"Кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсаты үшін сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 295 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 30 наурыздағы № 308 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 наурызда № 32172 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсаты үшін сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 295 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16661 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 102-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:";

      Кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсаты үшін сақтандырудың үлгілік шарты осы бұрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі орынбасарының
міндетін атқарушы -
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу

      және дамыту агенттігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі
орынбасарының міндетін
атқарушы -
Қаржы министрінің міндетін
атқарушы
2023 жылғы 30 наурыздағы
№ 308 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 295 бұйрығымен
бекітілді

Кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсаты үшін сақтандырудың үлгілік шарты

      Бұдан әрі "Сақтандырушы" деп аталатын, бір тараптан, ______________ қаласы ____________ сериясы № ____ 20___жылғы "____" ____________________________________________________________________,

      (сақтандыру ұйымының атауы)

      қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау бойынша уәкілетті органы "жалпы сақтандыру" саласы бойынша берген 20___ жылғы "___" ______ № _______ Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған жарғының, лицензияның және _________________________________________ Сақтандыру

      (жарғы, ереже немесе сенімхат) қағидаларының негізінде әрекет ететін,_____________ _________________________________________________

      (уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (оның болған кезінде) бұдан әрі – Т.А.Ә. (оның болған кезінде)) тұлғасында, және бұдан әрі Сақтанушы" деп аталатын, екінші тараптан, _____________________________________________________ негізінде әрекет ететін,(жарғы, лицензия немесе сенімхат)_____________________________________________ тұлғасында, (лауазымы, Т.А.Ә. (оның болған кезінде))_______________ _________________,

      (заңды тұлғаның атауы бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә. (оның болған кезінде), жеке сәйкестендіру нөмірі) бірлесіп "Тараптар" деп аталатын, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) (бұдан әрі – Азаматтық кодекс), "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс), "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізінде кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсаты үшін төмендегі туралы осы сақтандыру шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты.

1-тарау. Шартта қолданылатын негізгі ұғымдар

      Осы Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Пайда алушы – осы Шартқа сәйкес сақтандыру төлемді алушы болып табылатын тұлға;

      2) Сақтандырушы – сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган берген сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы болған кезде пайдасына осы Шарт жасалған тұлғаға (Пайда алушы) осы Шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға;

      3) Сақтанушы – Сақтандырушымен (кепілгерлік, төлеуші немесе Кодекстің 96-бабының 3–тармағында көрсетілген тұлғалар) осы Шартты жасасқан тұлға;

      4) сақтандыру жағдайы – сақтандыру төлемін жүзеге асыруды Шарт көздейтін оқиға;

      5) сақтандыру объектісі – осы Кодексте белгіленген мерзімде кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік баждарды, салықтарды, сондай-ақ Кодекстің 139-бабының 1 тармағында көрсетілген жағдайда арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарды төлеу бойынша өзінің міндеттерін орындауға байланысты Сақтанушының мүліктік мүддесі;

      6) сақтандыру сомасы – сақтандыру объектісі сақтандырылған ақша сомасы және сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіреді;

      7) сақтандыру сыйақысы – Сақтанушының Сақтандырушыға, соңғысы Пайда алушыға осы Шартта айқындалған мөлшерде сақтандыру төлемін жүргізу мiндеттемелерін қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы;

      8) сақтандыру төлемi – сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтандырушының Пайда алушыға сақтандыру сомасының шегiнде төлейтiн ақша сомасы.

2-тарау. Шарттың пәні

      Сақтанушы сақтандыру сыйақысын төлеуге міндеттенеді, ал Сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Шартта көзделген көлемде және талаптарда Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттенеді.

3-тарау. Пайда алушы

      Осы Шарт бойынша Пайда алушы

      __________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      ________________________________________________________________

      (заңды мекен-жайы)

      ________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының бенефициары) болып табылады.

4-тарау. Сақтандыру сомасының және сақтандыру сыйақысының мөлшері

      4.1. Осы Шарт бойынша сақтандыру сомасы Кодекстің 100–бабының 2–тармағының немесе 102–бабының 3-тармағының ережелерін ескере отрып Кодекстің 104 және 139–баптарына сәйкес Сақтанушы жасайтын кедендік операциялардан шыға отырып есептеледі және Кодекстің 97–бабы 4–тармағының бірінші бөлігіне сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етудің өзге де тәсілімен қамтамасыз етілген соманы шегеруімен ___________ (___________________) теңге мөлшерінде белгіленді. (жазбаша түрде)

      4.2. Осы Шарт бойынша сақтандыру сыйақысы__________________ (_______________________) теңгені құрайды және

      (жазбаша түрде)

      Сақтандырушыға біржолғы төлеммен толық көлемде 20__ жылғы "___" _________ дейін төлеуге жатады.

      4.3. Осы Шарт бойынша сақтандыру сыйақысы Сақтанушының ақшаны Сақтандырушының кассасына салу жолымен қолма-қол төлеммен не Сақтандырушының осы Шартта көрсетілген банк шотына ақша аудару жолымен қолма-қол ақшасыз төлеммен төлеуге жатады.

5-тарау. Сақтандыру жағдайы

      5.1. Осы Шарт бойынша кедендік операцияларды жасау кезінде Сақтанушының кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттемелерді Кодексте белгіленген мерзімде орындамаған немесе тиісінше орындамаған фактілері Сақтандыру жағдайы болып табылады

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (Кодекстің 96–бабы 1–тармағына, 139–бабы 1–тармағына сәйкес жағдайды (жағдайларды) көрсетіңіз)

      20__жылғы "___" ______ №____ шарт (келісімшарт), 20__ жылғы "___" ____ № ___ шот-фактура (инвойс) (болған жағдайда) бойынша тауарға қатысты қамтамасыз етіледі.

      5.2. сақтандыру жағдайды, сондай-ақ сақтандыру төлемді заңсыз түрде алуға бағытталған өзге де алаяқтық әрекеттерді қасақана құру Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

6-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      6.1. Сақтанушы:

      1) Сақтандырушыдан осы Шарт бойынша Сақтандыру қағидаларын, сақтандыру шарттарын, өз құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi алуға;

      2) сақтандыру шартының телнұсқасын жоғалтқан жағдайда, оны алуға құқылы.

      6.2. Сақтанушы:

      1) осы Шартты жасасқан кезде, Сақтандырушыға қажетті мәліметтерді және ұсынылған мәліметтерді растайтын құжаттардың ұсыну;

      2) осы Шартты жасасқан кезде, Сақтандырушыға сақтандыру тәуекелін бағалауда елеулі маңызы бар барлық әйгілі мән-жайлар туралы хабардар етуге;

      3) осы Шартта белгіленген мөлшерде, тәртіпте және мерзімде сақтандыру сыйақысын төлеуге;

      4) осы Шартты жасасу және қолданылу кезеңінде Пайда алушының пайдасына әрекет ететін немесе жасалынатын барлық сақтандыру шарттары туралы Сақтандырушыға хабарлауға;

      5) сақтандырушыны сақтандыру тәуекелінің жай-күйі туралы ақпараттандыруға;

      6) сақтандыру жағдайының басталған мән-жайларының тергеуін қамтамасыз етуге;

      7) сақтандыру жағдайының себептерін, барысын және салдарын анықтау шараларын, сондай-ақ сақтандыру жағдайынан туындаған шығындарды азайту шараларын қабылдауға;

      8) сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларын тергеуде Сақтандырушыға сақтандыру жағдайы бойынша қолда бар ақпаратты хабарлауға және қажетті көмек көрсетуге;

      9) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты өзге тұлғаға талап ету құқығының Сақтандырушыға ауысуын қамтамасыз етуге;

      10) сақтандырушыға оның соңғының талабы бойынша Сақтанушы сотқа дейін немесе сот тәртібінде үшінші тұлғалармен дауларды реттеу кезіндегі өкілеттігін ұсыну;

      11) сақтандыру жағдайының немесе салдары сақтандыру жағдайының кез келген қолжетімді тәсілмен (ауызша, жазбаша) туындауына алып келуі мүмкін оқиғаның басталғаны туралы дереу, 2 (екі) жұмыс күнiнен кешiктiрмей Сақтандырушыға хабарлауға міндетті. Ауызша нысандағы хабарлама кейінірек жиырма төрт сағаттың ішінде жазбаша расталуы қажет. Мұндай хабарламада мынадай ақпараттар: сақтандыру жағдайының басталуына алып келген әрекеттердің сипаты мен себептері, ықтимал зақымдану мөлшері, осы оқиғаға тартылған барлық адамдардың аты, байланыс деректері және мекен-жайы неғұрлым толық көлемде болуы қажет. Егер Сақтанушы көрсетілген әрекеттерді дәлелді себептерге байланысты орындай алмаса, ол мұны құжаттамалық растауы керек;

      12) егер сақтандыру жағдайы осы Шарттың 8.1–тармағында көрсетілген жағдайлардың салдарынан басталған жағдайда, оның жүзеге асырылуы күнінен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей Сақтандырушыға оның жүзеге асырған сақтандыру төлемін толық көлемде өтеуге міндетті. Сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыруға байланысты сақтандыру төлемінің сомасын және шығыстарды уақтылы өтемеген жағдайда, Сақтанушы Сақтандырушыға әрбір кешіктірілген күн үшін өтелуге жататын сомадан__________________ (_________________________________) пайыз мөлшерінде тұрақсыздық

      (жазбаша түрде) айыбын төлеуге міндетті;

      13) сақтандыру жағдайы басталған кезде 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Шарттың 7.4–тармағында көрсетілген құжаттарды Сақтандырушыға табыс етуге;

      14) шарт жасау кезінде Cақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзiне белгiлі болған кез келген өзгерiстер туралы, егер бұл өзгерiстер шартының қолданылуы кезеңiнде сақтандыру тәуекелiн арттыруға елеулі ықпал жасайтындай болса, Cақтандырушыға дереу 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға (Азаматтық кодекстің 834-бабының 1-тармағы);

      15) Cақтанушының кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бөлігінде камералдық және (немесе) өзге де тексерудің басталғаны туралы хабарламаны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Сақтандырушыға жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

      6.3. Сақтандырушы:

      1) Сақтанушы ұсынған мәліметтер мен құжаттарды, сондай-ақ Сақтанушының осы Шарттың талаптары мен шарттарын орындауын тексеруге;

      2) сақтандыру төлемi жүзеге асырылғаннан кейiн тиiстi мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан олардың құзыретiне қарай, оның iшiнде Пайда алушыдан Сақтандырушы орындаған талап бойынша кез келген үшiншi тұлғалардан тиiстi өтем алу фактін растайтын құжаттарды сұратуға және кедергісіз алуға, сондай-ақ Пайда алушы тиісті өтемді алу фактісін растаған жағдайда жүзеге асырылған сақтандыру төлемін қайтару туралы жазбаша өтінішпен Пайда алушыға жүгінуге;

      3) Сақтанушыдан сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығын анықтау үшін елеулі маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтер, және ықтимал залалдың (сақтандыру тәуекелінің) мөлшері мен сақтандыру тәуекелінің бағасын алуға;

      4) осы Шартта белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімде сақтандыру сыйақысын алуға;

      5) сақтандыру жағдайының басталуы туралы хабарлама мен оның құжаттамалық дәлелдерін алуға;

      6) сақтандыру төлемін жүзеге асырғаннан кейін осы Шарттың 8.1-тармағында көрсетілген жағдайларда Сақтандырушыға, не сақтандыру жағдайы басталғаны үшін жауапты өзге тұлғаға регресті талап қоюға;

      7) сақтандыру төлемін жүзеге асырғаннан кейін тиісті мемлекеттік органдардан және ұйымдардан, олардың құзыретіне қарай, сақтандыру жағдайының басталу фактісін және Пайда алушыға келтірілген залал мөлшерін растайтын құжаттарды сұратуға;

      8) сотқа дейін немесе сот тәртібінде үшінші тұлғалармен дауларды реттеу кезіндегі Сақтанушының өкілеттігін алған кезінле Сақтанушы атынан сот органдарында сөз сөйлеуге;

      9) осы Шарттың талаптарын өзгертуді немесе тәуекелдің ұлғаюына мөлшерлес қосымша сақтандыру сыйақысын төлеуді талап етуге;

      10) сақтандыру төлемін жүзеге асырғаннан кейін Сақтанушыға қойылатын талап ету мөлшерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте даулауға құқылы.

      6.4. Сақтандырушы:

      1) осы Шарт бойынша Сақтанушыны сақтандыру қағидаларымен, сақтандыру шарттарымен, оның құқықтарымен және міндеттерімен таныстыруға;

      2) сақтанушының сақтандыру жағдайының басталуы туралы өтінішін уақтылы қабылдауға;

      3) сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Шартта белгiленген мерзiмдерде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға;

      4) сақтандырудың құпиясын қамтамасыз етуге;

      5) сақтанушыға сақтандыру жағдайы кезіндегі шығындарды азайту үшін жүргізілген шығыстарды өтеуге міндетті.

      6.5. Пайда алушы:

      1) осы Шартта белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімде сақтандыру төлемін алуға;

      2) Сақтандырушы кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша берешекке алып келген кедендік баждарды, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу туралы талаптарды орындамаған жағдайда, Сақтандырушыны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдауға құқылы.

      6.6. Пайда алушы Сақтанушы кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттерін орындамаған жағдайда, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі аяқталғанан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Сақтандырушыға кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомасын төлеу туралы талапты жолдауға міндетті.

      6.7. Сақтанушыда, Сақтандырушыда және Пайда алушыда осы Шартта және Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған өзге де құқықтары мен міндеттері бар.

7-тарау. Сақтандыру төлемінің мөлшерін және оны жүзеге асыру тәртібін айқындау

      7.1. Сақтандыру жағдайының басталу фактісі және сақтандыру төлемінің мөлшері Пайда алушының төлем деректемелерін көрсете отырып, Пайда алушының жазбаша нысанда жолдаған кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың тиісті сомаларын төлеу туралы талабының негізінде белгіленеді.

      7.2. Сақтандыру төлемі Пайда алушының кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомасын төлеу туралы талабында көрсетілген деректемелерге сәйкес Қазақстан Республикасының бюджетінде Сақтандырушының осындай талапты алған күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      7.3. Кодекстің 94–бабы 13–тармағына сәйкес бюджетке кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу күні сақтандыру төлемін жүзеге асыру күні болып саналады.

      7.4. Сақтанушы сақтандыру жағдайы басталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде, Сақтандырушыға мынадай құжаттарды табыс етуге міндетті:

      1) сақтандыру жағдайының басталуы туралы өтініш;

      2) шартың көшірмесі;

      3) сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын мемлекеттік органдардың және ұйымдардың құжаттары;

      4) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасының, дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы анықтамасы немесе дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламасы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке тұлғаның жеке куәлігі туралы мәлімет бар оны қабылдаған талоны туралы;

      5) шығындарды азайту немесе алдын алу мақсатында Сақтанушы көтерген шығыстарды растайтын құжаттар;

      6) сатып алу-сату шартының (келісімшартының) көшірмесі;

      7) шот-фактуралардың көшірмесі (инвойс) (болған жағдайда);

      8) кедендік операцияларды жүзеге асырғанын растайтын тіркеу туралы кеден органының белгісі бар транзиттік декларацияның немесе өзге де құжаттардың көшірмесі.

      7.5. Құжаттарды қабылдаған Сақтандырушы толық құжаттар тізбесін және оларды қабылдап алу күнін көрсетумен анықтаманы 2 (екі) данада жасауға міндетті. Анықтаманың бір данасы Сақтанушыға беріледі, екінші данасы Сақтанушының оны олғанын белгілеумен Сақтандырушыда қалады.

      7.6. Сақтанушы не оның өкілі осы Шарттың 7.4–тармағында қарастырылған құжаттарды ұсынбаған жағдайда, Сақтандырушы дереу, бірақ 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей, Сақтанушыны жетпейтін құжаттар туралы жазбаша хабардар етеді.

      7.7. Сақтандыру төлемі осы Шартта белгіленген сақтандыру сомасы шегінде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүзеге асырылады және одан аспауы керек.

      7.8. Сақтандыру төлемі, егер сақтандыру жағдайы осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде болса, жүргізіледі.

      7.9. Сақтанушы кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттерді орындамаған жағдайда, Пайда алушы Сақтандырушыға кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомаларын төлеу туралы талабын кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттемесін орындау мерзімі аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде жолдайды. Бұл ретте кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті орындау мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап өсімпұлдар есепке жазылады.

      7.10. Пайда алушының кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомаларын төлеу туралы талабы осындай талап алынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Сақтандырушының бұлжытпай және міндетті орындауына жатады. Сақтандырушы көрсетілген талапты орындамаған немесе орындау мерзімін бұзған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікте болады.

8-тарау. Сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға кері талап қою құқығы

      8.1. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырған Сақтандырушы мынадай:

      1) Сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтандыру жағдайының туындауына не оның басталуына ықпал етуге бағытталған оның қасақана әрекеттерiнiң салдары басталған;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртіпте сақтандыру жағдайына себепті байланысы бар қасақана жасалған қылмыстық не әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылған Сақтанушының әрекеттерi жасалған;

      3) сақтанушының сақтандыру жағдайы кезінде шығынды азайту бойынша шараларды қасақана қабылдамаған;

      4) сақтанушының сақтандыру объектiсi, сақтандыру тәуекелi, сақтандыру жағдайы мен оның салдарлары туралы Сақтандырушыға көрiнеу жалған мәлiметтер хабарлаған;

      5) Сақтанушының өзiне байланысты емес мән-жайлар бойынша мұндай құжаттары болмаған жағдайларды қоспағанда, Сақтанушының Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларын тергеп-тексеруiне кедергi келтiрген, оның iшiнде Сақтандырушыға осы Шарттың 7.4–тармағында көзделген сақтандыру жағдайы туралы толық құжаттар топтамасын ұсынбаған немесе уақтылы ұсынбаған;

      6) сақтанушының сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға өзінің талап қою құқықтарынан бас тартқан, сондай-ақ Сақтандырушыға талап ету құқығын беру үшін қажетті құжаттарды беруден бас тартқан жағдайларда жүзеге асырылатын сақтандыру төлемі шегiнде Сақтанушыға кері талап қоюға құқылы.

      8.2. Сақтандырушы сақтандыру нәтижесiнде өтеген шығындары үшiн жауапты адамға Сақтанушының керi талап қою құқығы сақтандыру төлемін жүзеге асырған Сақтандырушыға ол төлеген сома шегінде ауысады.

      8.3. Пайда алушы сақтандыру төлемін алған кезде, Сақтанушы Сақтандырушыға барлық құжаттар мен дәлелдемелерді беруге және Сақтандырушының талап ету құқықтарын жүзеге асыруға қажетті барлық мәліметтерді хабарлауға міндетті.

9-тарау. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босату

      9.1. Сақтандырушының сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырудан бас тартуына мыналар негiз болуы мүмкiн Пайда алушының сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғадан тиісті шығындардың өтелуін алуды.

      9.2. Егер сақтандыру жағдайы:

      1) ядролық жарылыстың зардабы, радиация немесе радиоактивті зақымдануы;

      2) әскери iс–қимылдар;

      3) азамат соғысының, алуан түрлі халық толқуларының, жаппай тәртiп бұзушылықтардың немесе ереуiлдердiң салдарынан басталған болса, сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатылады.

      9.3. Сақтандыру төлемінен бас тарту негіздері болған кезде Сақтандырушы Пайда алушының кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомаларын төлеу туралы талаптарын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Пайда алушыға жазбаша нысанда сақтандыру төлемге бас тарту себептерінің уәждемелі негіздемелері көрсетілген бас тарту туралы тиісті шешім жолдауға міндетті.

10-тарау. Тараптардың жауапкершілігі және еңсерілмейтін күштердің мән–жайлары

      10.1. Тараптар Қазақстан Республикасының заңмалық актілеріне және осы Шартқа сәйкес Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікте болады.

      10.2. Егер тиісті орындау еңсерілмейтін күштердің мән-жайлары салдарынан мүмкін болмаса, Шарттың Тараптары осы Шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      10.3. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының құқықтық актілерінде қарастырылған өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, дүлей зілзалалар, террористік актілер, тыйым салынған шаралар және осы Шарттың орындалуына тікелей әсер еткен және Тараптар болжай алмаған өзге де ұқсас мән-жайлар болып табылады.

      10.4. Еңсерілмейтін күштің мән–жайлары тоқтатылғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде еңсерілмейтін күш мән–жайларына ұшыраған Тарап басқа Тарапқа еңсерілмейтін күш мән–жайларының аяқталғаны және өз міндеттемелерінің орындалуын жаңғырту туралы жазбаша хабардар етуі тиіс.

      10.5. Тиісінше хабардар етпеу, осы Шарт бойынша міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тарапты жауапкершіліктен босатуға негіз ретіндегі жоғарыда көрсетілген кез–келген мән–жайларға сілтеме жасау құқығынан айырады

      10.6. Еңсерілмейтін күш салдарынан болған мән-жайлар тиісті құзыретті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құжаттарымен расталуы тиіс.

11-тарау. Шарттың қолданыс мерзімі

      11.1. Осы Шарт Сақтанушы сақтандыру сыйақысын төлеген сәттен бастап Тараптар үшін күшіне енеді және Кодекстің 97–бабы 5–тармағының талаптарын ескере отырып, 20__ жылғы "_____" _____ дейін қолданылады.

      11.2. Осы Шарттың қолданысы:

      1) осы Шарттың қолданыс мерзімі өткен;

      2) сақтандыру төлемі толық көлемде жүзеге асырылған жағдайларда тоқтатылады.

      11.3. Сақтандыру қорғау қолданысы кезеңі Шарттың қолданыс мерзімімен сәйкес келеді.

      11.4. Осы Шарттың қолданылу орны Қазақстан Республикасының аумағы болып табылады.

12-тарау. Шарт талаптарын өзгерту

      Шарт талаптарын өзгерту Тараптардың бірінің өтініші негізінде екінші Тарап Пайда алушының жазбаша келісімі қоса берілген өтінішті алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде Пайда алушының жазбаша келісімімен Сақтандырушы мен Сақтанушының өзара келісімі бойынша жүргізіледі және Тараптардың осы Шартқа қосымша келісімімен рәсімделеді.

13-тарау. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату және бұзу

      13.1. Осы Шарт мынадай:

      1) шарттың қолданыс мерзімінің өтуі;

      2) Азаматтық кодекстің 841–бабына сәйкес осы Шартты мерзімінен бұрын тоқтату;

      3) осы Шарттың қолданыс мерзімі ішінде орын алған сақтандыру жағдайы бойынша Сақтандырушы осы Шартта белгіленген жалпы сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруы;

      4) пайда алушының Осы Шартты бұзу туралы жазбаша келісімі болған кезінде Тараптардың келісімі болған жағдайларда тоқтатылған болып саналады. Бұзуға бастамашылық ететін Тарап екінші Тарапты Пайда алушының жазбаша келісімін қоса бере отырып, бұзуы болжанған күнге дейін кемінде күнтізбелік 5 (бес) күн бұрын осы Шартты мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы өзінің ниеті туралы хабардар етуге міндетті. Бұл ретте осы Шарт бұзылған күн Пайда алушының жазбаша келісім күнінен ерте болуы мүмкін емес.

      13.2. Осы Шарттың мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы шарт талаптары Сақтандырушының кiнәсi бойынша оның шарттары орындалмаған немесе осы Шартты Сақтандырушының орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, соңғысы оған төленген сақтандыру сыйақысын Сақтанушыға толық қайтаруға мiндеттi.

      13.3. Осы Шарттың 13.1. тармағының 2) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша осы Шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде, Сақтандырушы сақтандыру қолданылған уақытқа барабар сақтандыру сыйақысының бөлiгiне құқығы бap.

      13.4. Осы Шартының мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы оның талаптарын Сақтанушының орындамауынан туындаған жағдайда, төленген сақтандыру сыйақысы қайтарылуға жатпайды.

      13.5. Осы Шарттың 13.1. тармағының 4) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша осы Шарт мерзіміне бұрын тоқтатылса, Сақтандырушы Сақтанушыға сақтандыру сыйақысының сақтандыру кезеңі өтпеген қайтарылуға жататын сыйақы сомасынан ___________(_________________) пайыз мөлшерінде әкімшілік шығындарды алып тастағанда барабар сақтандыру сыйақысының бөлігін қайтарады.

      13.6. Осы Шарттың тоқтатылуы осы Шарттың қолданысы кезеңінде сақтандыру жағдайынан болғаны мойындалған сақтандыру жағдайы бойынша Сақтандырушыны Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөніндегі міндетінен босатпайды. Сақтандыру жағдайында болған әрекет кезеңінде осы Шартты жасасқан Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырады.

14-тарау. Дауларды шешу тәртібі

      14.1 Тараптар арасында осы Шарт бойынша туындайтын барлық даулар келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.

      14.2. Келісімге келмеген Тараптардың келіспеушіліктері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шешіледі.

15-тарау. Қорытынды ережелер

      15.1 Осы Шартқа қосымша, өзгерiстер мен толықтырулар оның ажырамас бөлiгi болып табылады және егер олар жазбаша нысанда жасалған және оларға екi Тарап қол қойған жағдайда ғана олардың заңды күшi болады.

      15.2. Тараптар қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға, оның ішінде қажетті құжаттарды, мәліметтерді, растау жолымен ұсынылатын қарсы іс–қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының Талаптарын орындайды.

      15.3. Шарт 3 (үш) данада, әрбір Тарап үшін және біреуі Пайда алушы үшін әрқайсысының заңды күші бірдей мемлекеттік тілде және орыс тілінде жасалады.

      15.4. Тараптардың бірде бірі осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін екінші Тараптың және Пайда алушының жазбаша келісімінсіз үшінші тарапқа беруге құқығы жоқ.

      15.5. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптар уағдаластыққа қол жеткізілген және бір біріне берілетін ақпараттардың құпиялылығын сақтауға міндеттенеді.

16-тарау. Тараптардың деректемелері

"САҚТАНДЫРУШЫ"


"САҚТАНУШЫ"

Атауы: ________________________


Атауы: ___________________________

Мекен-жайы: __________________


Мекен-жайы: ______________________

Бизнес – сәйкестендіру нөмірі ______________________________


Жеке сәйкестендіру нөмірі /
Бизнес - сәйкестендіру нөмірі ________________________________

Жеке сәйкестендіру коды ______________________________


Жеке сәйкестендіру коды _________________________________

Банктік – сәйкестендіру коды ______________________________


Банктік - сәйкестендіру коды _________________________________

Резидент______________________


Резидент_________________________

Резидент емес ___________________
(елді көрсету)
Экономикалық қызмет түрі _____________________________
Экономика секторының коды ________


Резидент емес ______________________
(елді көрсету)
Экономикалық қызмет түрі __________________________________
Экономика секторының коды ________

__________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған кезде), қолы)
Мөр орны (оның болған кезінде)
(жеке кәсіпкер субъектілерін қоспағанда,
заңды тұлғалар үшін)


__________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған кезде), қолы)
Мөр орны (оның болған кезінде)
(жеке кәсіпкер субъектілерін қоспағанда,
заңды тұлғалар үшін)