"Оқу орталықтарының қызмет қағидалары" 2015 жылғы 31 наурыздағы № 388 және "Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділгі картасына жобаларды іріктеу және енгізу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1139 бұйрықтарына Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 3 мамырдағы № 313 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 мамырда № 32432 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Оқу орталықтары қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 388 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11365 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқу орталықтары қызметінің қағидаларында:

      10-тармақ алып тасталсын.

      2. "Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, жобаларды энергия тиімділігі картасына іріктеу және енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12543 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Өтініш беруші жобаны энергия тиімділігі картасына енгізу үшін ЭЭҰДИ-ға электрондық жеткізгіште мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш;

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ұйым басшысы не оны алмастыратын адам бекіткен жобаның паспорты;

      3) жобаның қаржыландырылуын пысықтауды растайтын құжаттардың көшірмелері (ниеттер туралы меморандумдар және келісімдер және (немесе) жобаны қаржыландыру туралы шешім) (бар болған жағдайда);

      4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындының көшірмесі (бар болған жағдайда);

      5) ұсынылған іс-шараларға (техникалық-экономикалық негіздеме, қаржы-экономикалық негіздеме, коммерциялық ұсыныстар) талап етілетін инвестициялар мен үнемдеу есебінің дұрыстығын растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда).".

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі