"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі | Е. Карашукеев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 192 қаулысына қосымша |
Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Учаскелік комиссиялар туралы ережені бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қарашадағы № 365 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2108 болып тіркелген).
2. "Учаскелік комиссиялар туралы ережені бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қарашадағы № 365 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 37 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4518 болып тіркелген).
3. "Басым дақылдар тізбесі және субсидия нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 254 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25340 болып тіркелген).
4. "Басым дақылдар тізбесі және субсидия нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 254 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 маусымдағы № 136 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28656 болып тіркелген).