"Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс істеу және тарату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 919 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 1 желтоқсандағы № 416-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 желтоқсанда № 33721 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс істеу және тарату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 919 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18082 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс істеу және тарату қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. ТК қызметін қамтамасыз ету, хат-хабар жүргізу, ТК отырысына құжаттарды дайындау және ресімдеу мақсатында төраға, оның орынбасары (қажет жағдайда), жауапты хатшысынан және шет тілін білетін сарапшыдан тұратын хатшылық жұмыс істейді.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. ТК жұмыс жоспары жоспарланған жұмыстарды орындайтын жыл алдындағы жылдың 15 желтоқсанына дейін СҰО жіберіледі.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. ТК мынадай жағдайларда:

      1) осы Қағидаларда және негізге алынатын ұлттық стандартта көрсетілген функцияларды орындамаған кезде;

      2) ТК бастамасы бойынша (негіздемесімен);

      3) қанағаттанарлықсыз рейтингтік бағалау кезінде, сондай-ақ екі жыл ішінде жыл қорытындысы бойынша ТК қызметі туралы есеп ұсынылмаған кезде таратылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
А. Шаккалиев