"Қазақстан Республикасының аумағында көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 362 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2024 жылғы 24 сәуірдегі № 148 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 сәуірде № 34315 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының аумағында көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 362 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6472 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органдарының Қазақстан Республикасының аумағында көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.";

      5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) көліктік бақылау бекетінің ауысымы – аумақтық көліктік бақылау органдарының қызметкелерінен тұратын, бекітілген кестеге сәйкес стационарлық және жылжымалы көліктік бақылаудың бекеттерінде қызмет атқару үшін бекітілген ауысым;";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Инспекцияның көліктегі бақылау бөлімінің басшысы (ол жоқ болған кезде – оны алмастыратын адам) жылжымалы КББ әрбір ауысымына, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша маршрут карточкасын екі данада жасайды, олардың біреуі Инспекцияда күнтізбелік бір жыл сақталады, басқасы жылжымалы КББ ауысымына тапсырылады.

      Жылжымалы КББ ауысымға шыққанға дейін Инспекцияның көліктегі бақылау бөлімінің басшысы Комитеттің Ахуалдық орталығына бекітілген маршрут карточкасын электрондық форматта жібереді.

      Маршрут карточкасы тәуліктің әртүрлі сағаттарында және жыл мезгілінде көлік құралдары қозғалысының қарқындылығын ескере отырып жасалады. Көлік құралдары қозғалысының қарқындылығы автоматтандырылған өлшеу станцияларының көрсеткіштері бойынша, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі Ұлттық оператордың деректері бойынша, мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлескен іс-шаралардың қорытындылары бойынша айқындалады.

      Инспекцияның көліктегі бақылау бөлімінің басшысы (оның жоқ болу кезіне – оны алмастыратын адам) аптасына 2 рет стационарлық және жылжымалы бекеттің жабдығы мен мүлік тізбелерінде көрсетілген КББ жабдығы мен мүлігінің, сондай-ақ Ахуалдық орталықпен байланыс каналының бар болуын және жұмысқа қабілеттілігін тексереді.

      Инспекция басшысы КББ қызметкерлерінің осы Қағидалардың талаптарын сақтауын, КББ-де тиесілі құрылғылар мен мүліктердің жарамдылығын, сондай-ақ бақылау-өлшеу құралдарына тексерудің уақытылы жүргізілуін қамтамасыз етеді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Жылжымалы КББ табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға, жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізуге, сондай-ақ телевизиялық бейнебақылау жүйесі арқылы мониторинг жүргізу барысында және Комитеттің Ахуалдық орталығына келіп түскен өтініштер бойынша Комитеттің Ахуалдық орталығының кезекшісімен жедел жіберілуі мүмкін.

      Жылжымалы КББ-нің жедел-профилактикалық іс-шараларға, сондай-ақ Инспекцияға келіп түскен заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне қатысуы оны өткізу басталғанға дейін кемінде 2 күн бұрын Инспекцияның Комитетке жазбаша хабарламасы бойынша жүзеге асырылады.";

      17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. КББ қызметкерi көлiктiк бақылау жүргiзудi мынадай тәртiппен қамтамасыз етедi:

      1) бейнежетонды қосады;

      2) көлік құралын (жүк автомобильдері, мамандандырылған және арнайы автомобильдері, автобустарды, шағын автобустарды, жеңіл автомобильдерді) дауыс зорайтқыш құрылғының көмегімен сигнал беру жолымен не жүргізушіге түсінікті болуы тиіс бір мезгілде ысқырып сигнал берумен көлік құралына бағытталған таяқшамен тоқтатады және олардың орындалуы авариялық жағдай туғызбауы үшін уақтылы беріледі немесе автомобиль жолының бөлiнген белдеуінде тұрған көлік құралының жүргізушінен көліктік бақылау жүргізу үшін КББ-ға жүруді талап етеді;

      3) көлік құралына кідірмей жақын келеді, өзін таныстырады, көлік құралын тоқтату себебін түсіндіреді және жүргізушінің талабы бойынша танысу және тегі мен лауазымын анықтау үшін қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын жүргізушіге берместен, оны көрсетеді;

      4) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркелген құжаттарды қоспағанда, мыналарды Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы заңнамасы талаптарының сәйкестігіне сұратады және тексереді:

      көлік құралын басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігін немесе жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлігін және жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты;

      көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті не болмаса көлік құралына меншік құқығы туралы куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты;

      жол парағын;

      алып жүретін жүкке арналған құжатты (тауар-көліктік жүкқұжатты, ілеспе және рұқсат құжаттарды);

      жолаушыларды тасымалдауға арналған құжаттарды (халықаралық тасымалдауға арналған рұқсат құжаттары, жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған куәлік, билет-есепке алу парағы (тұрақты тасымалдау кезінде), жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияның және оған қосымшасының көшірмелерін, борт журналын (тұрақты емес тасымалдау кезінде), жолаушылар тізімін (тұрақты емес тасымалдау кезінде), тұрақты емес тасымалдау қызметіне тапсырыс беруші мен тасымалдаушының арасындағы жазбаша шарттың көшірмесі);

      электрондық (цифрлық) тахографқа арналған әр жүргізушінің карточкасын немесе диаграммалық дискілер, оның ішінде алдағы аптаның өткен күнтізбелік 28 күніне, тахографтан ақпаратты басып шығаруды, тахографты тексеру туралы сертификат, тахографты кезең сайын тексеру туралы куәлік, тахограф істен шыққан жағдайда тахографтан басып шығарылған қағаздың екінші жағында еңбек және демалыс режимінің жазбасы немесе тіркеу парағын;

      жолаушыларда жол жүру құжаттарын (билеттер), багаж түбіртектерін;

      5) тахографтың болуын, оның қолданылуын, сондай-ақ тақтайшалардың болуы және оның мазмұнын;

      автобустың, шағын автобустың, автомобиль таксиінің "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) талаптарына сәйкестігін;

      автобустарда, шағын автобустарда тасымалдауға жол берілмейтін от қауiптi, жарылғыш, улағыш, жеңіл тұтанатын, улы, өткір және күлiмсi иiстi заттарды, құндағы және ілеспе құжаттары жоқ дәрімен атылатын қарудың бар болуын;

      автобус салонында жүктердің болуын;

      6) "Жүргізушілердің еңбегі мен демалысын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1288 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14095 болып тіркелген) талаптарының сақталуын тексереді;

      7) өлшеу құралын, сондай-ақ стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығы немесе жылжымалы мобильді таразыларды қолдану арқылы, осы Қағидалардың 6-тарауында айқындалған тәртіппен, көлік құралының нақты салмақтық және габариттік параметрлерін өлшейдi;

      8) әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін көрсететін Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде, ӘҚБтК көзделген тәртіппен және мерзімдерде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғайды;

      9) тексерілген барлық көлік құралдары туралы мәліметтерді көліктік дерекқордың ақпараттық-талдамалық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Осы тармақтың 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген КББ қызметкерлерінің іс-әрекетіне рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 15 минут.

      Осы тармақтың 8) тармақшасында көзделген КББ қызметкерлерінің іс-әрекетіне рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 60 минут.

      Осы тармақтың 9) тармақшасында көзделген іс-әрекеттерді орындау үшін азаматтық қызметшілер жұмылдырылуы мүмкін.

      Жүргізуші көлік құралын тоқтату туралы талапты орындамаған немесе көлік құралының нақты салмақтық және габариттік параметрлерін тексеру үшін қажетті құжаттарды беруден бас тартқан не өлшеуді жүргізуден бас тартқан жағдайда, ӘҚБтК-нің 804-бабына сәйкес КББ қызметкерлері екі куәгердің қатысуымен (бар болса) немесе аудио-бейнежазбаның техникалық құралдарын қолдана отырып, осы фактіні тіркегеннен кейін ӘҚБтК-нің 41-тарауында көзделген тәртіппен және мерзімде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғайды.

      Жолаушыларды, багажды автомобильмен тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдауды, сондай-ақ жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде автокөлік құралының жол парағында немесе борттық журналында тексеруден өткені туралы белгісін қоймай рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық қарап-тексеруден өтпеген автокөлiк құралдарын пайдалануға шығару, сондай-ақ рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық қарап-тексеруден өтпеген жүргiзушiнiң басқаруына рұқсат беру не ол автокөлік құралының жол парағын немесе борттық журналын ұсынбай, КББ қызметкері:

      1) уақытша сақтау үшін көлік құралын басқа көлік құралын (эвакуаторды) пайдалана отырып, арнаулы алаңдарға, тұрақтарға немесе КББ-не іргелес алаңдарға ұстауды және жеткізуді жүзеге асырады, ол туралы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес белгіленген нысанда акт жасалады;

      2) ұсталған көлік құралын жеткізуге мүмкіндік беретін басқа көлік құралы (эвакуатор) болмаған кезде куәгерлердің қатысуымен оны көзбен шолып тексеруді (қарап-тексеруді) жүргізеді;

      3) жету қиын жерлерде, тиісті хабарлама құралдары болмаған кезде немесе басқа объективті себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретінде тартуға мүмкіндік болмаған кезде тексеру аудио-бейнежазбаның техникалық құралдарын қолдана отырып жүргізіледі;

      4) көлік құралын тексеру аяқталғаннан кейін оның мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін алып қою жүргізіледі және ол жүріс бөлігінен тыс жерде болған кезде жетекші ось дөңгелектеріне екі куәгердің қатысуымен және/немесе аудио-бейнежазбаның техникалық құралдарын қолдана отырып блокаторлар орнатылады, бұл туралы тиісті хаттама жасалады;

      5) ұсталған көлік құралының алып қойылған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі оралады, мөрленеді және КББ қызметкері мен куәгерлердің (бар болса) қолымен куәландырылады;

      6) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралғанға дейін ұсталған көлік құралының алып қойылған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі Инспекция айқындайтын жерде сақталады;

      7) іс қаралғаннан кейін шығарылған қаулыға сәйкес ұсталған көлік құралының жүргізушісіне немесе иесіне алып қойылған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін қайтарады және оның жетекші осінің дөңгелектеріне орнатылған бұғаттағыштарды алып тастауды жүргізеді.

      "Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12221 болып тіркелген) сәйкес тасымалдаушының жауапты техникалық қызметкері (механик-бақылаушы) немесе жақын маңдағы техникалық қызмет көрсету станциясы тоқтаған жерде көлік құралының техникалық жай-күйіне диагностика жүргізу кезінде анықталған көлік құралының ақауы болған жағдайларды қоспағанда, көлік құралы тоқтағаннан кейін немесе оны КББ-де тексеру барысында бұзылған жағдайда жүргізушінің іс-әрекеті КББ қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін жүзеге асыруда кедергілер туғызу ретінде бағалануы тиіс.";

      "18 Осы Қағидалардың 17-тармағында көзделген іс-әрекеттерге бейнежетонға тіркеуді жүзеге асырмай жол берілмейді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Бақылаудан өту туралы мөртабан мыналарға:

      1) Қазақстан Республикасының резиденттері емес шетел тасымалдаушылары үшін рұқсат құжаттарының екінші жағына (бар болған жағдайда), сондай-ақ тексеру нәтижелері туралы актінің көшірмесінде, диаграммалық дискіде немесе тахографтан ақпаратты басып шығарылуында;

      2) Қазақстан Республикасының резиденттері болатын отандық тасымалдаушылар үшін бақылау нәтижелері туралы актінің көшірмесінде, диаграммалық дискіде немесе тахографтан ақпаратты басып шығарылуында қойылады.

      Бақылаудан өту туралы мөртабан көлік құралын жүк жөнелтуші пломбалаған жағдайда қойылады.

      Пломба жоқ болған немесе үзілген жағдайда және жүргізушіде мөртабан қойылған бақылау нәтижелері туралы актінің көшірмесі болған жағдайда, басқа КББ көлік құралының нақты салмақтық және габариттік параметрлеріне тексеру жүргізеді.

      КББ-нің қызметкері жетонның реттік нөмірі берілген жеке мөртабанды пайдаланады.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Көлік құралының нақты салмақтық параметрлерін өлшеу мынадай ретпен өткізіледі:

      1) көлік құралын өлшеуді жүзеге асыру алдында оның мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығын және (немесе) жылжымалы мобильді таразыларға енгізіліп, сондай-ақ онда өлшеу күні мен уақыты белгіленеді;

      2) мобильді таразыларда көлік құралының алдыңғы және артқы біліктерінің дөңгелектерін мобильді таразылардың платформаларына кезекпен мінгізу арқылы кезеңмен өлшеу жүзеге асырылады;

      3) стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығында көлік құралының алдыңғы және артқы біліктерінің немесе біліктер тобының (екі және үш білікті) дөңгелектерін таразылардың платформаларына кезекпен мінгізу арқылы кезеңмен өлшеу жүзеге асырылады;

      4) өлшеу нәтижелері стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығының дисплейінде және (немесе) жылжымалы мобильді таразыларда бейнеленетін мәндердің ауытқуын болдырмайтын күйде стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығының немесе жылжымалы мобильді таразылардың платформаларында көлік құралы толығымен тоқтаған кезде ғана тіркеледі;

      5) көлік құралын өлшеу нәтижелері қағаз тасығышқа шығарылады, көшірмесі жүргізушінің талабы бойынша беріледі.

      Көлік құралының нақты салмақтық параметрлерін мобильді таразыларда өлшеу Комитеттің келісімі бойынша Инспекция басшысы бекіткен тізбеге сәйкес алдын ала белгіленген алаңдарда жүргізіледі.

      Көлік құралының нақты салмақ параметрлерін өлшеуге арналған алаңдар жылжымалы таразы платформаларының биіктігі бойынша ойықтары бар қатты жабындыда және жарықтандырылған учаскелерде орналасады немесе осьтер тобына арналған муляждарды қолдана отырып, көлік құралының барлық осьтерінің біркелкі орналасуын қамтамасыз етеді.

      55-тармақта көзделген КББ қызметкерінің әрекеттеріне рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 20 минут, ал 6 (алты) және одан да көп осьтері бар автокөлік құралына қатысты көлік бақылау жүргізілген жағдайда, мұндай әрекеттерге рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 30 минут.

      Орналасқан жері бойынша алдын ала белгіленген алаңдар болмаған жағдайда көлік құралының нақты салмақ параметрлерін өлшеу қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, автомобиль жолдарының тегіс учаскелерінде жылжымалы таразылармен жүргізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көлік министрінің
міндетін атқарушы
М. Калиакпаров