"Қаржылық есептілік аудиті" рәсімдік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 272 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 19 наурыздағы № 161 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 20 наурызда № 34169 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қаржылық есептілік аудиті" рәсімдік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 272 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15209 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қаржылық есептілік аудиті" рәсімдік стандартында:

      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржылық есептілік аудитіне республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15594 тіркелген) бұйрығымен бекітілген көлемде, сондай-ақ нысандары және Қаржылық есептілікті жасау мен ұсыну бойынша (бұдан әрі – Қаржылық есептілік нысандары және оны жасау мен ұсыну қағидалары) және республикалық және жергілікті бюджет есебінен ұсталатын бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14624 тіркелген) бұйрығымен бекітілген Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларында белгіленген көлемде және нысандар бойынша шоғырландырылған қаржылық есептiлiктері жатады.";

      76-тармақтың бірінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын;";

      160-тармақтың бірінші бөлігінің он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 237 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32881 болып тіркелген) Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын;";

      175-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "175. Мемлекеттік аудитор Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне (бұдан әрі - Әлеуметтік кодекс) сәйкес зейнетақы төлемдерін, біржолғы және өзге де төлемдерді, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыруды және жүзеге асыруды тексереді.";

      178-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "178. Мемлекеттік аудитор жеке табыс салығы мен міндетті зейнетақы жарналары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және Әлеуметтік кодексіне сәйкес есептелетініне және басқа да ұстап қалулар (мысалы, алименттер) негізделген болып табылатынына (атқару құжаттарының немесе басқа да растайтын құжаттардың болуы немесе) көз жеткізу үшін қызметкерлердің жалақыларынан жүргізілген ұстап қалуларды тексереді.";

      268-тармақтың он бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес ҚЕ-4-нысаны бойынша қаржылық есептілік;".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жоғары аудиторлық палатасы