Авария, өрт, табиғи апат салдарын жою кезінде және басқа да төтенше оқиғалар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 502 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 шілдеде № 11561 тіркелді.

      2015 жылғы 22 маусымдағы № 607 "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің Ережесі 16-тармағының 14-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Авария, өрт, табиғи апат салдарын жою кезінде және басқа да төтенше оқиғалар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция (И.В. Лепеха), Төтенше жағдайлар (В.В. Петров) комитеттеріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 1 маусымдағы
№ 502 бұйрығына
қосымша

Авариялар, өрт, стихиялық зардаптар салдарын жою кезінде және
басқа да төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды
ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2019 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Авариялар, өрт, стихиялық зардаптар салдарын жою кезінде және басқа да төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық авариялар, өрт, стихиялық зардаптар салдарын жою кезінде және басқа да төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша әкімшілік полиция және мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлері арасындағы өзара іс-қимыл жасасуды нақтылайды.

      2. Осы нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

      1) ІІО – ішкі істер органдары;

      2) ӘПб – әкімшілік полиция бөлімдері (бөлімшелер, топтар);

      3) МӨҚҚО - мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары

      4) АҚО – азаматтық қорғау органы;

      5) ПП – патрульдік полиция;

      6) ТЖ – төтенше жағдай;

      7) ТЖД БКДҚ – Төтенше жағдайлар департаментінің бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2019 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Өрт салдарын жою кезінде ішкі істер органдары мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің өзара іс-қимыл жасасуының негізгі бағыттары

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2019 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. ІІО бөліністері:

      1) өрт орнын (аумағын) қоршауды қамтамасыз етеді;

      2) өрт бөліністері келгенге дейін ТЖ аумағынан адамдарды құтқару және эвакуациялау бойынша іс-шараларды жүргізеді;

      3) ТЖ орнына мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының, сондай-ақ қосалқы қызметтердің күштері мен құралдарының кедергісіз жүруін ұйымдастырады;

      4) бөгде адамдардың өрт (ТЖ) орнына кіріп кету фактісін болдырмау бойынша шаралар қабылдайды;

      5) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ бұзықылық фактілерін болдырмау үшін бекітілген бағыттар бойынша ТЖ аумағына патрульдеуді жүргізеді;

      6) ІІО қызметкерлерінің ТЖ орнынан кетуі өрт сөндіру басшысымен келісіледі;

      4. МӨҚҚО бөліністеріне:

      1) аумақтық өртке қарсы қызмет органдары бөліністерінің қажетті күштері мен құралдарын өрт орнына жедел жолдау;

      2) ТЖ аймағында зардап шегушілерді іздеу және құтқару;

      3) өрт оқшаулау және сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу;

      4) зардап шегушілерге бірінші дәрігерге дейін медициналық және психологиялық көмек көрсету;

      5) ТЖ аймағынан зардап шегушілерді эвакуациялау;

      6) қажетті өзара іс-қимыл жасасатын қызметтері ТЖ жою бойынша жұмыстарға тарту үшін құлақтандыру жүктеледі.

3-тарау. Авариялардың, стихиялық зардаптардың салдарын жою кезінде және басқа да төтенше жағдайлар кезінде патрульдік полиция бөліністері мен қалалық және аудандық буындағы азаматтық қорғау органдарының өзара іс-қимыл жасасуын ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша негізгі бағыттар

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2019 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. ПП қызметкерлері басқа ІІО қызметтерімен бірлесіп, зардап шегушілерге көмек көрсету, қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ТЖ аймағында бұзақылық фактілерін болдырмау мақсатында бекітілген бағыттар бойынша патрульдеуді жүргізеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2019 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. ІІО бөліністеріне:

      1) ПП қызметкерлерінің мүдделі қызметтерге жүктелген функцияларды орындауына көмек көрсету үшін уақтылы шығуды ұйымдастыру (ІІО кезекші бөлімі кезекшісінің немесе ТЖД БДКҚ кезекшісінің хабарламасы бойынша) және ТЖ орнынан кету уақытын ТЖ жою басшысы белгілейді;

      2) жүргізушілер мен азаматтарды қауіптілік және сақтықтың қажетті шаралары туралы ескерту;

      3) құзыреттілік бөлігінде ЖКО фактісін тіркеу және орнын күзету, ТЖ аймағында қозғалысты уақытша шектеу және зақымдалған көлік құралдарын эвакуациялау;

      4) республикалық және халықаралық маңызы бар трассаларда ТЖ туралы бар ақпаратты, оның ішінде жолдың белгілі бір учаскелерінде көлік құралдарының қозғалысы уақытша шектелгені туралы, сондай-ақ қолайсыз жол-климаттық жағдайларда және жол жүрісі қауіпсіздігіне қауіпті басқа да жағдайларда ТЖД БДКҚ-ге уақтылы беру;

      5) ПП жасақшаларының қажетті санын ТЖ болған орындарға қою;

      6) жолдарда ТЖ жою, оларды түбіне дейін жою бойынша жұмыстарды жүргізу барысында қоғамдық тәртіпті сақтауды және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      7) АҚО күштері мен құралдарының ТЖ орнына қысқа және қауіпсіз қозғалыс бағытын белгілеу, сондай-ақ олардың кедергісіз жүруін ұйымдастыру;

      8) жолдарда жағдай қиындаған кезде ПП бөліністерінің жеке құрамын қызмет өткерудің күшейтілген түріне көшіру;

      9) ТЖ орнына АҚО күштері мен құралдарын кедергісіз жүруін ұйымдастыру;

      10) ауа-райы жағдайы нашарлаған сәттен бастап немесе дауылды ескерту алған кезде, сондай-ақ осы жолдың учаскесінде автокөлік пен адамдардың қозғалысы туралы ақпарат алған кезде өтіп жатқан құралдарды есепке алу және тіркеу жүктеледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2019 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. АҚО бөліністеріне:

      1) халықтан, объектілер мен ұйымдардан автомобиль жолдардағы ТЖ қаупі немесе туындауы туралы ақпараты бар кез-келген оқиғалар туралы хабарламаларды қабылдау;

      2) АҚО аумақтық бөліністерінің қажетті күштері мен құралдарын шақыру орнына жедел жолдау;

      3) ТЖ аймағында зардап шеккендерді іздеу және құтқару;

      4) өртті оқшаулау және өшіру, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу учаскелерінде (объектілерінде) түтінге қарсы іс-шаралар жүргізу;

      5) зардап шегушілерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету

      6) қауіпті аймақтан (бұғатталған орындардан) зардап шеккендерді эвакуациялауға қатысу;

      7) халықты қауіпті орындардан қауіпсіз аудандарға шығару;

      8) қажетті өзара іс-қимыл жасасатын қызметтерді автомобиль жолдарында ТЖ жою бойынша жұмыстарға тарту үшін құлақтандыру;

      9) бұқаралық ақпарат құралдарында ТЖ туындау фактілері және жүргізіліп жатқан жұмыс туралы уақтылы жариялау жүктеледі.

      8. Республикалық маңызы бар трассаларда ТЖ-ны жоюға тартылатын күштер мен құралдардың құрамын ТЖ-ны жою басшысы айқындайды. Күштердің құрамына ПП және ІІО басқа да қызметтердің қызметкерлері, ТЖД азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, егер ТЖ аймағында немесе жақын жерде болса ТЖК трассалық медициналық-құтқару пункттерінің қызметкерлері кіреді. Құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жылжымалы техникалық құралдармен және байланыс құралдарымен азаматтық қорғау органдары қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2019 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.