БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Г. Бейсембаев |
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2023 жылғы 7 тамыздағы № 250 Бұйрықпен бекітілді |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 543 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7409 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
2. "Білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың түрлерін, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
3. "Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 18 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13067 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 34) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Орта білім беру ұйымдарындағы сынып жетекшілігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 34) тармақшасына сәйкес әзірленді.".
4. "Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13085 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 39) тармақшасына сәйкес білім алушыларды сапалы мектеп формасымен қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.";
5. "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау бойынша қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 44 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13070 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 49) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мемлекеттік мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 49) тармақшасына сәйкес әзірленді.".
10-тармақ мынадай редацияда жазылсын:
"10. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханаларында:
1) бастауыш білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 348 бұйрық) іске асыратын білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 115 бұйрық) бастауыш білімнің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес толық оқыту кезеңінде білім алушылар контингентіне қатысты, оның ішінде оқыту тілі бойынша оқу әдебиеттері қорының, сондай-ақ қосымша, анықтамалық, ғылыми-танымал, ғылыми-танымдық, көркем және публицистикалық әдебиеттердің болуы;
2) негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында № 348 бұйрығымен бектілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және № 115 бұйрығымен бекітілген негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес толық оқыту кезеңінде білім алушылар контингентіне қатысты оқу әдебиеті қорының, оның ішінде оқыту тілі бойынша оқу-әдістемелік кешендер мен сандық білім беру ресурстарының, сондай-ақ қосымша, анықтамалық, ғылыми-танымал, ғылыми-танымдық, көркем және публицистикалық әдебиеттердің болуы;
3) техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары – № 348 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес даярланатын мамандық біліктіліктері бойынша толық оқу кезеңіне білім алушылардың контингентіне қатысты оқу жұмыс жоспарына сәйкес баспа және электрондық басылымдар форматында оқу және ғылыми әдебиеттің кітапхана қорының, сондай-ақ қосымша, анықтамалық, ғылыми-танымал, ғылыми-танымдық, көркем және публицистикалық әдебиеттердің болуы;
рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін дінтану сараптамасынан өткен оқу әдебиеті қорының болуы;
4) орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары – № 348 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес даярланатын мамандық біліктіліктері бойынша толық оқу кезеңіне білім алушылар контингентіне қатысты оқу жұмыс жоспарына сәйкес баспа және электрондық басылымдар форматында оқу және ғылыми әдебиеттің кітапхана қорының, сондай-ақ қосымша, анықтамалық, ғылыми-танымал, ғылыми-танымдық, көркем және публицистикалық әдебиеттердің болуы;
рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін дінтану сараптамасынан өткен оқу әдебиеті қорының болуы;
5) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары – кадрлар даярлау бағытының білім беру бағдарламасы пәндерінің 100%-ын қамтамасыз ететін, оның ішінде оқыту тілдері бойынша шығарылған соңғы он жылдағы баспа және электрондық басылымдар форматындағы оқу және ғылыми әдебиеттің кітапханалық қорының, сондай-ақ білім алушылардың қосымша, анықтамалық, ғылыми-танымал, ғылыми-танымдық, көркем және публицистикалық әдебиеттердің болуы.";
38-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"Мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер оқулықтарды, сондай-ақ оқулыққа ілеспе әдістемелік нұсқаулық түріндегі оқу және әдістемелік басылымдарды, жұмыс дәптері, хрестоматияларды, диктанттар жинағы, тапсырмалар мен жаттығулар жинағын, картографиялық атласты, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, Үлгілік оқу жоспарларына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 50) тармақшасына сәйкес әзірленген Орта білім беру ұйымдары үшін оқулықтардың құрылымы мен мазмұнына және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерге қойылатын талаптарға сәйкес алады.".
6. "Техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 484 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17540 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы "Техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу тәртібін айқындайды.
7. "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 219 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20695 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау қағидасында:
"Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) арнаулы әлеуметтік көрсетілген қызметтерге мұқтаж кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы және қолдау орталықтарындағы балалар;".