"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 3-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақы ит тұқымдарының стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.
|
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. |
З. Сулейменова |
| Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 30 наурыздағы № 101 Бұйрығымен бекітілген |
Қазақы ит тұқымдарының стандарты
1. Қазақы тазы | ||||
№ | Өлшемдері | Стандарт сипаттамасы | Кемшіліктері | Ақаулары |
1. | Жалпы түрі және дене бітімі типі | Бойы орта және ортадан жоғары, мықты денесі бар арықтау ит, созылу индексі 103 | Дене бітімінің өте жеңілдігі, аяқтары шығыңқы, шамалы созылыңқы болуы (106-ға дейін) | Дене бітімінің жетілмеуі, дене бітімінің дөрекілігі, бостығы, созылу индексі 100-ден кем немесе 106-дан жоғары болуы |
2. | Бойы | Төбет шоқтығының биіктігі 60 сантиметрден 70 сантиметрге дейін, қаншықтың шоқтығы 55 сантиметрден 65 сантиметрге дейін. Бойының жоғарғы шектен асып кетуі пропорция және стандарттың талаптары сақталған жағдайда ақаулық немесе кемістік болып саналмайды | Шоқтығындағы бойы төмендегі стандартта көрсетілгеннен 2 сантиметрге төмен | Иттің алдыңғы жағының немесе артқы жағының едәуір жоғары болуы |
3. | Өңі | Қара, ақ, түрлі реңкті ақшыл сарғыш, қызыл және сұр түстердің барлық түрлері. Барлық өңдер тұтас, сонымен ұатар теңбіл болуы мүмкін. Тұмсығында, құлағында, аяқтарының ұштарында қара дақтар болуы мүмкін. Күшіктер өсу, жыныстық жетілу барысында түсін және реңін өзгертуі мүмкін | Теңбіл рең, жирен дақтар | Теңбіл немесе мәрмәр реңдер, қара-жирен және қызғылт дақтар |
4. | Жүн жамылғысы | Жүні жұмсақ, жібек тәрізді, тік, ұзындығы 4,5 сантиметрге (қыста) және 2,5 сантиметрге дейін (жазда) қысқа жүнді түбіті жақсы дамыған. Құлағының ұшынан 5-6 сантиметрге түсіп тұратын, бұйра, жұмсақ, ұзындай шашы жиналып ары қарай ұйпаланады, алдыңғы аяғының, жамбастарының артқы жағында ұзындау жүн түбіт шашқа айналады. Құйрығының төменгі жағында – қалың емес ілгек жүні (10 сантиметрге дейін) болады. Саусақтарының арасында қысқа және қатты шаш өседі. "Жарғақ құлақ", "тықыр тазы" сияқты тазының тегіс жүнді түрлеріне (ілгегі мен шашағы жоқ) рұқсат етіледі. Стандарттың басқа параметрлерін сақтаған жағдайда ақау немесе кемшілік болып саналмайды | Ұйпаның немесе бұйраның болмауы, бүкіл денесінде ұзын жүн (5 сантиметрден асатын), артқы аяқтарының бүйірінде ішінара ұзын жүн | Бұйраланған, қатты, толқынды жүн, басында айдарша, көкірегінде және ішінде ұзын жүн, оң жағында қалың аспа |
5. | Терісі, бұлшық еттері, сүйектері | Терісі жұқа, созылғыш, қатпары жоқ. Бұлшық еттері жақсы дамыған, әсіресе белінде, жамбасында, сүйектері мықты, бірақ ауыр емес | Сүйегінің әлсіз және дөрекілігі, дұрыс дамымаған бұлшық еттері | Сүйек дөрекілігі, салбыраңқы немесе қатпарлы қалың тері. Төбеттер қаншық тұрпатында. Қаншықтар төбет тұрпатында |
6. | Басы | Арық, сопақ, бас сүйегі біркелкі жалпақ болып келеді. Үстінен қарағанда сына тәрізді. Желкесі біркелкі, ал төбе сүйегі өте нашар дамыған. Маңдайынан тұмсығына өту әлсіз байқалады. Тұмсығы (кертік) құрғақ. Тұмсығы бас сүйегі бөлігінің ұзындығымен бірдей немесе сәл қысқа болып келеді және кішкене шамалы үшкір дөңесті немесе түзу, шұңқыры немесе салалары жоқ. Бас сүйегі үстінен тығыз келеді. Тұмсықтың сызығы бас сүйектің сызығымен параллельді немесе кішкене түсіңкі. Еріні жіңішке, тығыз жабысып тұрады. Жақ сүйектері түзу және өте ірі сау тістері болуы керек | Басы қысқа, артық дамыған қабағының үсті имектелген, бет сүйегі артық дамыған, маңдайдан тұмсыққа бірден ауысуы, еріннің тығыз жабылмауы | Дөрекі, дымқыл, сүйегі шығыңқы бас, шығыңқы бас-сүйек, таңқы тұмсық, тұмсығы бас сүйегінен ұзынырақ. Бастың сызығы жоғары иілген. Дымқыл салбыраңқы ерін. Астыңғы жақ сүйегі жоғарғы жақ сүйегінен қысқа (кем иек) және де ұзын (тістей тұру) |
7. | Құлақтары | Салбыраңқы, жұқа, шеміршектерде сәл көтеріңкі, көз сызығынан сәл жоғары немесе бірдей деңгейде орналасқан, толқынды, жұмсақ ит жүнімен жабылған, құлақ ұшынан 5-6 сантиметрге төмен. Құлақтың шашақсыз ұшы ернінің бұрышына жетуі керек. Өршу кезінде азырақ шеміршегі көтеріліп, құлақтары сырт жаққа қарай бұрылады | Қысқалау (2 сантиметрге дейін, ерінінің бұрышына жетпейді), шеміршектің артық көтерілуі | Қысқа (ерінінің бұрышына 2 сантиметрден астам жетпеуі), өте жоғары немесе өте төмен орналасқан, жартылай тұратын, құлағы тартылыңқы (раушан гүл тұрпатында) қозу жағдайында жуан, қозғалмайтын, алға қайырылмайды |
8. | Көздері | Үлкен, қиғаш орналасқан, қой көз, күңгірт – қоңыр, кейде шығыңқы, көз қиығы – бадам дәні тәрізді, қабағы қара | Аса ірі емес, шүңірейген немесе бадырайған, ақшыл, қабағының шеті ақшыл | Кішкентай, шүңірейген, тура орналасқан, әр-түрлі көзді, сары немесе сұр түсті, қызғылт қабақты |
9. | Мұрнының ұшы | Қара, ақшыл түстегі иттерге қоңыр түрі рұқсат етіледі | Аз реңденуі | Мұрнының ұшы қызғылт |
10. | Тістері | Ірі, ақ, қайшы сияқты тістелінетін, 6 жастан кейін тегіс түрі рұқсат етіледі | Астыңғы жақ сүйегінде бірінші премолярдың (Р1) болмауы | Күрек тістері бір сызықта орналаспаған, бірінші премолярдан басқа (Р1) кез-келген тістің болмауы |
11. | Мойны | Домалақ немесе бүйір жақтарынан азғана қысылған, орта немесе ұзын, кейде жоғары қарай біраз иілген (аққу мойындас). Орта, мықты, болғаны дұрыс. Жоғары орналасқан | Жетілмеген, қысқа | Өте қысқа, жүктелген, аспалы |
12. | Кеудесі | Жұмырланған, кең, терең, егер итке алдынан қараса, барлық тұлғасы артқы аяқтарының арасында орналасуы қажет; оның төменгі беті алдыңғы аяқтары жанында шынтақ буындарының көлденең сызықтарына жетеді; кеуде қуысы қарынға қарай біршама тарылады | Тым тар, жаясынан жалпақ емес, жеткілікті терең емес, шынтағына 3 сантиметрге жетпейді | Қабырғалары тегіс, төс сүйегі алға шығыңқы кеуде қуысының қысқалығы, шынтағынан кеңімейді, шынтағына 3 сантиметр жетпейтін, кеудесінің кішкентай болуы |
13. | Шоқтығы |
Жота сызығынан болмашы білеуленуі, арқасында шоқтықтан | Жақсы көрінбейтін шоқтық | Шоқтығының байқалмауы |
14. | Арқасы | Жалпақ, серпінді, бұлшық еттері жақсы дамыған. Белдемесімен бірге жоғары бірқатар шүйірленген | Жіңішке, жұмсақ, әлсіз бұлшық еттер | Бүкір немесе салбырап қалған, нығыздалмаған |
15. | Белі | Қысқа, дөңесті, бұдыр бұлшық еті бар | Тіке, әлсіз, жіңішке, ұзын, бұлшық еті дұрыс дамымаған | Жіңішке, тым дөңестеу, бұлшық еті дамымаған |
16. | Сауыры | Жалпақ, ұзын аздап еңкіш, бұлшық еттері өте бедерлі, мықынының ені кемінде 7 сантиметр | Қысқалау, жіңішкелеу, артығырақ қисайған | Көлденең |
17. | Қарыны | Өте жинаңқы | Әлсіз тартылған, кең белді | Салбырап кеткен қарын |
18. | Алдыңғы аяқтары | Ұзын, тік және параллельді орналасқан, ішкі иық буындарының бұрылуы 90-100 градусты құрайды; табан сүйегі салыстырмалы ұзын, аздап еңкіш | Шынтақтары қайырылған немесе бұралған, жеңіл құлаштау орналасуы немесе қисық аяқтығы. Табан сүйегі, қысқа, әлсіз, артық еңкіштеу. Иық жауырындарының мүшелену бұрышы 110 градустан артық | Сүйектері жұмыр, аяқтары қисық, түзу иық, шынтақтары сыртқа немесе ішке кіріп кеткен айқын көрінетін аяқтарының талтақтығы немесе қисық аяқтығы. Табан сүйектері салбыраған немесе бүкіш тізе |
19. | Артқы аяқтары | Біріңғай арық, сүйекті және иінтіректері ұзын. Мүшелену бұрыштары жақсы дамыған, артынан қарағанда түзу және параллельді. Секіру буындары айқын білінеді. Жай тұрысында жіліншік сүйектері артқа тіп-тік болып тартылып тұрады. Жіліншік сүйектері ұзын. Жамбасындағы бұлшық еттері өте жақсы дамыған | Мүшелену бұрыштары нашарлау дамыған; кең немесе тар тұрыс. Жіліншік сүйектері қысқа. Бұлшық еті нашар дамыған. Секіру буындары жазылыңқы немесе болмашы жанасқан | Мүшелену бұрыштары нашар дамыған, бұлшық еттері дамымаған, секіру буындары жақын қауысқан, ал табандары сыртқа айналып кеткен, яғни "сиыр" тұрыс немесе аяқтары күбі секілді "қисық". Қисық тырнақтары итті тұқымдықтан шеттетеді |
20. | Табандары | Мықты, жұмыр, кесек болып жиналған. Саусақтары бір-біріне тығыз, тырнақтары жерге бағыттала орналасқан | Саусақтары аздап жазыңқы, тырнақтары жерге бағыттала орналаспаған | Табаны дөңгелек формада (мысық тәрізді) тегіс. Саусақтары өте жазыңқы |
21. | Құйрығы | Жіңішке, қылыш тәрізді, толық жазылған түрінде секіру буындарына жетеді немесе сәл жетпейді, бірақ ұшы соңы ілмек сияқты иілген немесе кішкене дөңгелек сияқты орала орналасқан. Қозғалыс кезінде арқа сызығынан аздап жоғары көтеріліп тұрады | Құйрығы ұзын немесе қысқа; жуан құйрық; бүйір жағына түсіп тұратын, орақ тәрізді, ұшы ілмек немесе сақина тәрізді | Сақиналанып арқасына түскен, омыртқаларының соңы қосыла өскен, майысқан жерлері бар, соңы сақиналанбаған немесе иілмеген, құйрығын тікше ұстау |
22. | Қозғалысы | Жеңіл жорту, аңды аңду кезінде – шапшаң жүгіру | Жорға жүріс | |
23. | Мінез-құлқы | Алғыр, қырағы, аңға өшпенді, төзімді және икемді | ||
24. | Дисквалификациялық ақаулары: адамдарға агрессия танытуы, қорқақтық, дұрыс тістемеушілік, күрек тістерінің, азу тістерінің премолярлардың (төменгі бірінші премолярдан басқа) және үстіңгі және/немесе төменгі жақ молярларының (егер жарақаттанғаны айқындалып анықталмаса) болмауы, көздері екі түрлі, көгілдір көздер, қоңыр реңді, артқы аяқтарында артық саусақтың болуы, криптархизм, дисплазия | |||
2. Қазақы төбет | ||||
25. | Конституциия түрі | Дөрекі, дөрекі-шикі | Бітімінің жинақылығы, (тұрпаты шаршыға ұқсас); бұлшық еттерінің жеткілікті дамымауы, артқы жағының шамалы биік болуы; қаншықтарда жыныстық тұрпатқа сай келмеушілік (төбетке ұқсас болуы) | Арық, етжеңді немесе жетілмей қалыптасу; аласа бойлы немесе шығым; тұрқының қысқалығы; бұлшық еттерінің дамымауы; төбеттерде жыныстық тұрпатқа сай келмеушілік (қаншықтарға ұқсас болуы), тұқымдықтарының жете дамымауы |
26. | Мінез-құлқы/темпераменті: | Күшті және төзімді | Сескеншектік, әлсіздік, шектен тыс қозғыштық | Қорқақтық, басқаруға келмейтін агрессияшылдық |
27. | Басы |
Ауыр, салмақты, қас үстіндегі және бет сүйектері дөғалары өте дамыған, каралау мойыны және желкенің төмпешігімен Бассүйегі: біркелкі кең, сопақша, ұзын. Маңдайы тегіс, орта тұсында кішігірім ойығы бар. | Тұмсығы қысқа (басының ұзындығының 1/3-нен кем) немесе ұзын (басының ұзындығы Ң-нен артық); жақ сүйектері шамадан тыс білінеді; қас үстіндегі доғалары шығыңқы; тұмсығы мен маңдай сызықтары қатарлас; түсі ашық болған кезде мұрнының ұшы қоңыр | Жалпы дене бітіміне сай емес (басы тым үлкен, жіңішке, қысқа, жеңіл); тым шығыңқы маңдай, бассүйегі күмбез тәрізді; маңдайынан тұмсығына ауысымы айқын көрінеді; желке төмпешігі айқын білінеді; қасының үстіңгі доғасы айқын байқалмайды; тұмсығы маңдайынан ұзын; көтеріңкі немесе үшкір; еріндері жұқа, тығыз жабылады |
28. |
Жақтары/ | Жақтары кең, мықты, күшті, жақсы жетілген, иектері жақсы байқалады. Тістелімі қайшы тәрізді. Үш жастан асқан иттерде тікелей тістелімнің болуына жол беріледі. Тістері толық, өте ірі, ақ, бір-біріне жымдаса біткен. Күрек тістерінің түптері бір қатарға тізілген | Тістерінің жасына сай келмейтін қажалуы; кішігірім сарғылт қақ немесе бұзылған эмаль (тістің үстіңгі жағының 1/3-не дейін); төменгі жақтағы күрек тістер түпнегізінде тізілмеген; тістері орташа мөлшерде; үш жасқа дейінгі тістелімі тік; төменгі жақтағы алғашқы премолярлардың болмауы; артық премолярлар | Ұсақ; сирек; сарғылт, тіс эмалі қатты бүлінген (үстіңгі жағының 1/3-і); жоғарғы жағында орналасқан күрек тістері бір қатарда емес; 3 жасқа дейінгі тістелімі тік; алғашқы премолярды қоспағанда, бір премолярдың немесе молярдың жетіспеуі; артық тістер |
29. | Көздері | Үлкен емес, қиғаш, кең және терең орналасқан, қою қара-қоңыр. Өңі ашық болған кезде реңімен түстес болуға жол беріледі. Көз қиығы бадам тәрізді. Қабақтары – толық, үшінші қабағы анық көрінеді. Қабақтарының айналасы қою қара болғаны жөн. Көзқарасы онша байқалмайды, тұнжыраңқы әрі ауыр | Күңгірт; ашық-қоңыр | Тіке орналасқан, сопақ немесе дөңгелек қиықты; томпақ, өңіне қарағанда ашық түсті, бірдей түсті емес, сары, жасыл, көк, сұр көздер; шығыңқы, ашық, түссіз, сары, жасыл, сұр; көзқарасы қозғалмалы, тез қимылды; кірпіктері депигменттелген тым жетілмеген, жуан, салбыраңқы қабақ |
30. | Құлақтары | Үлкен емес, салбыраңқы, пішіні үшбұрышты, көз деңгейінен сәл жоғары орналасқан. Ойық негізі үлкен емес. Күшік кезінде қысқа кесіліп, келтеленеді | Көз деңгейінде орналасқан | Төмен орналасқан; жартылай тіке тұратын дөңгелекше келген |
31. | Мойыны | Басының ұзындығына тең, түпнегізі кең, қуатты, жонарқасына қатысты 35-45 градус бұрышпен орналасқан, өзіне тән, бірақ шамадан тыс болмайтындай тамақ асты қатпары бар | Жоғары орналасқан; бұлшық еті жеткілікті жетілмеген | Жоғары немесе төмен орналасқан; тамақ асты қатпарының болмауы немесе шектен тыс көрінуі |
32. | Тұрқы |
Еркін тұрыста ит өзін босаң ұстайды, бұл ретте жоғарғы сызығының өзіне тән кішігірім біркелкі иілген жері болады, оның төменгі нүктесі ауысымізі (диафрагмалық омыртқаның иіндік өсімінің кішігірім құламасы), ал биіктіктері – шоқтығы мен құйымшақтары болып табылады. Қозғалғанда немесе елегізіп тұрғанда жоғарғы желісі шоқтығынан тік, серіппелі, берік болып келеді. Бұлшық еттері қуатты, омыртқаның иіндік өсімінің биіктіктері білінбейді. | Бұлшық еттері жеткілікті жетілмеген; шоқтығы әлсіз білінеді, арқасы тар; ауысымізі ерекше білінеді; белі тарлау, сәл шығыңқы; сауыры дөңестеу, қысқа немесе тым тайқы; кеудесі жете терең емес (шынтақ деңгейіне дейін 2-3 сантиметр жетпейтін), қабырғалары жеткілікті ауқымды емес, тым шығыңқы; қарыны шектен тыс тартылыңқы немесе түсіңкі | Төбелік желісі томпақ (жетілмеген), еркін тұрғанда да, елегізіп тұрғанда да және қозғалыс кезінде салбыраңқы (жұмсақ), бұлшық еті жетілмеген, шоқтығы байқалмайтын, тапал, тар, қысқа; арқасы салбыраңқы немесе бүкір; ауысымізі жоқ; белі тар, тым шығыңқы; сауыры тар, келте, тым қисайыңқы немесе көлбеу; кеудесі тайқы, ұсақ, жете дамымаған, бөшке тәрізді, шеткі қабырғасы тым қысқарыңқы; кеудесінің алды айқын білінеді; белі ұзын, ішке кіріңкі немесе шектен тыс шығыңқы; қарыны айқын көрінетін солыңқы |
33. | Құйрығы | Жоғары көтерілген, жуан. Күшік кезінде қысқарып, келтеленеді (көбіне ұзындығының 1/3-ге жуығы қалады). Қысқарып келтеленбеген кезінде орақ тәрізді түсіңкі, секіру сүйектеріне дейін жетеді | Жіңішке | Құйрығы төмен орналасқан |
34. | Аяқтары |
Алдыңғы аяқтары: едәуір ұзын, мықты, бұлшық етті, алдынан қарағанда тік және бір-біріне параллель. Шынтағындағы биіктігі шоқтығындағы биіктікке тең немесе жартысынан біршама үлкен. | Бұлшық еттері жеткілікті жетілмеген; аяқтарының орналасуы тар, жақын немесе кең; иық-жауырын қиылыстарының бұрышы жеткілікті емес; шынтақтары сәл сыртқа немесе ішке қарай бағытталған; табандары шектен тыс бүгіліңкі; азғана талтақтық немесе маймақтық | Қысқа; аяқтарының сүйектері қисайған, пішіні өзгерген; бұлшық еттері жетілмеген; жауырынның түсіңкі тұруы; шынтақтары тым сыртқа немесе ішке қарай қайырылған |
35. | Артқы аяқтары |
Бекем, бұлшық етті. Артынан қараған кезде тік және бір-біріне параллель, алдыңғыларымен мөлшерлес. Алдыңғыларына қарағанда біршама кең орналасқан. Барлық буын қиылыстарының бұрыштары жақсы білінеді. | Буын қиылыстарының бұрыштары жеткілікті білінбейді; кең, жақындастырылған немесе тар тұрыс; қосалқы (қысқарып келтеленбеген) саусақтарының болуы; шамалы өсіңкі немесе біршама тығыздалған саусақтар | |
36. |
Жүрісі/ | Үнемшіл, еркін, жеңіл. Жорғалағанда үстіңгі жағының сызығы бірдей және берік, алдыңғы және артқы аяқтарының буындары жеңіл бүгіледі, арқасы мен белі серпінді серіппелі. Өзіне тән жортуы – асықпай адымдаумен және жеңіл, із тастап жорғалаумен (табан іздерін бір-біріне сай келтіру) сипатталады | ||
37. | Терісі | Жуан, тығыз, созылғыш тері асындағы клетчаткалары жақсы жетілген. Мойын тұсында өзіне тән қатпар құрайды | Созылғыш емес | |
38. | Жүні | Жүні қалың, ірі, тік, жүн астындағы түбіті жақсы өскен, бірақ ұзын емес (иін жүндерінен қысқа). Басында және үстіңгі алдыңғы жақ жүні қысқа, тік өскен, тығыздала жымдасқан. Мойынында неғұрлым ұзын жүн жабыны "жағалық" құрайды, әсіресе тобеттерде жақсы өседі, бөксесінің артқы жағы "шалбар" іспетті. Тамағында, мойынасты қатпар тұсында өте қалың әрі тығыз. Жүн жабыны (10-15 сантиметр) босаң өскен онша ерекшеленбейтін болып келеді | Тығыздала жымдаспаған; жүн астындағы түбіті ұзын (ұзындығы бойынша иін жүндерімен бірдей немесе одан үлкен); саусақтары арасындағы жүн ұзын, қалың, және жұмсақ (саусақтарынан ұзын) | |
39. | Өңі | Табиғи түстің барлық түстері мен өңдері тәң: сары, ақшыл, қызыл, сұр, қоңыр, қара | Ала-құла дақтары бар (түрлі-түсті дақтардың үлесі 30 пайыздан аз), ақ, біртұтас | |
40. | Мөлшері | Шоқтығының биіктігі құйымшағындағы биіктікке тең. Басының ұзындығы шоқтықтағы биіктіктің кемінде 40 пайызын құрайды. Дене тұрқының ұзындығы шоқтықтағы биіктіктен шамамен 10 пайызға асып түседі, бұл ретте төбеттер қаншықтарға қарағанда біршама жинақы. Төбеттердің оңтайлы бойы 72 – 75 сантиметр, қаншықтардікі 65 – 70 сантиметр | ||
41. | Дисквалификациялық ақаулары: қорқақтық, жалтақтық, басқаруға келмейтін ашуқорлық; біржақты және толық криптохризм, жетілмеген тістелім, қалдықты артық тістелім; тістерінің толық еместігі (кез келген үйлесімде екеуден аса тістердің болмауы); көздерінің әртүрлілігі; барлық үйлесімдегі қоңыр (мұрнының сулығы, кірпіктері мен еріндерінің шеті қоңыр болған кезде) немесе көк (мұрнының сулығы, кірпіктері мен еріндерінің шеті көк болған кезде) боямалар толқынды жұмсақ жүн; буындардың босаң бекуі, теңгерімделмеген қозғалыстар; төбеттер қаншық тұрпатты | |||
Ескертпе: Төбеттерде қалыпты жетілген, дорбалығына толық түскен екі тұқымдық болуға тиіс.