"Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстарға)қатысушылардың құрамын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 45 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 71 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 4 сәуірде № 34223 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстарға) қатысушылардың құрамын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 45 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13088 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстарға) қатысушылар құрамын қалыптастыру қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1.Халықаралық олимпиадаларға қатысу үшін құрама командаларды дайындау бойынша оқу-жаттығу жиындары Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының базасында да, шетелдік ЖОО-ның оқу-әдістемелік орталықтарында да өткізіледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Әрбір жалпы білім беретін пән бойынша оқу-жаттығу жиынының ұзақтығы күнтізбелік 12 күннен 30 күнге дейін құрайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев