ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі
"Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы беріліп отырған Цифрлық майнингтік пулына аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) Осы бұйрық Қазақыстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Мусин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 142/НҚ бұйрығымен бекітілген |
Цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы цифрлық майнингтік пулдарын аккредиттеу Қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес цифрлық активтер саласындағы уәкілетті орган әзірледі және цифрлық майнингтік пулдарын аккредиттеу тәртібін айқындайды.
Цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу – аккредиттеу жөніндегі органның өтініш берушінің сәйкестікті бағалаудың белгілі бір саласындағы жұмыстарды орындауға құзыреттілігін ресми тану рәсімі;
2) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
3) дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау (бұдан әрі – мемлекеттік сервис) – дербес деректер субъектісінен дербес деректерді жинауға, өңдеуге немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге келісім алуды қоса алғанда, мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілеріндегі дербес деректерге қол жеткізу кезінде меншік иелерінің және (немесе) операторлардың, үшінші тұлғалардың дербес деректер субъектісімен және уәкілетті органмен ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететі қызмет;
4) цифрлық активтер саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – цифрлық активтер саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) цифрлық майнер – цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының дара кәсіпкері немесе заңды тұлғасы;
6) цифрлық майнинг– блокчейн арқылы деректер блоктарының тұтастығын растауды қамтамасыз ететін, деректерді шифрлаудың және өңдеудің берілген алгоритмдеріне сәйкес компьютерлік қуаттарды пайдалана отырып есептеу операцияларын жүргізу процесі;
7) цифрлық майнингтік пул – осы Қағидаларға сәйкес аккредиттелген, цифрлық майнерлердің цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенінің қуаттарын біріктіру қызметін ұсынатын, цифрлық майнерлердің бірлескен қызметінің нәтижесінде алынған цифрлық активтерді олардың арасында бөлуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
8) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы (бұдан әрі – ЭЦҚ).
2 тарау. Цифрлық майнинг пулдарын аккредиттеу тәртібі
3. Цифрлық майнингтік пулын аккредиттеу нәтижесінде цифрлық майнингтік пул өз қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін ресми тануға ие болатын рәсім болып табылады
4. Цифрлық майнингтік пулын аккредиттеу өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
5. Цифрлық майнингтік пулды аккредиттеу үшін:
1) цифрлық майнингтік пулдың аппараттық-бағдарламалық кешенінің Қазақстан Республикасының аумағында нақты орналасуы;
2) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтардың оң нәтижесі бар сынақтар актісінің болуы;
3) Қазақстан Республикасының өзге елді мекенінде (астанада, республикалық маңызы бар қалада, облыстық маңызы бар қалада, аудандық маңызы бар қалада) орналасқан кемінде бір резервтік аппараттық-бағдарламалық кешеннің болуы;
4) цифрлық майнингтік пулының (негізгі және резервтік) аппараттық-бағдарламалық кешенінің әрқайсысын байланыс қызметтерін әртүрлі жеткізушілерден (провайдерлерден) бөлінген екі байланыс арнасымен қамтамасыз ету;
5) ақпараттық жүйеде техникалық қолдау қызметінің цифрлық майнингтік пулының және клиенттердің тәулік бойы жұмыс істейтін режимдегі өтініштерінің болуы;
6) цифрлық майнингтік пулының ақпараттық жүйесінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде пайдаланушы интерфейсінің болуы;
7) мемлекеттік сервисімен ықпалдастыру.
6. Цифрлық майнерлер жабдықтарының есептеу қуаттарын біріктіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін цифрлық майнингтік пул бір жыл мерзімге аккредиттеледі.
Жабдықтардың есептеу қуаттарын біріктіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін цифрлық майнингтік пулын аккредиттеуді (бұдан әрі –аккредиттеу) уәкілетті орган жүргізеді.
7. Жабдықтардың есептеу қуаттарын біріктіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу туралы куәлікті (бұдан әрі – куәлік) алу үшін цифрлық майнингтік пулдар уәкілетті органға:
1) "Е-лицензиялау" Мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес аккредиттеу туралы өтінішті;
2) Қазақстан Республикасының аумағында цифрлық майнингтік пулдың аппараттық-бағдарламалық кешенінің нақты орналасқан жерін растайтын құжат;
3) цифрлық майнингтік пулы ретінде аккредиттелуге жататын заңды тұлғаның аппараттық-бағдарламалық кешенінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтардың оң нәтижесі бар акт;
4) Қазақстан Республикасының өзге елді мекенінде (астанада, республикалық маңызы бар қалада, облыстық маңызы бар қалада, аудандық маңызы бар қалада) орналасқан кемінде бір резервтік аппараттық-бағдарламалық кешеннің болуын растайтын құжат;
5) цифрлық майнингтік пулының аппараттық-бағдарламалық кешенінің әрқайсысын (негізгі және резервтік) байланыс қызметтерін әртүрлі жеткізушілерден (провайдерлерден) бөлінген екі байланыс арнасымен қамтамасыз етуді растайтын құжат;
6) цифрлық майнингтік пулының ақпараттық жүйесінде техникалық қолдау қызметінің болуын растайтын құжат;
7) цифрлық майнингтік пулының ақпараттық жүйесінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде пайдаланушы интерфейсінің болуын растайтын құжатты ұсынады.
Уәкілетті орган заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, цифрлық майнингтік пулын аккредиттеу туралы құжаттардың мәліметтерін "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
8. Уәкілетті орган құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
"Жеке кабинетке" өтініш берушіге өтінішті қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ өтініштің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Өтініш беруші құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде уәкілетті орган көрсетілген мерзімдерде уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және өтініш берушінің Жеке кабинетіне жібереді.
Өтініш беруші куәлікті алу үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттарды осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген шарттарға сәйкестігі тұрғысынан қарастырады.
9. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш берушіні цифрлық майнинг пулын аккредиттеу не аккредиттеуден бас тарту туралы хабардар етеді.
Аккредиттеуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган өтініш берушіге цифрлық майнингтік пулын аккредиттеуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама өтініш берушінің электрондық мекенжайына өтінішті қарау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жолданады. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
10. Куәлікті уәкілетті орган осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы электрондық түрде береді.
11. Атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайларда заңды тұлға өзгерген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін өтініш береді.
12. Уәкілетті орган қайта ресімдеуге өтініш берген кезде құжаттарды алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығы тексеріледі. Ұсынылған құжаттар сәйкес келмеген жағдайда қайта ресімдеуден дәлелді бас тарту дайындалады.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, цифрлық майнингтік пулын аккредиттеу туралы құжаттардың мәліметтерін "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
13. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушіні цифрлық майнинг пулын қайта ресімдеу туралы не қайта ресімдеуден бас тарту туралы хабардар етеді.
Цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Өтініш
__________________________________________ қызметті жүзеге асыру үшін
__________________________________________________________________
_____________________________аккредиттеуді (қайта ресімдеуді) сұраймын
(цифрлық майнингтік пулдың толық атауы)
(қажеттісін бөлектеу), бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________
Орналасқан жері:
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін
Барлық көрсетілген ақпарат, сондай-ақ қоса берілген құжаттар сенімді
және жарамды болып табылады "___" ___________ 20__ жыл.
Цифрлық майнинг пул басшысы
_________________________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса))
Цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Цифрлық майнинг пул аккредиттеу туралы Куәлік
Осы куәлік ___________________________________________________ берілді
(цифрлық майнинг пул атауы және заңды мекенжайы көрсетіледі)
_________________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы көрсетіледі)
Цифрлық майнингтік пулын аккредиттеу қағидаларына сәйкес
_______________________________________ аккредиттелген деп танылсын
(цифрлық майнинг пул атауы көрсетіледі)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының аумағында цифрлық майнингтік пулдың
аппараттық-бағдарламалық кешенінің (серверінің) орналасқан жері көрсетіледі)
Осы цифрлық майнинг пулын аккредиттеу туралы куәліктің қолданылу
мерзімі берілген күннен бастап бір жылды құрайды және Қазақстан Республикасының
бүкіл аумағында қолданылады.
__________________________________________________
(уәкілетті орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
______________________________
(қолы)
Берілген күні: "__" _____ 20__ жыл