Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 3 мамырдағы № 140 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 мамырда № 32445 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрі
З. Сулейменова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Цифрлық

      даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрі
2023 жылғы 3 мамырдағы
№ 140 Бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Балық аулау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10606 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балық аулау қағидаларында:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Заңның 35-бабының 1-тармағына сәйкес кәсіпшілік балық аулау құқығы жеке және заңды тұлғаларға:

      1) жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаты;

      2) ведомствоның аумақтық бөлімшелерімен балық шаруашылығын жүргізуге шарты болған кезде беріледі.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау әртүрлі жабдықтармен (жылтырауық, мормышка, воблер, мушка және басқа да еліктіргіштер) қамтылған қармақсаптардың барлық түрлерімен, сондай-ақ, лақтырма қармақтармен және жерлицалармен жүргізіледі. Балық аулау кезінде сүзекі тек көмекші құрылғы ретінде пайдаланылуы мүмкін.

      Шаян аулағыштардың саны бір балық аулаушыға үш данадан аспауы тиіс.

      Су астындағы аң аулауға арналған мылтықтар рекреациялық балық аулауға арналған және халықтың демалыс аймағынан тыс жерлерде, сондай-ақ бекітілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерде жануарлар дүниесін пайдаланушы белгілеген орындарда пайдалануға рұқсат етіледі.".

      2. "Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/149 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10865 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) осы Қағидалардың 1-қосымшасында жазылған.

      Көрсетілетін қызмет беруші осы Қағидаларға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу туралы нормативтік құқықтық акті бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті беруші аңшылық шаруашылығы үшін аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша алып қою квотасын алуға өтінім немесе балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын алуға өтінім түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты қызметкерге орындауға береді.

      Жауапты қызметкер 7 (жеті) жұмыс күні ішінде өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың бекітілген лимиттері негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталарды бөлу туралы хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

      Осы Қағидалардың Тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдаудың өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін жібереді. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мынадай шешімдер қабылдайды:

      1) аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою квотасын бөледі;

      2) Тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту береді.".

      3. "Жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 13 мамырдағы № 18-02/434 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11346 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аумақтық бөлімше – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің немесе Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері;

      2) жануарларды будандастыру – шаруашылықта пайдалы озық белгілері немесе қасиеттері бар дара нұсқаларды алу мақсатында жануарлардың алуан түрлерінің немесе тұқымдарының дара нұсқаларын шағылыстыру;

      3) жануарларды интродукциялау – жануарлар түрлерi дарақтарын таралу ареалынан (таралу аясынан) тысқары, бұл түрлер бұрын мекендемеген, олар үшiн жаңа мекендеу орындарына әдейi немесе кездейсоқ тарату;

      4) жануарларды реинтродукциялау – жануарлар түрлерi дарақтарын бұрынғы мекендеу орталарына әдейi ауыстыру.".

      осы Қағидалардың 1-қосымшасы, осы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы Қағидалардың 3-қосымшасы, осы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінiң өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
Жануарлар дүниесі объектілерін
алып қою квоталарын
бөлу қағидаларына
1-қосымша

"Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қоюға квоталар бөлу;
2. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алуға квоталарды бөлу.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Аңшылардың және аңшылық шаруашылық субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары, сондай-ақ балықшылардың және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары (бұдан әрі - Көрсетілетін қызмет беруші).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілі

Кіші түрлері бойынша:
"электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 7 (жеті) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны

Кіші түрлері бойынша:
Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың бекітілген лимиттері негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Кіші түрлері бойынша:
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қоюға квоталарды бөлу кезінде мыналарды ұсыну қажет:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында аңшылық шаруашылығы үшін аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлері бойынша алып қою квотасын алуға арналған өтінім.
Көрсетілетін қызметті алушы аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша есептік деректер негізінде өтінімді ағымдағы жылғы 15 ақпанға дейін ұсынады.
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алуға квоталарды бөлу кезінде мыналарды ұсыну қажет:
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын алуға өтінім.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінімді ағымдағы жылдың 10 маусымына дейін ұсынады.

9

Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті берушілер мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің және деректердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
5) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электронды нысан түрінде ЭЦҚ болған жағдайда ала алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Жануарлар түрлерін алып қоюға мәлімделген квота Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 18-03/271а бұйрығымен бекітілген "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтерді бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11005 болып тіркелген).

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінiң өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
Жануарлар дүниесі объектілерін
алып қою квоталарын
бөлу қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын алуға арналған өтінім

      Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің атауы

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Ведомствоның аумақтық бөлімшелерімен жасалған балық шаруашылығын жүргізуге

      арналған ______ жылғы "___" _____________ № ______шарт.

      Өткен жылдың 1 шілдесінен бастап ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін балықтарды

      және басқа да су жануарларын алып коюға бөлінген квоталарды игеру_____ тонна

      Өткен жылдың 1 шілдесінен бастап ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін балық

      ресурстарын молайту (балықтандыру), оның ішінде: Бір жазғы (миллион дана), оның

      ішінде: _________0,05-ке дейін, ________0,05-тен 0,1-ге дейін, _______0,1-ден жоғары;

      Дернәсілдермен (миллион дана), оның ішінде: _____3-ке дейін,_________3-тен жоғары.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер

      ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік

      жайында хабардармын. Жоғарыда көрсетілген іс-шаралардың орындалуы туралы

      аумақтық бөлімшелерден растайтын құжаттар. Ақпараттық жүйелерде қамтылған

      заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтінімнің берілген күні 20__жылғы "__" ____________

      __________________________________________________________________________

      (балық шаруашылығы субъектісі басшысының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Қолы_____________

      Мөр орны

      (жеке кәсіпкерлер

      болып табылатын

      тұлғаларды қоспағанда)