Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 29 қарашадағы № 859 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 желтоқсанда № 33708 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
К. Шарлапаев

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2023 жылғы 29 қарашадағы
№ 859 Бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Авария, өрт, табиғи апат салдарын жою кезінде және басқа да төтенше оқиғалар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 502 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11561 болып тіркелген):

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      2. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1097 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12948 болып тіркелген):

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 49) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      3. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 24.08.2026 № 593 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      4. "Жол қауіпсіздігін және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 22 шілдедегі №757 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14161 болып тіркелген):

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 63) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Облыстардың, және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының полиция департаменттерінің, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары:

      1) ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықтың талаптарын зерделеуін, сондай-ақ Нұсқаулықта көзделген қызметтік құжаттаманы дайындауды қамтамасыз етсін;

      2) ішкі істер органдарының жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген жол қауіпсіздігін және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жол қауіпсіздігін және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 63) тармақшасына сәйкес әзірленді және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыруға арналған.";

      8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) халықаралық, республикалық және облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, ақылы автожолдар мен олардағы жол құрылыстарын – Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың ПД әкімшілік полиция бөлімі (бөлімшесі, тобы) қызметкерлерінің;";

      17-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) халықаралық, республикалық және облыстық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, ақылы автожолдар мен олардағы жол құрылыстарын ‒ Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың ПД әкімшілік полиция бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) қызметкерлері;";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Автомобиль жолдарын қысқы кезеңде күтіп ұстауға жол және коммуналдық ұйымдардың дайындығын комиссиялық тексеруді уәкілетті органның, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың ТЖД қызметкерлерінің қатысуымен автомобиль жолдарының иелері, жергілікті атқарушы органдар 15 қыркүйектен бастап 15 қарашаға дейін жүргізеді. Нәтижелері осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес актіде белгіленеді.";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Пайдаланудағы көлік құралдарының конструкциясын және техникалық жай-күйін бақылау кезінде тексеруге жататын құжаттардың тізбесі, сондай-ақ бақылау нәтижелерін ресімдеу тәртібі "Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген) және "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрықтарының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) талаптарына сәйкес айқындалады.";

      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерін қабылдау сынақтары жөніндегі комиссияның құрамына ӘПК-нің уәкілетті қызметкері немесе ӘПК-нің жазбаша тапсырмасы бойынша, аумағында сынақтар өткізу болжанып отырған, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың ПД Әкімшілік полиция басқармасының (бұдан әрі ‒ ӘПБ) өкілі қатысады.";

      2-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес.

  Бұйрыққа
қосымша
  Жол қауіпсіздігін және
регламенттерді, нормативтер
мен стандарттарды сақтау
саласында әкімшілік полиция
бөлімшелерінің қызметін
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа
2-қосымша

__________________ облысы (қаласы) бойынша жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның НҰСҚАМАСЫ

      ___________________________________________________________ басшысы

      (заңды тұлғаның атауы)

      __________________________________________________________________

      (заңды тұлға басшысының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      ___________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның мекенжайы)

      "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 23-бабына сәйкес:

      1. Автомобиль жолдарын (теміржол өтпелерін) тексеру актісінде көрсетілгендерді жоюға шаралар қабылдау.

      2. Осы нұсқаманы қарау нәтижелері және қабылданған шаралар туралы __________________ облысы (қаласы) бойынша жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға 20__жылғы "__"________ дейін хабарлау қажет.

      3. Осы нұсқаманы орындамау немесе тиісінше орындамау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

      ____________________ облысы (қаласы) бойынша жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамы ___________

      ______________________________________________

      (қолы, Т.А.Ә.(ол болған жағдайда))

      Осы нұсқамамен таныстым және нұсқаманың бір данасын алдым

      20 __ жылғы "____" __________

      Заңды тұлғаның басшысы не оның өкілі _______________________________________

      (қолы, Т.А.Ә.(ол болған жағдайда))