Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 4 шiлдедегi № 668 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 шiлдеде № 33061 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2023 жылғы 4 шілдедегі
№ 668 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 337 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18687 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 4 қазандағы № 792 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19458 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 271 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22726 болып тіркелген).

      4. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 337 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 3 шілдедегі № 433 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23375 болып тіркелген).

      5. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 4 қазандағы № 792 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 7 қазандағы № 688 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24705 болып тіркелген).