"Тауарлар мен көлік құралдарының келуі және кедендік транзитінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 216 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 19 шiлдедегi № 777 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 24 шiлдеде № 33143 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауарлар мен көлік құралдарының келуі және кедендік транзитінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 216 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16535 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 154-бабының 4-тармағына, 225-бабының 7-тармағына, 231-бабының 6, 11-тармақтарына және 429-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар ету күні мен уақытын тіркеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабарламаның күні мен уақытын тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 154-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және келу орындарында орналасқан мемлекеттік кірістер органдарының уәкілетті лауазымды тұлғаларының (бұдан әрі – уәкілетті лауазымды тұлға) Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік аумағына тауарлардың келуі туралы хабарламаның күні мен уақытын тіркеу тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тасымалдаушы, кеден өкілі не тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге де тұлғалар осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді ұсынғаннан кейін уәкілетті лауазымды тұлға 1 (бір) сағат ішінде келу туралы хабарламаны қабылдауды, тексеруді және тіркеуді жүзеге асырады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кедендік транзит кедендік рәсімнің қолданысын аяқтамай тауарларды жеткізу орнын өзгерту қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтамай тауарларды жеткізу орнын өзгерту қағидалары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 225-бабы 7-тармағына сәйкес әзірленді және егер осындай жеткізу орны жөнелтуші кеден ораны тауарларды жеткізу орнын алғаш белгілеген сол межелі кеден органының қызмет аймағында орналасқан болса, кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтамай тауарларды жеткізу орнын өзгертумен байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін айқындайды.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін ұсынылатын құжаттарды беруді тіркеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін табыс етілетін құжаттарды беруді тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 231-бабы 6-тармағына сәйкес әзірленді және кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды тасымалдаушының не декларанттың кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін межелі кеден органына құжаттарды беруін тіркеу тәртібін айқындайды.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының аяқталуына байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтаумен байланысты кедендік операцияларды жасау қағидалары (бұдан әрі –Қағида) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 231-бабы 11-тармағына сәйкес әзірленді және кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы тауарларды уақытша сақтауға, тауарды шығаруға орналастырумен аяқталу жағдайларын айқындайды, сондай-ақ осындай жағдайларда, кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтаумен байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау үшін табыс етілген құжаттарды беруді тіркегеннен кейін, кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуы тауарларды уақытша сақтауға орналастырумен, кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес тауарларды шығарумен, мынадай жағдайларда тауарлардың кедендік аумақтан кетуімен:

      1) Кодекстің 47-тарауында көзделген кедендік бақылау нысанын қолданудың нәтижесінде анықталған Еуразиялық экономикалық одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзу белгілері болған кезде – тауарларды уақытша сақтауға орналастырған;

      2) Кодекстің 185-бабына сәйкес алдын ала кедендік декларациялау кезінде – мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес тауарларды шығару;

      3) мұндай тауарларды әуе көлігімен тасымалдау кезінде Кодекстің 16-тарауына сәйкес тауарлардың кетуімен аяқталады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы аумағы бойынша көлік құралдарын және тауарларды кедендік алып жүру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 429-бабы 7-тарағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғаларының (бұдан әрі уәкілетті лауазымды тұлға) кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын немесе кедендік бақылаудағы көлік құралдарын (бұдан әрі – тауарлар) кедендік алып жүруді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Е. Биржанов