Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 10.10.2023 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Учаскелік комиссиялар туралы ережені бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қарашадағы № 365 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2108 болып тіркелген, 2014 жылдың 6 ақпанында "Ақ жол" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Учаскелік комиссиялар туралы ережені, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы";
1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған:
1) осы қаулыға 1- қосымшаға сәйкес учаскелік комиссиялар туралы ережесі;
2) осы қаулыға 2- қосымшаға сәйкес өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттары бекітілсін.";
оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қарашадағы № 365 қаулысына 1- қосымша";
көрсетілген қаулымен бекітілген Учаскелік комиссиялар туралы ережеде:
4- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Комиссиялар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, осы Ережені, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын басшылыққа алады.";
6 - тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) ұсынылған құжаттардың және (немесе) тексеру нәтижелерінің негізінде осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын ескере отырып Қағидаларға сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмек немесе атаулы әлеуметтік көмек берудің қажеттілігі немесе қажеттіліктің жоқтығы туралы қорытындыны дайындау жатады.";
7 – тармақ алып тасталсын;
13- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Комиссия:
Халықты жұмыспен қамту орталығынан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер өтініш берушінің материалдық жағдайын тексерудің нәтижелері негізінде қорытынды дайындап, оны Халықты жұмыспен қамту орталығына немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне береді;
құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, Қағидаларға сәйкес адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы немесе мұқтаждығының жоқтығы туралы қорытынды әзірлейді және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне жібереді.";
осы қаулының қосымшасына сәйкес 2- қосымшамен толықтырылсын.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі | Б. Сапарбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Жамбыл облыстық мәслихаттың хатшысы
Б. Қарашолақов
"____" __________2020 жыл
Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы "___" ________ № ____ қаулысына қосымша |
|
Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы "28" қарашадағы № 365 қаулысына 2- қосымша |
Өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттары
1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттары:
1) жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтығы, оралман, босқын, шетелдік және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адам мәртебесінің бар болуы;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларының 7- тармағына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11426 болып тіркелген) сәйкес Халықты жұмыспен қамту орталығымен немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімімен расталған мәліметтердің бар болуы;
3) учаскелік комиссиямен әзірленген өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша атаулы әлеуметтік көмек беру қажеттігі туралы қорытындының болуы болып табылады.
Өтініш берушіге және (немесе) "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес адамдарға атаулы әлеуметтік көмек беруге қажеттіліктің жоқтығы туралы учаскелік комиссиямен қорытынды шығаруға келесі өлшемшарттардың бірі негіз болып табылады:
1) жалпы тиімді көлемі отбасының бір мүшесіне 18 шаршы метрден аспайтын барлық тұрғын үйлерді, сонымен қатар тиісті актілермен расталатын авариялық жағдайдағы тұрғын үйлерді қоспағанда, оның (олардың) жеке меншік иелігіндегі, соның ішінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға жүгінгенге дейін соңғы бес жыл көлемінде тұруға жарамды иеліктен шығарылған оның (олардың) жеке меншік иелігіндегі біреуден аса тұрғын үйдің бар болуы;
2) оның (олардың) жеке меншігінде, иелігінде және (немесе) қолданысында тұрақты тұрудан басқа табыс алу үшін мақсаттарда қолданылатын жеке жайдың болуы;
3) жергілікті атқарушы органдармен жеке меншікке жер телімін ақысыз түрде беру жағдайын қоспағанда, оның (олардың) жеке меншік тұрғын үйінің бар болуы кезінде оның (олардың) сатып алған жеке тұрғын үй құрылысына арналған жеке меншікте жер телімінің бар болуы;
4) көпбалалы отбасыларды және мүгедек балалар, бірінші және екінші топ мүгедектері бар отбасыларды қоспағанда оның (олардың) жеке меншігінде біреуден астам жеңіл автокөлігі бар болуы;
5) жеке меншігінде және (немесе) уақытша иелігінде, қолданысында техникалық жарамды жағдайда ауыл шаруашылық техникасы және (немесе) автобустың және (немесе) микроавтобустың және (немесе) жүк автокөлігінің және (немесе) троллейбустың және (немесе) жолаушыларды, багажды, жүктерді тасымалдауға арналған арнайы бейімделген және (немесе) арнаулы автомобильдердің немесе теңіз және (немесе) ішкі су және (немесе) әуе көліктерінің бар болуы.