Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламентті бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 249 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32940 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      "Өсімдіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5) тармақшасына және "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламент бекітілсін.

      2. "Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламентті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 197 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20848 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 27 маусымдағы
№ 249 бұйрығымен
бекітілген

Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламент

1-тарау. Қолданылу аясы

      1. Осы өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламент (бұдан әрі – техникалық регламент) "Өсімдіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Өсімдіктерді қорғау туралы заң) 6-бабы 5) тармақшасына, "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Техникалық реттеу туралы заң) 8-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа шығарылатын өсімдіктерді қорғау құралдарына (пестицидтерге) (бұдан әрі – пестицидтер), сондай-ақ олардың өмірлік циклі процестеріне қолданылады.

      2. Техникалық регламенттің қауіпсіздік талаптарына міндетті сертификаттау нысанында сәйкестігі міндетті түрде расталуы тиіс өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) тізбесі осы техникалық регламентке 1-қосымшада көрсетілген.

      3. Осы техникалық регламенттің талаптары пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), тасымалдауға, сақтауға, өткізуге, қолдануға және зарарсыздандыруға қатысатын барлық жеке және заңды тұлғалардың қызметіне қолданылады.

2-тарау. Терминдер мен айқындамалар

      4. Осы техникалық регламентте мынадай терминдер мен айқындамалар пайдаланылады:

      1) әсер етушi зат – әртүрлі препараттық нысандар түрінде пайдалану зиянды организмге, аса қауіпті зиянды организмге, карантиндік объектіге, бөтентекті түрге немесе өсімдіктердің өсуі мен дамуына уытты әсер етуіне алып келетін пестицидтiң биологиялық белсенді бөлiгi;

      2) гербицид – өсімдіктердің қажетсіз түрлерінің пайда болуын болдырмауға, оларды жоюға немесе олармен күресуге арналған зат немесе заттар қоспасы;

      3) дайындаушы – өнімді өз атынан өндіруді немесе өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға.

      4) дайындаушы өкілеттік берген тұлға – дайындаушымен, оның ішінде шетелдік дайындаушымен шарт негізінде Қазақстан Республикасының аумағында өнімнің сәйкестігін бағалау және оны айналысқа шығару кезінде осы дайындаушының атынан іс-қимылды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға;

      5) импорттаушы – шетелдік дайындаушымен (сатушымен) партиямен шығарылатын өнімді беруге сыртқы сауда шартын (келісімшартын) жасасқан және осы өнімді Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа шығаруды және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға;

      6) инсектицид – зиянды жәндіктердің пайда болуын болдырмауға, оларды жоюға немесе олармен күресуге арналған пестицид;

      7) өнімді айналысқа шығару – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында тарату мақсатында өнімді жеткізу (өткізу) немесе әкелу (оның ішінде дайындаушының қоймасынан жөнелту немесе жинап қоймай, тиеп-жөнелту);

      8) пестицидтер – зиянды және аса қауіпті зиянды организмдермен, карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлермен, сақталатын ауыл шаруашылығы өнімінің зиянкестерімен күресу үшін, сондай-ақ тұқымдарды дәрілеу, егінді жинау алдында құрғатып алу, жапырақтарды түсіру және өсімдіктердің өсуін реттеу үшін пайдаланылатын химиялық және (немесе) биологиялық препараттар (инсектицидтер, родентицидтер, фунгицидтер, гербицидтер, өнуге қарсы құралдар және өсімдіктердің өсуін реттеушілер, дефолианттар, десиканттар);

      9) пестицидпен фумигациялау – пестицидті бу немесе газ күйінде зиянкес организм мекендейтін ортаға енгізу;

      10) пестицидтер айналысы – өтеусіз немесе өтеулі негізде коммерциялық қызмет барысында Қазақстан Республикасының аумағында тарату мақсатында пестицидтерді жеткізгеннен кейін немесе әкелгеннен кейін (оның ішінде дайындаушының қоймасынан жөнелтілгеннен кейін немесе қоймаға орналастырмай тиеп-жөнелтілгеннен кейін) олардың дайындаушыдан сатып алушыға (тұтынушыға) қозғалу процестері;

      11) пестицидтердi зарарсыздандыру – тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтердi және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәдеге жаратуға, жоюға бағытталған iс-шаралар;

      12) пестицидтерді қолдану регламентi – пестицидтің шығыс нормасы, дақыл, өңделетін объект, зиянды организм, аса қауіпті зиянды организм, карантиндік объект, өңдеу тәсiлi, уақыты, жұмыстық сұйықтықтың шектелуі, шығысы, соңғы өңдеу мерзімі, пестицидпен өңдеудің ең көп еселiгi туралы ақпаратты қамтитын, пестицидтердi қолдану шарттары мен тәртiбiне қойылатын талаптар;

      13) пестицидтердiң қалдық мөлшерi – пестицидтердің адам мен жануарларға қауiпсiздiгi бағаланатын, өсiмдiк шаруашылығы өнiмi мен қоршаған орта объектiлерiндегi пестицидтер құрамының мөлшерлiк көрсеткiшi;

      14) пестицидтердің қауіптілік сыныбы – адамның өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаның жай-күйіне зиянды әсерін тигізетін қасиеттерін анықтау үшін пестицидтерді қауіптілік түрлері және санаттар бойынша бөлу;

      15) пестицидтердi өндiру (формуляциялау) – бастапқы компоненттер негiзiнде пестицидтер дайындаудың технологиялық процесi;

      16) пестицидтерді сәйкестендіру – пестицидтер сипаттамаларының олардың елеулі белгілеріне ұқсастығын белгілеу;

      17) пестицидті мемлекеттік тіркеу – нәтижесі бойынша тіркелушіге (өтініш берушіге) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пестицидке арналған тіркеу куәлігі берілетін рәсім;

      18) пестицидтің препараттық нысаны – пестицидтің физикалық-химиялық қасиеттерiне, уыттылығына, мақсатына және пайдалану тәсiлiне қарай (эмульсия концентраты, суспензиялы концентрат, түйiршiктер, паста, микрокапсулаланған суспензия, дымқылданатын ұнтақ және (немесе) өзге де нысандар) байланысты агрегаттық жай-күйі;

      19) пестицидтің шекті жол берілетін концентрациясы (бұдан әрі – ШЖБК) – ұзақтығы шектелмеген уақытта күн сайын әсер еткен жағдайда ауру немесе адам денсаулығы жай-күйінің ауытқуын тудырмайтын пестицидтің әсер етуші затының көлем (ауа, су), салмақ (тамақ өнімдері, топырақ) немесе сырт (жұмыскерлердің терісі) бірлігіндегі мөлшері;

      20) пестицидті таңбалау – пестицидтердің негізгі сипаттамаларын және оларды қолдану шарттарын белгілеу, пестицидтің қауіпті қасиеттері туралы және пестицидтерді қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы ақпаратты көрсету;

      21) родентицид – кеміргіштерді жоюға арналған пестицид;

      22) талдамалық стандарт – пестицидтің әсер етуші затының химиялық таза үлгісі;

      23) фунгицид – өсімдіктердің саңырауқұлақ ауруларымен күресуге, сондай-ақ оларды паразиттік саңырауқұлақтар спораларынан босату үшін тұқымдарды дәрілеуге арналған пестицид;

      24) химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты – химиялық өнімнің сипаттамалары және онымен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы мәліметтерді қамтитын құжат.

3-тарау. Пестицидтердің Қазақстан Республикасы аумағында айналысы кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

1-параграф. Пестицидтердің айналысы шарттары

      5. Пестицидтер осы техникалық регламентке сәйкес келген жағдайда, Қазақстан Республикасының нарығына айналысқа шығарылады.

      6. Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа түсетін пестицидтер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11687 болып тіркелген) бекітілген Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына (бұдан әрі – Тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын жүргізу қағидалары) сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтеді.

      Мемлекеттік тіркеуден өткен пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге, қолдануға рұқсат етіледі және өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосы оларды пестицидтер тізіміне енгізеді.

      7. Пестицидтерге арналған орама мен ыдыстар оларды сақтау, тасымалдау және өнімді өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуі тиіс.

      Орама мен ыдыстар үшін адамды, қоршаған ортаны пестицидтердің қауіпті қасиеттерінен қорғауға арнайы бейімделген материалдар пайдаланылады.

      Орама мен ыдыс үшін пестицидтердiң құрамдас заттарының бұзушы немесе өзге де зиянды әсерiне төзiмдi және:

      1) жануды және (немесе) едәуiр жылу мөлшерінің бөлiнуiн;

      2) тез тұтанатын, уытты немесе тұншықтыратын газдардың бөлiнуiн;

      3) басқа да химиялық белсендi және қауiптi заттардың түзiлуiн тудыратын реакцияға түсе отырып, олармен өзара әрекеттеспейтін материалдар пайдаланылады.

      8. Пестицидтердің физикалық-химиялық қасиеттері өндірушінің ерекшеліктерінде (импорттық пестицидтерге арналған) және пестицидтердің қауіпсіздік паспорттарында (отандық пестицидтер өндірісіне) жазылған қасиеттерге сәйкес келеді.

      Пестицидтер қауіпсіздігінің физикалық-химиялық көрсеткіштері осы техникалық регламентке 2-қосымшада көрсетілген.

      9. Пестицидтерді нарыққа жеткізу кезінде "Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы заң) 15-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес химиялық өнім туралы ақпаратты қамтитын химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты олармен қоса жүреді.

      Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға тікелей қатер төндіретін бұзушылықтар анықталған жағдайда, пестицидтерге Техникалық реттеу туралы заңның 44-бабына сәйкес жедел ден қоюдың құқық шектеу шаралары қолданылады.

2-параграф. Пестицидтерді таңбалауға қойылатын талаптар

      10. Өлшеп-оралған пестицидтерді таңбалауды дайындаушы немесе дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, импорттаушы мемлекеттік және орыс тілдерінде оның сақталуын қамтамасыз ететін тәсілмен орамаға бекітілген заттаңба немесе жапсырма түрінде тікелей пестициді бар орамаға түсіреді.

      Таңбалау анық және түсінікі, химиялық заттардың, климаттық факторлардың әсеріне төзімді болатындай басылады және қарап-тексеру үшін қолжетімді жерге орналастырылады. Таңбалаудың қолданылатын тәсілі пестицидті сақтаудың кепілдендірілген мерзімі ішінде оның сақталуын қамтамасыз етеді.

      11. Тұтыну ыдысындағы бөлшек саудаға арналған пестицидтерді таңбалау және ауыл шаруашылығы ұйымдарына өткізуге арналған пестицидтерді таңбалау мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) телефон нөмірін, электрондық мекенжайын қоса алғанда, өтiнiш берушiнiң (жеткiзушiнiң, дайындаушының, дистрибьютордың немесе импорттаушының) атауы мен толық мекенжайы;

      2) пестицидтiң атауы мен оның нысаналы мақсаты;

      3) пестицидтiң номиналды мөлшерi (салмағы немесе көлемi);

      4) шығарылым партиясы нөмiрiнiң белгiленуi;

      5) дайындалған (шығарылған) күнi;

      6) қауiптiлiк қасиеттерiнiң және адамға, қоршаған ортаға және мүлiкке әсер ету сыныптарының белгiлерi (пиктограммалары);

      7) тіркеушінің (өтініш берушінің) пестицидті тасымалдау, сақтау, қолдану және залалсыздандыру жөніндегі ұсынымы;

      8) пестицидті сақтау мерзімі.

      12. Пестицидтерді тасымалдау үшін пайдаланылатын темір жол цистерналарында және автоцистерналарда таңбалау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13714 болып тіркелген) бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қағидаларының талаптарына сәйкес түсіріледі.

4-тарау. Пестицидтерді әкелу кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      13. Қазақстан Республикасының аумағына пестицидтерді әкелу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 334 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21589 болып тіркелген) бекітілген "Пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары) сәйкес алынатын пестицидті өткізуге арналған лицензия, сондай-ақ "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне (бұдан әрі – ЕАЭК шешімі) сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 299 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21494 болып тіркелген) бекітілген "Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес алынатын өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына арналған лицензия болған кезде жүзеге асырылады.

      Тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін пестицидтердің тәжірибелік үлгілерін әкелу ЕАЭК шешіміне және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 309 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21404 болып тіркелген) бекітілген "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес берілетін Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат беру құжаты) болған кезде жүзеге асырылады.

      14. Тіркелген пестицидтердің әсер етуші заттарын пестицидтер өндіруге (формуляциялауға) арналған шикізат ретінде пайдалану үшін ғана әкелуге жол беріледі.

      15. Пестицидтер Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа шығарылғанға дейін ауыл шаруашылығы өнімі мен қоршаған орта объектілерінде пестицидтердің қалдық мөлшерінің құрамын кейіннен бақылау ұйымдастыру үшін препараттардың әсер етуші заттарының талдамалық стандарттарын жеткізу қамтамасыз етіледі.

5-тарау. Пестицидтерді өндіру (формуляциялау) кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      16. Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға) Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес алынатын пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға) арналған лицензия болған жағдайда рұқсат етіледі.

      17. Пестицидтерді өндіру (формуляциялау) жөніндегі жаңадан салынып жатқан және реконструкцияланатын объектілерді пайдалануға беру "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабына сәйкес, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың талаптарын сақтай отырып, жүзеге асырылады. Бұл ретте аумақтарды аймақтарға бөлу және жел бағытын ескере отырып, өндірістік және қосалқы үй-жайлар орналастыру көзделуі қажет.

      Жобаланатын объектінің аумағында ыдыстарды сақтауға арналған үй-жайлар, су өткізбейтін қатты жабыны және қалдықтарды сақтаған кезде қоршаған ортаның ластануын болдырмайтын жабдығы бар өндіріс қалдықтарын жинақтау орындары (үй-жай, бастырмалар) көзделеді.

      18. Өнеркәсіптік алаңдар мен жапсарлас аумақтағы жаңбыр немесе қар суы оларды жинау мен тазарту жағдайларына барлық гигиеналық талаптар қолданылатын ластанған өндірістік сарқынды сулар санатына жатады.

      19. Жұмыс аймағының ауасында пестицидтер жол берілген концентрациядан асуы мүмкін өндірістік учаскелер басқа жұмыс орындарынан оқшауланады, оларды қашықтықтан басқару қамтамасыз етіледі.

      Қауіптілігі 1-сыныпты пестицидтерді пайдалану немесе өндіру (формуляциялау) процесінде алу кезінде технологиялық жабдықты ашық алаңдарға шығаруға рұқсат етілмейді.

      20. Өндірістік орта жай-күйінің мониторингі жұмыс аймағының ауасында зиянды заттардың концентрациясын бақылауды қамтиды.

      21. Пестицидтермен жұмыс пестицидтердің қауіпсіздік құжаттамасында көрсетілген жеке қорғаныс құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі.

      22. Технологиялық жабдық зиянды заттарды тұту жөніндегі кіріктірілген сорғыштармен қамтамасыз етіледі.

      23. Мыналарға:

      1) жұмыс орындарындағы жұмыс аймағы ауасының ластану деңгейін қолданыстағы гигиеналық нормативтерде белгіленген жол берілетін мәндерден (жұмыс аймағы ауасындағы ШЖБК) асыра отырып;

      2) жұмыс аймағы ауасында зиянды заттардың концентрацияларын бақыламастан, пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға) жол берілмейді.

      24. Сарқынды суларды зарарсыздандыру, газ шығарындыларын тұту, өндіріс (формуляция) қалдықтарын, пестицидтер салынған ыдыстарды кәдеге жарату, зарарсыздандыру әдістерін пестицидтерді өндіруші әзірлейді және олар нақты бір пестицидті өндіруге (формуляциялауға) арналған техникалық құжаттамаға қосылады.

      25. Әрбір өндірісте қауіпсіздік паспорттарында жазылған пестицид өндірудің (формуляциялаудың) технологиялық режимдерін, бастапқы шикізат пен түпкілікті өнімнің көрсеткіштерін, қоршаған ортаға зиянды шығарындылар сипатын құжаттамалық өндірістік бақылау жүйесі енгізіледі.

      Кәсіпорында жоғарыда көрсетілген бақылауды жүргізу үшін аккредиттелген өндірістік зертхана болмаған жағдайда, зерттеулер "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заң) сәйкес шарттық негізде аккредиттелген сынақ зертханаларында (орталықтарында) жүргізіледі.

      26. Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Экология кодексі) 402-бабы 5-тармағына сәйкес құрамында жойылуы қиын органикалық ластағыштар бар пестицидтерді өндіруге және пайдалануға жол берілмейді.

6-тарау. Пестицидтерді өткізу кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      27. Тіркелген пестицидтерді Қазақстан Республикасының аумағында өткізуге тек пестицидтерді өткізуге арналған лицензия алғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.

      28. Пестицидтерді ауыл, орман және коммуналдық шаруашылықта қолдану үшін өткізу өндіруші кәсіпорынның қоймасынан немесе құрылыс нормалары мен қағидаларының талаптарына, экологиялық талаптарға, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сай келетін пестицидтерді сақтауға және босатуға арналған арнайы қоймалардан жүзеге асырылады.

      29. Баулар мен бақшаларға арналған, ауыл шаруашылығы зиянкестеріне, аурулар мен арамшөптерге қарсы пестицидтерді, сондай-ақ, жеке қосалқы шаруашылықтар жағдайларында қолдануға арналған үй кеміргіштерімен күресуге арналған құралдарды өткізу азық-түліктік емес мамандандырылған бөлшек сауда дүкендері арқылы жүзеге асырылады.

      30. Жеке қосалқы шаруашылықтар жағдайларында пайдалануға арналған, препараттың дәл мөлшерін өлшеуге мүмкіндік бермейтін орамадағы пестицидтерді өткізуге 0,1 (нөл бүтін оннан бір) гектарды өңдеуге арналған шығыс нормасынан аспайтындай орамаларда ғана рұқсат етіледі. Мөлшер жөніндегі талап өлшеу айлабұйымдары (өлшеу ыдысы, шығыс шәкілі) бар орамадағы пестицидтерге және препаратты көп рет саңылаусыздандыруға жарамды зауыт орамасына қолданылмайды.

      31. Пестицидтермен көтерме және бөлшек сауда жасайтын жеткізушілерге (импорттаушыларға, сатушыларға) мемлекеттік тіркеуден өткен пестицидтерді ғана сатып алуға және өткізуге рұқсат етіледі.

      32. Пестицидтерді тұтынушыларға "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының сақтай отырып, одан әрі пайдалануға жарамсыз пестицидтер мен олардың ыдысын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдысын зарарсыздандыру (кәдеге жарату, жою) туралы мәліметтерді қоса алғанда, қауіпсіз пайдалану шаралары туралы тиісті ақпарат болған жағдайда, өндірушінің ыдысымен ғана жіберуге рұқсат етіледі.

      Пестицидті шашылған немесе төгілген күйде қалдыруға жол берілмейді. Ластанған үй-жайларда жинау ыдыстық заттаңбада (пестицидті қолдану жөніндегі ұсынымдарда) көрсетілген зарарсыздандыру (кәдеге жарату, жою) жөніндегі ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырылады.

      33. Пестицидтерді шашыраңқы немесе төгілген күйде қалдыруға жол берілмейді. Төгілген немесе шашылған пестицидті залалсыздандыру тіркеушінің (өтініш берушінің) пестицидті тасымалдау, сақтау, қолдану және залалсыздандыру жөніндегі ұсынымдарында көрсетілген тәсілдерге сәйкес жүзеге асырылады.

7-тарау. Пестицидтерді сақтау, тасымалдау және қолдану кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      34. Пестицидтерді сақтау, тасымалдау және қолдану тіркеушінің (өтініш берушінің) пестицидті тасымалдау, сақтау, қолдану және залалсыздандыру жөніндегі ұсынымдарына, сондай-ақ Экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес қолданыстағы санитариялық қағидалар мен экологиялық қауіпсіздіктің талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      35. Пестицидтерді тасымалдау, сақтау және қолдану Экологиялық кодексінің 248-бабында көрсетілген экологиялық талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.

      Пестицидтерді сақтау өзінің физикалық-химиялық қасиеттері (ұшуы, тотығуы және өзге де қасиеттері), өрт және жарылыс қауіптілігі, реакциялық белсенділігі, сақтаудың температуралық режимдері бойынша үйлеспейтін препараттарды бөлек сақтау үшін жағдайлар жасауды қоса алғанда, ыдыстық заттаңбасында, пестицидтердің сыныптау шифрларында көзделген талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.

      36. Пестицидтерді табандықтар мен стеллаждарды пайдаланбай, қойманың еденінде үйіп сақтауға жол берілмейді.

      37. Төгілген жағдайда, пестицидтерді бейтараптандыру үшін қоймалық үй-жайлар сақтаулы пестицидтердің ыдыс затбелгілерінде көрсетілген қатерсіздендіргіш құралдармен қажетті мөлшерде қамтамасыз етіледі.

      Бұдан басқа, қоймалық үй-жайлар ағындық және сорғыш желдетумен жабдықталады.

      38. Пестицидтерді сақтау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тек арнайы киімде және персоналды жеке қорғау құралдарын қолдана отырып жүзеге асырылады.

      39. Қоймада сақталатын пестицидтер тігілген және нөмірленген пестицидтерді есепке алудың кіріс-шығыс журналында тіркеледі, онда міндетті түрде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) пестицидтің атауы;

      2) әсер етуші заттың атауы және қабылданған пестицидтер сыныптамасына сәйкес пестицидтің қауіптілігі;

      3) препараттық нысаны;

      4) пестицидтің мөлшері (нетто салмағы немесе көлемі);

      5) жазылған күні;

      6) құжаттың нөмірі (кіріс, тауар-көлік жүкқұжаты);

      7) кіріс (пестицид қайдан келіп түсті);

      8) шығыс (қайда жіберілді);

      9) қалдық;

      10) бақылау (қолы, күні).

      40. Халықтың тұрмыс жағдайына қолайсыз әсердің алдын алу және болдырмау мақсатында қоймалық үй-жайлардың аумағында және санитариялық-қорғаныс аймақтары шегінде талдамалық және құралдық бақылау әдістері пайдаланыла отырып, тұрақты бақылау жүзеге асырылады.

      41. Пестицидтерді тасымалдау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11779 болып тіркелген) бекітілген Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларының (бұдан әрі – Қауіпті жүктерді тасымалдау қағидалары) талаптарына және Қазақстан Республикасында автомобиль көлігімен тасымалдауға жіберілетін қауіпті жүктердің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      42. Дәріленген тұқымдарды сақтау мен тасымалдау мықты, пестицидтерді өткізбейтін материалдардан жасалған, буып-түйілгеннен кейін тығыз жабылатын арнайы ыдыста жүргізіледі. Ыдысқа "Дәріленген" деген таңба басылады.

      43. Жеке және заңды тұлғалардың пестицидтерді қолдануы осы техникалық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

      44. Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер тізіміне қосылған пестицидтер ғана қолданылуы тиіс.

      45. Пестицидтерді қолдану пестицидтердің тәжірибелік үлгілерін тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қолдану жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін және Қазақстан Республикасының аумағында өндіруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға рұқсат етілген пестицидтер тізіміне қосылғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

      46. Пестицидтермен істелетін барлық жұмыстар тігілген және нөмірленген, осы техникалық регламентке 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтерді есепке алу журналында тіркеледі.

      47. Пестицидтерді қолдану тіркеушінің (өтініш берушінің) пестицидті тасымалдау, сақтау, қолдану және залалсыздандыру жөніндегі ұсынымдарында көрсетілген мақсаттарға, қолдану технологияларына, шығыстар нормаларына және жұмыс сұйықтықтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      48. Пестицидтермен жұмыс істеу кезінде жұмыс орындарында темекі шегуге, ашық отты пайдалануға, тамақ ішуге жол берілмейді.

      49. Өсімдіктерге пестицидтерді тозаңдату мен бүркуді ерте таңғы және кешкі сағаттарда жерүсті аппаратурасын қолданған кезде секундына үш метрден аспайтын және авиацияны қолданған кезде секундына екі метрден аспайтын жел жылдамдығымен жүргізуге рұқсат етіледі.

      50. Қала саябақтарын, гүлбақтарды, бульварларды, көшелер мен даңғылдарды, оның ішінде трамвай жолдары мен жолөтпелерді пестицидтермен ошақты өңдеу өте кешкі, түнгі және ерте таңғы сағаттарда, пестицидтердің ең төмен шығыс нормасымен және тұрғын үйлерге дейінгі кемінде елу метр санитариялық алшақтықтарды сақтай отырып жүргізіледі.

      51. Пестицидтерді шаруашылық-ауызсу су құбырлары көздерінің қатаң режимі аймағында қолдануға жол берілмейді. Шектеу аймағында қауіптілігі 1 және 2-сыныпты пестицидтерді пайдалануға жол берілмейді.

      52. Пестицидтерді балалар, спорттық-сауықтыру, медициналық мекемелер, мектептер, қоғамдық тамақтану және тамақ өнімдерін сататын кәсіпорындар аумағында қолдануға жол берілмейді.

      53. Пестицидтерді қолданған кезде барлық орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздері (құдықтар, ұңғымалар) берік жабылады.

      54. Су айдындарын пестицидтермен өңдеу балдырларды, арамшөптерді, масалардың дернәсілдерін, құнсыз балықтарды жою мақсатында, жұмыс аймағында химиялық заттардың шекті жол берілетін концентрациясын қолдана отырып жүргізіледі.

      55. Пайдаланылмаған пестицидтерді оларды қолдану орындарында қалдыруға жол берілмейді.

      56. Пестицидтерді қолдану кезінде бұзушылықтар болған жағдайда, пестицидтердің қалдық мөлшерінің болуына талдамалық зерттеулер жүргізілгенге дейін ауыл шаруашылығы өнімін өткізу тоқтатыла тұрады.

      Пестицидтердің құрамы белгіленген ең көп жол берілетін деңгейден жоғары өнімді халыққа өткізуге жол берілмейді.

      57. Азық-түлік запастары немесе ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарға арналған азықтар толтырылған сақтау орындарында кеміргіштермен күресу кезінде сусымалы (оның ішінде дәндік) уланған тұзақ жемді ыдысқа салынбаған тамақ өнімдері мен азықтардың қасына қоюға жол берілмейді.

      Дератизациялық құралдарды кеміргіштер оңай бүлдіретін ыдыстарға (картон қораптар, қағаз қалталар, қаптар) буып-түйілген тамақ өнімдерінің арасына орналастыру жағдайында, кеміргіштердің тұзақ жемді тасуын және улы заттардың абайсызда тамаққа түсуін болдырмайтын арнайы қорғаныш контейнерлерге салынған дератизациялық блоктар (парафиндік, балауыздық) қолданылады.

      58. Жеке және заңды тұлғалардың пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметі Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес алынатын лицензия негізінде жүзеге асырылады.

8-тарау. Пестицидтерді зарарсыздандыру кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      59. Одан әрі мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз (бұдан әрі – жарамсыз) пестицидтер зарарсыздандырылуы тиіс. Оларға адамдардың, жануарлардың саулығына және/немесе өсімдіктерге теріс әсерінің анықталуына, физикалық-химиялық және тұтыну қасиеттерінің өзгеруіне байланысты қолдануға тыйым салынған, сәйкестендірілмеген қоспалар түрінде сақталатын пестицидтер жатады.

      Бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді зарарсыздандыру Өсімдіктерді қорғау туралы заңның 20-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың нұсқамасы бойынша жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді зарарсыздандыру Өсімдіктерді қорғау туралы заңның 20-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен жүргізіледі.

      60. Пестицидтерді жеткізушілер (өндірушілер, импорттаушылар, сатушылар) тұтынушыға беретін, жарамсыз пестицидтер мен олардан жасалған ыдыстарды, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтерден жасалған ыдыстарды залалсыздандыру (кәдеге жарату, жою) әдістері мен технологияларын пестицидтер өндірушілер әзірлейді, санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық сараптамадан өтеді және пестицидтің қауіпсіздік паспортына, сондай-ақ ыдыстық затбелгісіне және тіркеушінің (өтініш берушінің) пестицидті тасымалдау, сақтау, қолдану және залалсыздандыру жөніндегі ұсынымдарына енгізіледі.

      61. Одан әрі пайдалануға жарамсыз пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын көмуге жол берілмейді.

      62. Пестицидтерді және олардың ыдыстарын, пестицидтерден ыдыраған өнімдерді зарарсыздандыру (кәдеге жарату, жою) процестері қоршаған ортаға зиянды әсер етпеуі тиіс.

      63. Пайдаланылған пестицидтердің ыдысы қоршаған ортаны қорғау саласындағы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамаға сәйкес белгіленген орындарда жағылатын қосылыстардың уытты емес (қауіпті емес) заттарға дейін ыдырауын қамтамасыз ететін жоғары температуралы қондырғыларда қолданыстағы нормативтік құжаттаманың талаптарын сақтай отырып, өртеу жолымен жойылады. Бұл ретте кәсіпорын газ тәріздес ластағыштар мен күл шығарындыларын тұрақты бақылауды және мониторингтеуді қамтамасыз етеді.

      64. Жеткізушімен (өндірушімен, импорттаушымен, сатушысымен) шарт болған жағдайда полимерлі материалдардан жасалған металл ыдыс және арнайы ыдыс жеткізушіге (өндірушіге, импорттаушыға, сатушыға) залалсыздандырылмаған, бірақ сырты таза және тығыз жабылған күйінде қайтарылады. Қарсы жағдайда, оны кәдеге жарату немесе жою алдында ол тіркеушінің (өтініш берушінің) пестицидті тасымалдау, сақтау, қолдану және залалсыздандыру жөніндегі ұсынымдарында көрсетілген әдістерге сәйкес залалсыздандырылады.

      65. Құрамында сынап, көгертетін қышқыл бар пестицидтер және күшәла құрамдас пестицидтер олар сақталатын жерлерде зарарсыздандырылмауы (кәдеге жаратылмауы, жойылмауы) тиіс және оларды кәдеге жарату (өңдеу) үшін мамандандырылған ұйымдарға немесе жеткізушіге (өндірушіге, импорттаушыға, сатушыға) тапсырылады.

      66. Қауіптілігі 1-сыныпты, мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамсыз пестицидтер саңылаусыздықты қамтамасыз ететін және пестицидтерді сақтау және кейіннен зарарсыздандыру (кәдеге жарату, жою) орындарына тасу кезінде қоршаған ортаның ластану мүмкіндігін болдырмайтын ыдыстарда сақталуы тиіс.

      2-сыныпты препараттар полимер материалдардан жасалған, арнайы ішпектері бар көп қабатты ыдысқа (пестицидтің ерекшелігіне қарай) буып-түйіледі.

      67. Пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын тасымалдау кезінде жүргізуші және жүкпен бірге жүретін персоналдың ғана болуына жол беріледі.

      68. Зарарсыздандырылуы (кәдеге жаратылуы, жойылуы) тиіс пестицидтерді тиісінше сақтау жағдайлары болмаған кезде, қызметтің аталған түріне шаруашылық жүргізуші субъектілер көрсетілген құралдарды орталықтандырылған жинауды және олардың сақтау үшін тиісті жағдайы бар қоймаларға орын ауыстыруын қамтамасыз етеді. Көрсетілген қоймаларға бөтен адамдардың кіруіне жол берілмейді.

      69. Орамасының бүтіндігі бұзылған пестицидтер қайта буып-түйілуі тиіс.

      70. Одан әрі пайдалануға жарамсыз пестицидтерді зарарсыздандырған (кәдеге жаратқан, жойған) кезде олар сақталатын ауданда препараттардың иелері зарарсыздандыруға (кәдеге жаратуға, жоюға) қатысатын жауапты жұмыскерлерді бөледі.

      Бұл ретте ұйымның атауы, зарарсыздандырылған пестицидтің атауы, оның саны, зарарсыздандыру (кәдеге жарату, жою) орны мен тәсілі, жұмыстарды жүргізуге жауапты адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі көрсетілетін акт ресімделеді.

      71. Пестицидтерді өнеркәсіптік өңдеу жолымен зарарсыздандыру (кәдеге жарату, жою) нақты бір пестицидке сәйкестігін растау жөніндегі органдар берген арналған ілеспе құжаттамада көрсетілген технологияларға сәйкес жүзеге асырылады.

      72. Айналыстан алынған пестицидтер және оларды пайдалана отырып өндірілген, халықтың өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп төндіретін өнім Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 15-05/864 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12564 болып тіркелген) бекітілген Пестицидтерді зарарсыздандыру қағидаларына, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жағдайда ұстау шарттарына сәйкес зарарсыздандырылуы (кәдеге жаратылуы, жойылуы) тиіс.

9-тарау. Техникалық регламент талаптарын қолдану және орындауға арналған өзара байланысты стандарттардың тізбесі

      73. Қолдану нәтижесінде ерікті негізде техникалық регламент талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін өзара байланысты стандарттардың тізбесі, сондай-ақ зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер қағидалары мен әдістерін қамтитын стандарттардың тізбесі, оның ішінде техникалық регламент талаптарын қолдану және орындау және өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидалары сәйкесінше осы техникалық регламентке 4 және 5-қосымшаларда көрсетілген.

10-тарау. Пестицидтердің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру

      74. Пестицидтердің осы техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау:

      1) Тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын жүргізу қағидаларына сәйкес пестицидті мемлекеттік тіркеу;

      2) сертификаттау нысанында сәйкестігін міндетті түрде растау нысандарында жүзеге асырылады.

      Пестицидтерді сертификаттауды Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23364 болып тіркелген) бекітілген Сәйкестікті бағалау қағидаларына сәйкес сертификаттау схемалары бойынша сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган жүргізеді.

      75. Пестицидтерді міндетті сертификаттау кезінде дайындаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, импорттаушы өтініш беруші болады.

  Өсімдіктерді қорғау
құралдарының (пестицидтердің)
қауіпсіздігі туралы
техникалық регламентке
1-қосымша

Техникалық регламенттің қауіпсіздік талаптарына міндетті сертификаттау нысанында сәйкестігі міндетті түрде расталуы тиіс өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) тізбесі

Р/с №

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды

Позиция атауы

1

2

3

1

3808

Инсектицидтер, родентицидтер, фунгицидтер, гербицидтер, дефолианттар, десиканттар, фумиганттар, өскінге қарсы құралдар мен өсімдіктердің өсуін реттеуіштер

2

3808 50 000

*аталған топқа субпозицияға ескертпеде көрсетілген тауарлар

3

3808 50 000 1

– – тек ғана әсер етуші зат ретінде құрамында болатын 4,6-динитро-о-крезол (ДНОК (International Organization for Standardization (бұдан әрі – ISO)) немесе оның тұздары, тек қана трибутилқалайы қосылыстары немесе көрсетілген заттардың қоспасы

4

3808 50 000 9

– – басқалары



– басқалары:

5

3808 91

– – инсектицидтер:

6

3808 91 100 0

– – – пиретроидтар негізіндегі

7

3808 91 200 0

– – – хлорланған көмірсутегілер негізіндегі

8

3808 91 300 0

– – – карбаматтар негізіндегі

9

3808 91 400 0

– – – фосфорорганикалық қосылыстар негізіндегі

10

3808 91 900 0

– – – басқалары

11

3808 92

– – фунгицидтер:



– – – бейорганикалық:

12

3808 92 100 0

– – – – мыс қосылыстары негізіндегі препараттар

13

3808 92 200 0

– – – – басқалары

14

3808 92 300 0

– – – – дитиокарбаматтар негізіндегі

15

3808 92 400 0

– – – – бензимидазолдар негізіндегі

16

3808 92 500 0

– – – – диазолдар немесе триазолдар негізіндегі

17

3808 92 600 0

– – – – диазиндер немесе морфолиндер негізіндегі

18

3808 92 800 0

– – – – басқалары

19

3808 93

– – гербицидтер, өскінге қарсы құралдар және
Өсімдіктердің өсуін реттеуіштер:



– – – гербицидтер:

20

3808 93 110 0

– – – – феноксифитогормондар негізіндегі

21

3808 93 130 0

– – – – триазиндер негізіндегі

22

3808 93 150 0

– – – – амидтер негізіндегі

23

3808 93 170 0

– – – – карбомадтар негізіндегі

24

3808 93 210 0

– – – – динитроанилиндер туындылары негізіндегі

25

3808 93 230 0

– – – – карбамид, урацил немесе сульфонилкарбамид туындылары негізіндегі

26

3808 93 270 0

– – – – басқалары

27

3808 93 300 0

– – – өскінге қарсы құралдар

28

3808 93 900 0

– – – өсімдіктердің өсуін реттеуіштер

29

3808 99

– – басқалары:

30

3808 99 100 0

– – – родентицидтер

31

3808 99 900 0

– – – басқалары

      Ескертпе:

      * 3808 50 субпозициясына құрамына мына заттардың біреуінен немесе бірнешеуінен тұратын 3808 тауарлық позициясының тауарлары ғана кіреді: альдрин (ISO); бинапакрил (ISO); камфехлор (ISO) (токсафен); каптафол (ISO); хлордан (ISO); хлордимеформ (ISO); хлорбензилат (ISO); ДДТ (ISO) (клофенотан International Nonproprietary Names (бұдан әрі – INN)), 1,1,1-трихлор-2,2-бис(п-хлорфенилэтан); диэлдрин (ISO, INN); 4,6-динитро-o-крезол (ДНОК (ISO)) немесе оның тұздары; диносеб (ISO), оның тұздары немесе күрделі эфирлері; этилендибромид (ISO) (1,2-дибромэтан); этилендихлорид (ISO) (1,2-дихлорэтан); фторацетамид (ISO); гептахлор (ISO); гексахлорбензол (ISO); линданды (ISO, INN) қоса алғанда, 1,2,3,4,5,6-гексахлорциклогексан (ГХГ (ISO)); сынап қосылыстары; метамидофос (ISO); монокротофос (ISO); оксиран (этиленоксид); паратион (ISO); паратионметил (ISO) (метилпаратион); пентахлорфенол (ISO), оның тұздары немесе күрделі эфирлері; фосфамидон (ISO); 2,4,5-Т (ISO) (2,4,5-трихлорфеноксисірке қышқылы), оның тұздары немесе күрделі эфирлері; трибутилқалайы қосылыстары.

      3808 50 субпозициясына беномил (ISO), карбофуран (ISO) және тирам (ISO) қоспасы бар тозаңданатын ұнтақ құрамдары кіреді.

  Өсімдіктерді қорғау
құралдарының (пестицидтердің)
қауіпсіздігі туралы
техникалық регламентке
2-қосымша

Пестицидтер қауіпсіздігінің физикалық-химиялық көрсеткіштері

Р/с

Көрсеткіш атауы

Мәні

1

2

3

1

Су эмульсиясының тұрақтылығы:
1-4 сағат бойы тұндырғаннан кейін эмульсиядан бөлінуі тиіс: сантиметр, артық емес:
"кілегей" немесе
тұндырғышты аударып-төңкергенде ерітіндіге айналмайтын "майлар" немесе тұнба:
әсер етуші заттың массалық үлесі кемінде
10 пайыз (бұдан әрі – %) пестицидке арналған
әсер етуші заттың массалық үлесі
10 %-дан 20 %-ға дейінгі пестицидке арналған
әсер етуші заттың массалық үлесі 20 %-дан астам пестицидке арналған

2,0
0,2
0,4
1,0

2

Су суспензиясының тұрақтылығы, %
кем емес:
суланатын ұнтақ, таблетка, паста
суспензиялық концентрат

60,0
80,0

3

Судың массалық үлесі, %, артық емес:
эмульсия концентраты, майлы негіздегі паста

1,0

4

Суланатын ұнтақ
пленка түзетін препарат, дуст, таблетка
түйіршіктер

3,0
5,0

5

Дисперстілігі:
ұнтақтар үшін № 0045 немесе № 0071 немесе 009 % торлы елеуіштегі қалдығының массалық үлесі,
артық емес
түйіршіктер үшін берілген диаметрдегі бөлшектердің массалық үлесі (нысаналы фракция), %,
кем емес

2,0
90,0

  Өсімдіктерді қорғау
құралдарының (пестицидтердің)
қауіпсіздігі туралы
техникалық регламентке
3-қосымша

      Нысан

Пестицидтерді есепке алу журналы ________________________________________________________________ (атауы)

Р/с №

Пестицидтің атауы

Әсер етуші заттың атауы және қабылданған пестицидтер сыныптамасына сәйкес пестицидтің қауіптілігі

Зиянды организмнің атауы

Шығыс нормасы

Жұмыс ерітіндісінің көлемі

Жұмыс ерітіндісінің дайындалған күні

Пестицидтің жалпы шығысы

1

2

3

4

5

6

7

8

























      кестенің жалғасы

Өңдеу түрі (жерүсті, авиациялық, аэрозольдік)

Өңдеу орны мен алаңы

Өңделген дақыл түрі

Өңделген күні

Бүріккіш техниканың атауы (маркасы, саны)

9

10

11

12

13
















  Өсімдіктерді қорғау
құралдарының (пестицидтердің)
қауіпсіздігі туралы
техникалық регламентке
4-қосымша

Қолдану нәтижесінде ерікті негізде техникалық регламент талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін өзара байланысты стандарттардың тізбесі

Р/с №

Техникалық регламенттің элементтері

Стандарттың
белгіленуі

Стандарттың
атауы

Ескертпе

1

2

3

4

5

1

4-тараудың
15-тармағы, 5-тараудың 16-тармағы

МЕМСТ 30333

"Химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты. Жалпы талаптар"


2

5-тараудың
22 және 25-тармақтары

МЕМСТ 12.1.007

"Зиянды заттар. Сыныптамасы және жалпы қауіпсіздік талаптары"


3

1 және
2-тараулар

ҚР СТ ИСО
1750

"Пестицидтер және басқа да агрохимикаттар. Жалпы атаулары"


4

7-тараудың
40 және
41-тармақтары

МЕМСТ 12.3.041

"Еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесі.
Өсімдіктерді қорғауға арналған пестицидтерді қолдану. Қауіпсіздік талаптары"


5

3-тараудың
11-тармағы

МЕМСТ 31340

"Химиялық өнімдердің ескертпелік таңбаланымы. Жалпы талаптар"


6

1 және
2-тараулар

ҚР СТ МЕМСТ Р 51247

"Пестицидтер. Жалпы техникалық талаптар"


  Өсімдіктерді қорғау
құралдарының (пестицидтердің)
қауіпсіздігі туралы
техникалық регламентке
5-қосымша

Техникалық регламенттің талаптарын қолдану мен орындау және өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттар тізбесі

Р/с №

Техникалық регламенттің элементтері

Стандарттың белгіленуі

Стандарттың атауы

Ескертпе

1

2

3

4

5

1

3-тараудың
10-тармағының екінші абзацы

МЕМСТ 14189

"Пестицидтер. Қабылдап алу қағидалары, сынамаларды іріктеу әдістері, буып-түю, таңбалау және сақтау"


2

Эмульсия су тұрақтылығы

МЕМСТ 16291

"Пестицидтер. Эмульсиялардың тұрақтылығын анықтау әдісі"


3

Судың салмақтық үлесі

МЕМСТ 23266

"Пестицидтер. Суды анықтау әдістері"


4

Дисперстілігі

МЕМСТ 30439

"Пестицидтер.
Електік талдау"


5

Су суспензиясының тұрақтылығы

МЕМСТ 16484

"Пестицидтер. Ылғалданушы ұнтақтардың су суспензияларының тұрақтылығын анықтау әдісі"


6

Судың салмақтық үлесі

МЕМСТ 14870

"Химиялық өнімдер. Суды анықтау әдістері"