Тауарлар мен көлік құралдарының келуі және кедендік транзитінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 216 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 наурызда № 16535 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 154-бабының 4-тармағына, 225-бабының 7-тармағына, 231-бабының 6, 11-тармақтарына және 429-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 19.07.2023 № 777 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса берілген:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар ету күні мен уақытын тіркеу қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Кедендік транзит кедендік рәсімнің қолданысын аяқтамай тауарларды жеткізу орнын өзгерту қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін ұсынылатын құжаттарды беруді тіркеу қағидалары;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының аяқталуына байланысты кедендік операцияларды жасау қағидалары;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру қағидалары бекітілсін.

      2. "Тауарлар мен көлік құралдарының кедендік транзитінің және оларды уақытша сақтаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 249 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізімінде № 10884 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 216 бұйрығына
1-қосымша

Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар ету күні мен уақытын тіркеу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабарламаның күні мен уақытын тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 154-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және келу орындарында орналасқан мемлекеттік кірістер органдарының уәкілетті лауазымды тұлғаларының (бұдан әрі – уәкілетті лауазымды тұлға) Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік аумағына тауарлардың келуі туралы хабарламаның күні мен уақытын тіркеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 19.07.2023 № 777 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Тауарлардың келуі туралы хабарламаның күні мен уақытын тіркеу тәртібі

      2. ЕАЭО кедендік аумағына тауарлар келгеннен кейін тасымалдаушы келу орнында орналасқан мемлекеттік кірістер органына Кодекстің 155-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтерді не электронды құжат түрінде ұсынылған алдын ала ақпараттың тіркеу нөмірі туралы мәліметтер қамтылған құжатты табыс етеді.

      Тасымалдаушының атынан құжаттар мен мәліметтерді кеден өкілі не тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге тұлғалар ұсынуға жол беріледі.

      Құжаттар қағаз тасымалдағышында не электронды құжат түрінде табыс етіледі.

      3. Тасымалдаушы, кеден өкілі не тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге де тұлғалар осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді ұсынғаннан кейін уәкілетті лауазымды тұлға 1 (бір) сағат ішінде келу туралы хабарламаны қабылдауды, тексеруді және тіркеуді жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 19.07.2023 № 777 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Кодекстің 155-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтердің болуын тексеру аяқталғаннан кейін уәкілетті лауазымды тұлға келуі туралы хабарламаны тіркейді.

      Келуі туралы хабарламаны тіркеу осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЕАЭО кедендік аумағына тауарлардың келуі туралы хабарламаны тіркеу журналында (бұдан әрі – Тіркеу журналы) жүзеге асырылады.

      Келуі туралы хабарламаның тіркеу нөмірі мынадай схема бойынша қалыптастырылады:

      11111/222222/333333,

      мұнда:

      11111 – тауарлардың келуі туралы хабарламаны тіркеуші уәкілетті лауазымды тұлғаның, мемлекеттік кірістер органының коды;

      222222 – келуі туралы хабарламаның күні (күні, айы және жылдың соңғы екі цифры);

      333333 – тіркеу журналы бойынша берілетін келуі туралы хабарламаның реттік нөмірі.

      5. Тіркеу журналы нөмірленуге, тігілуге және мемлекеттік кірістер органының мөрімен бекітілуге тиіс.

      Әр келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап Тіркеу журналының нөмірленуі бір санынан басталады.

      6. ЕАЭО кедендік аумағына келуі туралы хабарламаның тіркеу нөмірі, сондай-ақ тіркеу күні мен уақыты көліктік (тасымалдау) және коммерциялық құжаттарының бірінші бетіне не электронды құжат түрінде ұсынылған алдын ала ақпараттың тіркеу нөмірі туралы мәліметтер қамтылған құжатқа қойылады, ол уәкілетті лауазымды тұлғаның қолы қойылып және жеке нөмірлі мөрінің бедерімен куәландырылады.

      ЕАЭО аумағына тауарлар теміржол көлігімен келген жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер темір жол жылжымалы құрамына арналған беру ведомосына қойылады.

      Егер осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттар электронды құжат түрінде берілген жағдайда келуі туралы хабарламаның тіркеу нөмірі туралы мәліметтер, сондай-ақ тіркеу күні мен уақыты осындай құжатты ұсынған тұлғаның ақпараттық жүйесіне жолданады.

      7. Егер мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері келуі туралы хабарламаны ақпараттық жүйелер арқылы тіркеуге мүмкіндік берген жағдайда, қағаз түрінде Тіркеу журналын жүргізу талап етілмейді. Бұл ретте келуі туралы хабарламаны тіркеу мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып жүргізіледі.

  Тауарлардың келуі туралы
хабарламаның күні мен уақытын
тіркеу қағидаларына қосымша
  нысан

ЕАЭО кедендік аумағына тауарлардың келуі туралы хабарламаны тіркеу журналы

      ___________________________________________________

      (келу орнындағы мемлекеттік кірістер органдарының атауы және коды)

ЕАЭО кедендік аумағына келуі туралы хабароаманың реттік нөмірі

Келуі туралы хабарламаны қабылдау күні мен уақыты

Көлік құралының/тіркеменің тіркеу нөмірі

Тасымалдаушының атауы

Көліктік (тасымалдау) құжаттарының нөмірі мен күні

Келуі туралы хабарламаны тіркеген уәкілетті лауазымды тұлғаның, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және жеке нөмірлік мөрінің нөмірі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 216 бұйрығына
2-қосымша

Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтамай тауарларды жеткізу орнын өзгерту қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтамай тауарларды жеткізу орнын өзгерту қағидалары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 225-бабы 7-тармағына сәйкес әзірленді және егер осындай жеткізу орны жөнелтуші кеден ораны тауарларды жеткізу орнын алғаш белгілеген сол межелі кеден органының қызмет аймағында орналасқан болса, кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтамай тауарларды жеткізу орнын өзгертумен байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 19.07.2023 № 777 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Егер транзиттік декларацияда не Кодекстің 176-бабына сәйкес транзиттік декларация ретінде пайдаланылатын құжаттарда межелі кеден органының қызмет аймағында орналасқан жеткізу орны көрсетілген болса, онда межелі кеден органы, егер осындай жеткізу орны жөнелтуші кеден ораны тауарларды жеткізу орнын алғаш белгілеген сол межелі кеден органының қызмет аймағында орналасқан болса, көліктік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген мәліметтерге қарамастан жеткізу орнын өзгерту үшін негіздемені растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, сондай-ақ кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау тәуекелдерді басқару жүйесімен қарастырылмаса, тасымалдаушының немесе тауарларға қатысты өкілеттікке ие тұлғаның дәлелді жүгінуі бойынша кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтамай тауарларды жеткізу орнын өзгертуі мүмкін.

      3. Осы Қағидаларда қолданылатын өзге де ұғымдар Кодекске сәйкес қолданылады.

2-тарау. Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтамай тауарларды жеткізу орнын өзгерту тәртібі

      4. Жеткізу орнын өзгертуге межелі кеден органының рұқсатын алу үшін, тасымалдаушы немесе тауарға қатысты өкілеттікке ие тұлға еркін нысанда жасалған тауарлардың жеткізілу орнын өзгерту туралы өтінішпен межелі кеден органына жүгінеді. Тауарлардың жеткізілу орнын өзгерту қажеттілігі туралы өтінішке жеткізілу орнын өзгертуді растайтын құжаттар, транзиттік декларация, сондай-ақ тауарларға қатысты онда бар басқа да құжаттар қоса ұсынылады.

      Егер транзиттік декларация электронды құжат түрінде берілген жағдайда, транзиттік декларацияның нөмірін тіркеу туралы мәлімет қамтылған құжат ұсынылады.

      Егер жеткізу орнын өзгертуге арналған өтініш электронды құжат немесе қағаз құжатының электронды көшірмесі түрінде ұсынылған жағдайда, жеткізу орнын өзгерту қажеттілігін растайтын қағаз тасымалдағышандағы құжаттардың электронды көшірмесі қоса беріледі.

      5. Өтінішті және осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей межелі кеден органы Жеткізілу орнын өзгерту туралы шешімді қабылдайды.

      Шешім келіп түскен өтінішке мемлекеттік кірістер органы басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның тиісті қарарын қою арқылы ресімделеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.10.2018 № 939 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Жеткізілу орнын өзгерту туралы шешім қабылданғаннан кейін межелі кеден органының уәкілетті лауазымды тұлғасы транзиттік декларацияда және транзиттік декларацияға қоса берілетін басқа құжаттарда жаңа жеткізу орны туралы мәліметтерді көрсету арқылы жеткізілу орнын өзгертуді ресімдейді, уәкілетті лауазымды тұлғаның қолымен және жеке нөмірлі мөрінің бедерімен куәландырылады.

      Егер транзиттік декларация электронды құжат түрінде берілген жағдайда, жеткізудің жаңа орны туралы мәлімет транзиттік декларацияның нөмірін тіркеу туралы мәлімет қамтылған құжатта ұсынылады.

      Егер жеткізу орнын өзгерту туралы өтініш межелі кеден органына электронды құжат немесе қағаз құжатының электронды көшірмесі түрінде ұсынылған жағдайда, жеткізу орнын өзгерту туралы мәлімет осындай өтінішті ұсынған тұлғаның ақпараттық жүйесіне жолданады.

      7. Егер өтініште өтінішті жолдаған тұлғаның қалауы ақпараттандыру тәсілі (пошталық мекенжайы, электронды пошта мекенжайы) көрсетілген жағдайда межелі кеден органы қабылдаған шешім өтініште көрсетілген тәсілге сәйкес жолданады.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 216 бұйрығына
3-қосымша

Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін табыс етілетін құжаттарды беруді тіркеу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін табыс етілетін құжаттарды беруді тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 231-бабы 6-тармағына сәйкес әзірленді және кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды тасымалдаушының не декларанттың кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін межелі кеден органына құжаттарды беруін тіркеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 19.07.2023 № 777 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын өзге де ұғымдар Кодекске сәйкес қолданылады.

2-тарау. Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін табыс етілетін құжаттарды беруді тіркеу тәртібі

      3. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды тасымалдаушы не декларант кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін құжаттарды беруді тіркеу үшін Кодекстің 231-бабына сәйкес межелі кеден органына транзиттік декларацияны тіркеу нөмірі (егер транзиттік декларация жөнелтуші кеден органына электронды құжат түрінде ұсынылған жағдайда) немесе транзиттік декларация (олардың көшірмелері) не транзиттік декларация ретінде пайдаланылатын көліктік (тасымалдау), коммерциялық не жөнелтуші кеден органының кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығару туралы белгісімен өзге де құжаттар (оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған), сондай-ақ тауарларға қатысты онда бар басқа да құжаттар қоса ұсынылады.

      Тасымалдаушының атыннан осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді осындай тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін тұлғаларға жасауға жол беріледі.

      4. Межелі кеден органының уәкілетті лауазымды тұлғасы (бұдан әрі - уәкілетті лауазымды тұлға) осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылған сәттен бастап бір сағат ішінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін межелі кеден органына ұсынылатын Құжаттарды беруді тіркеу журналына (бұдан әрі - Тіркеу журналы) құжаттарды беруді тіркейді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.10.2018 № 939 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Тіркеу журналы нөмірленуге, тігілуге және межелі кеден органының мөрімен бекітілуге тиіс.

      Әр келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап Тіркеу журналының нөмірленуі бір санынан басталады.

      6. Егер мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйелері кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін ақпараттық жүйе арқылы құжаттарды беруді тіркеуге мүмкіндік берген жағдайда, қағаз түрінде Тіркеу журналын жүргізу талап етілмейді. Бұл рете кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін құжаттарды беруді тіркеу межелі кеден органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып жүргізіледі.

      7. Егер осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттар межелі кеден органында тіркеу үшін қағаз тасымалдағышында ұсынылған жағдайда Тіркеу журналы бойынша тіркеу нөмірі, құжаттарды тіркеу күні мен уақытын уәкілетті лауазымды тұлға ұсынылған құжаттардың бірінші бетінде көрсетеді, уәкілетті лауазымды тұлғаның қолымен және жеке нөмірлі мөрінің бедерімен куәландырылады.

      Егер осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттар межелі кеден органында тіркеу үшін электронды құжат түрінде ұсынылған жағдайда Тіркеу журналы бойынша тіркеу нөмірі, құжаттарды тіркеу күні мен уақыты осындай құжаттарды ұсынған тұлғаның ақпараттық жүйесіне жолданады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.10.2018 № 939 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін табыс етілген құжаттарды беруді тіркегеннен кейін уәкілетті лауазымды тұлға "Кедендік транзит кедендік рәсімін қолданудың кейбір мәселелері туралы" Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 170 шешімімен бекітілген, Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтаумен және тоқтатумен байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібіне сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтаумен байланысты кедендік операцияларды жасайды.

  Кедендік транзит кедендік
рәсімін аяқтау үшін табыс
етілетін құжаттарды беруді
тіркеу қағидаларына
қосымша
  нысан

Межелі кеден органында кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін табыс етілетін құжаттарды беруді тіркеу журналы

      _________________________________ (межелі кеден органының атауы мен коды)

Межелі кеден органына құжаттарды беруді тіркеудің реттік нөмірі

Құжаттарды беруді тіркеу үшін құжаттарды қабылдау күні мен уақыты

Көлік құралының/тіркеменің мемлекеттік тіркеу нөмірі

Көліктік (тасымалдау) құжаттарынасәйкес жалпы брутто салмағы (килограмм), қосымша өлшем бірлігіндегі көлемі

Тасымалдаушының атауы

Халықаралық жол тасымалы кітапшасының нөмірі (бұдан әрі – ХЖТ) (ХЖТ Конвециясына сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде)

Көліктік (тасымалдау) құжаттардың нөмірі мен күні

Кедендік қарап тексеру (тексеріп қарау) актісінің нөмірі мен күні бар болса

Берілген құжаттарды тіркеген уәкілетті лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және жеке нөмірлі мөрінің нөмірі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 216 бұйрығына
4-қосымша

Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтаумен байланысты кедендік операцияларды жасау қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтаумен байланысты кедендік операцияларды жасау қағидалары (бұдан әрі –Қағида) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 231-бабы 11-тармағына сәйкес әзірленді және кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы тауарларды уақытша сақтауға, тауарды шығаруға орналастырумен аяқталу жағдайларын айқындайды, сондай-ақ осындай жағдайларда, кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтаумен байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 19.07.2023 № 777 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын өзге де ұғымдар Кодекске сәйкес қолданылады.

2-тарау. Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтаумен байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі

      3. Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау үшін табыс етілген құжаттарды беруді тіркегеннен кейін, кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуы тауарларды уақытша сақтауға орналастырумен, кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес тауарларды шығарумен, мынадай жағдайларда тауарлардың кедендік аумақтан кетуімен:

      1) Кодекстің 47-тарауында көзделген кедендік бақылау нысанын қолданудың нәтижесінде анықталған Еуразиялық экономикалық одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзу белгілері болған кезде – тауарларды уақытша сақтауға орналастырған;

      2) Кодекстің 185-бабына сәйкес алдын ала кедендік декларациялау кезінде – мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес тауарларды шығару;

      3) мұндай тауарларды әуе көлігімен тасымалдау кезінде Кодекстің 16-тарауына сәйкес тауарлардың кетуімен аяқталады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 19.07.2023 № 777 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген жағдайларда межелі кеден органының уәкілетті лауазымды тұлғасы (бұдан әрі - уәкілетті лауазымды тұлға) жазбаша еркін нысанда не электронды құжатты қалыптастыру арқылы:

      кедендік транзит кедендік рәсімінің тасымалдаушысын не декларантын тауарларды уақытша сақтауға орналастырумен байланысты кедендік операцияларды жасау қажеттілігі туралы;

      кедендік транзит кедендік рәсімінің декларантын мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау қажеттілігі туралы хабардар етеді.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 23.10.2018 № 939 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Кедендік транзит кедендік рәсімінің тасымалдаушысы не декларанты кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес тауарларды уақытша сақтауға не тауарларды шығаруға орналастырумен байланысты операцияларды жасағаннан кейін, тасымалдаушы "Кедендік транзит кедендік рәсімін қолданудың кейбір мәселелері туралы" Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 170 шешімімен (бұдан әрі – ЕЭК № 170 шешімі) бекітілген, Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтаумен және тоқтатумен байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібінің 4-тармағында көзделген құжаттарға және мәліметтерге қосымша:

      1) тауарларды уақытша сақтауға орналастырған кезде – межелі кеден органы тіркеген және сәйкестендірген, тауарлардың уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды. Егер тауарлардың уақытша сақтауға орналастыру үшін берілген құжаттар электронды нысанда ұсынылған жағдайда – тауарлардың уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттардың тіркеу нөмірі туралы мәліметтер қамтылған құжат ұсынылады;

      2) мәлімделген кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығару кезінде – аталған декларацияны шығаруды жүзеге асырған мемлекеттік кірістер органының штамп және мөр бедері қойылған тауарларға арналған декларацияны;

      Егер тауарларға арналған декларация электронды түрде берілген жағдайда – осындай декларацияның тіркеу нөмірі туралы мәліметті ұсынады.

      6. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды тексергеннен кейін уәкілетті лауазымды тұлға ЕЭК № 170 шешімінде белгіленген тәртіппен кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтайды.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.10.2018 № 939 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 216 бұйрығына
5-қосымша

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы аумағы бойынша көлік құралдарын және тауарларды кедендік алып жүру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 429-бабы 7-тарағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғаларының (бұдан әрі уәкілетті лауазымды тұлға) кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын немесе кедендік бақылаудағы көлік құралдарын (бұдан әрі – тауарлар) кедендік алып жүруді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 19.07.2023 № 777 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларға сәйкес кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары кедендік алып жүруді жүзеге асырады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      кедендік наряд – тауарларды кедендік алып жүруді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының құрамы.

      Осы Қағидаларда қолданылатын өзге де ұғымдар Кодекске сәйкес қолданылады.

      4. Мыналар:

      Кодекстің 429-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда, Кодекстің 393-бабы 4-тармағына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырумен байланысты кедендік операцияларды жасайтын;

      Кодекстің 429-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес аталған тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырмай кедендік алып жүрумен тауарларды өткізу туралы шешім қабылданған мемлекеттік кірістер органының басшысы Кедендік алып жүру туралы шешімді қабылдайды.

      5. Мемлекеттік кірістер органы кедендік алып жүру туралы шешім қабылдаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы Кодекстің 429-бабы 6-тармағына сәйкес тасымалдаушыға осындай шешім қабылдағаны туралы хабарлайды және осындай шешім қабылданған сәттен бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей оны жүзеге асыруды ұйымдастырады.

      Тасымалдаушына ақпараттандыру осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған кедендік алып жүру туралы шешімді таныстыру күні мен тасымалдаушының қолымен куәландырылады және шешімді қабылдауды таныстыру арқылы жүзеге асырылады.

      6. Кодекстің 77-бабы 3-тармағына сәйкес кедендік алып жүру үшін кедендік алымдар кедендік алып жүру туралы шешім қабылданғаннан кейін осындай шешімді мемлекеттік кірістер органы қабылдаған күнін қоса, бірақ кедендік алып жүруді ұйымдастыру басталған күннен кешіктірмей төленеді.

      7. Тауарларды тасымалдаушыда кедендік алып жүруге байланысты туындаған шығыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары өтемейді.

2-тарау. Тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын және кедендік бақылаудағы көлік құралдарын кедендік алып жүруді жүзеге асыру тәртібі

      8. Кедендік алып жүру туралы шешім қабылданған жағдайда:

      мемлекеттік кірістер органы мынадай құжаттарды:

      1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес кедендік алып жүру туралы шешімді;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоспар-тапсырманы;

      3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылатын тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүруді қабылдап алу-беру актін;

      4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылатын тауарды басқа көлік құралына қайта тиеу туралы актіні (бір көлік құралынан басқа көлік құралына қайта тиеу жүзеге асырылған жағдайда) ресімдейді;

      тасымалдаушы не тауарға қатысты өкілеттіктерге ие тұлға мынадай құжаттарды:

      1) транзиттік декларация не Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған өзге құжаттарды (кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды кедендік алып жүру жағдайында);

      2) кедендік алып жүру үшін алымның төленгенін растайтын құжатты (төлем туралы түбіртек, электрондық терминал беретін чек, банк кассасының түбіртегі немесе электрондық үкімет жүйесінде қалыптастырылатын электрондық чек) ұсынады.

      9. Кедендік алып жүру туралы шешім, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүруді қабылдап алу-беру актісі және жоспар-тапсырмасы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша алып жүретін тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу журналында (бұдан әрі – Есепке алу журналы) тіркеледі.

      Тіркеу журналы нөмірленуге, тігілуге және мемлекеттік кірістер органының мөрімен бекітілуге тиіс.

      Әр келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап Есепке алу журналының нөмірленуі бір санынан басталады.

      Егер мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйелері кедендік алып жүруді жүзеге асыру үшін ресімделетін құжаттарды ақпараттық жүйе арқылы тіркеуге мүмкіндік берген жағдайда, қағаз түрінде Есепке алу журналын жүргізу талап етілмейді.

      10. Кедендік алып жүру туралы қабылданған шешім туралы ақпарат жедел байланыс арнасы арқылы межелі кеден органына жолданады.

      11. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүруді қабылдап алу-беру актісі екі данада жасалады. Қол қойылғаннан кейін бір данасы жөнелтуші кеден органында, ал екіншісі – межелі кеден органында сақталады. Қабылдап алу-беру актіде барлық бағандар толтырылады.

      12. Кедендік алып жүруді тасымалдаушының не тауарларға қатысты өкілеттікке ие адамның алып жүретін көлік құралында немесе мемлекеттік кірістер органының автокөлік құралында кедендік наряд жүзеге асырады.

      13. Кедендік алып жүруді жүзеге асыру кезінде бір кедендік наряд оннан аспайтын көлік құралдарын алып жүреді. Қозғалыс пен аялдамалар уақытында кедендік наряд белгіленген маршрут бойы алып жүретін көлікті бақылайды.

      14. Алып жүретін көлік құралдарының бірі бұзылған кезде жөндеу немесе тауарды өзге көлік құралына қайта тиеу аяқталғанға дейін бүкіл колонна кідіртіледі.

      Авария немесе көлік құралының сынуы салдарынан тауарды өзге көлік құралына қайта тиеу кезінде көліктің жүк бөлігіне пломба салынады. Кедендік наряд тауарды қайта тиеу себептерін, тауардың мөлшері мен басқа да ерекшеліктерін, ескі және жаңа пломбаның нөмірлерін көрсете отырып, екі данада тауарды басқа көлік құралына қайта тиеу туралы акт (бұдан әрі – Қайта тиеу акт) жасайды. Пломба салудың мүмкін болмауы Қайта тиеу актінде көрсетіледі. Қайта тиеу актіне кедендік нарядтың лауазымды тұлғасы мен тасымалдаушы қол қояды. Актінің бірінші данасы кедендік нарядтың лауазымды тұлғасында қалады, ал актінің екінші данасы межелі кеден органына ұсынылады.

      15. Авария немесе еңсерілмейтін күш әсері кезінде кедендік наряд тасымалдаушыға оның міндеттерін атқаруға жәрдем көрсетеді.

      16. Межелі кеден органына тауарлар келгеннен кейін, Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүруді қабылдап алу-тапсыру актіні міндетті түрде толтыра отырып межелі кеден органының уәкілетті лауазымды тұлғасы тауарларды қабылдайды.

      17. Кедендік наряд көлік құралдарының түріне, санына, тасымалдау мерзімі мен шарттарына, тасымалданатын тауардың сипатына, сондай-ақ кедендік алып жүрудің тиімділігіне әсер ететін өзге факторларға сүйене отырып қалыптастырылады.

      18. Кедендік алып жүру басталар алдында кедендік нарядтың жеке құрамына нұсқау беру жүргізіледі, оның денсаулық жағдайы, жарақтануы, қызметтік міндеттерін білуі тексеріледі.

  Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша тауарлар мен
көлік құралдарын кедендік алып
жүру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Кедендік алып жүру туралы № ______ шешім

      Күні

      Шешімді қабылдау орны

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      (бұдан әрі – Т.А.Ә.), лауазымы)

      транзиттік декларация (Халықаралық жол тасымалы кітапшасы) (бұдан әрі– ХЖТ

      кітапшасы) бойынша тауарларды кедендік бақылаумен өткізу материалдарын

      _________________________________ (кедендік транзит кезінде транзиттік декларацияның

      (ХЖТ кітапшасының) нөмірі көрсетіледі) кедендік бақылау мен ресімдеу үшін ұсынылған

      тауарға ілеспе құжаттарды:

      тауар көлік құжаттарын;

      коммерциялық құжаттарды;

      кедендік және басқа құжаттарды қарап,

      Анықтады:

      1. Тіркеу нөмірі ________ автомобиль көлік құралымен Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы (жүру маршруты) кедендік бақылаудағы тауарлар _________________________________________________

      (тауардың атауы)

      өткізіледі;

      2.Кедендік алып жүруді қабылдау туралы шешімді Кодекстің 393-бабы 4-тармағына, 429-бабының 4-тармағына сәйкес:


1) тәуекелдерді басқару жүйесінің ұсынымы;

2) Кодекстің 226-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу бойынша міндеттемені орындауды қамтамасыз етуді ұсынбау не Кодекстің 226-бабына сәйкес айқындалған мөлшерден аз мөлшерде осындай міндеттемені орындауды қамтамасыз етуді ұсыну;

3) егерде кемдегенде осы қаулылардың бірі орындалмаса, заңды күшіне енген әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыда белгіленген кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде тасылмадаушының міндеттемелерін бірнеше рет орындамауы;

4) Кодекстің 233-бабына сәйкес тасылмадаушының кедендік баждарды, салықтарды арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу бойынша міндеттемені белгіленген мерзімде орындамауы;

5) Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттарды және актілерді және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтамау белгілері анықталған кездегі өзге жағдайлар кедендік алып жүру туралы шешімді қабылдау үшін негіз болып табылады.

3. Кодекстің 429-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес кедендік алып жүру туралы шешім қабылданды

      ____________________________

      (тиісті ұяшықта көрсетіңіз)


      Жазылғандардың негізінде, Кодекстің 429-бабын басшылыққа ала отырып, Шешті:

      1. _____________ мемлекеттік кірістер органынан ____________ мемлекеттік кірістер органына дейінгі маршрут бойынша тіркеу нөмірі ___________ көлік құралын кедендік алып жүру жүзеге асырылсын.

      2. Кедендік алып жүру үшін алымдар_____________теңге сомасында өндіріп алынсын.

      Мемлекеттік кірістер органының

      басшысы _______________Т.А.Ә. (ол болған кезде),қолы

      Шешімді ресімдеген лауазымды тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған кезде),

      қолы, жеке нөмірлі мөрі _________________________________

      Шешіммен таныстым, 20___жылғы "___" ________

      __________________________

      (Тасымалдаушының қолы)

      20___жылғы "___"____________төленді.

      Кедендік алып жүру үшін кедендік алымдардың төленгенін растайтын құжат ______ №__________20__жылғы "___"________________

      Құжаттарды дайындау мен төлемдердің түсуін тексеруді мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы жүргізді.

      _______________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (ол болған кезде), қолы, жеке нөмірлі мөрінің бедері)

  Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша тауарлар мен
көлік құралдарын кедендік алып
жүру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
"БЕКІТЕМІН"
Мемлекеттік кірістер
органының басшысы
___________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде)
"__" _________20__жылғы

№ _______ жоспар-тапсырма

      1. Кедендік наряд құрамы:

      (мемлекеттік кірістер органының атауы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (бұдан

      әрі – Т.А.Ә.), лауазымы) ___________________________________ _______________________

      Арнайы құралдардың атауы (болған кезде): _____________________________________

      ________________________________________________________________________________

      2. Жұмыс уақыты 20__жылғы "__" ____ 20___ жылғы "___"___ дейін.

      3. Кедендік наряд қозғалысының маршруты: (қозғалыс маршруты, алып жүрудегі көлік

      құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі, ілеспе құжаттардың (транзиттік

      декларацияның), нөмірлері. ________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      4. Іссапар тапсырмалары

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Мемлекеттік кірістер органы

      бөлімшесінің басшысы

      _________________________

      Т.А.Ә. (ол болған кезде), қолы

  Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып
жүру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүруді қабылдап алу-беру актісі

      _______________________________ 20___жылғы "___ "_______

      (елді мекеннің атауы)

      Мемлекеттік тіркеу нөмірлері № ______________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      автокөлік құралдарында тасымалданатын тауарды (көлік құралын) кедендік алып жүруге

      Наряд жетекшісі ________________________________________________________ тапсырды,

      (мемлекеттік кірістер органының атауы, тегі, аты, әкесінің аты

      (ол болған кезде) (бұдан әрі – Т.А.Ә.), лауазымы

      _______________________________________________________ наряд жетекшісі қабылдады

      (мемлекеттік кірістер органының атауы, Т.А.Ә.

      (ол болған кезде), лауазымы).

      тауарға ілеспе құжаттар:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Тауар (көлік құралы) өзгермеген қалпында, жүк бөліктеріне № ___________ пломбалар

      салынған

      Қосымша салынған пломбалар №__________________________________

Наряд жетекшісі ________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы,
Т.А.Ә. (ол болған кезде), лауазымы)

____________________________
(жеке нөмірлі, мөрінің бедері, қолы)

Наряд жетекшісі ________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы,
Т.А.Ә. (ол болған кезде), лауазымы)

____________________________
(жеке нөмірлі, мөрінің бедері, қолы)

  Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша тауарлар мен
көлік құралдарын кедендік алып
жүру қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Тауарларды басқа көлік құралына қайта тиеу актісі

      № ____________________

      ______________________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      Тауарларды басқа көлік құралына қайта тиеу басталған күні мен уақыты:

      20___жылғы "___"_________                               __сағат _____ минут

      _______________________________________________________________________________

      (кедендік алып жүруді жүзеге асыратындар лауазымы, аты, әкесінің аты

      (ол болған кезде) (бұдан әрі – Т.А.Ә.),

      ________________________________________________________________________________

      декларанттың, тауарларға (көлік құралдарына) қатысты өкілеттікке ие тұлғаның не олардың

      өкілдерінің қатысуымен: ______________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (жұмыс орны, лауазымы, Т.А.Ә. (ол болған кезде) және жеке басын

      куәландыратын құжаттың нөмірі, тұратын жері)

      ________________________________________________________________________________

      Тауарды қайта тиеу себептері:

      Тауардың мөлшері мен басқа ерекшеліктері:______________________________ тауар ______

      орнынан. Құжаттар бойынша брутто салмағы _______ килограмм

      Ескі пломба нөмірлері: ________________________________________________

      Жаңа пломба нөмірлері:________________________________________________

      Сәйкестендіру құралдары салынды __________ саны ___________ дана.

      Лауазымды тұлғалар: _________________________________________________

      (қолы, Т.А.Ә. (ол болған кезде), жеке нөмірлі мөрі)

      ____________________________________________________________________

      (қолы, Т.А.Ә. (ол болған кезде), жеке нөмірлі мөрі)

      __________________________________________________________ қатысуымен

      (қолы, Т.А.Ә. (ол болған кезде)

      Түсірілетін көлік құралының нөмірі:__________________________

      Тиелетін көлік құралының нөмірі:____________________________

      Жөнелтуші жөнелткен тауарды (тауарлар партиясын) кедендік қайта тиеу жүргізілді.

      _____________________________________________________________________________

      (ұйымның атауы; жеке тұлға үшін – Т.А.Ә. (ол болған кезде), жеке басын куәландыратын

      құжаттың атауы мен нөмірі)

      ______________________________________________________________________ дан (ға)

      (ел)

      алушының мекенжайына (әкелу кезінде толтырылады):

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, жеке тұлға үшін – Т.А.Ә. (ол болған кезде), жеке басын куәландыратын

      құжаттың атауы мен нөмірі)

      мынадай құжаттар бойынша:______________________________________________________

      (кедендік декларация, Халықаралық жол тасымалы кітапшасы, көліктік

      (тасымалдау) құжаттары, коммерциялық және өзге құжаттар)

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      Тауарларды қайта тиеу орны _________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Кедендік бақылаудың техникалық құралдары пайдаланылды:

      ____________________________________________________________________

      Қайта тиеу нәтижесінде мыналар анықталды:

      Тауардың іс жүзіндегі нетто салмағы _______ килограмм,

      брутто _______ килограмм, орын саны ____________

      _______________________________________________________________________________

      (есептеу деректері көрсетіледі)

      қайта тиеу нәтижелері:

      _______________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Актіге қоса беріледі: ______________________________________________

      (болған кезде: құжаттар, фотосуреттер)

      Тауарларды кедендік қайта тиеу аяқталған күні мен уақыты:

      20___жылғы "__"_________ __сағат_____ минут

      Актінің екінші данасын қолыма алдым ___________________________________

      (күні, уақыты, қолы, Т.А.Ә. (ол болға кезде)

      Қызметтік белгілері (мемлекеттік кірістер органына арналған данада ғана толтырылады)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

  Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша тауарлар мен
көлік құралдарын кедендік алып
жүру қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Алып жүретін тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу журналы

      ___________________________________________________ (мемлекеттік кірістер органдарының атауы және коды)

р/с №

Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру туралы шешімнің, Тапсырма-жоспардың, қабылдап алу-қабылдап беру актісінің нөмірі

Күні

Транзиттік декларацияның нөмірі (кедендік транзит кездінде)

Алып жүретін автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі

Тауардың атауы

Төлем құжатының нөмірі

Жөнелтушінің деректері (заңды тұлға үшін – атауы және тіркеу орны бойынша мекен жайы, жеке тұлға үшін тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (бұдан әрі – Т.А.Ә.), тұратын жерінің мекенжайы)

Алушының деректері (заңды тұлға үшін - атауы, тіркеу орны бойынша мекен жайы, жеке тұлға үшін Т.А.Ә. (ол болған кезде), тұратын жерінің мекенжайы)

Межелі кеден органы

Наряд жетекшісі Т.А.Ә. (ол болған кезде),

Наряд жетекшісінің қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12