Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 164 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 23 қаңтарда № 10137 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 31 наурыздағы № 130/НҚ бұйрығымен

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 63-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 14.04.2017 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      1. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 08.01.2021 № 7 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 04.09.2017 № 533 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      2. "Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 558 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9052 болып тіркелген, "Әділет" интернет-ресурсында жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және мыналарды:

      2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 31 желтоқсан арасында туындайтын қатынастарға қолданылатын, осы бұйрықтың 1-тармағының 95) және 96) тармақшаларын;

      2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2012 жылғы 31 желтоқсан арасында туындайтын қатынастарға қолданылатын, осы бұйрықтың 1-тармағының 97) және 98) тармақшаларын қоспағанда, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін туындайтын қатынастарға қолданылады.".

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2015 жылғы 30 маусым арасында туындайтын қатынастарға қолданылатын осы бұйрықтың 1-тармағының 26), 27), 28) және 29) тармақшалары мен 2015 жылғы 1 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға қолданылатын осы бұйрықтың 1-тармағының 93), 94), 95) және 96) тармақшаларын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.04.2015 № 290 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі Б. Сұлтанов

      Қазақстан Республикасы

      Ескерту. 1-140-қосымшалардың күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 08.01.2021 № 7 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.