жұмсалған сома, қосылған құн салығын қоспағанда, мың теңге

Жанама шығыстар сомасы (жол жүру, тұру, тәулікақы), қосылған құн салығын есепке алғанда, мың теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

      Кестенің жалғасы

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жұмсалған сома, қосылған құн салығын қоспағанда, мың теңге

Сатып алу затының коды

Білім беру ұйымының мемлекеттік аттестаттау немесе институционалдық немесе мамандырылған аккредиттеу туралы куәлік нөмірі

Білім беру ұйымының мемлекеттік аттестаттау немесе институционалдық немесе мамандырылған аккредиттеу туралы куәліктің күні

Шот-фактураның нөмірі

Шот-фактураның күні

11

12

13

14

15

16

      2-кесте.

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірі

Оқудан өткен адамдар саны

жер қойнауын пайдаланушының жұмыскерлері

жер қойнауын пайдаланушының жұмыскерлері емес,

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағыттары бойынша Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі аса қажетті мамандықтар мен біліктіліктердің, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесіне сәйкес

техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылардың кәсіптік тәжірибеден өтуіне, оның ішінде дуальды оқытуға

біліктілікті арттыруға, қайта даярлауға

халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындар

1

2

3

4

5

6

      Кестенің жалғасы

Жанама шығыстарды (жол жүру, тұру, тәулікақы) ескере отырып оқуға жұмсалған сома, мың теңге

Қосылған құн салығын есепке алмағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жұмсалған сома, мың теңге

Мемлекеттік бюджетке аударылған сома, мың теңге

жер қойнауын пайдаланушының жұмыскерлері

жер қойнауын пайдаланушының жұмыскерлері емес,

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағыттары бойынша Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі аса қажетті мамандықтар мен біліктіліктердің, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесіне сәйкес

техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылардың кәсіптік тәжірибеден өтуіне, оның ішінде дуальды оқытуға

біліктілікті арттыруға, қайта даярлауға

халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын

7

8

9

10

11

12

13

      Атауы ______________________

      Мекенжай_____________________________

      Телефон ___________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _______________________________

      Орындаушы ___________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын тұлға

      ________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы

      Мөр орны __________________________________________________

      (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғалардан басқа)

      Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  Қазақстандық кадрларды
оқытуды қаржыландыру
бойынша шығыстар туралы
есеп нысанына
1-қосымша

"Қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру бойынша шығыстар туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме (ҚКОҚ-3, тоқсан сайын)

      1-кестеге түсіндірме:

      1. 1-бағанда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірі көрсетіледі:

      1) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісінің тіркеу нөмірін көрсетеді;

      2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарты Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап жасалған жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірін көрсетеді;

      2. 2-бағанда жер қойнауын пайдаланушы оқыту жөніндегі келісімшарттық міндеттемелерді орындау шеңберінде ақша қаражатын аударған ұйымның атауы көрсетіледі:

      1) жер қойнауын пайдаланушының жұмыскерлері болып табылатын қазақстандық кадрларды оқытуға;

      2) жер қойнауын пайдаланушының жұмыскерлері болып табылмайтын қазақстандық кадрларды оқытуға, оның ішінде:

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 185 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 211 бірлескен бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17020 болып тіркелген) Алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді және (немесе) урады өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидалары 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті орган оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша қалыптастыратын және көмірсутектер мен уран өндіру саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі аса қажетті мамандықтар мен біліктіліктердің, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кадрларын даярлауға.

      Тізбе оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті орган қалыптастырады және ол көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады;

      техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылардың кәсіптік тәжірибеден өтуіне, оның ішінде дуальды оқытуға;

      біліктілікті арттыруға, қайта даярлауға;

      3) келесі санаттағы тұлғалардың Тізбеде көрсетілген бағыттар бойынша шектеусіз жер қойнауын пайдаланушының жұмыскерлері болып табылмайтын қазақстандық кадрларды оқытуға:

      мүгедектігі бар тұлғалар;

      ата-аналардың біреуі немесе екеуі де мүгедек тұлғалар;

      мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;

      "Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-14 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26830 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінен зардап шегетін тұлғалар;

      жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар;

      көпбалалы отбасылар;

      толық емес отбасылар;

      4) жер қойнауын пайдаланушының Тізбеде көрсетілген бағыттар бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – мемлекеттік білім беру ұйымы) материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуына;

      5) жер қойнауын пайдаланушының мемлекеттік білім беру ұйымына мемлекеттік білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін ақша қаражатын аударуы;

      6) есептік кезеңнің қорытындылары бойынша қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру бойынша берешек шеңберінде қазақстандық кадрларды оқытуға мемлекеттік бюджетке аударылған ақшалай қаражат.

      3. 3-бағанда елдердің Мемлекетаралық жіктеуішіне сәйкес ұйым орналасқан елдің коды (2-бағанда көрсетілген) көрсетіледі. Егер заңды тұлға – ұйым Қазақстан Республикасының резиденті болып табылған жағдайда Қазақстан Республикасының коды көрсетіледі;

      4. 4-бағанда ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Егер оқу орны – заңды тұлға Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда, баған толтырылмайды;

      5. 5-бағанда Қазақстан Республикасының білім алушы азаматының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.

      Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік бюджетке ақша қаражатын жіберген жағдайда немесе мемлекеттік білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын жақсарту шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алған кезде баған толтырылмайды.

      6. 6-бағанда 5-бағанда тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) көрсетілген Қазақстан Республикасының білім алушы азаматының жеке куәлігінің нөмірі көрсетіледі.

      Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік бюджетке ақша қаражатын жіберген жағдайда немесе мемлекеттік білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын жақсарту шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алған кезде баған толтырылмайды.

      7. 7-бағанда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты орындау кезінде тартылған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жер қойнауын пайдаланушының жұмыскерін оқытуға жіберілген санаты көрсетіледі:

      1) бірінші санат – басшылар және олардың орынбасарлары;

      Бірінші санатқа басшылар және олардың орынбасарлары кіреді.

      2) екінші санат – құрылымдық бөлімшелердің басшылары;

      Екінші санатқа Қазақстан Республикасының жылдың Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін құрылымдық бөлімшелердің басшылары жатады.

      3) үшінші санат – мамандар;

      Үшінші санатқа Еңбек кодексіне сәйкес белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін мамандар жатады.

      4) төртінші санат – білікті жұмысшылар.

      Төртінші санатқа Еңбек кодексіне сәйкес белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін білікті жұмысшылар жатады.

      Баған жер қойнауын пайдаланушының жұмыскері болып табылмайтын Қазақстан Республикасының азаматын оқуға жіберген жағдайда, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік бюджетке ақшалай қаражат жіберген жағдайда немесе мемлекеттік білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын жақсарту шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алған кезде толтырылмайды.

      8. 8-бағанда оқыту бағытының атауы (мамандықтың атауы, білім беру курсының атауы және т.б.) көрсетіледі.

      Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік бюджетке ақша қаражатын жіберген жағдайда немесе мемлекеттік білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын жақсарту шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алған кезде баған толтырылмайды.

      9. 9-бағанда Қазақстан Республикасы азаматының (5-бағанда көрсетілген) ұйымда (2-бағанда көрсетілген) оқуға жұмсалған сомасы қосылған құн салығын есепке алмағанда, мың теңгемен немесе мемлекеттік бюджетке аударылған сомасы көрсетіледі, мың теңгемен .

      Мемлекеттік білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын жақсарту шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде баған толтырылмайды.

      10. 10-бағанда қосылған құн салығын ескере отырып, Қазақстан Республикасы азаматының (5-бағанда көрсетілген) ұйымда (2-бағанда көрсетілген) оқу процесінде қалыптасқан жанама шығыстардың (жол жүру, тұру, тәуліктік) сомасы көрсетіледі, мың теңгемен;

      11. 11-бағанда Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 196 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17122 болып тіркелген) Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жұмсалған сома мемлекеттік білім беру ұйымы үшін (2-бағанда көрсетілген), қосылған құн салығын есепке алмағанда көрсетіледі, мың теңгемен.

      Баған жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық міндеттемелерді орындаған жағдайда ғана толтырылады:

      Тізбеде көрсетілген бағыттар бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – мемлекеттік білім беру ұйымы) материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жер қойнауын пайдаланушының сатып алуына;

      жер қойнауын пайдаланушының мемлекеттік білім беру ұйымына мемлекеттік білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін ақша қаражатын аударуы;

      12. 12-бағанда Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 196 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17122 болып тіркелген) бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес сатып алынған тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы мемлекеттік білім беру ұйымы үшін (2-бағанда көрсетілген) көрсетіледі.

      Баған жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық міндеттемелерді орындаған жағдайда ғана толтырылады:

      Тізбеде көрсетілген бағыттар бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – мемлекеттік білім беру ұйымы) материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін жер қойнауын пайдаланушының қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуына;

      жер қойнауын пайдаланушының мемлекеттік білім беру ұйымына мемлекеттік білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін ақша қаражатын аударуы.

      13. 13-бағанда білім беру ұйымын (2-бағанда көрсетілген) мемлекеттік аттестаттау немесе институционалдық немесе мамандандырылған аккредиттеу туралы куәліктің нөмірі көрсетіледі. Егер оқу орны – заңды тұлға Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса, баған толтырылмайды.

      14. 14-бағанда білім беру ұйымын (2-бағанда көрсетілген) мемлекеттік аттестаттау немесе институционалдық немесе мамандандырылған аккредиттеу туралы куәліктің күні "күн/ай/жыл" пішімінде көрсетіледі. Егер оқу орны – заңды тұлға Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса, баған толтырылмайды.

      15. 15-бағанда сомалардың (9-бағанда немесе 11-бағанда көрсетілген) ұйымға (2-бағанда көрсетілген) жіберілгенін растайтын шот-фактураның нөмірі (цифрлық, әріптік және/немесе символдық түрде) көрсетіледі.

      Төлем құжатына берілген нөмір болмаған жағдайда, бағанда "нөмірсіз" мәні көрсетіледі;

      16. 16-бағанда сомалардың (9-бағанда немесе 11-бағанда көрсетілген) ұйымға (2-бағанда көрсетілген) "күн/ай/жыл" пішімінде жіберілгенін растайтын құжат шот-фактурасының (15-бағанда көрсетілген) күні (күні, айы және жылы) көрсетіледі.

      2-кестеге түсіндірме:

      1. 1-бағанда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірі көрсетіледі:

      1) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарты "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісінің тіркеу нөмірін көрсетеді;

      2) Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарты Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап жасалған жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірін көрсетеді;

      2. 2-бағанда есептік кезеңде оқудан өткен жер қойнауын пайдаланушы жұмыскерлерінің саны көрсетіледі, адам;

      3. 3-бағанда Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 185 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 211 бірлескен бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17020 болып тіркелген) Алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және (немесе) уранды өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидалары 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті орган оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша қалыптастыратын және көмірсутектер мен уран өндіру саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі аса қажетті мамандықтар мен біліктіліктердің, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағыттары бойынша есепті кезеңде оқудан өткен жер қойнауын пайдаланушының жұмыскерлері еместердің саны көрсетіледі, адам;

      4. 4-бағанда есепті кезеңде кәсіптік тәжірибеден өткен, оның ішінде дуальды оқытудан өткен техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алатын жер қойнауын пайдаланушы жұмыскерлері еместердің саны көрсетіледі, адам;

      5. 5-бағанда жер қойнауын пайдаланушының есептік кезеңде біліктілік арттырудан, қайта даярлаудан өткен жұмыскерлері еместердің саны көрсетіледі, адам;

      6. 6-бағанда есептік кезеңде оқудан өткен, жер қойнауын пайдаланушы жұмыскерлері емес, Тізбеде көрсетілген бағыттар бойынша шектеусіз, мынадай санаттағы тұлғалар саны көрсетіледі:

      мүгедектігі бар тұлғалар;

      ата-аналардың біреуі немесе екеуі де мүгедек тұлғалар;

      мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;

      "Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26830 болып тіркелген) бекітілген аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінен зардап шегетін тұлғалар;

      жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар;

      көпбалалы отбасылар;

      толық емес отбасылар;

      7. 7-бағанда есептік кезеңде оқудан өткен жанама шығыстарды (жол жүру, тұру, тәулікақы) ескере отырып, жер қойнауын пайдаланушының жұмыскерлерін оқытуға жұмсалған сома көрсетіледі, мың теңгемен;

      8. 8-бағанда Тізбекке сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағыттары бойынша жанама шығыстарды (жол жүру, тұру, тәулікақы) ескере отырып, жер қойнауын пайдаланушының жұмыскерлері еместерді оқытуға есептік кезеңде жұмсалған сома көрсетіледі, мың теңгемен;

      9. 9-бағанда кәсіптік тәжірибеден өткен, оның ішінде есепті кезеңде дуальды оқытудан өткен техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылардың жанама шығыстарын (жол жүру, тұру, тәуліктік) ескере отырып, есептік кезеңде жер қойнауын пайдаланушының жұмыскерлері еместерді оқытуға жұмсалған сома көрсетіледі, мың теңгемен ;

      10. 10-бағанда біліктілік арттырудан, қайта даярлаудан өткен жанама шығыстарды (жол жүру, тұру, тәулікақы) ескере отырып, есептік кезеңде жер қойнауын пайдаланушының жұмыскерлері еместерді оқытуға жұмсалған сома көрсетіледі, мың теңгемен;

      11. 11-бағанда Тізбеде көрсетілген бағыттар бойынша шектеусіз, жанама шығыстарды (жол жүру, тұру, тәулікақы) ескере отырып, жер қойнауын пайдаланушының жұмыскерлері еместерді оқытуға есептік кезеңде жұмсалған сома көрсетіледі, мың теңгемен; оқытуға жұмсалған сома көрсетіледі:

      мүгедектігі бар тұлғалар;

      ата-аналардың біреуі немесе екеуі де мүгедек тұлғалар;

      мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;

      "Кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінің тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-14 бұйрығымен бекітілген аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінен зардап шегетін тұлғалар;

      жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар;

      көпбалалы отбасылар;

      толық емес отбасылар;

      12. 12-бағанда Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 196 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тілізімінде № 17122 болып тіркелген) бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымы үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жұмсалған сома көрсетіледі, қосылған құн салығын есепке алмағанда, мың теңгемен.

      Баған жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық міндеттемелерді орындаған жағдайда ғана толтырылады:

      Тізбеде көрсетілген бағыттар бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – мемлекеттік білім беру ұйымы) материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жер қойнауын пайдаланушының сатып алуына;

      жер қойнауын пайдаланушының мемлекеттік білім беру ұйымына мемлекеттік білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін ақша қаражатын аударуы;

      13. 13-бағанда есепті кезеңнің қорытындылары бойынша қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру бойынша берешек шеңберінде қазақстандық кадрларды оқытуға арналған мемлекеттік бюджетке есепті кезеңде аударылған сома көрсетіледі, мың теңгемен

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 20 мамырдағы
№ 204 Бұйрығына
3 – қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 23 мамырдағы
№ 203 бұйрығына
4-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған форма

      Қайда ұсынылады: көмірсутектер және уран өндіру жөніндегі саласындағы уәкілетті органға

      Әкімшілік деректер нысаны http://spon.energo.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: Ғылыми зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: ҒЗТКЖ-4

      Жиілігі: тоқсан сайын

      Есепті кезең: 20__ жылғы __тоқсан бойынша

      Ақпарат ұсынатын тұлғалар аясы: көмірсутектер және уран өндіру жөніндегі жер қойнауын пайдаланушылар

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесінен) кешіктірмей

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт нөмірі

шарт №

шарт жасалған күн (күн, ай, жыл)

Шартттың қолданыс мерзімінің аяқталған күні (күн, ай, жыл)

Ғылыми зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың атауы және қысқаша сипаттамасы

Қосылған құн салығын есепке алмағанда, шарттың жалпы сомасы, мың теңге

1

2

3

4

5

6







      Кестенің жалғасы

Қосылған құн салығын есепке алмағанда, шарт бойынша есепті кезең үшін нақты төленген сома, мың теңге

Сатып алу тәсілі

Жеткізушінің атауы

Жеткізушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі)

Жеткізушінің мемлекеті

Жеткізушінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметін аккредиттеу туралы куәліктің нөмірі және күні

7

8

9

10

11

12







      Атауы ________________________ Мекенжайы _________________________

      Телефон __________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ______________________________________

      Орындаушы _____________________________________ _________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)       қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын тұлға

      ________________________________________________ _________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)             қолы

      Мөр орны _______________________

      (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғалардан басқа)

      Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға 1-қосымшада келтірілген.

  Ғылыми зерттеу, ғылыми-
техникалық және тәжірибелік-
конструкторлық жұмыстарға
арналған шығыстар туралы
есеп нысанына
1-қосымша

      "Ғылыми зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме (ҒЗТКЖ-4, тоқсан сайын)

      1. 1-бағанда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірі көрсетіледі;

      1) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарты "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың мемлекеттік тіркеу актісінің тіркеу нөмірін көрсетеді;

      2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарты Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап жасалған жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірін көрсетеді;

      2. 2-бағанда ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар сатып алынған шарттың нөмірі көрсетіледі;

      3. 3-бағанда шарттың жасалған күні (күні, айы, жылы) көрсетіледі;

      4. 4-бағанда шарт қолданысының аяқталу күні (күні, айы, жылы) көрсетіледі;

      5. 5-бағанда ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы көрсетіледі;

      6. 6-бағанда қосылған құн салығын есепке алмағанда, шарттың жалпы сомасы (жүздік үлесімен бөлшек сан) мың теңгемен көрсетіледі;

      7. 7-бағанда қосылған құн салығын есепке алмағанда, шарт бойынша есепті кезең үшін нақты төленген сома (жүздік үлесімен бөлшек сан) көрсетіледі;

      8. 8-бағанда ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды сатып алудың тәсілі көрсетіледі:

      1) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды Кодекске сәйкес, ғылыми зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар туралы есеп нысанына 2-қосымшаның 1-кестесіне сәйкес сатып алатын жер қойнауын пайдаланушылар;

      2) ғылыми зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар туралы есеп нысанына 2-қосымшаның 2-кестесіне сәйкес, жер қойнауын пайдалану құқығына ие, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлесі) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар;

      9. 9-бағанда жеткізушінің атауы көрсетіледі. Егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылған жағдайда, атау заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтамаға сәйкес (заңды тұлғалар үшін) және жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәлікке сәйкес (жеке тұлғалар үшін) көрсетіледі;

      10. 10-бағанда жеткізушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. 10-баған жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда толтырылмайды;

      11. 11-бағанда Елдердің мемлекетаралық жіктеуішіне сәйкес әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің кодын көрсете отырып, ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жеткізушінің елі көрсетіледі.

      12. 12-бағанда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 335 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 33182 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларына сәйкес ғылым саласындағы уәкілетті орган берген жеткізушіні аккредиттеу туралы куәліктің сериясы, нөмірі және күні көрсетіледі.

      Егер жеткізуші дербес білім беру ұйымы және оның ұйымы болып табылса, 12-баған толтырылмайды.

  Ғылыми зерттеу, ғылыми-
техникалық және тәжірибелік-
конструкторлық жұмыстарға
арналған шығыстар туралы
есеп нысанына
2-қосымша

      1-кесте

Сатып алу коды

Атауы

101

Ашық конкурс

102

Бір көзден алу

103

Төмендету әдісімен ашық конкурс (электрондық сауда-саттық)

104

Тауар биржаларында

105

Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді тәсілдерді қолданбай сатып алу*

      2-кесте

Сатып алу коды

Атауы

201

Тендер

202

Аукцион

203

Баға ұсыныстарын сұрату

204

Бір көзден алу

205

Тауар биржалары арқылы

206

Электрондық дүкен арқылы

207

Холдингішілік кооперация шеңберінде

      Кодекстің 131-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4 тармақшаларында және 179-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 5) тармақшаларында көрсетілген тәсілдерді қолданбай.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 20 мамырдағы
№ 204 Бұйрығына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика Министрінің
2018 жылғы 23 мамырдағы
№ 203 бұйрығына
29-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған форма

      Көмірсутегі мен уран өндіру саласындағы уәкілетті органға ұсынылады

      Әкімшілік деректер нысаны http://spon.energo.gov.kz интернет-ресурсында жарияланған

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: Жобалау бойынша (инжиниринг) тоқсан сайынғы есептілік нысаны

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: ИНЖ-29

      Жиілігі: тоқсан сайын

      Есеп беру кезеңі: 20__ жылғы __ тоқсан бойынша

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар аясы: өнімді бөлу туралы келісімдер шеңберінде немесе Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар, сондай-ақ 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде елу миллион тонна қалған алынатын мұнай қорлары бар көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдаланушылар.

      Әкімшілік деректер формасын ұсыну мерзімі: келесі есептік кезеңдегі айдың 15 (он бесі) күнінен кешіктірмей

Сатып алу жоспарындағы нөмір

Сатып алу затының коды

Сатып алынатын ТЖКҚ атауы

ТЖКҚ БНА

Сатып алудың жоспарланған тәсілі

ЖЖжББ-да қарастырылған сома/ТЖКҚ құнын Оператордың бағалауы, мың теңге

1

2

3

4

5

6







      Кестенің жалғасы

Біліктілік алды нәтижелері бойынша қабылданбаған қатысушылар тізімі

Әлеуетті қазақстандық жеткізушілердің/тауар өндірушілердің тізімі

Әлеуетті шетелдік жеткізушілердің/тауар өндірушілердің тізімі

7

8

9




      Кестенің жалғасы

Қазақстандық емес жеткізушіні/тауар өндіруші жеңген жағдайда қабылданбаған өтінімдер тізімі

Қазақстандық емес жеткізушіні/тауар өндіруші жеңген жағдайда егжей-тегжейлі негіздемемен ТҰ-ға сәйкес өтінімді қабылдамау себептері

Сатып алудың іс жүзіндегі тәсілі (сатып алудың бастапқы тәсілі өзгерген жағдайда – негіздеме ұсыну)

Шарт жасалған күн

Шарттың нөмірі

Шарт сомасы

10

11

12

13

14

15







      Кестенің жалғасы

Шарттың қолданыс мерзімі

ТЖКҚ-дағы МҚ болжалды үлесі (Болған жағдайда Тауар, Жұмыс, Көрсетілетін қызметті жеке бөлу), %

ТЖКҚ-дағы МҚ нақты үлесі (Болған жағдайда Тауар, Жұмыс, Көрсетілетін қызметті жеке бөлу)

ТЖҚ-да МҚ орындалмаған міндеттемелері үшін жеткізушіге қатысты қабылданған шаралар

Шарттың мәртебесі (жасалды/ орындалды/ мерзімінен бұрын тоқтатылды)

Мерзімінен бұрын тоқтатылу себебі

16

17

18

19

20

21







      Атауы ______________________ Мекенжай ________________________

      Телефон ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы __________________________________

      Орындаушы __________________________________ ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)       қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға

      ______________________________________________________ ____________

      тегі, аты және әкесінің аты (болған ағдайда)                   қолы

      Мөр орны _______________________

      (жеке кәсіпкерлік субъектісі болып саналатын тұлғаларды қоспағанда)

      Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсініктеме осы нысанның қосымшасында келтірілген.

  Жобалау (инжиниринг)
бойынша тоқсан сайынғы
есеп формасына
қосымша

"Жобалау (инжиниринг) бойынша тоқсан сайынғы есеп формасы" әкімшілік деректер формасы бойынша түсініктеме

      Кестені толтыруға түсініктеме:

      1. 1-бағанда Сатып алу жоспарының нөмірі толтырылады;

      2. 2-бағанда сатып алу затының коды толтырылады;

      3. 3-бағанда сатып алынатын ТЖКҚ атауы туралы ақпарат көрсетіледі;

      4. 4-бағанда ТЖКҚ Бірыңғай номенклатуралық анықтамалығынан (БНА) код толтырылады;

      5. 5-бағанда сатып алудың жоспарланған тәсілі толтырылады;

      6. 6-бағанда ЖЖжББ қарастырылған сома/ТЖКҚ құнын Оператордың бағалауы мың теңгемен (жүздік үлесімен бөлшек сан) көрсетіледі;

      7. 7-бағанда біліктілік алдындағы нәтиже бойынша қабылданбаған қатысушылардың тізімі көрсетіледі;

      8. 8-бағанда әлеуетті қазақстандық өндірушілердің/тауар өндірушілердің тізімі көрсетіледі;

      9. 9-бағанда әлеуетті шетелдік өндірушілердің/тауар өндірушілердің тізімі көрсетіледі;

      10. 10-бағанда қазақстандық емес жеткізуші/тауар өндіруші жеңген жағдайда қабылданбаған өтінімдердің тізімі көрсетіледі;

      11. 11-бағанда қазақстандық емес жеткізуші/тауар өндіруші жеңген жағдайда Оператордың егжей-тегжейлі негіздемесімен Тендер Процедураларына сәйкес өтінімнің қабылданбау себептері туралы ақпарат толтырылады;

      12. 12-бағанда сатып алудың нақты тәсілі көрсетіледі (сатып алудың бастапқы тәсілі өзгерген жағдайда – негіздеме ұсыну);

      13. 13-бағанда шарттың жасалған күні көрсетіледі;

      14. 14-бағанда шарттың нөмірі толтырылады;

      15. 15-бағанда шарттың сомасы толтырылады;

      16. 16-бағанда шарттың қолданылу мерзімі көрсетіледі;

      17. 17-бағанда ТЖКҚ-дағы МҚ болжалды үлесі пайызбен (жүзден бір үлеске дейін) көрсетіледі (Болған жағдайда Тауар, Жұмыс, Көрсетілетін қызметті жеке бөлу);

      18. 18-бағанда ТЖКҚ-дағы МҚ нақты үлесі көрсетіледі (Болған жағдайда Тауар, Жұмыс, Көрсетілетін қызметті жеке бөлу);

      19. 19-бағанда ТЖКҚ-дағы МҚ міндеттемелерін орындамағаны үшін жеткізушіге қатысты қабылданған шаралар бойынша ақпараттар толтырылады;

      20. 20-бағанда шарттың мәртебесі көрсетіледі (жасалды/орындалды/мерзімінен бұрын тоқтатылды);

      21. 21-бағанда мерзімінен бұрын тоқтатылу себебі бойынша ақпарат толтырылады.