"Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 79 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 92 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 13 сәуірде № 32302 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 79 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10484 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында қолданысқа енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастыруды;

      3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Оралов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсіп

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2023 жылғы 12 сәуірдегі
№ 92 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 79 бұйрығымен
бекітілген

Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі

Р/с №

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1

Қалыптастырылған туристік өнім

Қалыптастырылған туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтерді көрсетуге арналған үшінші тұлғалармен жасасылған шарттар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны (қосымшаға сәйкес)


2

Еңбек өтілі бір жылдан кем емес, туристік білімі бар, кемінде бір қызметкердің болуы

Диплом, жасасылған еңбек шарты және еңбек кітапшасы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны (қосымшаға сәйкес)


3

Жеке меншік құқығындағы немесе өзгеде заңды негіздегі кеңсеге арналған үй-жай

Жеке меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын құжаттар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны (қосымшаға сәйкес)


  Туристік операторлық
қызметке қойылатын
біліктілік талаптары
мен олардың
сәйкестігін растайтын
құжаттардың тізбесіне
қосымша

Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер нысаны

      1. Қалыптастырылған туристік өнім:

      1) қалыптастырылған туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтерді

      көрсетуге арналған үшінші тұлғалармен жасасылған шарттардың нөмірлері

      ___________________________________________________________;

      2) шарттар жасасылған күні ______________________________________.

      2. Еңбек өтілі бір жылдан кем емес, туристік білімі бар кемінде бір қызметкердің болуы:

      1) мамандығы мен біліктілігі _____________________________________;

      2) лицензияланатын қызмет түрінің бейімі бойынша жоғары немесе орта кәсіптік білімі

      туралы дипломның нөмірі____________________;

      3) димломның берілген күні ______________________________________;

      4) оқу орнының атауы ___________________________________________;

      5) туристік білімі бар қызметкердің еңбек өтілі ______________________.

      3. Меншік құқығындағы немесе өзге заңды негіздердегі кеңсеге арналған үй-жай

      _____________________________________________________________;

      (кеңсеге арналған үй-жайға құқық белгілейтін құжаттың атауы, нөмірі және күні).