"Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ "Электрондық жолданымдар" ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 10 сәуірдегі № 89 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 сәуірде № 32279 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ "Электрондық жолданымдар" ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 04 мамырдағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31679 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ "Электрондық жолданымдар" ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Мыналар есепке алуға жатпайды:

      1) бір мемлекеттік органнан басқа мемлекеттік органға келіп түскен қызметтік құжаттар;

      2) жоғары тұрған органның тапсырмалары мен нұсқаулары;

      3) жарнама қамтылған ұсыныстар;

      4) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жолданымдарды қоспағанда, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша жолданымдар;

      5) қарау тәртібі Кодекстің 3-бабының 4-бөлігімен реттелетін жолданымдар, хабарламалар, сұрау салулар, пікірлер, ұсыныстар, өтінішхаттар.

      Осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар "Электрондық жолданымдар" АТЖ-ға келіп түскен ТЖ-2 нысанын толтыру жолымен басқа ақпараттық жүйелерге көшірілуге жатады.

      Басқа ақпараттық жүйелерге көшіру келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қарау мерзімдері "Электрондық өтініштер" АТЖ-да тіркелген күннен бастап есептеледі.

      Шешім қабылданған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде басқа ақпараттық жүйелерге көшіруді жоюға жол беріледі.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. "Орындау мерзімі", "жауап жіберу күні", "қарау мерзімі ұзартылды" көрсеткіштерін қоспағанда, көрсеткіштерді редакциялауды және "Электрондық жолданымдар" АТЖ-ға бұрын енгізілген нысанды жоюды субъект растайтын құжаттарды қоса бере отырып, субъектінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының өтінішхаттары негізінде, сондай-ақ уәкілетті органның баянаты бойынша дербес жүзеге асырады.

      "Орындау мерзімі", "жауаптың жіберілген күні", "қарау мерзімі ұзартылған" деген көрсеткіштерді редакциялауды және "Электрондық жолданымдар" АТЖ-ға бұдан бұрын енгізілген нысанды жоюды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, субъекті басшысының өтінішхаттары негізінде уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Уәкілетті органда мәліметтерді редакциялауды орталық аппарата басшылық айқындаған жауапты қызметкер, аумақтық органда осы бағытқа жетекшілік ететін бөлім бастығы жүргізеді.

      Субъектілердің мәліметтерді редакциялау, "Электрондық жолданымдар" АТЖ-ға бұдан бұрын енгізілген нысанды жою туралы өтінішхатын уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде қарайды.

      Субъект мәліметтерді түзету, "Электрондық жолданымдар" АТЖ-да бұрын енгізілген нысанды жою туралы өтінішхатты уәкілетті органға есепті кезеңді жабудан бес жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді. Көрсетілген мерзімді бұза отырып түскен өтінішхат келесі есепті кезеңде қаралады.";

      Қағидалардың 5-қосымшасында:

      1-бөлімде:

      4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты

 
4








      ";

      40-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

 
40








      ";

      2-бөлімде:

      1-кестеде:

      4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты

 
4








      ";

      40-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

 
40








      ";

      2-кестеде:

      4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты

 
4








      ";

      40-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

 
40








      ";

      3-бөлімде:

      1-кестеде:

      4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты

 
4








      ";

      40-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

 
40








      ";

      2-кестеде:

      4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты

 
4








      ";

      40-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

 
40








      ";

      3-кестеде:

      4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты

 
4








      ";

      40-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

 
40








      ";

      4-кестеде:

      4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты

 
4








      ";

      40-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

 
40








      ";

      4-бөлімде:

      4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты

 
4








      ";

      40-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

 
40








      ".

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне мәлімет үшін, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов