Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 105 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 наурызда № 20153 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.01.2026 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 08.05.2026 № 420 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. "Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.01.2026 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3) алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 15.02.2023 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 30.09.2022 № 819 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 15.02.2023 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігінің
2020 жылғы 19 наурыздағы
№ 105 бұйрығына
қосымша

Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.01.2026 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына сәйкес әзірленді және "Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 08.05.2026 № 420 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 15.02.2023 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2) арыз – әкімшілік рәсімге қатысушының өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін немесе басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға жәрдемдесу туралы өтінішхаты қамтылған жолданым нысандарының бірі;

      3) арыз иесі – әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік органға, лауазымды адамға жолданым берген адам, сондай-ақ өзіне қатысты әкімшілік акт қабылданатын, әкімшілік әрекет жасалатын (әрекетсіздік танылатын) адам (әкімшілік актінің адресаты);

      4) әкімшілік акт – жария-құқықтық қатынастарда әкімшілік орган, лауазымды адам қабылдайтын, белгілі бір тұлғаның немесе жеке-дара айқындалған тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім;

      5) әкімшілік орган – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ өзге ұйым;

      6) әкімшілік рәсім – әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешімді қабылдау және орындау жөніндегі, жолданым негізінде немесе өз бастамасы бойынша жасалатын қызметі, сондай-ақ оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылатын қызмет;

      7) әкімшілік іс – әкімшілік рәсімді жүзеге асыру барысы мен нәтижелерін және (немесе) сотта жария-құқықтық даудың қаралуын тіркеп-бекітетін материалдар;

      8) бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға цифрлық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;

      9) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

      10) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын тізбе;

      11) құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу (бұдан әрі – аккредиттеу) – уәкілетті органның құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдардың өкілеттіктерін ресми түрде тану рәсімі;

      12) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiлiгiн және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандардың жинағы;

      13) www.egov.kz, www.elicense.kz "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын цифрлық жүйе.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2022 № 819 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 15.02.2023 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.01.2026 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.05.2026 № 420 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2-тарау. Аккредиттеу жүргізу мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.01.2026 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі он бес жұмыс күнін құрайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы қызмет көрсетушіге:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде аккредиттеу алу туралы өтінішті жібереді.

      Өтініш аккредиттеу жөніндегі комиссия отырысының өткізілетін күніне дейін кемінде он жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Құжаттарды қабылдау мерзімдері туралы ақпарат қызмет көрсетушінің интернет-ресурсында құжаттарды қабылдау басталғанға дейін кемінде жиырма жұмыс күні бұрын орналастырылады;

      2) Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйым осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес аккредиттеуден өту үшін ұсынатын мәліметтер нысанын ұсынады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.01.2026 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуді жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – аккредиттеу жөніндегі комиссия) қорытындысы негізінде көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

      Аккредиттеу жөніндегі комиссияның құрамы мен ережесін көрсетілетін қызметті берушімен бекітеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.01.2026 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметті корсетуге негізгі талаптар тізбесі) келтірілген.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.01.2026 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) мемлекеттік көрсетілетін қызметті корсетуге негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау аяқталған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

      Ұсынылған құжаттардың толықтығы мен сәйкестігі қаралғаннан кейін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізбесінің 8-тармағына сәйкес, қызмет көрсетушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері оларды аккредиттеу жөніндегі комиссияның қарауына жібереді.

      Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жіберіледі.Тыңдалым хабарлама жіберілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші аккредиттеу не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушыны тыңдау мерзімі аяқталғаннан кейін қызмет көрсетуші басшысының орынбасары бір жұмыс күні ішінде куәлікке немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімге қол қояды.

      Оң қорытынды болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 4 - қосымшаға сәйкес үш жыл мерзімге аккредиттеу туралы куәлік береді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.01.2026 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8-1. Мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру жөніндегі шешімі туралы хабарлама жіберілген күннен басталады. Мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.

      Ескерту. Қағидалар 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 08.05.2026 № 420 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8-2. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету процесін мынадай:

      1) егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық, материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;

      2) мемлекеттік органдар қарайтын не сот тәртібімен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайларда тоқтата тұруға міндетті.

      Ескерту. Қағидалар 8-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 08.05.2026 № 420 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8-3. Осы Қағидалардың 8-2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету процесі мемлекеттік орган шешім қабылданғанға дейін немесе сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.

      Ескерту. Қағидалар 8-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 08.05.2026 № 420 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8-4. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету процесін қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әсер еткен жағдайда тоқтата тұруға құқылы. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі деп төтенше жағдайды енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе оның туындауы түсініледі.

      Ескерту. Қағидалар 8-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 08.05.2026 № 420 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құжаттарды ұсынбау;

      2) ұсынылған құжаттарда қамтылған мәлiметтердің толық болмауы;

      3) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына олардың қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіргені, сондай-ақ қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылу;

      4) ұйымның "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 46-бабында көзделген міндеттерді орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші ұйымның Заңның 46-бабында көзделген міндеттерді орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына байланысты аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, ұйым Заңның 43-бабының 3-тармағында белгіленген ұжымдық басқару салаларындағы қызметті жүзеге асыруға аккредиттеу туралы куәлікті көрсетілетін қызметті беруші аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі жыл ішінде алуға құқылы емес.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 725 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 08.05.2026 № 420 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті алушының басшысының атына беріледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.01.2026 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші нәтижелерге сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

      15-1. Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде уәкілетті орган "цифрлық үкіметтің" ақпараттық - коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жолдайды.

      Ескерту. Қағида 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 15.02.2023 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 08.05.2026 № 420 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

  "Құқықтарды ұжымдық басқару
жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
(басшының тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда),
бұдан әрі – басшының Т.А.Ә.)
кімнен: _________________________
(лауазымы, ұйымның атауы,
басшының Т.А.Ә.)
Деректемелері: __________________
заңды мекенжайы, байланыс телефоны

Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды
аккредиттеуден өту үшін ұсынылатын өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 08.05.2026 № 420 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Бірлестік мүшелерінің атынан "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 46-1-бабының тәртібінде аккредиттеуді сұраймын:
___________________________________________________________________________
(құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымының толық атауы) мекенжайы:
_____________________________________________________________________
      (ұйымның орналасқан жері) тіркеу нөмірі:
______________________________________________________________________
                  (заңды тұлғаның тіркеу нөмірі) БСН:
________________________________________________________________________
            (бизнес сәйкестендіру нөмірі) (бар болған жағдайда)
ұжымдық басқарудың мынадай саласы бойынша: ________________________
("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
43-бабының 3-тармағына сәйкес)
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
      Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған,
Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

  "Құқықтарды ұжымдық басқару
жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына 2-қосымша

"Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 08.05.2026 № 420 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1.

Мемлекеттік қызметтің атауы

"Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу"

2.

Мемлекеттік қызметтің қосалқы түрінің атауы (бар болған жағдайда)

Жоқ

3.

Қызмет көрсетушінің атауы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 15 жұмыс күні.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған)

7.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Осы "Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 4-қосымшаға сәйкес аккредиттеу туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауап.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлем мөлшері және оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

9.

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші- дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда 08.00-ден 17.30-ға дейін,түскі үзіліс – 12.00-ден 13.30-ға дейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары www.egov.kz, www.elicense.kz порталдарында орналастырылған.
Веб-портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске және Заңға сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) аккредиттеуден өту туралы жалпы жиналыс шешімінің электрондық көшірмесі;
3) ұйымның Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды басқаратын шетелдiк ұйымдармен жасасқан екiжақты және көпжақты келiсiмдерiнің электрондық көшірмесі;
4) жалпы жиналыстың сыйақы мөлшеріне қатысты шешімінің электрондық көшірмесі;
5) жалпы жиналыстың пайдаланушылармен лицензиялық шарт жасасу талаптарына қатысты шешімінің электрондық көшірмесі;
6) жалпы жиналыстың жиналған сыйақыны бөлу және төлеу тәсіліне қатысты шешімінің электрондық көшірмесі;
7) авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілері құқық иеленушілерінің көрсетілетін қызметті алушыға қатысты пікірлерінің электрондық көшірмесі;
8) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.
9) сыйақыны кемінде 20 рет бөлу және төлеуді растайтын құжаттар;
10) соңғы бес жыл ішінде шетелдік құқықтарды ұжымдық басқару негізде ұйымдарына сыйақы аударуды растайтын құжаттар;
11) құқықтарды ұжымдық басқару ұйымы мүшелерінің тізімі.
Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтерді қызмет көрсетуші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

11.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

12.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары уәкілетті органның www.adilet.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары:
8 (7172) 74-07-54, 74-06-19. Бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына
  3-қосымша

Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдардың аккредиттеуден өту үшін ұсынатын мәліметтері

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.01.2026 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 18.06.2026 № 572 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      1. Авторлық құқықтарды және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқаруға

      қолданыстағы шарттардың саны __________________________________________;

      2. Авторлық құқық және сабақтас құқық объектілерін пайдаланушылармен

      қолданыстағы шарттардың саны __________________________________________;

      3. Құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы қызметті жүсеге асыру (жыл саны)

      ______________________________________________________________________;

      4. Құқық иелері мен пайдаланушылар үшін қажетті Қазақстан Республикасының өңірлерінде осындай ұйымның атынан уәкілеттігі бар тұлғалар туралы мәліметтер.

      _____________________________________________________________________;

      5. Интернет-ресурсының болуы туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________________;

      6. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы құқықтарды ұжымдық

      басқаратын ұйымның соңғы екі жылдағы қызметін тексеру туралы мәліметтер

_______________________________________________________________________.

  "Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына
  4-қосымша



Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 20___ жылғы "___"__________ № ____ Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы КУӘЛІГІ

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.01.2026 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ______________________________________________________________________

      (Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдардың толық атауы) келесі сала

      бойынша

      аккредиттелген _________________________________________________________

      "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының

      43-бабының 3-тармағы заңды мекенжайы:

      _____________________________________________ (ұйымның заңды мекенжайы)

      БСН _________________________________________ (бар болған жағдайда)

      Аккредиттеу туралы куәлік үш жыл мерзімге берілді. " " __________ 20__ жылға

      дейін жарамды.

      Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдардың аккредиттеу туралы куәлігі

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кері қайтарып

      алынуы мүмкін.