Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2023 № 752 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2022 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
"Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 10-4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысымен бекітілген |
Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 10-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
2) жергілікті өкілді орган (бұдан әрі – мәслихат) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган;
3) туристерді орналастыру орындары – мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақжайлар, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен ғимараттар;
4) уәкілетті орган – туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) шетелдіктер – Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің басқа мемлекеттің азаматтығына қатысты екендігінің дәлелі бар адамдар;
6) шетелдіктер үшін туристік жарна операторлары (бұдан әрі – операторлар) – қалалар мен аудандардағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарын беретін тұлғалар;
7) шетелдіктер үшін туристік жарна – қалалар мен аудандардағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін туристерден алынатын төлем.
2-тарау. Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу тәртібі
3. Шетелдіктер үшін туристік жарна туристерден қалалар мен аудандардағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін алынады.
Шетелдіктер үшін төленуге тиісті алынатын туристік жарна сомасы тұру құнына енгізілмейді.
4. Шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың негізінде әзірлейді және тиісті мәслихатқа бекітуге ұсынады.
5. Шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарнаға мынадай мөлшерлемелер қолданылады:
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – болу құнының 0 (нөл) пайызы;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – болу құнының 5 (бес) пайызынан аспайды.
6. Шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін есептеу өткен күнтізбелік жылдың өзекті статистикалық деректері негізінде жүргізіледі.
7. Туристерді орналастыру орындарында шетелдік туристер саны өткен күнтізбелік жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда төмендеген жағдайда шетелдіктер үшін туристік жарнаның мынадай мөлшерлемелері қолданылады:
бес пайызға дейін – болу құнының 5 (бес) пайызы мөлшерінде;
бес пайыздан он пайызға дейін – болу құнының 4 (төрт) пайызы мөлшерінде;
он пайыздан он бес пайызға дейін – болу құнының 3 (үш) пайызы мөлшерінде;
он бес пайыздан жиырма пайызға дейін – болу құнының 2 (екі) пайызы мөлшерінде;
жиырма пайыз және одан жоғары – болу құнының 1 (бір) пайызы мөлшерінде.
8. Туристерді орналастыру орындарында шетелдік туристер саны өткен күнтізбелік жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда артқан жағдайда шетелдіктер үшін туристік жарнаның мынадай мөлшерлемелері қолданылады:
бес пайызға дейін – болу құнының 1 (бір) пайызы мөлшерінде;
бес пайыздан он пайызға дейін – болу құнының 2 (екі) пайызы мөлшерінде;
он пайыздан он бес пайызға дейін – болу құнының 3 (үш) пайызы мөлшерінде;
он бес пайыздан жиырма пайызға дейін – болу құнының 4 (төрт) пайызы мөлшерінде;
жиырма пайыз және одан жоғары – болу құнының 5 (бес) пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Бұл ретте жыл ішінде шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері өзекті статистикалық деректерге және (немесе) маусымға қарай сараланады.
9. Шетелдіктердің туристерді орналастыру орындарында болуының толық емес күні үшін шетелдіктер үшін туристік жарна болу күнінің толық күні ретінде алынады.
10. Шетелдіктер үшін туристік жарна алуды операторлар шетелдіктер жеке басын куәландыратын құжаттарын көрсетіп, туристерді орналастыру орындарында тіркелген кезде жүзеге асырады.
Бұл ретте операторлар шетелдіктерді туристерді орналастыру орындарында тіркеу алдында әрбір болған тәулігі үшін олардан алынатын туристік жарна туралы хабардар етеді.
11. Шетелдіктер туристерді орналастыру орындарынан шыққан кезде операторлар шетелдіктер үшін туристік жарнаның төленгені туралы фактіні растайтын құжаттарды береді.
12. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 11-бабының 5-тармағына сәйкес шетелдіктер үшін туристік жарна республикалық маңызы бар қала, астана және аудандар (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне салықтық емес түсімдер болып табылады.
13. Операторлар шетелдіктер үшін төленген туристік жарнаның есебін жүргізеді және тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей, шетелдіктер үшін туристік жарнадан алынған соманы жергілікті бюджетке аударады.
14. Жергілікті атқарушы орган тоқсан сайын, келесі тоқсанның бірінші айының жиырма бесінен кешіктірмей уәкілетті органға тоқсан ішінде шетелдіктер, оның ішінде "е-Hotel" ("е-Qonaq") ақпараттық жүйесі арқылы тіркелген шетелдіктер үшін туристік жарнаның төленгені туралы мәліметтерді осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жібереді.
Шетелдіктер үшін туристік | |
жарнаны төлеу қағидаларына | |
қосымша | |
Нысан | |
Кімге:_____________________ | |
(уәкілетті органның атауы) | |
кімнен ____________________________ | |
(жергілікті атқарушы органның атауы) |
Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу туралы мәліметтер 20 ___ жылғы __ тоқсанда шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу туралы мынадай мәліметтерді жолдаймыз:
Р/с № | Шетелдіктер үшін туристік жарна операторының атауы | Шетелдіктің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Азаматтыққа қатыстылығы (ел) | Тұру ұзақтығы | Жергілікті бюджетке аударылған шетелдіктер үшін туристік жарна сомасы |
---|---|---|---|---|---|
1. | |||||
2. | |||||
3. | |||||
Жиыны: |
Жергілікті атқарушы
органның лауазымды тұлғасы _______________ ______________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөрдің орны