"Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу қағидаларын және Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу жөніндегі комиссияның жұмыс қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 379 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 442 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 15 маусымда № 32817 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу қағидаларын және Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу жөніндегі комиссияның жұмыс қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 379 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17080 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 278-бабы 25-тармағының төртінші бөлігіне және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу жөніндегі комиссия жұмысының қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2023 жылғы 14 маусымдағы
№ 442 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2018 жылғы "24" мамырдағы
№ 379 бұйрығына
қосымша

Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 278-бабы 25-тармағының төртінші бөлігіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және "Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу шеңберінде лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      Осы тармаққа сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу кезіндегі салық есебінің ерекшеліктері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленеді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың жергілікті атқарушы органы;

      2) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган – жер қойнауын геологиялық зерттеу және жер қойнауы кеңістігін пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын орталық атқарушы орган;

      3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт – уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды (бұдан әрі - ПҚҚ), барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшарт, Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған кең таралған пайдалы қазбаларды (бұдан әрі - КТПҚ) өндіруге арналған келісімшарт;

      4) жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режимі – ПҚҚ барлау, өндіру немесе КТПҚ өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдалануға берілген лицензия негізінде Кодексте белгіленген жер қойнауын пайдаланудың құқықтық режимі;

      5) КТПҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссия – жергілікті атқарушы орган құратын кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын иеленушілердің жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу жөніндегі комиссия;

      6) ПҚҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссия – құзыретті орган құратын уранды қоспағанда, ПҚҚ барлауға, өндіруге және бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын иеленушілердің жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу жөніндегі комиссия.

      3. Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу (жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу) тиісті комиссиялардың шешімі негізінде жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарттардың орнына жер қойнауын пайдалану құқығын иеленушілерге ПҚҚ барлауға лицензия, ПҚҚ өндіруге лицензия немесе КТПҚ өндіруге лицензия беру арқылы жүзеге асырылады.

      Өзара оқшауланған жер қойнауы учаскелерінде ПҚҚ барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуді көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу жер қойнауының әрбір жеке учаскесіне жер қойнауын пайдалануға тиісті лицензия беру жолымен жүзеге асырылады.

      4. Жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу кезінде лицензия оның орнына лицензия берілетін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.

      Жер қойнауының екі және одан да көп оқшауланған учаскелерін көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу кезінде лицензиялар жер қойнауының тиісті учаскесінде жер қойнауын пайдалану кезеңінен аспайтын мерзімге беріледі.

      5. Осы Қағидаларға сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу жер қойнауын пайдалануға тиісті (тиісті) лицензия (лицензиялар) берілген күннен бастап жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тоқтатылуына әкеп соғады.

      Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты бұзу туралы келісім жер қойнауын пайдалануға лицензия (лицензия) берілген күні жасалады.

      6. "Жер қойнауын пайдалануға лицензиялау режиміне көшу шеңберінде лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) ПҚҚ саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – ПҚҚ бойынша көрсетілетін қызметті беруші) ПҚҚ барлауға/өндіруге/бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшарттар бойынша немесе жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі – КТПҚ бойынша көрсетілетін қызметті беруші) КТПҚ өндіру бойынша келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) қызмет көрсетіледі.

      7. ПҚҚ саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен немесе өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

2-тарау. Барлау/өндіру/ бірлескен барлау және ПҚҚ өндіру/ КТПҚ өндіру кезінде жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу тәртібі

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, көрсетілетін қызметтің нысанын, мазмұны мен нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздерін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшада (бұдан әрі-Тізбе) жазылған.

1-параграф. ПҚҚ-ға барлау/бірлескен барлау және өндіру (барлау кезеңінде) жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу шеңберінде лицензия беру

      9. ПҚҚ барлауға/бірлескен барлауға және өндіруге (барлау кезеңінде) арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес нысан және осы Қағидалар Тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеуге "Minerals.gov.kz" жерқойнауын пайдаланушылардың бырыңғай платформасы (бұдан әрі - "Minerals.gov.kz" ЖПБП) арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне өтініш береді.

      10. Өтініш пен құжаттарды қабылдау осы Қағидаларға Тізбенің 7-тармағына сәйкес жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Осы Қағидалардың Тізбенің 8-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының құжаттары "Minerals.gov.kz" ЖПБП арқылы келіп түскен күні оларды автоматты түрде қабылдау және көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигіне сәйкес тіркеу жүзеге асырылады.

      Өтініштің және қоса берілген құжаттардың қабылданғанын растау ПҚҚ бойынша көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде өтініштің тіркеу нөмірін беру болып табылады.

      11. ПҚҚ бойынша көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға Тізбенің 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес құжаттарды толықтығы тұрғысынан тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші ПҚҚ бойынша өтініш тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде және өтініштің көшірмесін қоса берілген құжаттармен бірге жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      12. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган Кодекстің 277-бабының 7-тармағын және 278-бабы 25-тармағының сегізінші бөлігін ескере отырып, барлау учаскесі (лері) аумағының 19, 25, 186-баптарының ережелеріне сәйкестігі мәніне өтінішті қарайды және құжаттардың көшірмесін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ПҚҚ жөніндегі көрсетілетін қызметті берушіге және көрсетілетін қызметті алушыға қарау нәтижелері бойынша хабарлама жібереді.

      Егер өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қарау кезінде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган мәлімделген блоктар Кодекстің 25, 186-баптарына сәйкес олардың жер қойнауының басқа учаскелерінің аумақтарымен бірігуі немесе жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынатын аумақтармен толық бірігуі салдарынан барлау учаскесінің мәлімделген аумағына хабарламада енгізілмейтінін анықтаса осы блоктар, координаттар және жер қойнауының басқа учаскесіне немесе жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынатын аумаққа жататын аумақтың ауданы көрсетіледі.

      Егер мәлімделген барлау учаскесінің шекаралары (блоктары) Кодекстің 19-бабы 2-тармағының және 186-бабының талаптарына сәйкес келмесе не өтінішке көрсетілетін қызметті алушының келісімшарттық аумағына жатпайтын блоктар енгізілсе, сондай-ақ Кодекстің 25-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда хабарламада анықталған сәйкессіздіктер не көрсетілетін қызметті алушының келісімшарттық аумағына жатпайтын блоктар не жер қойнауы учаскесін пайдалануды ұсынуға жол бермейтін мән-жайлар көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде анықталған сәйкессіздіктерді жояды, ол туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органды және ПҚҚ бойынша көрсетілетін қызметті берушіні еркін нысанда жазбаша хабардар етеді не өзінің қарсылығын жазбаша жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімді өткізіп алған жағдайда жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органның хабарламасы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган көрсетілген хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мәселені өзі ұсынған ескертуді және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын ескере отырып, барлау учаскесі аумағының шекараларының (блоктарының) Кодекс ережелеріне сәйкестігі тұрғысынан қайта қарайды.

      Барлау учаскесі аумағының шекараларының (блоктарының) сәйкестігі туралы мәселені қарау қорытындылары бойынша жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган осы шекараларды, барлау учаскесінің аумақтарын (блоктарын) келіседі не келісуден бас тартады, бұл туралы ПҚҚ жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушыны еркін нысанда жазбаша хабардар етеді. Келісуден бас тартуға көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасай алады.

      13. Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу үшін барлау учаскесі аумағының шекараларын (блоктарын) келісуді және өтінішке және оған қоса берілетін құжаттарға жойылған ескертулерді ескере отырып, ПҚҚ жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу туралы шешім қабылдау үшін ПҚҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссияның қарауына жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу мәселесі бойынша қалыптастырылған материалдарды енгізеді.

      14. ПҚҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссиясы шақырылады және тиісті материалдар енгізілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу мәселесін қарайды.

      15. Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу туралы мәселені қарау барысында Кодекстің 191-бабына сәйкес ПҚҚ-ны барлауға арналған лицензияға енгізуге жататын шарттар, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының тиісті келісімшарт бойынша міндеттемелерін негізге ала отырып, Кодекстің 278-бабы 25-тармағының алтыншы бөлігінде көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, қосымша міндеттемелерді қосу мәселесі талқыланады.

      16. Барлауға арналған келісімшарттың, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттың (барлау кезеңінде) орнына жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу және ПҚҚ барлауға лицензия беру туралы шешім мынадай шарттар сақталған кезде қабылданады:

      1) өтініш немесе оған қоса берілетін құжаттар осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келеді;

      2) өтінішке ПҚҚ бойынша Тізбенің 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттар қоса беріледі;

      3) қарау қорытындылары бойынша берілетін пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензиядағы барлау учаскесінің аумағы Кодекстің 19-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келеді;

      4) барлауға берілетін лицензияға енгізілетін және барлау учаскесінің аумағын айқындайтын блоктар Кодекстің 186-бабының талаптарына сәйкес келеді;

      5) ПҚҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссиясы және өтініш беруші жер қойнауын пайдаланушының тиісті келісімшарт бойынша міндеттемелерін, сондай-ақ Кодекстің 278-бабы 25-тармағының алтыншы бөлігінде көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, ПҚҚ барлауға берілетін лицензияның барлық талаптарын айқындады.

      17. Егер өтінішті және (немесе) өтініш берушімен келіссөздерді қарау қорытындылары бойынша ПҚҚ барлауға арналған келісімшарт бойынша жер қойнауы учаскесінің бір бөлігі ПҚҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссияның шешімімен берілетін барлауға арналған лицензияның барлау учаскесіне енгізілмесе, онда Кодекстің 278-бабы 25-тармағының алтыншы бөлігіне сәйкес берілетін лицензияның шарттары Жер қойнауын пайдаланушының лицензия берілген күннен бастап күнтізбелік екі жылдан аспайтын мерзіммен жер қойнауы учаскесінің осындай бөлігінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша, және осы міндеттеме көзделген мерзімде орындалмаған кезде лицензияны кері қайтарып алуға негіз болады.

      18. Егер қаралып отырған барлау аумағы екі жүзден астам блокты құраса, өтінім беруші мен ПҚҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссия барлауға берілетін лицензиялардың санын айқындайды, олардың әрқайсысы екі жүз блоктан аспайды.

      19. ПҚҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссияның шешімі отырысқа қатысқан барлық комиссия мүшелері отырыс өткізілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы қабылданған шешіммен келіскен кезде хаттамаға өтініш беруші немесе ол уәкілеттік берген тұлға да қол қояды. Өтініш берушінің немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның хаттамаға қол қоюдан бас тартуы лицензиялық режимге көшуден бас тарту болып есептеледі.

      Осы Қағидаларда көзделмеген лицензиялық режимге көшу шарттарын хаттамаға енгізуге жол берілмейді.

      20. ПҚҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссия жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу туралы шешім қабылдаған кезде ПҚҚ бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге Кодекстің 55 және 198-баптарына сәйкес және оның тарапынан қол қойылған Келісімшартты бұзу туралы келісімдер ПҚҚ барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің ПҚҚ бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну қажеттігі туралы хабарламаны өтініш берушіге жібереді.

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 144 бұйрығымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарларын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауды мемлекеттік орган қабылдаған қамтамасыз етуді ұсыну және есепке алу қағидаларына сәйкес ПҚҚ барлау жөніндегі операциялардың салдарларын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауды тиісінше қамтамасыз ету (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22470 болып тіркелген) және көрсетілетін қызметті алушы қол қойған Келісімшартты бұзу туралы келісім ПҚҚ жөніндегі көрсетілетін қызметті берушіге хабарлама жіберілген күннен бастап қырық жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

      21. ПҚҚ жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан қол қойылған Келісімшартты бұзу туралы келісімді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Келісімді жасасады және өтініш берушіге осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес келісілген шарттарды қамтитын ПҚҚ барлауға, сонымен бірге Келісімшартты бұзу туралы келісімнің осы данасымен лицензия береді.

      22. ПҚҚ бойынша Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болған кезде ПҚҚ жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

2-параграф . ПҚҚ/КТПҚ өндіру/бірлесіп барлау және өндіру (өндіру кезеңінде) жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу шеңберінде лицензия беру

      23. ПҚҚ/КТПҚ өндіруге/бірлесіп барлауға және өндіруге (өндіру кезеңінде) арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеуге өтінішті және осы Қағидалар Тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды КТПҚ/ПҚҚ бойынша көрсетілен қызметті берушінің кеңсесіне ұсынады.

      24. Өтініш пен құжаттарды қабылдау осы Қағидаларға Тізбенің 7-тармағына сәйкес жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Өтініштің және қоса берілген құжаттардың қабылданғанын растау ПҚҚ / КТПҚ бойынша көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде өтініштің тіркеу нөмірін беру болып табылады.

      25. ПҚҚ / КТПҚ бойынша көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға Тізбенің 8-тармағының 2) тармақшасына сәйкес құжаттарды толықтығы тұрғысынан тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде ПҚҚ / КТПҚ бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

      26. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде ПҚҚ / КТПҚ бойынша көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде және өтініштің көшірмесін қоса берілген құжаттармен бірге жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне/жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      27. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган/ жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі осы Кодекстің 277-бабының 7-тармағын және 278-бабы 25-тармағының сегізінші бөлігін ескере отырып, өндіру учаскелерінің шекараларының 19, 25, 203,209/234-баптарының (234-бап КТПҚ өндіру жөніндегі келісімшарттарға қолданылады) ережелеріне сәйкестігі тұрғысынан өтінішті және құжаттардың көшірмесін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды, қарау нәтижелері бойынша хабарламаны ПҚҚ / КТПҚ жөніндегі көрсетілетін қызметті берушіге және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

      Егер өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қарау кезінде жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган/ жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі мәлімделген өндіру учаскесі аумағының бір бөлігі Кодекстің 25 және 203-баптарына сәйкес оның қатты және кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауының басқа учаскелерінің аумақтарымен бірігуі, жер қойнауы кеңістігін пайдалануы, көмірсутектерді қатты және кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауы учаскелерінің аумақтарымен бірігуі салдарынан өндіру учаскесінің мәлімделген аумағына енгізілуге жатпайтынын жер қойнауын пайдаланушының келісімі немесе аумақтармен толық араласуы, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынатын хабарламада жер қойнауының басқа учаскесіне жататын немесе жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынатын аумақтың координаттары мен ауданы көрсетіледі.

      Егер мәлімделген өндіру учаскесінің сыртқы және ішкі шекаралары Кодекстің 209/304 (304-бап КТПҚ өндіру жөніндегі келісімшарттарға қолданылады) -баптарының талаптарына сәйкес келмесе, хабарламада анықталған сәйкессіздіктер және оларды жою тәсілдері туралы ұсынымдар көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде анықталған сәйкессіздіктерді жояды, ол туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органды және ПҚҚ бойынша көрсетілетін қызметті берушіні еркін нысанда жазбаша хабардар етеді не өзінің қарсылығын жазбаша жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімді өткізіп алған жағдайда жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органның/ жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган/ жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі көрсетілген хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мәселені өзі ұсынған ескертуді және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын ескере отырып, өндіру учаскесі аумағының шекараларының (блоктарының) Кодекс ережелеріне сәйкестігі тұрғысынан қайта қарайды.

      Өндіру учаскесі аумағының шекараларының (блоктарының) сәйкестігі туралы мәселені қарау қорытындылары бойынша жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган/ жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі осы шекараларды келіседі не келісуден бас тартады, бұл туралы ПҚҚ/ КТПҚ жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушыны еркін нысанда жазбаша хабардар етеді. Келісуден бас тартуға көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасай алады.

      28. Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу үшін өндіру учаскесі аумағының шекараларын (блоктарын) келісуді және өтінішке және оған қоса берілетін құжаттарға жойылған ескертулерді ескере отырып, ПҚҚ/ КТПҚ бойынша көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу мәселесі бойынша қалыптастырылған материалдарды ПҚҚ/КТПҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссияның қарауына жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу туралы шешімді қабылдау үшін енгізеді.

      29. ПҚҚ/КТПҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссиясы шақырылады және тиісті материалдар енгізілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу мәселесін қарайды.

      30. Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу туралы мәселені қарау барысында Кодекстің 208-бабына сәйкес ПҚҚ өндіруге/ Кодекстің 233-бабына сәйкес КТПҚ өндіруге арналған лицензияға енгізуге жататын шарттар, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының тиісті келісімшарт бойынша міндеттемелерін негізге ала отырып, Кодекстің 278-бабы 25-тармағының алтыншы бөлігінде көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, қосымша міндеттемелерді қосу мәселесі талқыланады.

      31. Жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу және ПҚҚ /КТПҚ ПҚҚ өндіруге, бірлескен барлауға және ПҚҚ өндіруге (өндіру кезеңінде) арналған келісімшарттың орнына ПҚҚ/ КТПҚ өндіруге лицензия беру туралы шешім мынадай шарттар сақталған кезде қабылданады:

      1) өтініш немесе оған қоса берілетін құжаттар осы Қағидалардың 23 және 24-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келсе;

      2) өтінішке Тізбенің 8-тармағының 2) тармақшасында талап етілетін құжаттар қоса берілсе;

      3) қарау және келіссөздер қорытындылары бойынша қалыптастырылған ПҚҚ/ КТПҚ өндіруге берілетін лицензия бойынша ПҚҚ/ КТПҚ бойынша өндіру учаскесінің аумағы Кодекстің 203-бабының 2-тармағында және 232-бабының 4-тармағында (232-баптың 4-тармағы КТПҚ өндіру келісімшарттарына қолданылады) көзделген жер қойнауы учаскелерінің аумақтарына жатпаса;

      4) қарау және келіссөздер қорытындылары бойынша қалыптастырылған ПҚҚ / КТПҚ өндіруге берілетін лицензия бойынша өндіру учаскесі аумағының шекаралары Кодекстің 19-бабы 3-тармағының және 209/234-баптарының (234-бап КТПҚ өндіру жөніндегі келісімшарттарға қолданылады) талаптарына сәйкес келсе;

      5) ПҚҚ/КТПҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссия және көрсетілетін қызметті алушы жер қойнауын пайдаланушының тиісті келісімшарт бойынша міндеттемелерін, сондай-ақ Кодекстің 278-бабы 25-тармағының алтыншы бөлігінде көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, ПҚҚ/КТПҚ өндіруге берілетін лицензияның барлық талаптарын айқындады.

      32. Егер көрсетілетін қызметті алушымен өтінішті және (немесе) келіссөздерді қарау қорытындылары бойынша ПҚҚ/КТПҚ өндіруге, бірлесіп барлауға және ПҚҚ өндіруге (өндіру кезеңінде) арналған келісімшарт бойынша жер қойнауы учаскесінің бір бөлігі ПҚҚ/КТПҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссияның шешімімен берілетін өндіруге арналған лицензияны өндіру учаскесіне енгізілмесе, онда Кодекстің 278-бабы 25-тармағының алтыншы бөлігіне сәйкес берілетін лицензияның шарттары жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауы учаскесінің осындай бөлігінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемесімен тиісті орындау мерзімімен толықтырылуға жатады, лицензия берілген күннен бастап күнтізбелік екі жылдан аспайтын мерзімде және осы міндеттеме көзделген мерзімде орындалмаған кезде кері қайтарып алу негізімен жүргізіледі.

      33. Егер лицензиялық режимге көшу қаралатын ПҚҚ өндіруге арналған келісімшарттың (бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру кезеңінің) қолданылу мерзімін ұзарту немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру шартымен: жер қойнауын пайдаланушы немесе оның еншілес ұйымы немесе қайта өңдеу өндірістерінің бірлескен кәсіпорнын құру; жер қойнауын пайдаланушының жұмыс істеп тұрған өндіруші өндірістерін жаңғырту не реконструкциялау жөніндегі міндеттеме белгіленген; қолданыстағы қайта өңдеу өндірістерін жаңғырту не реконструкциялау бойынша; Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан қайта өңдеу кәсіпорындарына (өндірісіне) қайта өңдеу үшін өндірілетін пайдалы қазбаны жеткізу бойынша; жер қойнауын пайдаланушының немесе оның еншілес ұйымының немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған инвестициялық жобаның немесе жобаның іске асырылуын қамтамасыз ету бойынша Кодекстің 278-бабы 25-тармағының алтыншы бөлігіне сәйкес осы міндеттемені берілетін лицензияға қосымша ретінде енгізу туралы мәселені ПҚҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссия қарауға тиіс.

      34. ПҚҚ/КТПҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссияның шешімі отырысқа қатысқан барлық комиссия мүшелері отырыс өткізілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

      Осы Қағидаларда көзделмеген лицензиялық режимге көшу шарттарын хаттамаға енгізуге жол берілмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы қабылданған шешіммен келіскен кезде хаттамаға көрсетілетін қызметті алушы немесе ол уәкілеттік берген тұлға да қол қояды. Көрсетілетін қызметті алушының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның хаттамаға қол қоюдан бас тартуы лицензиялық режимге көшуден бас тарту болып есептеледі.

      35. ПҚҚ/КТПҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссия ПҚҚ/КТПҚ өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу туралы шешім қабылдаған кезде ПҚҚ/ КТПҚ бойынша көрсетілетін қызметті беруші хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ПҚҚ бойынша көрсетілетін қызметті берушіге оның тарапынан қол қойылған келісімшартты бұзу туралы келісімді, тау-кен жұмыстарының жоспарында айтылған өндіру бойынша операциясына тиісті экологиялық рұқсатты ұсыну, Кодекстің 216 және 217-баптарына сәйкес көзделген тау-кен жұмыстарының жоспарының және жою жоспарының сараптамаларын және келісулерін жүргізу қажеттілігі туралы хабарламаны жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы қол қойған келісімшартты бұзу туралы келісімді келісуді, тау-кен жұмыстарының жоспарында айтылған өндіру бойынша операциясына тиісті экологиялық рұқсаттың оң сараптама қорытындылары мен көшірмелерін көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген хабарлама жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей ұсынады.

      Көрсетілген мерзімді ұзарту қажет болған кезде көрсетілетін қызметті алушы ПҚҚ/КТПҚ бойынша көрсетілетін қызметті берушіге осындай ұзартудың негіздемесімен жүгінеді. ПҚҚ/КТПҚ бойынша көрсетілетін қызметті беруші бұл мерзімді бір жылдық мерзім өткен күннен бастап бір жылдан аспайтын кезеңге ұзартады.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мерзімді өткізуі жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу рәсімін тоқтатады. Бұл жағдайда жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу туралы өтініш кемінде үш айдан кейін қайта беріледі.

      36. Көрсетілетін қызметті алушы келісімшартты бұзу туралы келісімді, келісулерді, тау-кен жұмыстарының жоспарында айтылған өндіру бойынша операциясына тиісті экологиялық рұқсаттың оң сараптама қорытындылары мен көшірмелерін көзделген мерзімде ұсынғаннан кейін ПҚҚ/КТПҚ бойынша көрсетілетін қызметті беруші бес жұмыс күні ішінде Келісімшартты бұзу туралы келісім жасасады және Келісімшартты бұзу туралы келісімнің данасы өтініш берушіге осы Қағидалардың 32 және 33-тармақтарына сәйкес келісілген шарттары бар ПҚҚ/КТПҚ өндіруге лицензия береді.

      37. Жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу нәтижесінде ПҚҚ/КТПҚ өндіруге лицензия алған жер қойнауын пайдаланушы Кодекстің 55 және 219-баптарына сәйкес жоғарыда көрсетілген операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ПҚҚ/КТПҚ саласындағы уәкілетті органға ұсынған жағдайда, өндіру учаскесінде ПҚҚ/ КТПҚ өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуді жалғастырады.

      38. Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде ПҚҚ/КТПҚ бойынша көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

3-параграф. ПҚҚ бірлесіп барлау және өндіру кезінде жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу шеңберінде лицензия беру

      39. ПҚҚ бірлесіп барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және осы Қағидалар Тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеуге өтінішті ПҚҚ бойынша көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді.

      40. Өтініш пен құжаттарды қабылдау осы Қағидаларға Тізбенің 7-тармағына сәйкес жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Өтініштің және қоса берілген құжаттардың қабылданғанын растау ПҚҚ бойынша көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде өтініштің тіркеу нөмірін беру болып табылады.

      41. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту береді.

      42. Өтініш пен құжаттар осы Қағидалардың Тізбесінің 8-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген.

      43. Өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қарау, лицензиялар бойынша ПҚҚ барлау учаскесінің (учаскелерінің) және өндіру учаскесінің (учаскелерінің) аумақтарын мемлекеттік органдармен келісу, ПҚҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссияның қарауы үшін жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының материалдарды қалыптастыру тәртібі мен мерзімдері, жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу және барлауға арналған лицензияны (лицензияларды) және ПҚҚ бірлесіп барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың орнына ПҚҚ өндіруге арналған лицензияны (лицензияларды) беру туралы ПҚҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссияның шешім қабылдауы мыналарды ескере отырып, осы Қағидалардың 2-параграфының 11-тармақтарының қағидалары бойынша айқындалады:

      1) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидалардың 12-тармағының екінші және үшінші бөліктерін сақтай отырып, Кодекстің 277-бабының 7-тармағын және 278-бабының 25-тармағының сегізінші бөлігін ескере отырып, барлау учаскесі аумағының мәлімделген шекараларының (блоктарының) 19, 25, 186-баптарының ережелеріне сәйкестігі мәніне өтінішті қарайды;

      2) ПҚҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссия осы Қағидалардың 18-тармағының талаптары сақталған кезде - ПҚҚ барлауға лицензия (лицензия) беру бөлігінде және осы Қағидалардың 34-тармағы – ПҚҚ өндіруге лицензия (лицензия) беру бөлігінде бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың жер қойнауының барлық шарттары мен учаскелері бойынша бір мезгілде жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу және ПҚҚ барлауға және өндіруге арналған лицензиялар беру туралы шешім қабылдайды;

      3) жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу туралы мәселені қарау барысында геологиялық (геологиялық) теліммен (телімдермен) айқындалған жер қойнауы учаскесі (учаскелері) бөлігінде Кодекстің 191-бабына сәйкес ПҚҚ барлауға арналған лицензияға (лицензияға) енгізуге жататын шарттар, Кодекстің 278-бабы 25-тармағының алтыншы бөлігінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып айқындалады;

      4) ПҚҚ барлауға арналған лицензия (лицензиялар) және ПҚҚ өндіруге арналған лицензия (лицензиялар) берілуге тиіс, ал оның орнына көрсетілген лицензиялар берілетін бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшартты бұзу туралы келісім – ПҚҚ барлау жөніндегі операциялардың салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын тиісінше қамтамасыз ету берілген жағдайда мұндай қамтамасыз етуді беру туралы хабарлама жіберілген күннен бастап қырық жұмыс күнінен кешіктірмей ПҚҚ бойынша көрсетілетін қызметті берушінің бір мезгілде қорытындысы беріледі,

      44. Жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу нәтижесінде ПҚҚ өндіруге лицензиялар (лицензиялар) алған жер қойнауын пайдаланушы Кодекстің 55 және 219-баптарына сәйкес жоғарыда көрсетілген операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда берілген лицензияларға сәйкес ПҚҚ өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуді жалғастырады.

      45. Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде ПҚҚ бойынша көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      46. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      47. Егер заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік–процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Жер қойнауын пайдаланудың
лицензиялық режиміне көшу
шеңберінде лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

  ____________________________
____________________________
(мемлекеттік органның атауы)

"Жер қойнауын пайдалануға лицензиялау режиміне көшу шеңберінде лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

ПҚҚ келісімшарттары бойынша - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
КТПҚ келісімшарттары бойынша - Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары

2.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету жолдары

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі/ "Minerals.gov.​kz" ЖПБП

3.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі

1. ПҚҚ/КТПҚ көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын тексереді;
2. Өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның/жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қарауы – 10 жұмыс күні;
Өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның/жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің хабарламасында көрсетілген ескертулер жойылған жағдайда қайта қарау – 10 жұмыс күні;
3. Көрсетілетін қызметті беруші ПҚҚ/КТПҚ бойынша 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланудың лицензияланатын режиміне көшу мәселесі бойынша қалыптастырылған материалдарды ПҚҚ/КТПҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссияның қарауына ұсынады;
4. ПҚҚ/КТПҚ бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссиясы шақырылады және тиісті материалдар ұсынылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу туралы мәселені қарайды.
5. 10 жұмыс күнінен кешіктірмей отырысқа қатысқан комиссияның барлық мүшелерінің хаттаманы тіркеуі және қол қоюы;
6. ПҚҚ/КТПҚ бойынша көрсетілетін қызметті беруші хаттамаға қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 20 және 35-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама жібереді .
7. Көрсетілетін қызметті беруші ПҚҚ/КТПҚ бойынша 5 жұмыс күні ішінде келісімшартты бұзу туралы келісім жасасады және өтініш берушіге ПҚҚ/КТПҚ өндіруге лицензия береді.
Бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар бойынша ПҚҚ барлауға лицензия (лицензия) және ПҚҚ өндіруге лицензия (лицензия) берілуге жатады, ал бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшартты бұзу туралы келісім, оның орнына осы лицензиялар берілген ПҚҚ бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір мезгілде жасасуы тиіс.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық/қағаз

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Пайдалы қатты қазбаларды барлауға лицензия беру / пайдалы қатты қазбаларды / кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру / мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыға тегін көрсетіледі.

7.

Жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

8.

"Жер қойнауын пайдалануға лицензиялау режиміне көшу шеңберінде лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1) пайдалы қатты қазбаларды барлау, бірлескен барлау және өндіруді (барлау кезеңінде) жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу үшін: осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлауға/бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеуге арналған өтініш (барлау кезеңінде) ;
осы Тізбеге 1-қосымшаның 1-тармағында көзделген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат, егер мұндай тұлғаны өтініш беруші тағайындаған болса;
Кодексте көзделген жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама бақылайтын тұлғалардың және (немесе) ұйымдардың құрамы туралы есеп;
жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) көмірсутектерді немесе пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін аталған жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) пайдалануындағы жер қойнауы учаскесінің аумағына ішінара түсетін учаскені барлауға арналған лицензияға енгізуге жазбаша келісімі.
Құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады. Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелері нотариалды куәландырылуға жатады. Шет тілінде жасалған құжаттардың көшірмелері мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге ұсынылады, олардың дұрыстығы нотариалды куәландырылуға жатады.
2) Пайдалы қатты қазбаларды өндіруді/бірлескен барлауды және өндіруді (өндіру кезеңінде)/кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруді жүргізу кезінде жер қойнауын пайдалануға лицензиялық режимге ауысу үшін: осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес пайдалы қатты қазбаларды өндіруді/бірлескен барлауды және өндіруді (өндіру кезеңінде)/кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеуге арналған өтініш;
осы Тізбеге 2-қосымшаның 1-тармағында көзделген ақпаратты растайтын құжаттардың көшірмелері;
өтініш беру кезінде өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат, егер мұндай тұлғаны өтініш беруші тағайындаған болса;
Кодексте көзделген жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама бақылайтын тұлғалардың және (немесе) ұйымдардың құрамы туралы есеп;
Құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады. Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелері нотариалды куәландырылуға жатады. Шет тілінде жасалған құжаттардың көшірмелері мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге ұсынылады, олардың дұрыстығы нотариалды куәландырылуға жатады.
3) Пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіруді жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланудың лицензияланатын режиміне көшу үшін:
осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес пайдалы қатты қазбаларды бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеуге арналған өтініш;
осы Тізбеге 3-қосымшаның 1-тармағында көзделген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері; өтініш беру кезінде өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат, егер мұндай тұлғаны өтініш беруші тағайындаған болса;
Кодексте көзделген жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама бақылайтын тұлғалардың және (немесе) ұйымдардың құрамы туралы есеп;
жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) көмірсутектерді немесе пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін аталған жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) пайдалануындағы жер қойнауы учаскесінің аумағына ішінара түсетін учаскені барлауға арналған лицензияға енгізуге жазбаша келісімі
Құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады. Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелері нотариалды куәландырылуға жатады. Шет тілінде жасалған құжаттардың көшірмелері мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге ұсынылады, олардың дұрыстығы нотариалды куәландырылуға жатады.

9.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер

1) Заңның 19-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мәлімделген учаскелер аумақтарының сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның теріс қорытындысы кезінде;
2) өтініш немесе оған қоса берілген құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмесе;
3) көрсетілетін қызметті алушының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның хаттамаға қол қоюдан бас тартса;
4) осы Қағидалардың 20 және 35-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсыну мерзімдерін бұзса.

10.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

1. Мемлекеттік қызметті қағаз түрінде көрсету мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, телефон: 8 (7172) 983-421 /
КТПҚ өндіруге лицензия алу бойынша мемлекеттік қызмет облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 983-334, Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Жер қойнауын пайдаланудың
лицензиялық режиміне көшу
шеңберінде лицензия беру"
мемлекеттік қызметті көрсетуге
қойылатын негізгі
талаптардың тізбесіне
1-қосымша

      Нысан

  ____________________________
____________________________
(мемлекеттік органның атауы)

Пайдалы қатты қазбаларды барлауға/ бірлескен барлауға және өндіруге (барлау кезеңінде) арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеуге арналған өтініш

      20__ жылғы "___" ________

      Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия берсін және

      __________________________________________________________________________

      (пайдалы қатты қазбалар түрлері, келісімшарт атауы, келісімшарттың тіркеу нөмірі) жер қойнауын пайдалану құқұғын қайта ресімдеуді сұраймын.

      1. Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), тұрғылықты жері, азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттардың нөмірі мен берілген күні;

      заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің атауы, орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді көшірме немесе өтініш берушінің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжат), басшылары туралы мәліметтер;

      2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жасасқан күні мен нөмірі;

      3. * Келісімшарттық аумаққа жататын блоктың жеке коды (блоктың жеке коды).

      *Егер өтініш екі және оданда көп блоктарды қамтыса, көрсетілген өтініште әр блок тым болмаса басқа блокпен жалпы жағы болу тиіс.

      Өтініш беруші: _____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті тұлғаның лауазымы мен қолы; өкілдермен өтінішті беру жағдайда, өкілділікті куәландыратын ресімделген тиісті құжатты салу)

      мөр орны (бар болған жағдайда)

      Қолы:___________________

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__" __________

  "Жер қойнауын пайдаланудың
лицензиялық режиміне көшу
шеңберінде лицензия беру"
мемлекеттік қызметті көрсетуге
қойылатын негізгі талаптардың
тізбесіне 2-қосымша

      Нысан

  ____________________________
____________________________
(мемлекеттік органның атауы)

Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге/ кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге/ бірлескен барлауға және өндіруге (өндіру кезеңінде) арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеуге арналған өтініш

      20__ жылғы "___" ________

      Жер қойнауын пайдалану құқығын____________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (келісімшарттың тіркеу нөмірі, келісімшарттың атауы, пайдалы қатты қазбалардың түрі) қайта ресімдеуді және пайдалы қатты қазбаларды өндіруге/ кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруді сұраймын.

      1. Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), тұрғылықты жері, азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттардың нөмірі мен берілген күні;

      заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің атауы, орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді көшірме немесе өтініш берушінің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжат), басшылары туралы мәліметтер;

      2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жасасқан күні мен нөмірі;

      3. Бұрыш нүктелерінің географиялық координаттары және өндіру нәтижесінде пайда болған (болған жағдайда) тау кен қазу және (немесе) тау кен байыту өндірістердің техногенді минералды түзілімдер объектілерін орналастыру аумағының бір километрден аспайтын жерге немесе оған тікелей іргелес және толық аумақ алаңы.

      ___________________________________________________________________

      _____________________________________

      Өтініш беруші:___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, (болған жағдайда) уәкілетті тұлғаның лауазымы мен қолы; өкілдермен өтінішті беру жағдайда, өкілділікті куәландыратын ресімделген тиісті құжатты салу)

      мөр орны (бар болған жағдайда)

      Қолы:___________________

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__" __________

  "Жер қойнауын пайдаланудың
лицензиялық режиміне көшу
шеңберінде лицензия беру"
мемлекеттік қызметті көрсетуге
қойылатын негізгі
талаптардың тізбесіне
3-қосымша

      Нысан

  ____________________________
____________________________
(мемлекеттік органның атауы)

Пайдалы қатты қазбаларды бірлесіп барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеуге арналған өтініш

      20__ жылғы " ___" ________

      Жер қойнауын пайдалану құқығын ____________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (келісімшарттың тіркеу нөмірі, келісімшарттың атауы, пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіруге арналған лицензияны беру (лицензия) және пайдалы қатты қазбалар түрі) беруді сұраймын.

      1. Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), тұрғылықты жері, азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттардың нөмірі мен берілген күні;

      заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің атауы, орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді көшірме немесе өтініш берушінің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжат), басшылары туралы мәліметтер;

      2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жасасқан күні мен нөмірі;

      3. *Келісімшарттық аумаққа (геологиялық бөлу аумақтарына) қатысты блоктың жеке коды (блоктардың жеке кодтары);

      *Егер өтініш екі және оданда көп блоктарды қамтыса, көрсетілген өтініште әр блок тым болмаса басқа блокпен жалпы жағы болу тиіс.

      3. Бұрыш нүктелерінің географиялық координаттары және өндіру нәтижесінде пайда болған (болған жағдайда) тау кен қазу және (немесе) тау кен байыту өндірістердің техногенді минералды түзілімдер объектілерін орналастыру аумағының бір километрден аспайтын жерге немесе оған тікелей іргелес және толық аумақ алаңы.

      Өтініш беруші:_____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), уәкілетті тұлғаның лауазымы мен қолы; өкілдермен өтінішті беру жағдайда, өкілділікті куәландыратын ресімделген тиісті құжатты салу)

      мөр орны (бар болған жағдайда)

      Қолы:___________________

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__"__________

  "Жер қойнауын пайдаланудың
лицензиялық режиміне көшу
шеңберінде лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 2-қосымша

      Нысан

  ____________________________
____________________________
(мемлекеттік органның атауы)

Өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тарту

Нөмірі:
Шығарылған күні:

(өтініш берушінің аты-жөні)

      ________________________________________________________________________________

      (орталық мемлекеттік орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары)

      20 __ жылғы "__" ______ жылғы № _______ өтінішіңізді қарап,

      хабарлайды

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________

      (бас тарту себебі)

      [Қол қоюшының лауазымы]                   (Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің

      аты (болған жағдайда))

  "Жер қойнауын пайдаланудың
лицензиялық режиміне көшу
шеңберінде лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 3-қосымша

      Нысан

  ____________________________
____________________________
(мемлекеттік органның атауы)

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты бұзу туралы келісім

      __________________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      және бұдан әрі Тараптар деп аталатын

      __________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның толық тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) заңды тұлғаның

      толық атауы) (бұдан әрі – Жер қойнауын пайдаланушы)

      атынан әрекет ететін Қазақстан Республикасы арасындағы

      __________________________________________________________________________

      (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың толық атауы, пайдалы

      қазбалардың түрлерін және операциялардың түрлерін қоса алғанда тіркеу нөмірі мен күні)

      ________________________________________________________ бұзу туралы келісім.

      Осы _____________________________________________________________________

      (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың толық атауы, операциялардың

      түрлерін қоса алғанда, тіркеу нөмірі мен күні)

      __________________________________________________________________________

      (пайдалы қазбалардың түрін көрсету) (бұдан әрі - Жер қойнауын пайдалануға арналған

      келісімшарт)

      бұзу туралы келісім

      20___жылғы "____" №_________

      __________________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      _____________________________________________комиссия хаттамасының негізінде

      20___жылғы "____" _____________ (бұдан әрі - Келісім) Тараптармен қол қойылды.

      Мыналарды назарға ала отырып:

      1) Жер қойнауын пайдаланушы Жер қойнауы пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланудың құқығына ие;

      2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тарапы болып табылады

      Қазақстан Республикасы атынан әрекет ететін______________________________;

      (мемлекеттік органның атауы)

      3) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) қабылданды және қолданысқа енгізілді;

      4) Жер қойнауын пайдаланушы __________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      Кодекстің 278-бабының 25 тармағына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеуге өтініш жасады;

      5) _______________________ комиссияда жер қойнауын пайдалану

      (мемлекеттік органның атауы)

      құқығын қайта ресімдеу шарттары мәселелерін қарауға шешім қабылданды;

      6) ___________________________ комиссия жер қойнауын пайдалануға

      (мемлекеттік органның атауы)

      арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу шешімі қабылдады және

      ___________________________________ жер қойнауын пайдаланушыға

      (мемлекеттік органның атауы)

      __________________________________________________________________________

      (пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия/лицензиялар, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия/лицензиялар немесе кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар, берілген лицензиялардың тізіліміне оның күні мен нөмірі)

      (бұдан әрі – Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия/лицензиялар) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың орнына (комиссия хаттамасының нөмірі мен күні) лицензиялар берілсін деп ұсынылды

      ______________________________ және жер қойнауын пайдаланушы

      (мемлекеттік органның атауы)

      төмендегілер туралы келіседі:

      1. Осы Келісімнің жасасу күніне жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты өзара келісім бойынша бұзуға.

      2. Тараптар, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптары бойынша бір біріне наразылақтары болмайтынын растайды.

      3. Келісім жасасқаннан кейін Тараптар арасындағы жер қойнауын пайдалану талаптары бойынша қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасында және Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды бұзу орнына жер қойнауын пайдаланушымен берілген/берілген жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия/лицензиялармен реттеледі.

      4. Осы Келісімге қолданылатын құқық Қазақстан Республикасының құқығы болып табылады.

      5. Осы Келісімге байланысты даулар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуге жатады.

      6. Келісім Тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан қазақ және орыс тілдерінде жасалады, барлық даналар бірдей.

      7. Келісім мазмұны мен түсіндіруді анықтау кезінде қайшылықтар немесе даулар туындаған жағдайда мәтіннің нұсқасы_____________тілінде (қазақ немесе орыс тілдерін көрсету) басым күші бар.

      8. Осы Келісім 20 ___ жылғы ________ (күні), _______ (айы)

      ____________ қаласында (Қазақстан Республикасы), Тараптардың уәкілетті өкілдерімен жасасты.

      9. Заңды мекенжайы мен Тараптардың қолдары.

  бұйрығына 2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2018 жылғы "24" мамырдағы
№ 379 бұйрығына
қосымша

Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу жөніндегі комиссия жұмысының қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу жөніндегі комиссия жұмысының қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Кодекстің 278-бабы 25-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес әзірленді және уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – ПҚҚ жөніндегі комиссия) және кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі –КТПҚ жөніндегі комиссия) жұмыс тәртібін айқындайды.

      2. ПҚҚ жөніндегі комиссия мен КТПҚ жөніндегі комиссия қызметінің негізгі мақсаты тиісінше пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу мәселелерін қарау болып табылады.

      3. ПҚҚ жөніндегі комиссияның және КТПҚ жөніндегі комиссияның ережесі мен құрамы Кодекстің 278-бабы 25-тармағының тиісінше екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес бекітіледі.

2-тарау. ПҚҚ жөніндегі комиссияның жұмыс тәртібі

      4. ПҚҚ жөніндегі комиссияның міндеттері:

      1) Пайдалы қатты қазбаларды барлауды, өндіруді және бірлесіп барлауды және өндіруді жүргізетін жер қойнауын пайдаланушылардың Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша (бұдан әрі – Өтініш берушілер) жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшуге және пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияға және (немесе) өндіруге арналған лицензияға жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеуге өтініштерін қарау;

      2) жер қойнауын пайдаланушының тиісті келісімшарт бойынша міндеттемелерін ескере отырып, қаралған өтініштер бойынша жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу шарттарын айқындау болып табылады.

      5. ПҚҚ жөніндегі комиссия:

      1) ПҚҚ жөніндегі комиссияның отырыстарына шақырады және Өтініш берушілерді тыңдайды;

      2) Өтініш берушілер ұсынатын өтініштерді, оған қоса берілетін құжаттарды және ақпаратты қарайды, жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу туралы шешім қабылдау үшін қажетті тиісті келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелері бойынша қосымша материалдарды сұратады және олардан алады;

      3) мемлекеттік органдардан, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен (бұдан әрі – құзыретті орган), лауазымды адамдардан, ұйымдардан және азаматтардан ПҚҚ жөніндегі комиссияның міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты жазбаша нысында жасалатын және пошта арқылы және (немесе) хабарламаны тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып жіберелетін хабарламалар арқылы сұратады және алады;

      4) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды, сондай-ақ ПҚҚ жөніндегі комиссияның міндеттерін іске асыру үшін мамандар мен сарапшыларды жұмысқа тартады.

      6. ПҚҚ жөніндегі комиссияны құзыретті органның басшысы болып табылатын төраға басқарады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын құзыретті орган басшысының жетекшілік ететін орынбасары болып табылатын төрағаның орынбасары орындайды.

      7. ПҚҚ жөніндегі комиссияның өзге мүшелерінен басқа оның құрамына бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілі кіреді.

      8. ПҚҚ жөніндегі комиссияның төрағасы ПҚҚ жөніндегі комиссияның қызметіне басшылық жасайды, оның жұмысын жоспарлайды, отырыстың күн тәртібін бекітеді, ПҚҚ жөніндегі комиссияның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.

      9. ПҚҚ жөніндегі комиссияның хатшысы:

      1) ПҚҚ жөніндегі комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады;

      2) ПҚҚ жөніндегі комиссияның отырысына тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді;

      3) ПҚҚ бойынша комиссия отырысының хаттамасын жасайды.

      10. ПҚҚ жөніндегі комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану департаменті болып табылады.

      11. Жер қойнауын пайдаланушының өтінішін және жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшудің жеке шарттарын айқындау үшін қажетті материалдарды құзыретті орган ПҚҚ жөніндегі комиссияның қарауына енгізеді. ПҚҚ жөніндегі комиссиялар құзыретті орган тиісті материалдарды енгізген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде шақырылады және егер оларға ПҚҚ жөніндегі комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан болса, заңды болып саналады.

      12. ПҚҚ жөніндегі комиссияның шешімдері қатысып отырған мүшелердің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. ПҚҚ жөніндегі комиссия мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда ПҚҚ жөніндегі комиссияның төрағасы, ал ол болмаған жағдайда – төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      13. ПҚҚ жөніндегі комиссия отырысының нәтижелері бойынша хаттама жасалады, оған ПҚҚ жөніндегі комиссияның барлық қатысып отырған мүшелері, сондай-ақ қабылданған шешіммен келіскен кезде өтініш беруші немесе оның уәкілетті өкілі қол қояды. Хаттаманың мәтіні әр тарап үшін бір данадан қазақ және орыс тілдерінде жасалады және қол қойылады.

      14. ПҚҚ жөніндегі комиссияның қызметін ұйымдастыруды, материалдарды жинауды және сақтауды жұмыс органы жүзеге асырады.

      15. ПҚҚ жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы негізінде өз қызметін тоқтатады.

3-тарау. КТПҚ жөніндегі комиссияның жұмыс тәртібі

      16. КТПҚ жөніндегі комиссияның міндеттері:

      1) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруді жүргізетін жер қойнауын пайдаланушылардың Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша (бұдан әрі – Өтініш берушілер) жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшуге және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияға жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеуге өтініштерін қарау;

      2) жер қойнауын пайдаланушының тиісті келісімшарт бойынша міндеттемелерін ескере отырып, қаралған өтініштер бойынша жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу шарттарын айқындау болып табылады.

      17. КТПҚ жөніндегі комиссия:

      1) КТПҚ жөніндегі комиссияның отырыстарына және Өтініш берушілерді тыңдауға шақырады;

      2) Өтініш берушілер ұсынатын өтініштерді, оған қоса берілетін құжаттарды және ақпаратты қарайды, жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу туралы шешім қабылдау үшін қажетті тиісті келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелері бойынша қосымша материалдарды сұратады және олардан алады;

      3) мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан, ұйымдардан және азаматтардан КТПҚ жөніндегі комиссияның міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты жазбаша нысында жасалатын және пошта арқылы және (немесе) хабарламаны тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып жіберелетін хабарламалар арқылы сұратады және алады;

      4) орталық және жергілікті атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды, сондай-ақ КТПҚ жөніндегі комиссияның міндеттерін іске асыру үшін мамандар мен сарапшыларды жұмысқа тартады.

      18. КТПҚ жөніндегі комиссияны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының басшысы болып табылатын төраға басқарады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы басшысының жетекшілік ететін орынбасары болып табылатын төрағаның орынбасары орындайды.

      19. КТПҚ жөніндегі комиссияның өзге мүшелерінен басқа оның құрамына бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органының өкілі кіреді.

      20. КТПҚ жөніндегі комиссияның төрағасы КТПҚ жөніндегі комиссияның қызметіне басшылық жасайды, оның жұмысын жоспарлайды, отырыстың күн тәртібін бекітеді, КТПҚ жөніндегі комиссияның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.

      21. КТПҚ жөніндегі комиссияның хатшысы:

      1) КТПҚ жөніндегі комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады;

      2) КТПҚ жөніндегі комиссияның отырысына тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді;

      3) КТПҚ жөніндегі комиссия отырысының хаттамасын жасайды.

      22. Жер қойнауын пайдалану саласындағы басшылықты жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті уәкілетті органы КТПҚ жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – жұмыс органы) жұмыс органы болып табылады.

      23. Жер қойнауын пайдаланушының өтінішін және жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшудің жеке шарттарын айқындау үшін қажетті материалдарды жұмыс органы КТПҚ жөніндегі комиссияның қарауына енгізеді. КТПҚ жөніндегі комиссиялар жұмыс органы тиісті материалдарды енгізген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде шақырылады және егер оларға сипаттама жөніндегі комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

      24. КТПҚ жөніндегі комиссияның шешімдері қатысып отырған мүшелердің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. КТПҚ комиссиясының мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда, КТПҚ жөніндегі комиссияның төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      25. КТПҚ жөніндегі комиссия отырысының нәтижелері бойынша хаттама жасалады, оған КТПҚ жөніндегі комиссияның барлық қатысып отырған мүшелері, сондай-ақ қабылданған шешіммен келіскен кезде өтініш беруші немесе оның уәкілетті өкілі қол қояды. Хаттаманың мәтіні әр тарап үшін бір данадан қазақ және орыс тілдерінде жасалады және қол қойылады.

      26. КТПҚ жөніндегі комиссияның қызметін ұйымдастыруды, материалдарды жинауды және сақтауды жұмыс органы жүзеге асырады.

      27. КТПҚ жөніндегі комиссия өз қызметін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қаулысы негізінде тоқтатады.