Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.03.2020 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.03.2020 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Пестицидтерді зарарсыздандыру қағидалары, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жай-күйде ұстау шарттары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.03.2020 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандырудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 6 шілдедегі № 351 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3000 болып тiркелген, 2005 жыл, № 15, 113-құжат, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенiнде маусымда жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жарялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мамытбеков |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
_____________Т. Дүйсенова
2015 жылғы 19 қараша
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Б.Сұлтанов
2015 жылғы 5 қараша
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы 29 қазан
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_____________ В. Школьник
2015 жылғы 12 қараша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 15-05/864 бұйрығымен бекітілген |
Пестицидтерді зарарсыздандыру қағидалары, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жай-күйде ұстау шарттары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.03.2020 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Пестицидтерді зарарсыздандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 24) тармақшасына сәйкес әзірленді және пестицидтерді зарарсыздандыру тәртібін, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жай-күйде ұстау шарттарын айқындайды.
2. Осы Қағидаларды пестицидтерді қолданатын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтер мен олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын зарарсыздандыруды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар қолданады.
2-тарау. Пестицидтерді зарарсыздандыру тәртібі, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жай-күйде ұстау шарттары
3. Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын зарарсыздандыру кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтау, тәсілімен жүргізіледі.
4. Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтау арнаулы сақтау орындарында (көмінділерде) жүргізіледі.
5. Арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің) аумағы химиялық қауіптілікті ескерту белгілерімен қоршалады.
6. Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты болатын жеке және заңды тұлғалар тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтер мен олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын зарарсыздандырады, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің) тиісті жағдайда күтіп-ұстауын бақылауды жүзеге асырады.
7. Кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтау сәтіне дейін тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтер мен олардың ыдыстары, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстары олардың сақталуын және қоршаған ортаның ластануын болдырмауды қамтамасыз ететін қоймаларда сақталады.
8. Тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді олардың сақталуын қамтамасыз ететін, жоғалуына және қоршаған ортаның ластануына жол бермейтін, анық таңбаланған бүтін ыдыстарда сақтау жүзеге асырылады.
9. Бүтіндігі бұзылғанының анық белгілері бар ыдыстардағы барлық тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтер бүтін ыдысқа салынады. Бұл ретте полиэтилен және қағаз қаптар, таза құрғақ металл бидондар, барабандар пайдаланылады.
10. Өрттің шығуын болдырмау үшін тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді аммиак селитрасынан, магний хлоратынан босаған полиэтилен қаптарға салуға жол берілмейді.
11. Тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді бүтін ыдысқа салғаннан кейін ыдыстың сыртына қарама-қарсы түсті өшірілмейтін бояумен таңба салынады немесе препараттың атауы мен салмағы көрсетілген заттаңба жапсырылады. Тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтердің қоспаларын таңбалағанда олардың компоненттері мен пайыздық құрамы көрсетіледі.
12. Қауіптіліктің 1-сыныбына жататын тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтер, сондай-ақ қауіптіліктің 1-сыныбына жататын компоненттері бар қоспалар жаңа полиэтилен қаптарға, ал олар болмаған кезде механикалық беріктілігі тиісті препаратқа берілген нормативтік техникалық құжаттамада көрсетілгеннен төмен емес ыдысқа салынады.
13. Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтау тәсілі олардың суда ерігіштігіне және қауіптілігінің сыныбына қарай айқындалады. Әртүрлі сыныптағы тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтау сақтау орындарының (көмінділердің) арнайы бункерлерінде бөлек жүзеге асырылады.
14. Қауіптіліктің 1-сыныбына жататын суда еритін тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтау саңылаусыздығы толтырылғанға дейін және толтырылғаннан кейін екі рет бақыланатын, қабырғаларының қалыңдығы 10 миллиметрден кем емес арнайы герметикалық металл контейнерлерде жүзеге асырылады. Контейнерді 2 тоннадан асатын массамен толтыруға жол берілмейді. Тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтері бар контейнерлер темірбетон бункерлерде кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтауға жатады.
15. Құрамында суда ерімейтін сынабы бар, қауіптіліктің 1-сыныбына жататын тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтердің және мырыш фосфидінің кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақталуы бетон бункерлерде осы химиялық топтағы суда еритін тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтермен бірге жүргізіледі.
16. Әр контейнерде тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтің бір түрі немесе бір химиялық топтың өкілдері орналастырылады. Контейнерлерде өшірілмейтін бояумен оның құрамындағы тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтердің атауы көрсетіледі.
17. Әсер етуші заттары суда ерімейтін, қауіптіліктің 1-сыныбына жататын және суда еритін, қауіптіліктің 2 және 3-сыныптарына жататын тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтау мынадай бірдей шарттарды талап етеді:
1) сүзу коэффициенті секундына 10-8 сантиметрден (бұдан әрі – см/с) аспайтын топырақта;
2) түбі мен қабырғаларының өлшемі кемінде 1 метр.
18. Қауіптіліктің 2 және 3-сыныптарына жататын суда ерімейтін тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтер сүзу коэффициенті 10-7 см/с-тан аспайтын топырағы бар шұңқырларда кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтауға жатады. Бұл жағдайда сүзуге қарсы экрандар құру жөніндегі ешқандай арнайы іс-шаралар жүргізу қажет емес. Өткізгіштігі неғұрлым жоғары топырақтарда түбі мен кемінде 1 метр қабатты қабырғалары бойынша сүзу коэффициенті 10-7 см/с-тан аспайтын жұмсақ саздан экран қарастырылады.
19. Қауіптілігі 4-сыныпқа жататын тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді сүзу коэффициенті 10-5 см/с-тан аспайтын топырақта кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтау үшін ешқандай сүзуге қарсы экран жасау жөніндегі арнайы іс-шаралар қажет емес. Өткізгіштігі неғұрлым жоғары топырақтарда түбі мен қабырғаларының қалыңдығы кемінде 0,5 метр тығыздалған қабатпен оқшаулау қарастырылады.
20. Көрсетілген сүзу коэффициенті бар саздар болмаған немесе олар тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерге тұрақсыз болған жағдайда, тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтердің агрессивті әсеріне қарсы тұрақтылығы мен беріктігіне кепілдік беретін сүзгілердің басқа конструкциялары рұқсат етіледі.
21. Қауіптіліктің 1, 2 және 3-сыныптарына жататын тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтау кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтау учаскелерінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гидрооқшауланған темірбетон бункерлерде жүргізіледі.
22. Әр бункерде тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді орналастыру құрамында сынабы бар, фосфорорганикалық, хлорорганикалық олардың химиялық топтары бойынша жүргізіледі.
23. Өзара әрекеттескенде уыттылығы неғұрлым жоғары, өрт қауіпті заттар құрылатын немесе газ пайда болатын тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді бір бункерде бірге кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтауға жол берілмейді. Уытты немесе өрт қауіпті газдардың ыдырауы және бөлінуі есебінен ылғалданғанда қауіптілігі артатын тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтер үшін тұтас және саңылаусыз қаптама қолданылады. Осы тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтердің (цианплав, кальций цианамиді, мырыш фосфиді, цинеб, перозин, хомецин) көлемі көп болғанда кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтауды тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтердің жалпы көлемінен оқшауланған бөлек бункерлер мен шұңқырларда олардың химиялық топтарын ескере отырып жүргізіледі.
24. Тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтердің ылғалданған партияларын арнайы бункерлерге, сақтау орындарына (көмінділерге) түсіруге және жиып қоюға жол берілмейді.
Тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді түсіру және жиып қою атмосфералық жауын-шашынның тиюін болдырмайтын шарттарда жүргізіледі.
25. Уыттылығы мен суда ерігіштігі бойынша қауіптілігі жоғары тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтермен бірге қауіптілігі төмендеу тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді олардың химиялық топтарын және үйлесімділігін ескеріп, кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтауға жол беріледі. Қауіптілік көрсеткіштері жоғары тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді уыттылығы азырақ және суда нашар еритін тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерге арналған шұңқырларда кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтауға тыйым салынады. Тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді орналастыру кезінде (контейнерлерде қауіпсіз сақталатын, кейін кәдеге жаратылатын немесе жойылатындарды қоспағанда) өнімнің әр түрінің арасында ыдыс бұзылған жағдайда олардың араласуына жол бермейтіндей топырақ салу үшін 5-7 см ара қашықтық қарастырылады.
26. Тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтердің қоспаларын кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтау жеке бункерлерде де, уыттылық және суда ерігіштік көрсеткіштері бойынша ұқсас тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтермен бірге жүзеге асырылады, бұл ретте кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтау шарттары қоспаның құрамына кіретін компоненттердің ең жоғары қауіптілік көрсеткіші бойынша айқындалады.
27. Кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтауға келіп түскен қоспалармен олардың құрамын куәландыратын құжаттар бірге жүреді. Олардың құрамында суда еритін, қауіптіліктің 1-сыныбына жататын тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтер болған жағдайда, олардың массалық үлесі көрсетіледі.
28. Қоспада суда жақсы еритін, қауіптіліктің 1-сыныбына жататын компоненттер болған жағдайда, барлық қоспа алдын ала металл контейнерлерге салынып, бетон бункерлерде кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтауға жатады.
29. Әлеуетті өрт қауіптілігін төндіретін магний хлораты бар тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтердің жанғыш қоспалары қауіпсіздік шаралары сақтала отырып, басқа тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерден бөлек сақталынды. Оларды кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтау басқа кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақтау орындарының өрт қауіптілігін қамтамасыз ететін қашықтықта бөлек жүргізілуі керек.
30. Алаңда қосымша тиеу-түсіру операцияларын және ауыстырып тиеуді болдырмау мақсатында тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді түсіруді және жиып қоюды ордың (бункердің, шұңқырдың) тура шетінде жүргізу керек. Тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді орға салу ыдыстың барынша сақталуын қамтамасыз ететіндей болып жүргізілуі керек. Ыдыстар тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерден босаған сыйымдылықтарда кейіннен кәдеге жарату немесе жою үшін қауіпсіз сақталуы тиіс.