ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды, мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 409 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15553 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) талаптарына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді, азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу тәртібін және "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру" мемлекеттік қызметті көрсету, сондай-ақ оларға құқықтарды куаландыратын құжаттардың нысандарын мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды.
2. Осы қағидалар, сонымен қатар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымымен тіркеуге және есепке алуға жататын пилотсыз авиациялық жүйесіне қатысты қолданылады.";
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) үлгі сертификатын немесе соған ұқсас басқа құжатты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берсе немесе жарамды деп таныса;";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Осы қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;
2) азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік) – уәкілетті ұйым (немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган) берген азаматтық әуе кемесінің Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізілгенін растайтын белгіленген үлгідегі құжат;
3) әуе кемесін тіркеуден алып тастау – оның пайдасына қайтарып алынбайтын өкілеттік берілген тұлғаның өтініші бойынша әуе кемесін Мемлекеттік тізілімнен шығару;
4) борышкер – қайтарып алынбайтын өкілеттікті берген әуе кемесінің пайдаланушысы немесе меншік иесі;
5) "бір өтініш" қағидаты – бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтердің жиынтығын көздейтін мемлекеттік қызметті көрсету нысаны;
6) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің Мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) – Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелеріне, оларға арналған құқықтарға мемлекеттік тіркеу жүргізетін құжат;
7) қайтарып алынбайтын өкілеттік – жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияға авиациялық жабдық жөніндегі хаттамаға сәйкес азаматтық әуе кемелерін Мемлекеттік тізілімнен шығаруға (тіркеуден алып тастауға) және әуе кемесін әкетуге талап қою құқығы оның пайдасына берілген, заңды және жеке тұлғалардың өкілеттігі;
8) меншік иесі (иеленуші) – меншік құқығында немесе өзге де заң негіздемелерінде әуе кемелерінің иесі болып табылатын Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғалары;
9) өтініш беруші – азаматтық әуе кемесінің иесі (меншік иесі) немесе пайдаланушысы болып табылатын жеке немесе заңды тұлғасы;
10) пайдаланушы – азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен немесе осы салада қызмет көрсетумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға;
11) пилотсыз авиациялық жүйе – пилотсыз әуе кемесі және пилотсыз әуе кемесін әуе кеңістігінде қауіпсіз және тиімді пайдалану үшін қажетті онымен байланысты (пилотсыз әуе кемесін басқаратын байланыс арналары мен құрамдастарды қоса алғанда) элементтер;
12) пилотсыз әуе кемесі – дербес жұмыс істеуге және (немесе) бортында пилотсыз қашықтан басқаруға пайдаланылатын немесе арналған әуе кемесі;
13) сәйкестік туралы декларация – өтініш беруші ресімдеу және қол қою арқылы қауіпсіз пайдаланғаны және пилотсыз авиациялық жүйенің Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 706 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22031 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйесін пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкестігі үшін жеке-дара жауапкершілікті растайтын бірыңғай нысандағы құжат;
14) тіркелген халықаралық кепілдік – Халықаралық тіркелімге ол туралы жазба енгізілген әуе кемесіне қатысты кредитордың тиісті құқығы;
15) уәкілетті тарап – оның пайдасына қайтарып алынбайтын өкілеттік берілген тұлға;
16) үлгі сертификаты – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым, әуе кемелерін сертификаттауды жүзеге асыратын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйым немесе азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың немесе әуе винтінің үлгісінің конструкциясын айқындау үшін шет мемлекет берген және конструкцияның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін растайтын құжат;
17) халықаралық тіркелім – Кейптаун конвенциясына және Авиациялық хаттамаға сәйкес, кредиторлардың әуе кемелеріне құқықтарын тіркеу үшін құрылған халықаралық тіркеу қызметі.";
10-3 және 10-4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"10-3. Өтініш беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген тізбе бойынша құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынбаған кезде уәкілетті ұйым өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Өтініш беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген тізбе бойынша құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, уәкілетті ұйым ұсынылған құжаттар топтамасының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді және уәкілетті ұйымның авиациялық инспекторы әуе кемесін қарап-тексеруді 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Уәкілетті ұйымның авиациялық инспекторы әуе кемесін қарап-тексеруді бұрын пайдаланылмаған жаңа азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу кезінде (дайындаушы зауыттан қабылдау кезінде) мынадай жағдайларды қоспағанда:
1) бұрын Мемлекеттік тізілімде болмаған азаматтық әуе кемесінің үлгісін мемлекеттік тіркеу кезінде;
2) өтініш беруші тексеру жүргізу үшін уәкілетті ұйымға жазбаша өтініш берген кезде жүргізбейді.
Әуе кемесін қарап-тексеруді жүргізу басталғанға дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні бұрын порталға өтініш берушінің "жеке кабинетіне" Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу рәсіміне басталу күні, ықтимал өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты қамтитын еркін нысандағы уәкілетті ұйымның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған хабарлама жіберіледі.
10–4. Нұсқаулық материалды пайдалана отырып, әуе кемесін қарап-тексеру нәтижелері бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы инвестициялық және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 198 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12073 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларының 9-2-тармағына сәйкес азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығын бағалау актісі (бұдан әрі – бағалау актісі) 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
Азаматтық әуе кемесі туралы мәліметтер осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес Мемлекеттік тізілімге енгізіледі және мынадай жағдайларда:
1) азаматтық әуе кемесін бағалау актісі оң нәтижесі;
2) ұсынылған құжаттар топтамасы осы Қағидалардың 10-3-тармағына сәйкес қарап-тексеру жүргізілмейтін, бұрын пайдаланылмаған жаңа азаматтық әуе кемелерін (дайындаушы зауыттан қабылдау кезінде) мемлекеттік тіркеу үшін Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағына сәйкес;
3) ұсынылған құжаттар топтамасы Азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке өзгерістер енгізу үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағына сәйкес келген кезде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 5 (бес) жыл мерзімге немесе жалдау шартының қолданылу мерзіміне Азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беріледі.
Бағалау актісі теріс нәтиже берген кезде Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімделеді, ол уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған өтініш берушінің порталға "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады.";
28-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мүліктің ауыртпалығы болған жағдайларды қоспағанда, күнтізбелік пайдалану мерзімі әуе кемесі шығарылған күннен бастап қырық жылдан асатын, екі жылдан астам ұшуға жарамдылығының жарамды сертификаты болмаған;";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Пилотсыз авиациялық жүйесін тіркеу және есепке алу тәртібі";
56, 57, 57-1, 58, 59, 60, 60-1, 60-2, 61, 62, 63 және 64-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"56. Ең жоғары ұшу салмағы 0,25 кг және одан асатын пилотсыз әуе кемесі бар пилотсыз авиациялық жүйелер және ең жоғары пилотсыз әуе кемесі бар пилотсыз авиациялық жүйелерді қоспағанда, дербес деректерді және (немесе) құпия ақпаратты жинауды жүзеге асыруға қабілетті техникалық құралдармен жарақтандырылған пилотсыз әуе кемесі жүйесінің құрамына кіретін пилотсыз әуе кемесінің ең жоғары ұшу массасына қарамастан барлық пилотсыз авиациялық жүйелер есепке алынуға жатады ұшу массасы 750 кг және одан жоғары, осы Қағидалардың 2-тарауында айқындалған тәртіппен мемлекеттік тіркеуге жатады.
57. Пилотсыз авиациялық жүйесі есепке алынған кезде уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 5 (бес) жыл мерзімге немесе жалдау шартының қолданылу мерзіміне пилотсыз авиациялық жүйесін есепке қою туралы куәлікті береді.
57-1. Есепке қою кезінде уәкілетті ұйым пилотсыз авиациялық жүйесіне борттық нөмірді береді.
Берілген борттық нөмір жеті белгіден тұрады және судың әсері кезінде нөмірдің сақталуы мен оқылуын қамтамасыз ететін тәсілмен пилотсыз әуе кемесіне кемінде 5 мм қаріппен жазылады.
Ең жоғары ұшу массасы 0,25 кг-нан 1,5 кг-ға дейінгі "ерекше" санатындағы операцияларды орындайтын пилотсыз әуе кемесіне таңбалау үш жерде, ал салмағы 1,5 кг-дан асатын пилотсыз әуе кемелері үшін бес жерде жазылады.
Берілген борттық нөмір мынадай ақпаратты қамтиды:
1) Қазақстан Республикасының тиесілігі – "Q";
2) ең жоғары ұшу массасының жіктеуіші;
3) конструкция типінің жіктеуіші;
4) есептік нөмірі.
Борттық нөмірді пилотсыз әуе кемесінің иесі оны пайдалануды бастағанға дейін жазады.
Пилотсыз авиациялық жүйені тіркеу кезінде уәкілетті ұйым азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне мемлекеттік, тіркеу тану және қосымша белгілерді салу тәртібіне сәйкес пилотсыз әуе кемесіне қолданылатын мемлекеттік және тіркеу тану белгілерін береді.
58. Пилотсыз авиациялық жүйесін есепке алу уәкілетті ұйымымен Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының пилотсыз авиациялық жүйелерінің тізілімінде (бұдан әрі – Пилотсыз авиациялық жүйелердің тізілімі) жүргізіледі.
Пилотсыз авиациялық жүйесін есепке алу нөмірлері олардың пилотсыз авиациялық жүйесін есепке алу Пилотсыз авиациялық жүйелердің тізіліміндегі реттік нөмірлеріне сәйкес келуі тиіс.
Пилотсыз авиациялық жүйелердің тізілімін жүргізу осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз түрінде жүргізіледі. Тиісті қорғалған бағдарламалық өнім болған жағдайда Пилотсыз авиациялық жүйелердің тізілімі қайталау мүмкіндігімен электронды тасығыштарда жүргізіледі. Егер қағаз және электронды тасығыштардағы жазбалар арасында сәйкессіздіктер болса қағаз тасығыштағы жазба басым болады.
59. Пилотсыз авиациялық жүйесін есепке алу, сонымен бірге есептен шығару мерзімі 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды.
Өтінімді қарау мерзімі және пилотсыз авиациялық жүйені тіркеу туралы куәлік беру мерзімі 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
60. Пайдалану мақсатында пилотсыз авиациялық жүйесін сатып алатын адамдар уәкілетті ұйымның кеңсесіне не мынадай құжаттарды қоса бере отырып, пилотсыз авиациялық жүйесін сатып алған немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пилотсыз авиациялық жүйесін есепке алуға арналған өтінімді уәкілетті ұйымның электрондық поштасына ұсынады:
1) құрылтай құжатының көшірмесі (шетелдік заңды тұлғалар үшін) немесе жеке басты куәландыратын құжат (шетелдік жеке тұлғалар үшін);
2) сатып алу-сату шартының көшірмесі немесе меншік құқығын растайтын өзге де құжат не сот шешімі;
3) жалдау, лизинг, мүліктік жалдау шартының көшірмесі, пилотсыз авиациялық жүйесін пайдалану құқығын растайтын өзге де құжат;
4) ұшқышсыз авиациялық жүйесінің типі мен сериялық (зауыттық) нөмірі, қозғалтқыштың нөмірі (қозғалтқыш нөміріне қол жеткізу болған кезде) және сыртқы пилот станциясының нөмірі (болған кезде) (паспорт);
5) пилотсыз авиациялық жүйенің пилотсыз әуе кемесімен ұшқышсыз ұшу массасына сәйкес техникалық сәйкестігі туралы декларацияның уәкілетті ұйыммен келісілген көшірмесі немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген сәйкестік сертификаты немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген дананың сәйкестік куәлігі;
6) пилотсыз авиациялық жүйені (пилотсыз авиациялық жүйе шет мемлекеттің есебінде болған жағдайда) шет мемлекеттің есебінен шығару туралы куәлік.
60-1. Пилотсыз авиациялық жүйесін есепке қою туралы куәлікке және Пилотсыз авиациялық жүйелердің тізіліміне өзгерістер енгізуді уәкілетті ұйымымен мынадай жағдайларда:
1) пилотсыз авиациялық жүйесінің меншік иесі (иеленушісі) және (немесе) оның атауы және (немесе) оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) өзгергенде;
2) пилотсыз авиациялық жүйесін пайдаланушының және (немесе) оның атауының өзгеруі;
3) пилотсыз авиациялық жүйесін есепке қою туралы куәліктің қолданылу мерзімі өткен кезде жүзеге асырылады.
60-2. Пилотсыз авиациялық жүйесін есепке қою туралы куәлікке және Пилотсыз авиациялық жүйесінің тізіліміне өзгерістер енгізу кезінде өтініш берушілер уәкілетті ұйымның кеңсесіне немесе электрондық поштасына осы Қағидаларға 13-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Пилотсыз авиациялық жүйесін есепке қою туралы куәлікке және Пилотсыз авиациялық авиациялық жүйесінің тізіліміне өзгерістер енгізуге өтінімді мынадай құжаттарды қоса бере отырып ұсынады:
1) Пилотсыз авиациялық жүйесінің тізіліміне есепке қою туралы куәліктің түпнұсқасы;
2) Осы Қағидалардың 60-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттар.
61. Пилотсыз авиациялық жүйесін есептен шығару кезінде өтініш беруші уәкілетті ұйымға мыналарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пилотсыз авиациялық жүйесін есептен шығару туралы өтініш;
2) құрылтайшылық құжаттың (заңды тұлғалар үшін) көшірмесі немесе жеке басты куәландыратын құжат (жеке тұлғалар үшін);
3) сату-сатып алу шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі, сот шешімі немесе меншік құқығын растайтын өзге де құжат;
4) жалдау, лизинг, мүліктік жалдау шартының, пилотсыз авиациялық жүйесін пайдалану құқығын растайтын өзге де құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) пилотсыз авиациялық жүйесін есепке алу куәлігінің түпнұсқасы.
62. Ұсынылған құжаттар сәйкес болған жағдайда уәкілетті ұйым өтініш берушіге осы Қағидалардың 15-қосымшасына сәйкес Пилотсыз авиациялық жүйені есептен шығару туралы куәлікті береді.
63. Пилотсыз авиациялық жүйесін есепке алу, сондай-ақ есепке алудан бас тарту туралы куәлікке және Пилотсыз авиациялық жүйесінің тізіліміне өзгерістер енгізу үшін негіздер болып табылады:
1) көрсетілетін өтініш берушінің ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін өтініш берушінің және (немесе) Пилотсыз авиациялық жүйесін есепке алу куәлігін алуға қажетті ұсынылған материалдардың осы Қағидалардың 64-тармағында белгіленген жағдайға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін өтініш берушіге қатысты оның авиациялық қызметіне немесе оның жекелеген қызмет түріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін өтініш берушіге қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін өтініш берушінің есепке алу куәлігін алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
Есепке алу куәлігін беруден бас тарту жазбаша түрде өтініш келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
64. Анықталған кемшіліктер түзетілгеннен кейін өтініш беруші уәкілетті ұйымға пилотсыз авиациялық жүйесін есепке алу, сондай-ақ Пилотсыз авиациялық жүйесін есепке алу туралы куәлікке және Пилотсыз авиациялық жүйесінің тізіліміне өзгерістер енгізу үшін уәкілетті ұйымға қайта жүгінеді.";
2-1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3-қосымша алып тасталсын;
11-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
12-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
13-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
13-1-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
14-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
15-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік қызметтің атауы "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "электрондық үкімет" порталы |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
20 (жиырма) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
1. Электрондық (толық автоматтандырылған) / "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін; |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
1. Азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке өзгерістер енгізу не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап; |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
1. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, және ақпарат объектілерінің жұмыс істеу кестесі |
1. Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы, пайдаланушы сертификаты, жергілікті жердегі шуыл бойынша сертификат, радиостанцияға сертификат, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік туралы мәліметтерді, азаматтық әуе кемесін тіркеуге алымды бюджетке төлегенін растауларды уәкілетті ұйым "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурста орналастырылған: |
Бұйрыққа 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына 11-қосымша |
Рәміз Уәкілетті ұйымның атауы Уәкілетті ұйымның мекенжайы ПИЛОТСЫЗ АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ЕСЕПКЕ АЛУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК СВИДЕТЕЛЬСТВО О ПОСТАНОВКЕ НА УЧЕТ БЕСПИЛОТНОЙ АВИАЦИОННОЙ СИСТЕМЫ №
1. Пилотсыз авиациялық жүйесінің үлгісі, моделі |
2. Сериялық нөмірі, тағайындауы |
3. Пилотсыз авиациялық жүйесінің дайындаушысы және оның реквизиттері |
4. Пилотсыз авиациялық жүйесінің меншік иесі, адресі |
5. Пилотсыз авиациялық жүйесінің пайдаланушысы, адресі |
6. Пилотсыз авиациялық жүйесінің негіздеудің орны |
7. Пилотсыз авиациялық жүйесінің қолданушысының (пайдаланушысының) немесе қатысушылардың телефоны, ұялы телефоны, факсі, e-mail | ||
8. Пилотсыз авиациялық жүйесінің планерінің және қозғалтқышының нөмірі | ||
9. Пилотсыз авиациялық жүйесінің қолдану мақсаты |
10. Осымен жоғарыда көрсетілген қашықтықтан ұшу авиациялық жүйесінің тиісті түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына және Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияға (Чикаго, 1944 ж.) сәйкес есепке алынғандығын куәландырылады.
Настоящим удостоверяется, что вышеупомянутое дистанционно пилотируемая авиационная система должным образом учтено в соответствии с законодательством Республики Казахстан и Конвенцией о международной гражданской авиации (Чикаго, 1944 г.).
11. Куәліктің қолданылу мерзiмi: ____________________ дейiн
Срок действия свидетельства до: _____________________________
Мөр орны (болған жағдайда) Уәкілетті ұйымның қызметшісі немесе оның уәкілеттік берген тұлғасы
Место печати (при его наличии) Служащий уполномоченной организации либо лица, им уполномоченного
Берiлген күнi:
Дата выдачи:
Бұйрыққа 3-қосымша |
|
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына 12-қосымша |
Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының пилотсыз авиациялық жүйелерінің тізілімі (есепке алу күніндегі пилотсыз авиациялық жүйелер туралы ақпарат)
1 | 2 | 3 | 4 |
Пилотсыз авиациялық жүйесінің куәлігінің нөмірі | Есепке алу күні | Пилотсыз авиациялық жүйесінің моделі | Пилотсыз авиациялық жүйесінің зауыттық (сериялық) нөмірі |
5 | 6 | 7 | 8 |
Пилотсыз авиациялық жүйесінің иесі, мекенжайы | Пилотсыз авиациялық жүйесінің пайдаланушысы, мекенжайы | Пилотсыз авиациялық жүйесінің орналасқан орны | Пилотсыз авиациялық жүйесінің қолдану мақсаты |
9 | 10 | 11 | 12 |
Пилотсыз авиациялық жүйесінің Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының пилотсыз авиациялық жүйелерінің тізілімінен шығуы туралы куәлік нөмірі | Пилотсыз авиациялық жүйесінің Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының пилотсыз авиациялық жүйелерінің тізілімінен шығуы күні | Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының пилотсыз авиациялық жүйелерінің тізіліміне жазуды енгізген уәкілетті ұйымның лауазымдық тұлғасының қолы және Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда) | Пилотсыз авиациялық жүйесінің есепке алу куәлігін алған тұлғаның қолы, Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы және күні |
Бұйрыққа 4-қосымша |
|
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына 13-қосымша |
Нысан
Пилотсыз авиациялық жүйесін есепке алу өтініші
1 | Өтініш беруші туралы мәлімет: | ||||
1.1 | Заңды/жеке тұлғаның Т.А.Ә. (болған жағдайда) толық атауы | ||||
1.2 | Жұмыс мекен-жайы | ||||
1.3 | Индекс | ||||
1.4 | Жұмыс/үй тел. | ||||
1.5 | Ұялы тел. | ||||
1.6 | Факс | ||||
1.7 | Эл. мекен-жай | ||||
1.8 | Өтініш берушінің БСН/ЖСН | ||||
1.9 | Құжатты беру күні | ||||
2 | Пилотсыз авиациялық жүйе туралы мәлімет | ||||
2.1 | Бұрынғы есеп нөмірі | ||||
2.2 | Пилотсыз авиациялық жүйесінің өндіруші | ||||
2.3 | Пилотсыз авиациялық жүйесінің үлгісі | ||||
2.4 | Пилотсыз авиациялық жүйесінің өндіру күні | ||||
2.5 | Пилотсыз авиациялық жүйесінің сериалық нөмірі | ||||
2.6 | Пилотсыз авиациялық жүйесінің қозғалтқыш нөмірі | ||||
2.7 | Пилотсыз авиациялық жүйесінің ең жоғарғы ұшу массасы | ||||
2.8 | Пилотсыз авиациялық жүйесінің типі | ||||
Ұшақ | Мульти роторлық | ||||
Тік ұшақ | Гибрид |
Лауазымы (қолы) Мөр орны (болған жағдайда)
Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда)
Бұйрыққа 5-қосымша |
|
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына 13-1-қосымша |
Нысан
Пилотсыз авиациялық жүйесін есепке қою туралы куәлікке және Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының пилотсыз авиациялық жүйелерінің тізіліміне өзгерістер енгізуге арналған өтінім
1 | Өтініш беруші туралы мәлімет: | ||
1.1 | Заңды/жеке тұлғаның Т.А.Ә. (болған жағдайда) толық атауы | ||
1.2 | Жұмыс мекен-жайы | ||
1.3 | Индекс | ||
1.4 | Жұмыс/үй тел. | ||
1.5 | Ұялы тел. | ||
1.6 | Факс | ||
1.7 | Эл. мекен-жай | ||
1.8 | Өтініш берушінің БСН/ЖСН | ||
1.9 | Құжатты беру күні | ||
2 | Пилотсыз авиациялық жүйе туралы мәлімет | ||
2.1 | Бұрынғы есеп немесе тіркеу нөмірі | ||
2.2 | Пилотсыз авиациялық жүйесін есепке қою туралы куәлікке және Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының пилотсыз авиациялық жүйелерінің тізіліміне өзгерістер енгізуге байланысты өтінім берілген жағдайларда мынадай негіздердің бірін атап өту қажет: | ||
1) Пилотсыз авиациялық жүйесінің меншік иесі (иесі) өзгерген жағдайларда | |||
2) Пилотсыз авиациялық жүйесін пайдаланушысы өзгерген жағдайларда | |||
3) Пилотсыз авиациялық жүйесінің меншік иесінің (иеленушісінің) атауы және (немесе) пайдаланушының атауы өзгерген жағдайларда жүзеге асырылады | |||
4) Пилотсыз авиациялық жүйесін есепке қою туралы куәліктің қолданылу мерзімі өткен жағдайларда жүргізіледі. | |||
2.3 | Пилотсыз авиациялық жүйесінің өндіруші | ||
2.4 | Пилотсыз авиациялық жүйесінің үлгісі | ||
2.5 | Пилотсыз авиациялық жүйесінің өндіру күні | ||
2.6 | Пилотсыз авиациялық жүйесінің сериалық нөмірі | ||
2.7 | Пилотсыз авиациялық жүйесінің қозғалтқыш нөмірі | ||
2.8 | Пилотсыз авиациялық жүйесінің ең жоғарғы ұшу массасы | ||
2.9 | Пилотсыз авиациялық жүйесінің типі | ||
Ұшақ | Мульти роторлық | ||
Тік ұшақ | Гибрид |
Лауазымы (қолы) Мөр орны (болған жағдайда)
Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда)
Бұйрыққа 6-қосымша |
|
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына 14-қосымша |
Нысан
Пилотсыз авиациялық жүйесін есептен шығару туралы өтініш
1 | Өтініш беруші туралы мәлімет: | |
1.1 | Заңды/жеке тұлғаның Т.А.Ә. (болған жағдайда) толық атауы | |
1.2 | Жұмыс мекен-жайы | |
1.3 | Индекс | |
1.4 | Жұмыс/үй тел. | |
1.5 | Ұялы тел. | |
1.6 | Факс | |
1.7 | Эл. мекен-жай | |
1.8 | Өтініш берушінің БСН/ЖСН | |
1.9 | Құжатты беру күні | |
2 | Пилотсыз авиациялық жүйе туралы мәлімет | |
2.1 | Есеп немесе тіркеу нөмірі | |
2.2 | Пилотсыз авиациялық жүйесінің үлгісі | |
2.3 | Пилотсыз авиациялық жүйесінің сериалық нөмірі | |
2.4 | Пилотсыз авиациялық жүйесінің қозғалтқыш нөмірі | |
2.5 | Пилотсыз авиациялық жүйесінің өндіру күні | |
2.6 | Пилотсыз авиациялық жүйесінің иеленушісі | |
2.7 | Пилотсыз авиациялық жүйесінің пайдаланушысы |
Лауазымы (қолы) Мөр орны (болған жағдайда)
Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда)
Бұйрыққа 7-қосымша |
|
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына 15-қосымша |
Нысан
Рәміз Уәкілетті ұйымның атауы Уәкілетті ұйымның мекенжайы ШЫҒУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК CERTIFICATE OF CANCELLATION №
1. Пилотсыз авиациялық жүйесінің үлгісі, моделі |
2. Сериялық нөмірі |
3. Дайындаушысы |
4. Бұрынғы меншік иесі, адресі |
5. Бұрынғы пайдаланушысы, адресі |
6. Бұрынғы белгісі |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАШЫҚТЫҚТАН БАСҚАРЫЛАТЫН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТІЗІЛІМНЕН ЕСЕПТЕН ШЫҚТЫ. WAS CANCELLED FROM THE REGISTER REMOTELY PILOTED AIRCRAFT SYSTEM REPUBLIC OF KAZAKHSTAN.
Мөр орны (болған жағдайда) Уәкілетті ұйымның қызметшісі немесе оның уәкілеттік берген тұлғасы
Место печати (при его наличии) Служащий уполномоченной организации либо лица, им уполномоченного
Дата выдачи:
Берiлген күнi:
Date of issue