Әйтеке би аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 225 "Әйтеке би ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2023 жылғы 9 қарашадағы № 115 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 13 қарашада № 8438 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Әйтеке би аудандық мәслихатының "Әйтеке би ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2018 жылғы 27 тамыздағы № 225 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-2-162 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешіммен айқындалған Әйтеке би ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерінде және тәртібінде:

      10 тармақтың 8) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "8) телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің өсуін өтеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 33200 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жүргізіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би аудандық
мәслихатының төрағасы
Б. Сейлханов