БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік баспанасын жалға алу шартын жасасу және ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 1141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30965 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік баспанасын жалға алу шартын жасасу және ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге Қағидаларға 1 немесе 1-1-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша қызметтік тұрғын үйді жалға алу шартын жасау не Қағидаларға 2 немесе 2-1-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша қызметтік тұрғын үйді жалға алу шартын ұзарту үшін не "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған не ұялы байланыс операторы берген көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған баянатпен (өтінішпен) өтініш жасайды.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесі көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған күні оның баянатын (өтінішін) қабылдайды және тіркейді. Тіркелгеннен кейін баянаттың (өтініштің) көшірмесі мөртаңбаны, кіріс нөмірін және тіркеу күнін қоюмен көрсетілетін қызметті алушыға беріледі. Портал арқылы өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге баянатты (өтінішті) қабылдағаны туралы белгі жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға ол өтініш жасаған күні баянатты (өтінішті) қабылдаудан бас тартады, ал көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш жасаған кезде "жеке кабинетке" баянатты (өтінішті) қабылдаудан бас тартқаны туралы белгі жолданады.";
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесі уәкілетті органның басшысына тіркелген күні көрсетілетін қызметті алушының баянатын (өтінішін) қоса берілген құжаттармен бірге береді.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде баянатты (өтінішті) орындауға жауапты орындаушыға жолдайды.";
үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызметті қағаз түрінде көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесі арқылы беріледі, ал электрондық түрде көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту Тізбенің 10-тармағына сәйкес жүзеге асырылады, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 73-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.";
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 1-1-қосымшамен толықтырылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 2-1-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 4-1-қосымшамен толықтырылсын;
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 5-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Р. Жаксылыков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Нысан
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі _______ аудандық (атауы) пайдалану бөлімінің бастығына ____________________________ (әскери қызметшіден, азаматтық персоналдан немесе Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерімен байланысы жоқ адамнан) ____________________________ (көрсетілетін қызметті алушының әскери атағы (бар болса), тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________ (мемлекеттік мекеменің немесе әскери бөлімнің атауы (бар болса) мынадай мекенжай бойынша тұратын: ____________________________ |
Баянат (Өтініш)
Сізден ____________ гарнизоны тұрғын үй комиссиясының ________ №_____
(атауы) (күні) (нөмірі)
хаттамасына сәйкес менімен және менің отбасымның мүшелерімен
________________________ мекенжайы бойынша _____________________________
(мекенжай атауы) (ашық/жабық (оқшауланған) әскери қалашықта немесе жатақханада)
орналасқан қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын жасауыңызды сұраймын.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйеде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Қосымша _____ парақта:
Қоса берілетін құжаттардың атауы:
1) _________________________;
2) _________________________;
3) ....
___________________________________________
(күні, көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасы)
Нысан
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі _______ аудандық (атауы) пайдалану бөлімінің бастығына ____________________________ (әскери қызметшіден, азаматтық персоналдан немесе Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерімен байланысы жоқ адамнан) ____________________________ (көрсетілетін қызметті алушының әскери атағы (бар болса), тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________ (мемлекеттік мекеменің немесе әскери бөлімнің атауы (бар болса) мынадай мекенжай бойынша тұратын ___________________________ |
Баянат (Өтініш)
Сізден маған және менің отбасымның мүшелеріне ________________________
(мекенжай атауы)
мекенжайы бойынша _______________ орналасқан қызметтік тұрғынжайды жалға алу
(ашық/жабық (оқшауланған) әскери қалашықта немесе жатақханада)
шартын ұзартуыңызды сұраймын.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйеде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Қосымша _____ парақта:
Қоса берілетін құжаттардың атауы:
1) _________________________;
2) _________________________;
3) ....
___________________________________________
(күні, көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасы)
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік баспанасын жалға алу шартын жасасу және ұзарту" |
2. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімдері |
3. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
1) көрсетілетін қызметті беруші; |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 10 (он) жұмыс күні |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған)/қағазда |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысымен бекітілген үлгі шартты (бұдан әрі – Шарт) немесе Қағидаларға 4 немесе 4-1-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын жасаудан бас тарту туралы анықтаманы көретілетін қызметті берушінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесі немесе портал арқылы беру қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын жасау болып табылады; |
7. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда оны алу тәсілдері | Тегін |
8. | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін. |
9. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
1. Қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын жасау үшін Қағидаларға 1 немесе 1-1-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша баянат (өтініш) және мынадай құжаттар беріледі: |
10. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) нақты еместігін анықтау; |
11. | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының қашықтан қолжетімділік режимінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы мемлекеттік қызметті көрсету белгісі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар. |
Нысан
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) |
________________ гарнизонында қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын жасаудан бас тарту туралы анықтама
________________________________________________________________
(мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздерді көрсету)
басшылыққа ала отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады
____________________________________________________________________.
(мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету)
Анықтама жарамды: мерзімсіз.
Анықтама әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі _________________ аудандық пайдалану бөлімінің бастығы
___________________________________________________
(әскери атағы) (қолы) (аты-жөні және тегі)
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі _____________ аудандық пайдалану бөлімі тұрғын үй бөлімінің (бөлімшесінің) бастығы (басшысы)
___________________________________________________
(әскери атағы (бар болса) (қолы) (аты-жөні және тегі)
елтаңбалы мөр
Орындаушы: ___________________
(тегі және аты-жөні)
Телефон: ___________
Алдым: ___________________________ көрсетілетін қызметті алушының қолы
(тегі және аты-жөні)
20__ж. "___" ____________
Нысан
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) |
________________ гарнизонында қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын ұзартудан бас тарту туралы анықтама
_______________________________________________________________
(мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздерді көрсету)
басшылыққа ала отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады
___________________________________________________________________.
(мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету)
Анықтама жарамды: мерзімсіз.
Анықтама әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі _________________аудандық пайдалану бөлімінің бастығы
___________________________________________________
(әскери атағы) (қолы) (аты-жөні және тегі)
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі _____________ аудандық пайдалану бөлімі тұрғын үй бөлімінің (бөлімшесінің) бастығы (басшысы)
___________________________________________________
(әскери атағы (бар болса) (қолы) (аты-жөні және тегі)
елтаңбалы мөр
Орындаушы: ___________________
(тегі және аты-жөні)
Телефон: ___________
Алдым: ___________________________ көрсетілетін қызметті алушының қолы
(тегі және аты-жөні)
20__ж. "___" ____________