БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 105 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20153 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
4-тармақты мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі он бес жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті алу үшін заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде аккредиттеуді алу үшін өтінішті жібереді.
Өтініш аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы өткізілетін күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында құжаттарды қабылдау басталғанға дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей орналастырылады;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес аккредиттеуден өту үшін мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым ұсынатын мәліметтер нысанын жібереді."
8-тармақты мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) осы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау аяқталған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы тиісінше ресімдемеген не құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және оны сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып, хабарлама жібереді.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкестендіру мерзімі екі жұмыс күнін құрайды, егер хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оларды талаптарға сәйкес келтірмесе, онда көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.
Ұсынылған құжаттардың Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізбесіне сәйкес толықтығы мен сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері оларды аккредиттеу жөніндегі комиссияның қарауына береді.
Аккредиттеу жөніндегі комиссия отырысының қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші комиссияның хаттама түрінде ресімделген шешімін жариялайды. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімі шығарылған кезде көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті алушыны тыңдау үшін мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары бір жұмыс күні ішінде куәлікке немесе аккредиттеуден бас тартуға қол қояды.
Оң қорытынды болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 4 - қосымшаға сәйкес бес жыл мерзімге аккредиттеу туралы куәлікті береді";
"Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымшада:
реттік нөмірлері 4,5-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Осы "Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес бес жыл мерзімге берілетін аккредиттеу туралы куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. |
".
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
А. Ескараев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі