БҰЙЫРАМЫН:
1. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а |
Г. Азидуллин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
| Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 15 маусымдағы № 192 Бұйрықпен бекітілген |
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Аңшылық шаруашылықтар, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекаралары аншлагтарының үлгілерін, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/96 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7573 болып тіркелген):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының нысаны (кәсіпшілік журналы) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.10.2025 № 384 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің қызметімен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 3 желтоқсандағы № 483 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25656 болып тіркелген):
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің қызметінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің қызметінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің қызметінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің қызметінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің қызметінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызметке", мыналар жатады:".
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналы (кәсіпшілік журнал)
____________________________________________________________________
(уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі)
____________________________________________________________________
(ведомствоның аумақтық бөлімшесімен келісім-шарт жасасқан балық
шаруашылығы субъектісінің атауы)
_____________________________________________________________________
(бригадирдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), басқа жауапты тұлға)
Аулау күні | Су айдынының немесе учаскенің атауы | Пайдаланылған аулау құралдарының түрлері және саны | Аулауды жүзеге асырған балықшылар саны | Ауланған балық көлемі, килограмм |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Кестенің жалғасы
Ауланған балықтың түрлік құрамы, балық түрлері, килограмм | Жіберілген балық көлемі, килограмм | Жіберу күні, жүк құжаты № автокөлік, кеме № | Ауланған балықты қабылдаушының аты-жөні, қолы |
6 | 7 | 8 | 9 |
| Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесіне 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.10.2025 № 384 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.