"Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 29 шілдедегі № 259 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 шiлдедегi № 166 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 шiлдеде № 33030 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 29 шілдедегі № 259 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11964 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері:

№ п/п

Норманың/ нормативтің атауы

Норманы/ нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт

Норманың/нормативтің мөлшері

1

2

3

4

1.

Бюджет қаражаты есебінен өткізетін концерттік мекемелерге қол жетімділікті қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі;
"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

Бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдар мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен қолданады, ал үшінші топ мүгедектігі бар адамдар көрсетілетін қызметтердің – 50 пайызын төлейді.

2.

Бюджет қаражаты есебінен өткізетін театрларға қол жетімділікті қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі;
"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

Бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдар мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен қолданады, ал үшінші топ мүгедектігі бар адамдар көрсетілетін қызметтердің – 50 пайызын төлейді.

3.

Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мәдени-ойын-сауық мекемелеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі;
"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

Бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдар мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен қолданады, ал үшінші топ мүгедектігі бар адамдар көрсетілетін қызметтердің – 50 пайызын төлейді.

4.

Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын кітапханаларға қол жетімділікті қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі;
"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

Бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдар мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен қолданады, ал үшінші топ мүгедектігі бар адамдар көрсетілетін қызметтердің – 50 пайызын төлейді.

5.

Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын музейлер және музей- қорықтарға қол жетімділікті қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі;
"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

Бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдар мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен қолданады, ал үшінші топ мүгедектігі бар адамдар көрсетілетін қызметтердің – 50 пайызын төлейді.

6.

Бюджет қаражаты есебінен өткізетін цирктердің қойылымдарына қол жетімділікті қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі;
"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

Бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдар мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен қолданады, ал үшінші топ мүгедектігі бар адамдар көрсетілетін қызметтердің – 50 пайызын төлейді.

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шелдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Оралов