Көкшетау қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 18 мамырдағы № С-3/5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 25 мамырда № 8572-03 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Көкшетау қаласы бойынша туристердi орналастыру орындарында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристiк жарнаның мөлшерлемелері -болу құнының 3 (үш) пайызы бекiтiлсiн.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көкшетау қалалық мәслихаты төрағасының
      міндетін атқарушысы Н. Сейдалин