"Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ә. Исекешев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы 9 ақпан
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 79 бұйрығымен бекітілген |
Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі
Ескерту. Тізбеге жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 12.04.2023 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с № | Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: | Құжаттар | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Қалыптастырылған туристік өнім | Қалыптастырылған туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтерді көрсетуге арналған үшінші тұлғалармен жасасылған шарттар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны (қосымшаға сәйкес) | |
2 | Еңбек өтілі бір жылдан кем емес, туристік білімі бар, кемінде бір қызметкердің болуы | Диплом, жасасылған еңбек шарты және еңбек кітапшасы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны (қосымшаға сәйкес) | |
3 | Жеке меншік құқығындағы немесе өзгеде заңды негіздегі кеңсеге арналған үй-жай | Жеке меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын құжаттар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны (қосымшаға сәйкес) |
Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне қосымша |
Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер нысаны
1. Қалыптастырылған туристік өнім:
1) қалыптастырылған туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтерді
көрсетуге арналған үшінші тұлғалармен жасасылған шарттардың нөмірлері
___________________________________________________________;
2) шарттар жасасылған күні ______________________________________.
2. Еңбек өтілі бір жылдан кем емес, туристік білімі бар кемінде бір қызметкердің болуы:
1) мамандығы мен біліктілігі _____________________________________;
2) лицензияланатын қызмет түрінің бейімі бойынша жоғары немесе орта кәсіптік білімі
туралы дипломның нөмірі____________________;
3) димломның берілген күні ______________________________________;
4) оқу орнының атауы ___________________________________________;
5) туристік білімі бар қызметкердің еңбек өтілі ______________________.
3. Меншік құқығындағы немесе өзге заңды негіздердегі кеңсеге арналған үй-жай
_____________________________________________________________;
(кеңсеге арналған үй-жайға құқық белгілейтін құжаттың атауы, нөмірі және күні).