Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 2 мамырдағы № 17 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 6 мамырда № 34339 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап-тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап-тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-172/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21557 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап-тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап-тексеруден өткізу қағидаларында:

      11-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мүгедектігі бар жүргізушілер;";

      14, 15, 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну тәсілдерін, мерзімін, нысанын және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қамтитын "Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) келтірілген.

      Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды жаңартады және денсаулық сақтау субъектілеріне, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

      15. Құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті беруші (медициналық ұйымдар) арқылы жүзеге асырылады, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Өтінімді электрондық түрде берген кезде жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімімен порталдың хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық форматта алу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталда электрондық-цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұрау салуды қалыптастырады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көзделген құжаттарды берген кезде "Жеке кабинетке" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру күнінің белгіленуі туралы хабарлама не электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар, анық емес мәліметтерді ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту түрінде бас тартады";

      16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мынадай негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтауы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбауы және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынуы;

      3) Қағидаларға сәйкес медициналық қарап-тексерудің теріс қорытындысы;

      4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның қолы қойылған, бас тарту негізі көрсетілген хатпен ресімделеді.";

      Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап-тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап-тексеруден өткізу қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21443 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 86-бабының 4 және 6-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 185-бабына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген Міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидалары мен мерзімділігі және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну тәсілдерін, мерзімін, нысанын және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қамтитын "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде келтірілген.

      Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды жаңартады және денсаулық сақтау субъектілеріне, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті беруші (медициналық ұйымдар) арқылы жүзеге асырылады, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,

      инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 2 мамырдағы
№ 17 Бұйрығына
1-қосымша
  "Көлік құралдарын басқару
құқығын алуға үміткер адамды
медициналық қарап-тексеруден,
механикалық көлік құралдары
жүргізушісін қайта
медициналық қарап-тексеруден
өткізу қағидаларын бекіту
туралы" қағидаларына
1-қосымша

"Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

"Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ұсыну тәсілдері

портал

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі

портал арқылы – құжатты тапсырған сәттен бастап 30 (отыз) минуттан аспайды.

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі

"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 073/е нысаны бойынша берілген көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы медициналық анықтама не осы Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Ақылы негізде, мемлекеттік қызмет көрсету құны "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 202-бабына сәйкес айқындалады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Бұл ретте әрбір көрсетілетін қызметті беруші жұмыс берушімен Еңбек кодексінің 63-бабына сәйкес еңбек тәртібі қағидаларына сәйкес жұмыс режимін бекітеді;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

электрондық сұрау салу нысанындағы өтініш.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықтауы;
2) көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбауы және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынуы;
3) Қағидаларға сәйкес медициналық қарап-тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

073/е нысанындағы медициналық анықтаманы беру медициналық ақпараттық жүйеге енгізу және дәрігердің қол қойылған ЭЦҚ арқылы ғана электрондық форматта жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Портал арқылы толық пакетті қалыптастыру үшін көрсетілетін қызметті алушы көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы медициналық анықтамасын электрондық форматта қалыптастыру үшін медициналық мекемеде медициналық қарап-тексеруден өтуі қажет.
Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, күту залы, құжаттар үлгілері бар тағандар болуы тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінде, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығында мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 2 мамырдағы
№ 17 Бұйрығына
2- қосымша
  "Міндетті медициналық қарап-
  тексерулерді жүргізу
қағидалары мен мерзімділігі
және "Алдын ала міндетті
медициналық қарап тексерулерден өткізу"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
5-қосымша

"Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

"Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

портал

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

портал арқылы - құжат тапсырылған сәттен бастап 30 (отыз) минуттан аспайды.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 075/е нысаны бойынша берілген медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультативтік қорытынды) не осы "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өткізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Ақылы негізде, мемлекеттік қызметті көрсету құны "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 202-бабына сәйкес айқындалады;
Кодекстің 78-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес оқуға түсу және жұмысқа орналасу кезінде бекітілген жері бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға – тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Бұл ретте әрбір көрсетілетін қызметті беруші жұмыс берушімен Еңбек кодексінің 63-бабына сәйкес еңбек тәртібі қағидаларына сәйкес жұмыс режимін бекітеді;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

электрондық сұрау салу нысанындағы өтініш.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда порталдың хабарламасына жауап ретінде бір реттік парольді беру немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) алады.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықтауы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

075/е нысанындағы медициналық анықтаманы беру медициналық ақпараттық жүйеге енгізу және дәрігердің қойылған ЭЦҚ арқылы ғана электрондық форматта жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші бекіткен дәрігерлердің жұмыс графигіне сәйкес дәрігерлердің бос уақытын, рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау мен зертханалық зерттеулерді таңдау мүмкіндігі беріледі. Көрсетілетін қызметті алушының порталда тіркелген ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, күту залы, құжаттар үлгілері бар тағандар болуы тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінде, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығында мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.