Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 138/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 10 сәуірде № 32271 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2023 жылғы 7 сәуірдегі
№ 138/НҚ бұйрығымен
бекітілген

Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және тізілімін жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      2) өтініш беруші – меншігінде цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешені бар жеке немесе заңды тұлға;

      3) цифрлық майнер – цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының дара кәсіпкері немесе заңды тұлғасы.

      4) цифрлық активтер саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – цифрлық активтер саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      5) цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешен (бұдан әрі – АБК) – белгілі бір үлгідегі міндеттерді шешу үшін бірлесіп қолданылатын бағдарламалық қамтылым мен техникалық құралдардың жиынтығы;

      6) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы (бұдан әрі – ЭЦҚ).

      3. Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің тізілімін (бұдан әрі – тізілім) есепке алуды және жүргізуді уәкілетті орган цифрлық майнинг бойынша цифрлық майнерлерді заңсыз жүзеге асыратын қызметті бақылау және анықтау, сондай-ақ елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.

2-тарау. Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және тізілімін жүргізу тәртібі

      4. Тізілімді есепке алу және жүргізу деп мыналар түсініледі:

      1) АБК туралы мәліметтерді тізілімге енгізу;

      2) өтініш берушілер ұсынған мәліметтер өзгерген (толықтырылған) кезде, сондай-ақ АБК тізілімнен шығарылған кезде тізілімді өзектендіру.

      5. Тізілімді жүргізу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.

      6. Тізілімді есепке алу және жүргізу тізілімге енгізу (алып тастау) немесе өзгерістер (толықтырулар) енгізу үшін берілген өтініштердің (бұдан әрі – өтініш) негізінде жүзеге асырылады.

      7. Осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша цифрлық майнингке арналған АБК-ні тізілімге енгізу және мәліметтері туралы өтініштерді уәкілетті органға ақпараттық жүйе арқылы өтініш берушілер қызметті жүзеге асыру басталғанға дейін күнтізбелік 5 (бес) күн бұрын береді.

      8. Уәкілетті орган құжаттарды тіркеген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарды қарайды.

      9. Ұсынылған құжаттардың толық дұрыстығы және дұрыс еместігі фактісі анықталған кезде уәкілетті орган анықталған сәйкессіздіктерді көрсете отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықталған сәйкессіздіктер туралы не осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АБК-ні тізілімге енгізуге қатысты шешім қабылдау туралы өтініш берушіге құрылымдық бөлімше басшысының не оны алмастырушы тұлғаның ЭЦҚ-сымен қол қойылған хабарлама жібереді.

      10. Өтініш беруші ақпараттық жүйе арқылы құжаттардың анықталған сәйкессіздіктерін жоя отырып, өтінішті қайта жібереді және осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган қарайды.

      11. Тізілімді өзектендіру үшін өтініш беруші уәкілетті органға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АБК тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы ақпараттық жүйе арқылы мынадай мәліметтер өзгерген (толықтырылған) күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде:

      1) заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің) атауы;

      2) тіркеудің заңды мекенжайы;

      3) цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін деректерді өңдеу орталығының орналасқан жері туралы ақпаратты;

      4) байланыс деректерін жібереді.

      12. АБК-ні тізілімнен шығару үшін өтініш беруші ақпараттық жүйе арқылы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай:

      1) АБК-ні жою;

      2) нормативтік-техникалық құжаттамада айқындалған АБК-нің пайдалану мерзімдерінің өтуі;

      3) АБК-нің физикалық тозуы (пайдалану мерзімдері өткенге дейін);

      4) АБК-ні сату немесе жоғалту жағдайларында өтініш жібереді.

  Цифрлық майнингке арналған
аппараттық-бағдарламалық
кешенді есепке алу және
тізілімін жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Цифрлық майнинг үшін аппараттық-бағдарламалық кешенінің тізілімі

Тізілім жазбасының реттік нөмірі

Тізілім жазбасын қалыптастыру күні

Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы

Бизнес сәйкестендіру нөмірі / Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тіркеудің заңды мекенжайы

Цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін деректерді өңдеу орталығының орналасқан жері

Байланыс деректері (ұялы телефон, электрондық пошта)

Аппараттық-бағдарламалық кешеннің толық атауы, маркасы, моделі

Аппараттық-бағдарламалық кешеннің жеке сериялық нөмірі

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды

Аппараттық-бағдарламалық кешен туралы техникалық мәліметтер, оның ішінде хэшрейт

Кеден декларациясының нөмірі, саны

Меншік құқығында немесе басқа да заңды негізде цифрлық майнинг саласында аппараттық-бағдарламалық кешеннің болуын растайтын құжат

Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді тізілімінен шығару күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

  Цифрлық майнингке арналған
аппараттық-бағдарламалық
кешенді есепке алу және
тізілімін жүргізу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Аппараттық-бағдарламалық кешенді тізілімге енгізу туралы цифрлық майнинг үшін өтініш

      1.____________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің) атауы)

      2.___________________________________________________________

      (бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)

      3.____________________________________________________________

      (заңды тіркелген мекенжайы)

      4.____________________________________________________________

      (цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін деректер орталығының орналасқан жері)

      5.____________________________________________________________

      (байланыс деректері: ұялы телефон, электрондық пошта)

      6.____________________________________________________________

      (аппараттық-бағдарламалық кешеннің толық атауы маркасы, моделі, саны)

      7.____________________________________________________________

      (ЕАЭО СЭҚ ТН коды)

      8.____________________________________________________________

      (меншік құқығында немесе басқа заңды негізде цифрлық майнинг

      саласында аппараттық-бағдарламалық кешеннің бар екендігін растайтын

      құжаттың көшірмесі (заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің) атауы және

      меншік иесінің байланыс деректері көрсетіледі)

      ЭЦҚ өтініш берушінің қолы ____________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Толтыру күні:             "__" ____________ 20__ жыл

  Цифрлық майнингке арналған
аппараттық-бағдарламалық
кешенді есепке алу және
тізілімін жүргізу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің мәліметтері

Реттік нөмірі

Аппараттық-бағдарламалық кешеннің толық атауы маркасы, моделі

Аппараттық-бағдарламалық кешеннің жеке сериялық нөмірі

Аппараттық-бағдарламалық кешен туралы техникалық мәліметтер, оның ішінде хэшрейт

Кедендік жүк декларациясының нөмірі*

Аппараттық-бағдарламалық кешеннің жай-күйі






жарамды

жарамсыз







  Цифрлық майнингке арналған
аппараттық-бағдарламалық
кешенді есепке алу және
тізілімін жүргізу қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

[Мемлекеттік тілдегі УО
атауы] мемлекеттік тілдегі
УО деректемелері



 

[УО атауы (орыс тілінде)]
орыс тіліндегі
УО деректемелері

 
____________________________________________________________________________________________
Уәкілетті органның бланкі

Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді тізілімге енгізу туралы
хабарлама

№ _______________ күні "___" ___________ 20___года

Осы хабарлама берілді_________________________________
(Заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және (цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің толық атауы)

(хабарлама берген мемлекеттік органның атауы)

Бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі

Аппараттық-бағдарламалық кешеннің жеке сериялық нөмірі

Аппараттық-бағдарламалық кешен туралы техникалық мәліметтер

ЕАЭО СЭҚ ТН коды



 
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)



 

  Цифрлық майнингке арналған
аппараттық-бағдарламалық
кешенді есепке алу және
тізілімін жүргізу қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

[Мемлекеттік тілдегі УО атауы]
мемлекеттік тілдегі УО
деректемелері


 
[УО атауы (орыс тілінде)]
орыс тіліндегі
УО деректемелері
 
Анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарлама

Нөмір №: [Нөмір]

Берілген күні: [берілген күні] [Өтініш берушінің атауы]


[[УО атауы] Сіздің [өтініш күні] жылғы № [Өтініш нөмірі] өтінішіңізді қарағаннан кейін мынаны хабарлайды.

Тізілімге енгізу туралы өтініш және оған қоса берілетін құжаттар бұйрықпен бекітілген цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің тізілімін есепке алу және жүргізу қағидаларына сәйкес беріледі және қаралады__________________________________________________).

[Анықталған сәйкессіздіктер].

Осыған байланысты Сіздің компанияңыз мәлімдеген [цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешендер] тізілімге енгізілуге жатпайды.

 
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)



 

  Цифрлық майнингке арналған
аппараттық – бағдарламалық
кешенді есепке алу және
тізілімін жүргізу қағида
6-қосымша
  Нысан

Өтініш Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы

      _____________________________________________________________

      Цифрлық майнердің атауы (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)

      _____________________________________________________________

      (Жаңа редакциядағы тізілім жазбасының атауы және мазмұны:

      мәлімделген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың себебі)

      Байланыс деректері____________________________________________

      (телефон, электрондық пошта)

      ЭЦҚ өтініш берушінің қолы ____________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Толтыру күні:             "__" ____________ 20__ жыл

  Цифрлық майнингке арналған
аппараттық – бағдарламалық
кешенді есепке алу және
тізілімін жүргізу қағида
7-қосымша
  Нысан

Өтініш цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешен тізілімінен шығару туралы

      _____________________________________________________________

      Цифрлық майнердің атауы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ___________________________________________________________

      (Тізілімнен алынып тасталатын тізілім жазбасының атауы және мазмұны)

      ___________________________________________________________

      (цифрлық майнинг үшін аппараттық-бағдарламалық кешенді кәдеге жарату/пайдалану/

      сату немесе жоғалту мерзімдерінің аяқталғанын растайтын құжат)

      Байланыс деректері____________________________________________

      (телефон, электрондық пошта)

      ЭЦҚ өтініш берушінің қолы ____________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Толтыру күні:             "__" ____________ 20__ жыл