"Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. |
Б. Мусин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 31 наурыздағы № 130/НҚ Бұйрықпен бекітілген |
Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 12-тармағына, "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ұлттық кеңістіктік деректер қоры (бұдан әрі – Қор) мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру тәртібін айқындайды.
Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектілендіреді және Бірыңғай байланыс-орталығына, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жібереді.
2-тарау. Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау және сақтау тәртібі
2. Қордың мәліметтері геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған және жалпымемлекеттік, салааралық арнаулы және (немесе) салалық маңызы бар геодезиялық, картографиялық, топографиялық, гидрографиялық, аэроғарыштық түсірілім, гравиметриялық материалдар мен деректердің жиынтығын білдіреді.
Қор мәліметтерінің құрамына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша материалдар мен деректер енгізіледі.
3. Қордың мәліметтері қағаз жеткізгіштерде қалыптасады, жүйеленеді, есепке алынады, орналастырылады және осы мақсатқа арнайы бейімделген үй-жайларда (қоймаларда) жұмыс түрлері бойынша сақталады.
Қордың мәліметтерін орналастыру орны көрсетіле отырып, архивтер мен кеңістіктік деректерді сақтау және каталогтау үшін Қордың электрондық жүйесінде электрондық түрде сақталады.
Қордың геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимылы және мәліметтерді ұсыну географиялық ақпараттық жүйе арқылы және (немесе) қағаз түрінде жүзеге асырылады.
4. Қордың мәліметтері геодезиялық және картографиялық қызмет бағыттары бойынша олардың сақталу ауқымы мен мерзімдерін ескере отырып қалыптастырылады.
Қордың материалдары мен деректері Қор мәліметтерінің орналасқан жерін көрсете отырып, архивтер мен кеңістіктік деректерді сақтау және каталогтау үшін Қордың электрондық жүйесінде тіркеледі және сақталады.
Архивтер мен кеңістіктік деректерді сақтауға және каталогтауға арналған Қордың электрондық жүйесі Қордың барлық кеңістіктік мәліметтерін орталықтандырылған сақтауды қамтамасыз етеді.
5. Геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыратын субъектілер өздері бюджет қаражаты есебінен жасаған материалдар мен деректер көшірмелерінің бір данасын Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасына сәйкес Қорға өтеусіз ұсынуға міндетті.
Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері бар материалдар мен деректер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қорға беріледі.
6. Қордың графикалық, цифрлық, электрондық, фотосуреттік, қағаз және өзге де нысандар мен түрлердегі материалдары мен деректері орталықтандырылған мемлекеттік есепке алуға, сақтауға және пайдалануға жатады.
7. Материалдар мен деректерді Қордың құрамына жатқызу, материалдар мен деректерді сақтауға іріктеу, сондай-ақ сақтау мерзімдері өткендерін жою құжаттардың құндылығын мемлекеттік сараптау негізінде жүргізіледі.
3-тарау. Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін пайдалану және беру тәртібі
8. Қордың мәліметтері геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу мақсатында мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды қамтамасыз ету үшін пайдаланады.
9. Мемлекеттік органдарға Қордың материалдары тегін беріледі.
10. "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар және мемлекеттік құпияны құрайтын Қордың мәліметтерін геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган басшысының рұқсатымен беріледі.
Мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға бірлескен және басқа да жұмыстарды орындауына байланысты мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтер беруді тиісті мәліметтерге билік ететін мемлекеттік органның рұқсатымен және осы жұмыстарды орындау үшін қажетті көлемде ғана осы жұмыстарға тапсырысшы жүзеге асырады. Бұл орайда тапсырысшы мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтер берілгенге дейін ұйымда тиісті құпиялылық дәрежесіндегі мәліметтерді пайдалану арқылы жұмыстар жүргізуге арналған рұқсаттың, ал азаматтарда - тиісті рұқсаттың болуына көз жеткізуге міндетті.
1-параграф. Жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтер беру тәртібі
11. Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтерді беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтиды.
Қордың мәліметтерін ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтердің бағасы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес есептеледі.
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар):
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мыналарды:
1) "қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған қағаз нысандағы өтініш;
көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);
2) "құпия" деген грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін:
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "құпия" деген грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған қағаз нысандағы өтініш;
тапсырыс беруші ұйым (мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты жұмыстардың тапсырыс берушілері болып табылатын мемлекеттік орган немесе мемлекеттік ұйым) мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы бірлескен және басқа жұмыстар жүргізуге арналған шарт жобасы;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);
www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы:
3) ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін:
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған электронды құжат нысанындағы өтініш;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек) жіберіледі.
13. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш түскен күні оны қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің жұмыскеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері) орындауға жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тіркеу не дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы мәліметтерді, төлемді растайтын құжаттарды (төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізілген жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭҮТШ арқылы алады.
14. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы тапсырған кезде "жеке кабинетке" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.
15. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері өтініш тіркелген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде:
1) "қызметтік пайдалану үшін" деген белгісі бар және мемлекеттік құпияны құрайтын материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін жұмыстардың көлемін айқындайды және бір мезгілде көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері бір жұмыс күні ішінде қарауында жоспарланған жұмыстар учаскелеріндегі жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерделенуі туралы көрсетілген мәліметтер бар мемлекеттік органға "қызметтік пайдалану үшін" деген белгісі бар және мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді беруге сұрау салуды дайындайды және жібереді (бұдан әрі – мәліметтер).
Қарауында көрсетілген мәліметтер бар мемлекеттік орган сұрау салу келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге "қызметтік пайдалану үшін" деген белгісі бар және мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы оң не теріс жауап жібереді.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде оң жауап берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға төлем шотын жібереді не көрсетілген мерзімдерде теріс жауап берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға мәліметтерді беруден дәлелді бас тартуды жібереді.
2) 15-тармақта көрсетілген мерзімдерде ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін жұмыс көлемін айқындайды және шотты портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" төлеуге жібереді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөніндегі алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші қарауында көрсетілген мәліметтер бар мемлекеттік органға көрсетілетін қызметті алушы сұратқан мәліметтерді алу үшін сұрау салу жібереді не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
Дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жіберіледі.
16. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері бір жұмыс күні ішінде 15-тармақта көрсетілген мерзімдерде оң жауап берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін ақы төлеу қажеттігі туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.
17. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлем жасайды.
Төлем жасау қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсілмен көрсетілетін қызметті берушінің есептік шотына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүргізіледі.
Ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған, электронды құжат нысанындағы өтінішті портал арқылы жолдаған кезде, мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлем төлем ЭҮТШ арқылы жүзеге асырылады.
18. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлем мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы төлем жүргізбеген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері бір жұмыс күні ішінде, көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылған мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жолдайды.
19. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген мерзімдерге төлем құжатын ұсынғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері сегіз жұмыс күні ішінде мәліметтерді жинақтауға, жасауға кіріседі және қорытындысы бойынша:
"қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде "қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар жоспарланған жұмыс учаскелеріндегі жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер);
"құпия" белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде "құпия" белгісі бар мәліметтерді;
ашық пайдаланылатын материалдар мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде мәліметтер беруді қалыптастырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға сұратылған мәліметтердің дайындығы және алу орны туралы хабарлама жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде, мәліметтердің дайындығы және алу орны туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушыға дайын мәліметтерді беру жеке куәлігін не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты және (немесе) өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхатты ұсыну бойынша көрсетілетін қызметті беруші Қор арқылы жүзеге асырады.
20. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ақпараттық жүйеге енгізуді қамтамасыз етеді.
4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
21. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларына 1-қосымша |
Ұлттық кеңістіктік деректер қорының құрамына енгізілетін материалдар мен деректердің тізбесі
1. Топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауға арналған техникалық жобалар.
2. Мемлекеттік нивелирлік желілерді, барлық сыныптар мен разрядтардағы геодезиялық желілерді, гравиметриялық іргелі және бірінші сыныпты желілерді жасау, дамыту және жұмыс істеу жағдайында ұстап тұру жөніндегі техникалық есептер, координаттар мен биіктіктердің каталогтары және басқа да материалдар мен деректер.
3. Геодезиялық және картографиялық қызметті қамтамасыз ету мақсатында Жерді қашықтықтан зондтаудың (аэрофототүсірілімдер мен ғарыштық түсірілімдер) бастапқы және туынды материалдары мен деректері, аэрофототүсірілімдердің паспорттары, арнайы аспаптардың деректері, түсірілімдерді картографиялық байланыстырудың схемалары.
4. Геодезиялық, гравиметриялық, ғарыштық өлшемдер базасында геодинамикалық зерттеулердің материалдары мен деректері.
5. Жергілікті жердің, оның ішінде теңіздер, көлдер, өзендер мен су қоймалары қайраңдарының топографиялық түсірілімдер бойынша техникалық есептері (ауқымы 1: 2 000 және кіші).
6. Мемлекеттік топографиялық карталардың, оның ішінде теңіздер, көлдер, өзендер, су қоймалары қайраңдарының карталарының, қалалар мен елді мекендердің жоспарларының (ауқымы 1:2 000 және кіші) графикалық, цифрлық, фотосуреттік, электрондық нысандардағы түпнұсқалары мен көшірмелері, сондай-ақ көрсетілген карталар мен жоспарлардың таралымдық бедерлемелері.
7. Жалпымемлекеттік және салааралық мақсаттағы жалпыгеографиялық, саяси-әкімшілік, ғылыми-әкімшілік, ғылыми-анықтама және басқа да тақырыптық карталар мен атластардың, оқу картографиялық құралдардың түпнұсқалары, туынды өнім жасау үшін негіз болып табылатын картографиялық материалдардың таралымдық бедерлемелері.
8. Құжаттамасы бар кезекші (анықтамалық) топографиялық карталар, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы мен әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын және шетел мемлекеттерінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар.
9. Географиялық атаулардың мемлекеттік каталогы және олардың негізгі материалдары, Қазақстан Республикасының, шетел мемлекеттерінің аумақтарындағы, материктер мен мұхиттардағы географиялық объектілер атауларының сөздіктері мен анықтамалықтары.
10. Геодезиялық және картографиялық қызмет, архив ісі, құпиялылық режимі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар.
Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларына 2-қосымша Нысан |
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы |
"Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жұмыс жоспарланған учаскелеріндегі жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтер беру" |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді: |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | (15) он бес жұмыс күні |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Қағаз түрінде: |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
1) "қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде: |
7 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Қордың мәліметтерін ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтердің бағасы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес есептеледі. |
8 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) |
9 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
Мемлекеттік қызметті берушіге: |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздемелер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; |
11 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы ашық пайдаланудағы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті электрондық нысанда портал арқылы жібереді. |
Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларына 3-қосымша |
Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтердің бағасы
Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтердің бағасы тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне (бұдан әрі – АЕК) сүйене отырып есептеледі:
Р/с № | Қызмет атауы | Өлшем бірлігі | Бірлік құны, АЕК |
1 | 2 | 3 | 4 |
Геодезиялық материалдар мен деректерді ұсыну жөніндегі қызметтер | |||
1 | МГЖ тармақтарының координаттары туралы мәліметтерді ұсыну | пункт | 0,2 |
2 | МГЖ тармақтарының координаттары туралы мәліметтерді ұсыну координаттарды бір жүйеден екіншісіне қайта есептеу | пункт | 0,2 |
3 | МГЖ тармақтарының координаттары туралы мәліметтерді СК42-ден қайта есептей отырып ұсыну | пункт | 1,2 |
4 | МГЖ пункттерінің биіктігі туралы мәліметтерді ұсыну | пункт | 0,4 |
5 | МНЖ пункттерінің орналасқан жерін сипаттай отырып, олардың биіктігі туралы мәліметтер беру | пункт | 0,6 |
Картографиялық материалдар мен деректерді ұсыну жөніндегі қызметтер | |||
6 | Картографиялық өнімді таңдау | парақ | 0,1 |
7 |
Картографиялық өнімді сканерлеу | парақ | 1,5 |
А1 | парақ | 0,7 | |
А2 | парақ | 0,4 | |
8 |
Картографиялық материалды түрлендіру | парақ | 1,9 |
А1 | парақ | 1,3 | |
А2 | парақ | 0,6 | |
9 | Картографиялық өнімді плоттерлік басып шығару А0 | парақ | 1,8 |
А1 | парақ | 0,9 | |
А2 | парақ | 0,4 | |
10 |
Картографиялық өнімдерді шығару | парақ | 1,4 |
11 |
Картографиялық өнімдерді шығару | парақ | 1,7 |
12 |
Картографиялық өнімдерді шығару | парақ | 2,6 |
13 | Картографиялық өнімді монтаждау | парақ | 0,2 |
14 | Картографиялық өнімді құрастыру, бүктеу | 100 парақ | 0,1 |
15 | Картографиялық өнімді ламинаттау | ш.м. | 0,4 |
16 | Картографиялық өнімді CD-дискіге жазу | парақ | 0,5 |
17 | Картографиялық өнімді түптеу, брошюралау (қатты түптеу) | кітап | 0,5 |
18 | Картографиялық өнімді түптеу, брошюралау (жұмсақ түптеу) | кітап | 0,4 |
Жерді қашықтықтан зондтау материалдары мен деректерін ұсыну жөніндегі қызметтер | |||
19 | Ортофотожоспарларды ұсыну өте жоғары ажыратымдылық (АФТ) | НЛ | 1,8 |
20 | Қайта жобалаумен жоғары ажыратымдылықтағы ортофотожоспарларды ұсыну (Ғарыштық сурет) | НЛ | 2,0 |
21 | РЦМ ұсыну | НЛ | 2,1 |
"Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш
Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі не заңды тұлғаның толық атауы)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Ведомстволық және мемлекеттік тиесілігі, азаматтығы (жеке тұлғаның):
____________________________________________________________________
Сұралып отырған "қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар мәліметтер мен
материалдардың тізбесі:_____________________________________________________
Мәліметтерді берудің қажеттілігі мен орындылығының негіздемесі
____________________________________________________________________
Жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерделенгендігі туралы
мәліметтер бергені үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге хабарлама алатын
мекенжай:_______________________________ __________________________________
(пошта мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы)
Күні _________ Өтініш беруші ____________________________________
жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса)
тегі, қолы, мөрі (бар болса)
"Құпия" грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш
Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Ведомстволық және мемлекеттік тиесілігі, азаматтығы (жеке тұлғаның):____________
__________________________________________________________________________
Сұралып отырған мәліметтердің тізбесі, олардың құпиялылық дәрежесі
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Мәліметтерді берудің қажеттілігі мен орындылығының негіздемесі:
__________________________________________________________________________
Орындаушы ұйымның мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана
отырып, жұмыстарды жүргізуіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
немесе оның органдары берген рұқсатының нөмірі мен күні:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік құпияларға
рұқсаты:__________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(мемлекеттік құпияларға рұқсаттың нысаны, нөмірі мен күні)
Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді алу жоспарланып отырған мерзім:
__________________________________________________________________________
Жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерделенгендігі туралы
мәліметтер бергені үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге хабарлама алатын
мекенжай_________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(пошта мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы)
Қосымша: тапсырыс беруші ұйым (мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді
пайдаланумен байланысты жұмыстардың тапсырыс берушісі болып табылатын
мемлекеттік орган немесе мемлекеттік ұйым) мен өтініш беруші арасындағы бірлескен
және өзге де жұмыстарды жүргізуге арналған шарт жобасы.
Күні ______ Өтініш беруші ______________
(жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса)
тегі, қолы, мөрі (бар болса))
Ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш
Алу жоспарланып отырған мәліметтердің тізбесі және олардың саны:
____________________________________________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
[Жасалған күні] | |
[Қол қоюшының аты, әкесінің | |
аты (бар болса), тегі] |
Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларына 7-қосымша Нысан |
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнің Геодезия және картография комитеті "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | Министерство цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан Комитет геодезии и картографии Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Национальный центр геодезии и пространственной информации" |
Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі не заңды тұлғаның толық атауы ____________________________ |
Дәлелді бас тарту
Нөмірі _________ 20__ жылғы "___" _______
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгi Геодезия және картография комитетінің "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Сіздің 20__ жылғы "___" _____ № ___________ өтінішіңізді қарап, мынадай себептермен мәліметтерді беруден бас тартады:
[Дәлелді бас тартудың себебі]
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі] |
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 31 наурыздағы № 130/НҚ бұйрығына қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 164 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 10137 болып тіркелген).
2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 164 бұйрығына өзгерістер енгізу және геодезия және картография саласындағы кейбір бұйрықтардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 187/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 20654 болып тіркелді).
3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 164 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 178/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 28235 болып тіркелген).
4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 164 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 332/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 29790 болып тіркелген).